Балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы
Айлық тақырыбы: Көктем бізге тапсырды Апта тақырыбы: Ауыл шаруашылық жұмыстары
Тобы Ортаңғы Аптасы 4 күні 21.03.16-25.03.16 Тәрбиеші
Дүйсенбі 21.03.16ж.
Сейсенбі
22.03.16ж.
Сәрсенбі
23.03.16ж.
Бейсенбі
24.03.16ж.
Жұма
25.03.16ж.
Әлеумет
Қатынас
Денсаулық
Әлеумет
Қатынас
Шығармашылық
Таным
Денсаулық
Таным
Әлеумет
Әлеумет
Қатынас
Денсаулық
«Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Таңғы шеңбер.
Ойындар.
Ертеңгілік жаттығулар. Гигиеналық емшаралар.
Топтық қарым-қатынастар: ұзақ және қысқа уақыттағы біріккен жобалар.
«Достық шеңбері» м: бір-
біріне деген қамқорлық, сыйластыққа тәрбиелеу. Әңгіме: «Кеше немен айналыстың?» м:тіл байлығын
дамыту.
Д\о «Шарды үрле», м: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.
Ас алдындағы жуыну,қолдарын сабындап жуу.
М:тазалыққа баулу.
«Қуаныш шеңбері» м:жағымды көңіл күйді көрсету. Әңгіме: «Диқанның еңбегі» м: диқан еңбегі туралы түсініктерін әрі қарай қалыптастыру.
Д\о «Аттар тұяқтарымен тарсылдатады», м: балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту.
Тапсырма:кезек-кезек гүлдердің жапырақтарынан шан сүрту
М:еңбекке баулу.
Ас алдындағы жуыну,сүлгімен қолды құрғату.
М:тазалыққа баулу.
«Біз бақытты баламыз» м:эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру. Әңгіме: «Тракторшы, комбайыншы, наубайшы-бұлар кімдер?», м: диқан еңбегін, нан даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Д\о «Керісінше айт», м: антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Тапсырма:кезек-кезек гүлдердің жапырақтарына су бүрку
М:гүлдерді күте білуге үйрету.
Ас алдындағы жуыну,ас ішкенде дұрыс отыру.
М:тазалыққа баулу.
Шеңбер «Қуаныш сәті» м: көңіл-күйлерін көтеру. Әңгіме: «Жер жырту үшін...», м: сөздік қорын дамытып, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Суретпен жұмыс.
Суреттегі заттарды атап, өз ойларын білдіру.
М:сөздік қорын молайту.
Тапсырма:кезек-кезек гүлдерге су құю
М:гүлдерді күте білуге үйрету.
Ас алдындағы жуыну,қалта орамалды дұрыс пайдалану.
М:тазалыққа баулу.
Шеңбер «Қайырлы таң» м: амандасу, сәлемдесу, әдептілік ережелері. Әңгіме: «Көктем қандай?» м: Көктем мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Д\о «Қай жерде не бар?», м: кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Тапсырма:
орындық-
тарын орнына қою
м:ұқыптылыққа баулу.
Ас алдындағы жуыну,беті-қолын жуу,құрғатып сүрту.
М:тазалыққа баулу.
Ойнай отыра, оқимыз
(ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
1таным экология негіздері
тақырыбы: «Бөлме өсімдігі хош иісті қазтамақ»»
2шығармашылық мүсіндеу
тақырыбы: «Сәнқой түлкі»
3 шығармашылық
ән-күй
1таным қмтқ
тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға».
2таным
Монтессори
3денсаулық дене шынықтыру
1қатынас тіл дамыту тақырыбы: «Ертегіні тауып айт»
2әлеумет экология негіздері тақырыбы: «Қанқызы және құмырсқа»
3шығармашылық ән-күй
1шығармашылық сурет салу
тақырыбы: «Алма ағашы гүлдеді»
2денсаулық денешынықтыру
3қатынас көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай»»
1таным құрастыру
тақырыбы: «Тышқандар»
2шығарма-
шылық
хореография
«Табиғатқа бірге барамыз»
Серуенге дайындық.
Серуен: табиғатпен таныстыру, еңбек, ойын.
-Адам үрлесе, ауызынан бу шығады ма?- Неге?
Көркем сөз:
Ақ қар еріп, Су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Ағаш басы, Бүршік шашып,
Гүл бәйшешек толады.
Қ\о: «Көжектер», м: балаларды әр түрлі бағытқа қарай секіруді үйрету.
«Поезд», м: балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып поезд сияқты жүруге үйрету.
«Өз жұбынды тап», м: нұсқаушының белгісі бойынша қозғалыстар орындау.
Тапсырма: ойыншықтарды себетке жинау, м: еңбексүйгіштікке баулу.
-Жел бар ма? –Оны қалай білдік? –Жел не істей алады?
Көркем сөз:
Жел
Зулап, сарнап, ысқырып,
Соқпаса да үскіріп.
Қ\о: «Ақсерек-көксерек», м: ұлттық ойындарына қызығушылық арттыру.
