«Звездочка» мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:___12. 11.2015ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: _Ойна да, ойлан! (Қайталау)
Білімділік: Өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіру
Дамытушылық: Бір –бірімен байланыстырып, сабақтастыру.
Тәрбиелік. Ұйымшылдыққа, өзара көмекке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Футбол ойынына арналған екі қақпа, екі қағаз ат, сиқырлы таяқша.
Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: қайталау-повторение
І. Шаттық шеңбері: Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма-жылу қос.
Міне, менің қолым.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Қалдарың жақсы ма?
-Балалар, қараңдар сендерге сәлемдеме келді.Ішінде не бар екен? Хат !
Хатта не жазыпты оқылық.
Құрметті, балалар! Дорбаның ішіне сендерге бүгінгі сабаққа арналған ойындар салдым. Сендерге бүгінгі сабақ қызықты өтер деп үміттенемін.
Сәлеммен сәлемдеме иесі.
Өлең жолдарын қайталайды, соған сай қимылдарды орындайды.
-Сәлеметсіз бе!
-Жақсы.
Балалар қоржынды тамашалайды. Хатты оқиды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Қайталау. Балаларға бүгінгі сабақты түсіндіру.
ойын «Сиқырлы таяқша» Балаларға өзі туралы айтқызу. Таяқшаны алған бала өзі туралы айтады да келесі балаға таяқшаны береді.
«Футбол» балаларды екі топқа бөлу. Ойын шартын түсіндіру. Балалар мұғалім атаған сөздерді, сөйлемдерді аударады. Әр дұрыс жауапқа гол ретінде қарсы команданың қақпасына бір фишкадан түседі. Ойын барысында күз, жемістер, көкөністер, түстер тақырыбын қайталау.
Күз келді.
Осенние месяцы: сентябрь, октябрь, ноябрь.
-Фрукты-
-У меня есть яблоко.
-У меня есть красный помидор.т.б.
ҚЫЗ ҚУУ» ОЙЫНЫ. Қыздар командасымен ұлдар командасын құру. Ойын шарты: тақтаға қағаз екі ат ілінеді. Ол аттың біреуінде қыз бала, біреуінде ұл бала отырғызылған және мәрелер сызығы берілген Оқытушы сұрақ қояды. Сұраққа жауап берген топтың аты бір мәреден екінші мәреге жылжытылып отырылады. Ең бірінші болып үлкен мәреге жеткен топ жеңімпаз.
Ойын барысында отбасы, балабақша тақырыптары қамтылады.
Балабақша –әдемі, үлкен.
-Семья-
Дома есть бабушка.
-Дома есть папа.
-Дома есть дедушка.
-группа-
-страший брат
-старшая сестра
-младший брат
-младшая сестра
Жеңімпаз топты анықтап, мадақтап өту.
"Сиқырлы қоржын" ойыны
Мақсаты: Ойыншықтар тақырыбын қайталау. Шарты: Балалар кезекпен келіп, көздерін жұмысп, қоржыннан ойыншықты алады. Қолдарымен сипап сезу арқылы қай ойыншық екенін табады, жауап береді.
Ойын барысында күтілетін жауап:
-Менің атым-..
Менің тегім-...
-Мен алты жастамын. Мен Қазақстанда, Риддер қаласында тұрамын.
Мен балабақшаға барамын. Біздің балабақша "Алем" деп аталады.
Футбол ойынын ойнайды.
Жемістер.
Пришла осень.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
-Менде алма бар.
-Менде қызыл қызанақ бар.
-Мынау-орамжапырақ.
-Мынау –жүзім.
- жасыл жүзім.т.б.
Ойын ойнайды.
-Детский сад большой, красивый.
-Отбасы.
-Үйде әже бар.
-Үйде- әке бар.
-Үйде ата бар.
-топ.
-аға
-әпке
-іні
-сіңлі.
Ойын ойнайды.
-Доп.
-Қоян.
-Текше.
-Машина.
-Қуыршақ
Қонжық
Рефлекциялық-түзетушілік
.1.Сұрақтар:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай ойын ұнады?
-Нені қайталадық?
2. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Өтілген тақырыптар бойынша сөздік қорлары бар.
Топта және жекелей жұмыс істеу дағдысын игерді.
Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, сұраққа жауап беруді меңгерді.