Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» ( ертеңгілік)


[pic]





Мақсаты : Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Балаларға Отан туралы түсінік беру, өз еліне , жеріне деген патриоттық сезімін ояту, сөздік қорын молайту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.







Тәрбиеші :

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар !

  • Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Балалар (қолдарында ту) «Қазақстан бақытты » әнімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Отаны бар, елі бар жан - әманда

Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.

«Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз.

Жалын берген маған-дағы, саған да..!

Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды.

Тәрбиеші :

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

- Балалар , біздің Отанымыз қалай аталады?

- Ендеше бәріміз экранға назар аударайық.

Экраннан Әли мен Айя «Тәуелсіздік туралы » ертегісі көрсетіледі.

Тәрбиеші:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан

Қойнауы қазынаға толы екен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан

  • Балалар біз Отанымызды жақсы көреміз бе?

  • Біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақ айтып берсін.







Асылзат:

Отан сөнбес күніміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз,

Отан әнмен күйіміз



Баубек:

Отан менің ата-анам,

Отан –досым ,бауырым.

Отан – өлкем,астанам,

Отан туған ,ауылым.

Жанельдің орындауында ән : Рахмет саған , Отаным !

Бейнетаспа арқылы желтоқсан оқиғасы және оған қатысқан қаһарман қыз – жігіттеріміз туралы көрсетіп, түсіндіріледі

Тәрбиеші:

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Өз елін мен жерін көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпағы сендер!

Еркеназ:

Туған жерге нұр шашып жарық берген

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16- желтоқсан шуақ блып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Шыңғыс:

Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік
 
Жазира мен Ләззаттың
 
Арымен келген еркіндік
 
Қасірет пен қайғының
 
Бәрімен келген еркіндік
 


Аяулым:
Әр қазақтың есінде сақталады
 
Желтоқсандық өрендер ақталады
 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
 
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
 
Ақмерей:
Он алтыншы желтоқсан
 
Тәуелсіздік алған күн
 
Ерекше боп мәңгілік
 
Ел жадында қалған күн
 
Көк аспанда тулардың
 
Желбіреген күні - бұл,
 
Елім деген ұлдардың
 
Елжіреген күні - бұл.
 

Меруерт:

Еңбек етіп табысты

Жібермейтін намысты

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халықты

Хор: «Егеменді елім-ай»

Тәрбиеші: Балалар, енді «Жақсы !» ойынын ойнап жіберейік.

- Күн шуағы жақсы ма?

- Жел тұрғаны жақсы ма ?

- Достарыңмен бірге болған жақсы ма?

- Ана құшағы жақсы ма?

- Апайларың жақсы ма?

- Би билеген жақсы ма?

- Қазақстанда тұрған жақсы ма?

Тәрбиеші :

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

  • Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

  • Балалар , біздің елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев





Ұлан: Көреген ,қамқор ,адал жан

Аман болсын Елбасы !

Танылсақ әлем халқына

Елбасының арқасы.

Аман болсын, Елбасы !

Шыңғыс: Отаншыл бол , аянба,

Еліңе сүйген қызмет ет.

Деп бізді бастап барады,

Өсиетімен тұңғыш президент.

Әлібек:

Гүлдене бер,Отаным

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достық қатарын,

Нұр аға біздің – ұлы адам.

Айару мен Әлібектің орындауында : «Нұр Отан» әні

Тәрбиеші:

Егеменді Қазақстан мемлекетіміздің рәміздерін білесіңдер ме? Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран

  • Балалар, біздің туымыздың түсі қандай? Туда не бейнеленген ?

Ту туралы тақпақ білесіздер ме?

Аяулым:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Наргиз

Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Бейнетаспадан «Елтаңба туралы ертегі» көрсетіледі.

Ал , балалар елтаңбамызда не бейнеленген? Елтаңба туралы тақпақ айтайық.

Әлібек:

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Асылзат:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда ,

Еркіндігім Елтаңбам.

Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?

Еркенұр:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім

Туған жерім-сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраным.

Тәрбиеші: 

Тал шыбықтай бұралған Қазағымның қыздары – ай
Сүйсіндірген биімен
 

Өнерлі ғой қыздар – ай дей келе бір топ бүлдіршіндеріміздің орындауында «Шаңырақ » биі

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не? »

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік – 11 әріп құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайын, жеткінше қызыл тіл

Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады

1 бала: Т – білдіреді теңдікті

2 бала: Ә – әдептілік елдікті

3 бала: У – уайымсыз уақытты

4 бала: Е – егемен елдікті

5 бала: Л – дейді лағып, лепірді

6 бала: С – сенімділік секілді ең

7 бала: І – ілтипат пен ізет қой

8 бала: З – зиялылық тілек қой

9 бала: Д – шақырады достыққа

10 бала: І – ілкімді боп сақтыққа

11 бала: К – дейді күн боп көктегі


Хор: «Ел – қорғауға әзірміз» әні


Ал , балалар, біздің елордамыз қай қала?

Балалар: Астана қаласы

Еркеназ:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа, Ей, бас қалам –Астана.

Санжар:

Жаса,жаңа Астанам, Өркен жая бастаған. Болашақтың есігін, Өз қолыңмен аш маған. Асқақтай бер Астанам.

Сергіту сәті: Жаса Қазақстан (флеш моб)

Тәрбиеші: Балалар санамақ айтып жіберейік.


Санжар: Бір дегенім – білім , білімсіз жоқ күнің

Айару: Екі дегенім – елім, елім мәңгі менің

Ұлан: Үш дегенім – үміт, үміт артар жігіт

Нұрдәулет: Төрт дегенім – туым .тәуелсіздік жырым

Аңсарбек: Бес дегенім – береке, бірлік пенен береке.

Тәрбиеші:

Жаса,жаса, Қазақстан-Отаным,

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым!

Құтты болсын береке,бүгінгі күн мерекең,

Шаңырағың шайқалмай,мықты болсын керегең!


  • Балалар ,енді бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, күннің шуағын жабыстырайық!

Балалар: - Еліміз тыныш болсын!

- Күніміз әрқашан жарқырай берсін!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Ата-анамыз аман болсын!.........

Балалар әртүрлі тілектер айтып ,күннің шуақтарын жабыстырады.

Тәрбиеші: Балалар,тілектерің қабыл болып,әрқашан күніміз жарқырай берсін!

Хор: Әрқашан күн сөнбесін!

Тәрбиеші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
 
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
 !

Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларымыздың армандаған ұрпағы білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей ««Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.