«Жапалақ», м: балалардың кеңістікте бағдарлану білігін дамыту.
«Көжектер», м: балаларды әр түрлі бағытқа қарай секіруді үйрету.
Тапсырма: ойыншықтарды себетке жинау, м: еңбексүйгіштік-
ке баулу.
-Балалар, сендерге қандай ауа-райы ұнайды?
-Ауа райы дегеніміз не?
Көркем сөз:
Ауа-өмір нәріміз
Тыныстайтын бәріміз.
Қ\о: «Құстар мен мысық», м:нұсқаушының белгісі бойынша қозғалыстар орындау.
«Қояндар», м: балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа баулу.
«Поезд», м: балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып поезд сияқты жүруге үйрету.
Тапсырма: ойыншықтарды себетке жинау, м: еңбексүйгіштік-
ке баулу.
-Балалар, терең тыныс алып, ауыз, мұрындарыңды жауып, іштей 1,2,3 деп санаңдар.
-Не сездіңдер? Ауа не үшін қажет?
-Ауасыз дем алу қиын ба? Неге?
Көркем сөз:
Ауа-өмір нәріміз
Тыныстайтын бәріміз.
Қ\о: «Бірінші болу», м:жүгіру дағдысын бекіту.
«Белгіні тында», м: ұжым болып әрекет етуге үйрету.
«Аттар», м: имитациялық жаттығуларды орындауға жаттықтыру.
Тапсырма: ойын алаңын,
ойыншықтарын,
үсті-бастарын
ретке келтіру
м:ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
-Бұлт дегеніміз не?
-Бір-біріне ұқсас бірдей бұлттар бола ма?
Көркем сөз:
Көктің жүзі шырайлы,
Қастерлейміз күн, айды.
Маған, саған, оған да,
Ашық аспан ұнайды.
Қ\о: «Өз жұбынды тап» , м: нұсқаушының белгісі бойынша қозғалыстар орындау.
«Алыптар мен ергежейлілер», м: нұсқаушының белгісі бойынша қозғалыстар орындау.
«Кім көп таспа жинайды?», м: шапшандық, ептілікті дамыту.
Тапсырма:ойыншық-
тарды себетке жинау,
м:еңбексүйгіш-
тікке баулу.
Серуеннен оралу.
Гигиеналық сауықтыру емшаралары.
«Сабыннан шошитын сәби» жуыну,сүртіну.
Жеке жұмыс.
Қайшымен қалай
жұмыс жасау
білуге үйрету. Назерке, Исмаил, Айзере.
«Жуын-жуын-жуынсақ» жуыну,сүртіну
Жеке жұмыс.
Д\о: «Кеше-бүгін-ертең».
Мақсаты:
«Кеше», «бүгін»,
«ертең» ұғымдарын айыруға үйрету.
Жангир,Мансур.
«Кір қуыршақ» жуыну, сүртіну.
Жеке жұмыс.
Д\о: «Сабын көбіктері».
Мақсаты: сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту. Сержан, Б.Санжар, Гульназ.
«Жуын-жуын-жуынсақ» жуыну,сүртіну
Жеке жұмыс.
Д\о: «Керісінше айт», (биік-аласа,т.б.)
Мақсаты: балаларды керісінше сөйлеуге үйрету, сөздердің мағынасын түсіндіру.
Назерке, Исмаил.
«Кір қуыршақ» жуыну, сүртіну
Жеке жұмыс.
Д\о: «Не өзгерді?», м: геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Не өзгергенін тапқызу.
Даниял, Мансур.
«Ұйқыдан оянамыз»
Тұру. Ұйқыдан оянғаннан кейінгі жаттығулар. Шынықтыру жаттығулары. Бесін ас.
Ұйқыашар жаттығулары (керілу, созылу, әткеншек, велосипед)
Денсаулық жолағымен жүру
м:майтабан ауруын болдырмау
Ұйқыашар жаттығулары
(керілу, созылу, қайық,
велосипед)
Денсаулық
жолағымен жүру
м:майтабан ауруын
болдырмау
Ұйқыашар жаттығулары
(керілу, созылу, велосипед, әткеншек)
Денсаулық
жолағымен жүру
м:жалпақ табан
ауруын алдын-алу
Ұйқыашар жаттығулары
(керілу, созылу, велосипед, қайық)
Денсаулық
жолағымен жүру
м:жалпақ табан
ауруын
болдырмау
Ұйқыашар жаттығула-
ры (керілу,
созылу,
велосипед)
Денсаулық
жолағымен жүру
м:майтабан
ауруын
болдырмау
«Алақай! Ойын!»
Сюжеттік-рөлдік және дидактикалық ойындар.
Серуенге дайындық.
Серуен кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындары.
Гигиеналық шынықтыру емшаралары.
Кешкі тамақ.
Балалардың жеке және ерікті іс – әрекеттері.
Шығармашы-
лық шеберхана.
Қима қағаздардан жапсыру: «Трактор»м:эсте-
тикалық талғам-
дарын арттыру.
Жеке жұмыс.
Қайшымен қалай
жұмыс жасау
білуге үйрету. Назерке, Исмаил, Айзере.
