Тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы».
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздердің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа, мақал – мәтел.
Балалардың іс – әрекеті.
Шеңберге тұрып, жаңа күнмен амандасады.
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім!
Армысың, балабақша дос – жараным!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Бейнетаспадан қазақ елі, тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.
Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалды.
Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
Сөздік жұмысы:
Тәуелсіздік – толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен – өз билігі, бас бостандығы, өзінде, тәуелсіз.
Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Алматы бас қала
Астана – жас қала
Мұражайдан не көргендерін ортаға салады.
Елбасының отбасы, өскен ортасы, туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді.
Президент жайлы өлеңдер оқиды.
Аппақ таңнан дауысыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік – Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.
«Халықтың ортақ үйі – Отаны».
«Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліне ұлтан бол».
«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.