Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген
қызығушылықты арттыру. Спортқа деген
сүйспеншілігімізді нығайту. Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу.
Көрнекі құралдар: 2-доп,2- секіргіш, 2-доғал, 2- гимнастикалық скамеика,
2- тығыз доп, асықтар, кеглилер.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы дей тұрып,
Бүгінгі балабақшамызда ересектер тобының арасында өткелі отырған ,«Біз шыныққан баламыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүлдіршіндер сіздерді денсаулық күнімен құттықтай отырып,зор денсаулық,мол
бақыт,жұмыста табыс,қажымас қайрат,жүздеріне күлкі,қуаныш,көлдей көңіл,өзендей өмір тілейміз.
Жарысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызды атап өтейін:
1. Балабақша әдіскері: Нуранова.М
2.Тәрбиеші: Умбетова Жамила
3.Медбике: Изтурғанова.А
Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға
Біз боламыз «Жалан»тобы »
Жарысымыз «6» турдан тұрады.
1. «Кім жылдам»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы
белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.
Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске
жетеді.
2. «Секіргіш»
Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен секіріп
айналып келіп, екінші ойыншыға секіргішті береді. Ойын арғарай
жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді
3. «Кедергіден өту»
Ойын шарты: Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған
гимнастикалық скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, доғалдың
астымен еңбектеп өтіп белгіленген орыннан айналып қайта кедергіден
өтіп келіп , екінші ойыншыға қол сғады . ол ойыншы ойынды
жалғастырады.
4. «Асық ату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса
сол топ жеңіске жетеді.
5. «Кеглиді доппен құлату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.
Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
6. «Допты жалғастыр»
Ойын шарты: барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан
жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай
топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.
Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз кезегін балабақша әдіскері Ермекова Анарғ апайымызға береміз.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).
Жүргізуші: Осымен балабақшамызда ересектер тобының арасында өткелі отырған , «Біз шыныққан баламыз» атты жарысымыз аяқталды.
Жарқын,шаттық заман болсын,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).