Көктем мезгіліне арнап альбом шығаруды жалғастыру «Көктем кереметі» м: ұқыптылыққа баулу, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу
Жеке жұмыс.
Д\о: «Кеше-бүгін-ертең».
Мақсаты:
«Кеше», «бүгін»,
«ертең» ұғымдарын айыруға үйрету.
Исмаил,Мансур.
Шығармашылық шеберхана.
«Ертегі кейіпкерлері»
Атты кішкене альбом жасауды жалғастыру, м: ұқыптылыққа баулу, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу
Жеке жұмыс.
Д\о: «Сабын көбіктері».
Мақсаты: сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту. Сержан, Б.Санжар, Гульназ.
Үстел-үсті ойыны: «Мозаика»,
«Мамандықтар»,
«Пазл», м: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Жеке жұмыс.
Д\о: «Керісінше айт», (биік-аласа,т.б.)
Мақсаты: балаларды керісінше сөйлеуге үйрету, сөздердің мағынасын түсіндіру.
Назерке, Исмаил.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: «Ауыл шаруашылық жұмыстары» м: сөздік қорын молайту.
Жеке жұмыс.
Д\о: «Не өзгерді?», м: геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Не өзгергенін тапқызу.
Даниял, Мансур.
«Қош бол, сүйікті балабақшам!»
Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынас. Бос ойындар.
Ата-аналарды сюжетті-рольдік ойындар қорабын толтыруға көмек сұрау
Ата-ана сіздер үшін: оқы, үйрен, қолдан.
Демалу туралы.
Ата-аналарға кеңес:
Баланың ашуын қалай женуге болады?
Ата-аналарға кеңес:
Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі ролі
Ата-аналарға демалыс алу тәртібі туралы айту
1 Есеп
2 Есеп
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Бөлме өсімдігі. Қазтамақ. Мақсаты: Қазтамақ өсімдігін танып, атай білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Өсімдіктердің адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
2 Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту.
3 Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық:
1 Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту
2 Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту
Тәрбиелік:
1 Сөйлеушіні тыңдауға тәрбиелеу
2 Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: дала гүлдері, гүлзарда өсетін гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің суреттері. Гүлдерінің түсі әртүрлі екі немесе үш қазтамақ өсімдігі.
Қажетті құрал-жабдықтар: гүлді отырғызуға қажетті ыдыс, топырақ, тас, су.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: жалпы өсімдіктерге, өздеріне таныс бөлме өсімдіктеріне байланысты әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Тәрбиеші балаларды алдын ала ұйымдастырылған сурет көрмесіне әкеліп, ондағы гүлдердің суреттерін қарауды ұсынады.
Миға шабуыл:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
-Дұрыс айтасыңдар, осы айтқандардың барлығы тек көктем мезгілінде ғана болады екен. Біз бұл өзгерістерді күнделікті далаға шыққан кезде байқаймыз. Ал топтағы табиғат бұрышындағы өсімдіктерде өзгеріс бар ма, не байқадыңдар?
-Дұрыс байқапсыңдар, өсімдіктердің тез бой алып өскені байқалады. Кейбір өсімдіктер гүлдепті, ал кейбіреуінде жаңа өскіндер пайда болған. Олардың осылай өсуіне сендер көмектестіңдер.
Күнделікті күтіп, оларға қамқорлық жасадыңдар. Есімізге түсірейік, қандай қамқорлық жасадық?
-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?
Яғни, балалар, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі сендерге байланысты екен. Себебі: олар өз бетімен тамақтанып, өздерін-өздері суғара алмайды ғой.
-Енді табиғат бұрышына тағы да зер салып қараңдаршы, сендерге таныс емес өсімдік бар ма?
Бұл өсімдіктің аты «қазтамақ» деп аталады. Кәне, жақындап келіңдерші, не сездіңдер?
Сондықтан да бұл өсімдік жай қазтамақ емес «хош иісті қазтамақ» деп аталады. Кәне, қайталап айтып көрейікші. Енді мұқият қарап алыңдар.
-Қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Өсімдіктің күтімі дұрыс болса, араға аз уақыт салып демалып, үздіксіз гүлдей береді. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда, сабағын тамырдан жоғары кесіп тастау қажет. Қазтамақты жаз айларында жиі, ал қыста бірқалыпты суғарған дұрыс. Ол шамалы суыққа шыдағанымен, негізінен жылу мен жарықты жақсы көреді. Көптеген қазтамақ жарықта ерекше гүлдейді. Өсімдік жиі тыңайтқанды қажет етпейді. Сондықтан, өсімдікті ерте көктемде және жаз айларында айына бір рет тыңайтып тұрса жеткілікті.
Қазтамақ гүлін адамдар тек әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Оның жапырақтарының емдік қасиеттері де бар. Енді қараңдаршы, мына қазтамақ өсімдіктерінің неліктен жапырақтары сарғайып, қурап, солып, дұрыс өспей қалған?
