Күні.
Пәні: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс».
Мақсаты:
1)Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу .
2)Балаларға табиғат көрініктерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету.
3) Балаларды табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер ,ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын орай таратты.
Армысың,алтын Күн,
Армысың, аппақ қыс.
ІІ.Мақсат қою.
«Қыс »өлеңімен таныстыру .
III Жаңа сабақ
-Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды ?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қазір біз ақын ағаларың Абдрахман Асылбековиың «Қыс»өлеңімен танысамыз.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды,тауды да,
Бояған ақ түспенен.
-Жылдың төрт мезгілін бірі-қыс. Қыс –суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз болып, ағаштарға қырау тұрады. Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.
Сергіту сәті.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбайтын суықтан.
Қардан жасап аққала.
Сырғанаймын шаттана.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
Дидактикалық ойын :
«Сыңарын тап».Ойынның шарты: бірнеше қыстық киім берілген, сол киімдердің ішінен сыңарын тауып қою керек.
V Бекіту кезеңі
-Қыстың ерекшеліктерімен таныстыру.
-Балалар біз қандай өлеңмен таныстық?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
VI Балаларды мадақтау