Тақырыбы: «Қарты бардың қазынасы бар » әжелер сайысы
Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
Кіріспе сөз. Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға 5 әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
1. Айдархан Айзере - Шарипа әжесімен
2. Әбдразақ Мерей - Шарипа әжесімен.
3. Аділбек Айдын – Ұлман әжесімен.
4. Айару - Ләззат әжесімен.
5. Кәрібай Диас – Қалдыгүл әжесімен
Өткізу барысы.
І. Таныстыру.
ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
ІІІ. Өнер көрсету.
V. Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар
алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.
1. Балабақша әдіскері- Гаухар Адырбекова
2.«Балапан» тобының тәрбиешісі Жансая Асанқызы
3. Ата-аналар атынан – Ақпанбет Салтанат.
І. бөлім. Таныстыру.
Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға,
Сыпырды толмағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін таныстырып өтсін.
ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
Бұл сыр сандықшада ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған осы сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу.
1.Бесікке салу.
2.Шілдехана.
3.Той бастар.
4.Тұсау кесу.
5.Ат қою.
Әжелерім асыл менен ақылды.
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.
ІІІ бөлім Өнер көрсету.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді
V бөлім Ұлттық тағамдар
«Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырып өту.
Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға «Көгершін» тобының орындауында «Бау бақша белдер» әнін тамашалаңыздар.
Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе, «Сабырлы әже» , «Шебер әже»,
«Өнерлі әже», «Тапқыр әже», «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды.
«Көп жасағанан емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Сау болыңыздар!