Сендер айтқан себептердің бәрі де орынды. Дегенмен де ыдысына назар аударыңдаршы, не байқадыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, ыдысы кіші болғандықтан дұрыс өспей қалған болуы керек. Сол себепті қазір біз ыдысы кіші деген өсімдіктерді үлкенірек ыдысқа отырғызамыз. Ал ол үшін бізге не керек?
-Дұрыс, олай болса бірінші үлкенірек ыдысты алып, оған өсімдікті отырғызайық. Өсімдікті отырғызбас бұрын біз онын құрылысын анықтап алайық. Өсімдік қандай бөліктерден тұрады?
-Дұрыс айтасыңдар, гүлдерінің түстері қандай?
-Жапырақтары қандай?
-Жарайсыңдар, енді жапырақтарын ұстап көріңдерші, не байқалады?
-Міне, енді гүлді отырғызуға болады. Ол үшін бірінші ыдыстың түбіне не саламыз?
Тәрбиеші қазтамақ өсімдіктерін ескі ыдыстарынан алып, балаларға тамырын көрсетеді, ауа және қоректік заттарды осы тамыры арқылы да алатын болғандықтан ыдысының тарлық еткендігін, сол себептен гүлдің ауырғанын дәлелдеп айтады. Үш-төрт балаға бір өсімдіктен отырғызу тапсырылады.
«Үш сөз» ойыны
Тәрбиеші балаларға табиғатқа байланысты бір заттың жалпы атауын айтады. Балалар тәрбиеші атаған заттың атауына сәйкес келетін үш сөз ойлап табады. Мысалы:
Көкөніс...(қияр, қызылша, картоп)
Құстар... (шымшық, қарғаа, торғай)
Үй құстары...
Үй жануарлары...
Жабайы аңдар...
Аквариумда тіршілік ететіндер...
Балалар суреттерді қарап болғаннан кейін орындарына отырады.
-Көктем мезгілі
-Күн жылынды
-Өсімдіктерді, суарып, жапырақтарын жудық, топырақтарын қопсыттық. Құстар мен балықтарға жемін бердік.
-Жапырақтары солып, өліп қалатын еді.
Балалар қарап қазтамақ гүлінің бірнеше түрін алып келеді.
Әдемі иіс шығады.
Балалар «хош иісті қазтамақ» деп қайталап айтады.
Балалар қазтамақ гүлін жан-жағынан қарап, бақылайды.
Балалар өсімдікке қарап отырып, оның жапырағының түсін, пішінін, көлемін, гүлінің әртүрлі болатындығын айтады.
Балалар қаарап қайсысы әдемі болып өскен, ал қайсысы дұрыс өспей тұрғандығын айтады.
Олар ауырып тұр. Су құйылмаған болуы мүмкін. Ауа, жарық жетіспегендіктен. Топырағының құнары жоқ.
Ыдысы кішкентай.
Үлкен ыдыстар, топырақ, су, тас, құм керек.
Сабағы, жапырағы және гүлінен тұрады
Ақ, қызыл, күлгін
Домалақтанып келген, бірақ ойықтары бар, түсі жасыл. Майда түктері бар.
Балалар ыдыстарды алып, оның түбіне тас, онан кейін аз ғана топырақ, құм салып дайындайды. Гүлді отырғызып болғаннан кейін суғарады.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Немен айналысқандарын, не туралы әңгімелескендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өсімдіктердің адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы және қазтамақ өсімдігін танып, атауды.
Игереді: қазтамақ өсімдігінің өзіндік ерекшелігін, оларды ссабағын, жапырағын, гүлдерінен тауып атайды, оның тұрмыста, дәрілік шөп ретінде пайдалануын, қазтамақ өсімдігінің өсіп жетілуіне ауа, жарық, топырақ және күтім мен тыңайтқыштар керектігін, қазтамақ өсімдігін жаз маусымында далаға отырғызуға болатындығын.
Меңгереді: гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін, күтіп-баптауды игереді, әрекет ету барысында құрдастарымен жағымды қарым-қатынаста болады.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Қанқыз және құмырсқа. Мақсаты: Қанқыз және құмырсқамен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру.
2 Жәндіктердің табиғат үшін маңыздылығы туралы мағлұмат беру.
3 Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық:
1 Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту
2 Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту
Тәрбиелік:
1 Сөйлеушіні тыңдауға тәрбиелеу
2 Жәндіктерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жәндіктердің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға жететіндей ойыншық қанқыз, ермексаз, грек жаңғағының сырты, өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттері.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: жәндіктерді бақылау, өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттерін жинақтау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
-Балалар, біз серуен кезінде қандай жәндіктерге бақылау жасадық?
Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз. Ол үшін сендер қолдарыңды созып, алақандарыңды тосып тұрсаңдар, ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады.
-Балалар, көздеріңді ашыңдаршы, сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды? Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма, қайдан көрдіңдер?
-Қанқызын бәрің де білесіңдер, ал олардың тіршілігі туралы көп білмеулерің мүмкін. Сол себепті мен сендерге бүгін қанқызы туралы айтып беремін. Қанқыз-қызыл түсті, үстінде жеті нүктесі бар кішкентай жәндік. Ол кішкентай болса да ештенеден қорықпайды. Неліктен?
