МҚҚК « Айналайын» балабақшасы
Лебяжі ауданы
«Ғарышқа математикамен бірге»
Өткізген: Курмангалиева С.Т.
Аққу ауылы
Топ: Естияр
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»
Сабақтың мақсаты: Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.
Қажетті құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер.
Алдын- ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң, Көк Аспан!
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
[pic]
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды
Ұйымдастырушы-
лық ізденістік
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем жыл мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Қазір аптаның қай күні?
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар фишканы алып, екі топқа бөлінеді. Өткен сабақты қайталау өткізіледі.
1 топ- Жайлауға гүлдерді қойып, астына цифрларды орналастырады
[pic]
2 топ- Баспалдақ. Сандарды ретімен орналастырады, тура, кері санайды.
[pic]
Қоңырау соғылады екі топ ауысады.
Балалар шеңберге жиналады
Балалар біздер бүгін сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
«Танграмм» дидактикалық ойыны.
Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, зымыран суретін құрастырады.
Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.
[pic]
Өте жақсы ғарышкерлер, сендер берілген танграммды жақсы құрастырдыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады).
Ғарышқа да келдік. Біздің айналамызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.
Күн: аспанда неше күн бар? (1)
Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)
Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)
Жұлдыз: адамда неше көз бар?(2)
[pic]
Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік.
Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мұнда қараңдар балалар біздер күн, жер, ай, жұлдыздың берген сұрақтарына жауап беріп жатқанда жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. Бұл іздер қай жағымызда орналаскан?
Дұрыс айтасыңдар. Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.
Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады.
[pic]
Балалар сендер рет санымен сандарды орналастырдыңдар, бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап, жаттығу жасап алайық.
Бой сергіту жаттығуы
1,2,3 ал қанеки ұш
4,5,6,7 мынау ауыл шеті
8,9,10 ал қанеки қон.
Асық па да саспа
Бірден қайта баста.
[pic]
Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.
Таңғажайып сәт
Инопланетянин кіріп келеді ( музыка ойналады).
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен осы ғаламшарда тұрамын. Мен сендерге тапсырма беремін. Сендер орындайсыңдар ма?
(Логикалық есептер).
Ал ,балалар мұқият тыңдандар.
[pic]
1-тапсырма ( суреттерін көрсету)
Табақта бес алма
Қолымызда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (7)
2-тапсырма
Қонжық екеу, табаны нешеу? (4)
3-тапсырма
Екі қоянның аяғы нешеу? (8)
4-тапсырма
Үйге жұмсап жарқынды
Алдырдық біз екі түйе
Үш қап бидай артыңды
Әр түйенің үстінде
Тпқыр болсаңдар, ал санап
Бидай алды қанша қап? (6 қап)
[pic]
Балалар өте жақсы сендер бұл тапсырманы да жақсы орыңдай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздері ғайып болып кетті ғой.
Дидактикалық ойын: « Орнын тап».
Балалар сендерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр. Алдымызда жануарлардың үйі тұр. Бұл жануарлар нешінші пәтерде, нешінші қабатта тұрады екенін анықтауымыз керек.
Арыстан -1-ші қабатта,2-ші пәтерде тұрады
Қоңжық – 3-ші қабатта, 1-ші пәтерде тұрады.
Тиын – 2-ші қабатта, 4-ші пәтерде тұрады
Кірпі – 4-ші қабатта, 4-ші пәтерде тұрады.
[pic]
Көктем
3 ай, Наурыз, сәуір, мамыр.
7 күн
Дүйсенбі
Зымыран
Пішіндерден зымыран құрастырады
Үшбұрыш–төбесі, кеудесі- төртбұрыш,
2қанаты- ромб
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
1 күн
3 көз
5 саусақ
2 көз
Сол жағымызда
Балалар сергіту жаттығуын жасайды
Иә, орындаймыз
Балалар мұқият тыңдайды
7 алма
4 табан
8 аяқ
6 қап
Ойынға белсене қатысады
Рефлексиялық-түзетушілік
«Шляпа Бану» бойынша сұрақ-жауап.
[pic] Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық.
Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады). Балалар балабақшаға жетеді.
Балалар сендердің білімдерінің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.
Балалар бүгінгі сабақ сәтті өтті деп ойлаймын. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет балалар.
Сұрақтарға жауап береді
Өз ойларын айтады
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әртүрлі геометриялық пішіндерден бейне құрастыруды.
Меңгереді: логикалық тапсырмаларын түсініп, орындауды
Біледі: 1-ден 10-ға дейінгі реттік санауды, тура, кері санауын, берілген тапсырманы дербес орындауды.