Сабақ жоспары Сыйқырлы сандық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңЖарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесіннығайтудабаланың психологиялық жағдайынакөбіреккөңілбөлеотырыпдамытудыңнегізгімәселелері қарастырылған.Сондықтанмектепжасынадейінгібалаларғанеғұрлымкөбірекпсихологиялықкөмеккөрсетіп, ойындарұйымдастыруарқылы танымдық процестерді дамытуға жағдай жасауқажет.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, 
оның шығармашылық қабілетін дамытады 
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін 
емес». 
В.А. Сухомлинский 

Балалар бизге бүгін қонақтар келіпті.Қанекей бәріміз қонақтармен амандасып алайықшы.Балалар біз бүгін сендермен ғажайып бөлмеге келіп қалыппыз.Жан-жағымызға қарайықшы,әр түрлі ойыншықтар,картиналар тұр екен.Ендеше балалар қазір осы ойыншықтармен ойнайықшы.

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық».

Мақсаты: Психологиялық дамытушы ойын-жаттығулар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін,ұсақ моторикасын және көру арқылы қабылдауды дамыту (пішін,көлем). Жадында сақтауды және ойлауды дамыту.

Білімділік: Психологялық ойын-жаттығулар арқылы есте сақтауға,ойлауға,моториканы дамытуға түсінік беру.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілетін,саусақ моторикаларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге,әдептілікке тәрбиелеу.

Өзектілігі: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау,зейін тұрақтылығын дамыту.Психологиялық жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері:ойын,көрнекілік,сөздік,түсіндіру,әңгімелесу.

Көрнекіліктер:әр түрлі суреттер,түрлі-түсті шариктар,жұмсақ ойыншықтар, музыкалық сүйемелдеу.

Ойын барысы:

Балалардан көңіл-күйлері қандай екені жайлы сұралады,оларға әр түрлі көңіл-күйде тұрған «күн» смайликтерін көрсетіп,көңіл-күйлері бойынша біреуін таңдатып тақтаға ілдіру.

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]



Балалар бизге бүгін қонақтар келіпті.Қанекей бәріміз қонақтармен амандасып алайықшы.Балалар біз бүгін сендермен ғажайып бөлмеге келіп қалыппыз.Жан-жағымызға қарайықшы,әр түрлі ойыншықтар,картиналар тұр екен.Ендеше балалар қазір осы ойыншықтармен ойнайықшы.

  1. «Не өзгерді» ойыны.

Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту,Балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтар көрсетіледі.(аю,қоян,түлкі) Балалардан олардың аттары сұралады,одан кейін балалардан көздерін жұмуын өтініп,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.

[pic] [pic] [pic]



  1. «Кім жылдам есінде сақтайды?» ойыны.

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

[pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic]



  1. «Түрлі-түсті шариктер» ойыны.

Мақсаты:.Ойын арқылы моториканы және ойлау дағдысын дамыту Ойын барысы: шариктарды түсіне қарай шелектерге салу. Ойын барысында міндетті түрде әрбір түсті белгілі бір затпен салыстыру.Мысалы,қызыл түс ол қандай,неге ұқсайды,помидорға.

[pic] [pic]



  1. «Геометриялық фигуралардан моншақ тізу» .Мақсаты: моториканы дамыту.Ойын барысында балалардан әрбір фигураның түсін сұрап отыру.

Рефлексия: сиқырлы таяқшаны бір-бірімізге бере отырып,бүгін біз қандай ойындар ойнадық? Сендерге ұнады ма?

Қорытынды.

Сабақ соңында балалардан көңіл-күйлері өзгерді ма деп сұралып, күн смайликтері көрсетіледі.

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]