-Егер де оны қолыңа алып, басып қалсаң, олар сап-сары жағымсыз иісі бар уын шығарады. Сол себепті оған құстар тиіспейді. Тіпті қызыл түсті нүктелі зат көрсе болғаны олар жоламауға тырысады.
Міне, қанқыз осылайша қорғанады екен.
Қроғанудың тағы бір түрі, оларды ұстап алсаң, ол өлген сияқты болып қатып қалады да, қауіп төнбегенін байқаған уақытта қайтадан өзінің ісімен айналыса береді.
-Қанқыз немен қоректенеді?
-Олар алма битін, өсімдік бітесі, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене т.б. ұсақ жәндіктерді жейді. Демек, қанқызының пайдасы үлкен екен. Себебі: олар өсімдік зиянкестерін жесе, өсімдіктерді дәрулеудің қажеттігі болмайды. Олар қандай жерлерде қыстайды?
Қанқыз алғашқы суық түскен күннен бастап таулы, орманды жерлерге ұшып кетеді де, тастардың, ағаштардың т.б. қуыстарына тығылып көктем шыққанша жатады. Көктем шыққанда өздерінің үйреншікті жеріне ұшып келеді.
Міне, біздің кішкентай қанқыз деген досымыздың тіршілігі осындай.
-Балалар, сендер ең күшті қандай жануар деп ойлайсыңдар?
-Ең күшті жәндік-құмырсқа. Себебі: ол өзінен он есе үлкен затты көтере алады.
Сонымен бірге олар құрылысты да шебер салады. Олар қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды. Олар енді ғана туылған құмырсқаларды илеуден таза ауаға шығарып, тәрбиешілері қадағалап жүреді. Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға дәрігерлері қарайды. Олар қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті операциялар жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді. Ал құмырсқалардың негізгі қорегі басқа жәндіктер, өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары.
Міне, балалар, құмырсқалар да адам мен табиғатқа осындай пайдасын тигізеді екен.
Тәрбиеші балаларға өздері жасаған балабақшаныың Қызыл кітабына суреттерді жапсыруды ұсынады. Табиғи материалдардан қанқыз құрастыруды тапсырады.
Сергіту сәті
-Ара, шыбын, көбелек, инелік, құмырсқа.
Балалар көздерін жұмып, қолдарын созып тұрады, тәрбиеші олардың қолына кішкентай қанқызды қояды.
Балалар көздерін ашқан кезде қанқызын көріп, таңғалады, қуанады, бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі.
Қанқыз
Гүлдің жапырағына қонып отырғанын көрдім.
Балалар өздерінің ойларын айтып бөліседі.
Олар өсімдіктерге зиянды ұсақ жәндіктерді жейді.
Ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында қыстайды.
Піл күшті т.б.
Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар осы уақытқа дейінгі бақылап танысқан жануарлары мен өсімдік, құстар, жәндіктердің суретін қиып жапсырады.
Балалар грек жаңғағы мен ермексазды пайдаланып, қанқызын құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Немен айналысқандарын, не туралы әңгімелескендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қанқыз және құмырсқаны танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғаат үшін маңыздылығын.
Игереді: қанқыз және құмырсқаны таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, қанқыз және құмырсқаның тіршілігі туралы түсініп айта алады.
Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ертегіні тауып айт
Мақсаты: Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін арттыру.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.
2 Сұраққа жауап беру, ертегі жолдарын қолдану қабілетін қалыптастыру
3 Сөздің түрленуіне жаттықтыру Дамытушылық:
1 Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін дамыту
2 Тілдік қорын дамыту
Тәрбиелік:
1 Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу
2 Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: әтеш, тотықұс.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әтештің дауысы жазылған үнтаспа.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек.
-Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.
-Балалар бұл ненің дауысы?
-Әтеш үй құсы ма? Әлде дала құсы ма?
Балалар қызығушылық танытады.
-Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.
-Бұл – әтештің дауысы.
-Әтеш-үй құсы.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
«Ә» дыбысына жаттығу орындау.
Ә-ә-ә-ә-әтеш
Ә-ә-ә-ә-әтір
Ә-ә-ә-ә-әк
Әт-әт-әт-әткеншек
«Ә» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауыздан еркін шығатындығын түсіндіріп өту.
Ертегі оқу: «Әтеш пен Тотықұс»
Ерте, ерте, ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез Әтешке келіп:
-Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі киіміңді бере тұршы,-деп қиыла жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, Тотықұс жасанып тұрып киініп алады да, қай мезгілде келетінін айтады.
-Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін,-дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тотықұс пен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын сұрайды.
Сергіту жаттығуы
Қанатымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
-Балалар, құстар өзі немен қоректенеді?
-Ал қандай құстарды білесіңдер?
(Қарлығаш, торғай, бұлбұл т.б.)
Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?»
Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.
Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек.
Мысалы:
Ұшты, ұшты қарға ұшты!
Ұшты, ұшты қалам ұшты!
