Рабочее программа для дошкольников на тему МЕНІҢ ОТАНЫМ.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Құрал-жабдықтар: Суреттер

Мақсаты: табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыкасипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге баулу.

«Марш»

Әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең!

Тізене жоғары көтере нық басып, арқаларын түзеу ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады.


Тізелерін көтере, мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады.

Іздену-ұйымдастырушылық

Балаларға түрлі түсті жалаушалар береді.

«Жалаушамен би»

Орындалып, би қимылдарын көрсетеді. Жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғауларын бақылайды.

Маршпен адымдап жүреміз, Ержетіп, өсіп келеміз!- деп марш екпінімен жүріп, орындықтарға отыруларын сұрайды.

Жалаушаларды ұстап, 4-5 қатарға тұрады.

Көрсетілген би қимылдарын қайталайды. Жалаушаны желбірете жоғары көтереді,оңға солға бұрылып, бірге қимылдауға тырысады. Марш екпінін сезіне жүреді.

Рефлексивті-қорытындылау

Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

-Туған жерің қандай?

-Қай қалада тұрасың?

- Отан туралы қаңдай тақпақ білесің?

Балаларға сұрақтар қойып,оқу іс –әрекетін бекітеді.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Қызығушылықтары артып,көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Шығарманы сезіне таңдап,әнді табиғи дауыспен орындай білуді.

Игереді: Әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді,әнді әуенімен айтуды.

Істей біледі: Әнді тыңдап,мәтінін әңгімелеуді,ырғақпен қозғалуды.