Ұшты, ұшты кітап ұшты!
Ұшты, ұшты сауысқан ұшты!
Ұшты, ұшты торғай ұшты!
Қайталау
Ертегіні мұқият тыңдайды
Түсінбегендерін сұрайды.
Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
-Құрт-құмырсқа, өсімдік жемістері және дәндерімен қоректенеді. Сондықтан құстарды адамның досы деп атайды.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алады, ұшатын заттарға қолдарын көтереді, ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермейді.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Ертегіні әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құруға ұсыныс беру.
Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
Балалар ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстар қалай пайда болатындығын білу.
Игереді: құс ұясын жасауды.
Меңгереді: құстар біздің досымыз екендігін біледі.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Сәнқой түлкі Мақсаты: Жеке бөлшектерді біріктіре отырып түлкіні бейнелеуді үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Ермексазды илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін жетілдіру 2 Мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру
3 Қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Дамытушылық:
1 Безендіре алу дағдыларын дамыту
2 Тілдерін дамыту
Тәрбиелік:
1 Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу
2 Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: сәмбі
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: түлкінің суреті, үлестірмелі материал, ермексаз, тақтайша, сулық
Алдын ала орындалатын жұмыс: түлкі туралы әңгіме жүргізу, суреттер қарау.
Билингвальді компонент: сәңқой-модница, түлкі-лиса,, көйлек-платье.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, көгім менің!
Қайырла таң, күнім менің!
Қайырлы таң, бақшам менің!
Қайырлы таң, досым менің!
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылулық, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Ойын жағдаят
-Балалар, мен сендерге ертегі айтып берейін.
Орманда бір сәңқой түлкі болыпты. Ол сәнденіп жүргенді жақсы көреді екен. Оның сылаңдаған әдемі түріне, сәнді көйлектеріне аңдардың бәрі қызыға қарайтын болыпты. Ол көйлекті жақсы тігетін еді. Басқа аңдар да көйлек тігіп беруін сұрайды. Бірақ ол өзім ғана әдемі болып жүрсем деп ойлап, оларға көйлек тігіп бергісі келмепті. Жануарлардың бәрі одан теріс айналады.
Содан сәнқой түлкі жалғыз қалыпты. Мен сол түлкіден хат алдым. Хатта: «Мен барлық жануарларды ренжітіп алған сияқтымын. Мен жануарлармен қайта достасқым келеді. Маған олармен достасуым үшін не істеуім керек?»-деп сұрайды.
Мен оған не деп жауап берсем екен?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.
-Сәнқой түлкінің бөлмесі қалай жабдықталған?
-Айнада не ілулі тұр?
-Біз осы сәнқой түлкіні мүсіндеп, айнаның алдына орналастыруымыз керек.
Сөздік жұмыс: сәнқой.
Сергіту сәті
-Түлкі, түлкі, түлкішек,
Түнде қайда барасын?
-Апам үйіне барамын.
-Апаң үйі не берер?
-Ешкі сауып, сүт берер.
Лақ сойып, ет берер.
-Оны қайда қоясың?
-Тал түбіне қоямын.
-Ит жеп кетсе қайтесің?
-Бақан ала қуамын.
-Жеткізбесе қайтесің?
-Жылай-жылай қаламын.
Тәрбиеші балалардың назарын түлкіні мүсіндеу ретіне аударып, сурет арқылы және мүсіндеп көрсете отырып түсіндіреді.
-Ермексазды екі бөлікке бөлеміз. Кішірек ермексаз бөлігін домалақтап алып, созу арқылы одан тұмсығын, құлағын шығарып, түлкінің басын жасап
аламыз.
Денесін жасау үшін, үлкенірек ермексаз бөлігін алып, илеу арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Оны түлкінің денесіне келтіріп иеміз және екі жағынан кескішпен кесіп, аяғын жасаймыз. Сопақша пішіннен құйрығын жасап, оны денесіне біріктіреміз, басын орналастырамыз. Дайын түлкінің мүсінін суреттегі айнаның алдына орналастырамыз. Өз қалауларыңша түлкінің мойнына моншақтар жасап іліп, әдемі көйлек кигізулеріңе болады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент: сәнқой-модница, түлкі-лиса, көйлек-платье.
Балалар ертегіні тыңдайды.
Балалар жауап береді: жанындағыларға көмектесу керек, басқа аңдармен дос болып жүру керек.
Суретті қарап, жауап береді.
Түлкінің бөлмесінде ұйықтайтын кереуеті және сәндену үшін қарайтын үлкен айнасы бар. Мойнына тағатын сәнді моншақтарды ілулі тұр.
Қайталайды: сәнқой.
Балалар бой сергіту жаттығуларын жасайды.
Балалар түлкіні мүсіндеу ретімен танысады.
Үлгіні басшылыққа ала отырып және тәрбиешінің түсіндіру бойынша түлкіні мүсіндейді.
Балалар өз қалауы бойынша түлкінің мүсінін сәндейді.
Дайын түлкінің мүсінін суреттегі айнаның алдына орналастырады.
Қайталайды: сәнқой-модница, түлкі-лиса, көйлек-платье.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
-Балалар, түлкі өзін сәндеуге көмектескені үшін сендерге алғысын білдіріп жатыр. Ол жанындағыларға көмектесіп жүру керек екенін түсініп, қателігін мойындап отыр. Енді басқа аңдармен дос болып жүруге уәдесін берді.
Балалар қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жеке бөлшектерді біріктіру арқылы түлкіні мүсіндейді.
Түсінеді: аңдарға қамқор болу керектігін, достық қарым-қатынас жасауды.
Қолданады: бөліп алу, илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Тышқандар Мақсаты: Тышқан туралы қарапайым түсініктермен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Тышқанның дене бөліктері жайында түсіндіру.
2 Құрастыруда дене бөліктерін жасауда табиғи материалдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйрету.
3 Қалдық материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу Дамытушылық:
1 Көркем безендіру арқылы ой-қиялын дамыту
2 Қол моторикасын дамыту
Тәрбиелік:
1 Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
2 Эстетикалық талғамын тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар: жаңғақ, емен жаңғағы, ермексаз, шөп.
Сөздік жұмыс: емен жаңғағы, ірімшік.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Қызығушылығын ояту. Күтпеген сәт.
-Балалар, бізге қонаққа Джери (тышқан) келді. Ол сендердің бір-біріңмен дос әрі еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның үлкен өтініші бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. Сендердің оған мына заттардан (ермексаз, жаңғақ, шөптен) өзі сияқты тышқан жасап берулеріңді сұрайды. Өздерің сияқты оның да көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған көмектесейік. Балалар тышқанды құрастыруды бастамас бұрын, тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге түсірейікші.
Балалар қонақпен амандасады. Тышқанның денесі, екі құлағы, ұзын құйрығы, 4 аяғы және кішкентай ғана көздері болады, сонымен қатар тышқанның мұрны үшкір, жіңішке мұрты бар.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Тышқанның үлгісін қарау:
Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел немесе жердегі төсеніш үстінде орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар қойылады.
-Тышқанның денесін қай заттан жасаған дұрыс болады?
-Олай болса грек жанғағын тышқанның денесі етіп алайық.
-Келесі кезекте тышқанның құлағын жасап көрейік, оған қай затымыз дұрыс келеді екен.
-Жақсы, енді тышқанның құйрығын жасайық.
-Балалар, бізде Джериге дос дайын болып қалды, Джери өте қуанышты болып тұр. Бірақ тышқанымыздың әлі көзі мен мұртын әрі аяғын жасаумыз керек, ол үшін қай заттарды қолданасыңдар?
-Дұрыс, ал мұртын ше?
Балалар жұмысына талдау жасалады.
Жасалынған тышқандардан көрме ұйымдастыру. Джери енді өзіне дос таңдайды, ең әдемі жасалынғанын таңдап алсын.
Грек жаңғағынан денесі жасалады.
Емен ағашының бас бөлігінің екеуінен құлақ жасайды.
Көзін және аяғын қара ермексаздан жасап, мұртына шөптерді ермексазға қадап оны грек жаңғағына жапсырады.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Джериге барлық балалардың жұмысы ұнайды, балаларға ризашылығы ретінде ірімшік сыйлайды. Балалар Джеримен және оның жаңа достарымен қоштасып, шығарып салады.
Балалар өздері жақсы жұмыстарды таңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи материалдарды көлемі мен пішініне қарай дұрыс қолдануды.
Игереді: тышқанды табиғи материалдардан құрастырудың әдіс-тәсілдерін.
Меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай іскерлік дағдыларын.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді
Мақсаты: Қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу. Міндеттері:
Білімділік:
1 Ағашты салуды естеріне түсіру. 2 Түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру.
3 Композиция құра білу. Дамытушылық:
1 Эстетикалық сезімін дамыту
2 Ойларын дамыту
Тәрбиелік:
1 Асықпай ойлануға тәрбиелеу
2 Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: перде, араластыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ парақ қағаз, гуашь, су, сүлгі, қылқалам.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Шеңбер құрып жүріп, өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап айтады.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Тәрбиеші жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады.
Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды.
-Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше?
Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар.
Үп-үлкен боп өседі.
-Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.
Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді.
Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.
Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.
Саусақ жаттығуы
Ұшты-ұшты көбелек,
Би биледі дөңгелеп.
Гүлін көріп алманың,
Ағашқа қонды көбелек.
Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз.
Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді.
Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.
Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады.
Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.
Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.
Қимылмен көрсету.
Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді.
Әдемі гүлдер ашады, гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды.
Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының гүлінің суретін салады.
Қай жерде орналасқанын айтады, кеңістікті бағдарлау. Естеріне түсіру.
Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б. айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Тәрбиеші балалардың салған суреттерін тексереді, мақтайды. Балалардың өз қалауы бойынша таңдап салуларына мүмкіндік береді және талдау барысында кімнің шығармашылық қабілеті басым болғанына көңіл аударады.
Жұмыстарды көрмеге іледі.
Көктем туралы тақпақтар сұрайды.
Балалар салған суреттеріне өздері баға береді.
Өздері білетін тақпақтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ағашты салуды естеріне түсіруді.
Игереді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.
Меңгереді: композиция құра білуді, ойларын дамытуды.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Алдаркөсе мен бай Мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Халық ауыз әдебиетінің туындыларын тыңдауға деген қызығушылығын арттыру.
2 Шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру.
3 Сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Дамытушылық:
1 Тіл байлығын дамыту
2 Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:
1 Өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу
2 Адамгершілікке тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер, доп.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен
Доспен енді сенімен.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады. Қимылдар жасайды.
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Кіріспе әңгіме
-Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
-Қандай ертегілерді білесіңдер?
-Ендеше, балалар, «Алдаркөсе мен бай» ертегісімен танысамыз.
«Алдаркөсе мен бай» ертегісі оқылады.
Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрау:
-Алдаркөсе деген кім?
-Алдаркөсенің шапаны қандай еді?
-Алдаркөсе неге тоңды?
-Алдаркөсенің алдынан кім шықты?
-Бай Алдаркөсеге не деді?
-Бай мен Алдаркөсе не туралы армандады?
-Ертегі қандай сөздермен аяқталды?
Сергіту сәті
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз.
Балалардың жауабы.
Зейін қойып тыңдайды.
Қу, байды алдайды
Жыртық
Шапаны ескі
Бай
Балалардың жауабы
Қимылды жаттығулар жасайды
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Қорытындылау
«Кім жылдам?» ойыны арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.
Ойын шарты: балалар шеңбер бойына тұрады. Ортада тәрбиеші допты қай балаға лақтырса, сол допты ұстаған бала білетін ертегісін айтады, ойын осылай жалғаса береді.
Балаларды бағалау, маақтау, мадақтау.
Балалардың бәрі ойынға қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығарманың мазмұнын.
Игереді: жаман мен жаақсы қасиеттерді ажырата біледі.
Меңгереді: шығарманың тәрбиелік маңызын.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған күні тәрбиеші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға.
Мақсаты: 1,2,3,4,5 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру.
Міндеттері:
Білімділік:
1 Екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу.
2 Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
3 Цифрды заттың санымен сәйкестендіру туралы өткенді пысықтау Дамытушылық:
1 Ой-өрісін дамыту
2 Есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік:
1 Берілген тапсырманы орындауға тәрбиелеу
2 Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялық.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
Есеп
-
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.
Тәрбиеші үстелге 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды қояды. Содан соң балалардың бірін шақырып, бір цифрды алдырады және сол туралы өлеңді оқып беруін сұрайды.
Балалар цифр туралы өлеңді еске түсіреді.
Бұл-1 цифры
Бұл-2 цифры
Бұл-3 цифры
Бұл-4 цифры...
Ұйымдас-
тырушы-
лық-
ізденістік
Тәрбиеші балаларға суреттерді мұқият қарап шығып, цифрларды сәйкес келетін суретпен қосуды тапсырады.
Тәрбиеші балаларға суретті көрсетеді және сұрайды:
-Мұнда неше бала бар?
-Неше машина бар?
-Балалардың бәріне машина жете ме?
-Неге?
-Машинаалар мен балалардың саны туралы не айтар едіңдер?
-Балаларға машина жету үшін, неше машинаның суретін салуымыз керек?
Тәрбиеші балалардан үй мен жұлдызшаның арасында, қолшатырдың үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстінде не тұрғанын сұрайды.
Тәрбиеші суреттерді бояуды ұсынады: жоғарғы
оң жақ бұрыштағы суретті сары түспен, төменгі сол жақ бұрыштағысын қызылмен, ал төменгі оң жақ бұрыштағысын көк түспен бояу керек.
Тәрбиеші балалардың суретін көрсетеді. Бір-біріне өте ұқсас болғанымен, олардың айырмашылығы да бар. Балалар қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелекті бояуы тиіс.
-Сендер мына суреттерден қандай айырмашылықтар таптыңдар?
Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, бес дөңгелек боялуы тиіс.
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.
Төрт
Үш
Жоқ
Өйткені машинаға қарағанда балалар артық, ал машина балалардан кем.
Бір машинаның суретін саламыз.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды: жұлдызды сарымен, қолшатырды қызылмен, баскиімді көк түспен бояйды.
Балалар айырмашылықтарын табады: суреттің бірінде күннің суреті бар, екіншісінде жоқ, сол жақтағы баланың жейдесінің қалтасы бар, ал оң жақтағыда жоқ, сол жақтағы баланың шұлығының жолағы бар, оң жақта жоқ, оң жақтағы баланың шалбарында жолақ бар және қасында машина тұр, ал оң жақта олай емес.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Балалар, сендер бүгін қандай цифрлар туралы тақпақ айттыңдар?
-Суреттердің арасында неше айырмашылық бар екен?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
Балалар өз жұмысын үлгімен салыстырады.
1,2,3,4 цифрлары туралы.
Бес.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды.
Игереді: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.
Меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).