Ашық сабақ «Бауырсақпен орманға саяхат»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бауырсақпен орманға саяхат» Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін толықтыра , бекіте отырып ертегі желісі бойынша тапсырмаларды қызықты етіп орындату. Ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдықтарын дамыта отырып сөздік қорларын молайту. Еңбекқорлыққа, кішіпейілділікке , мейірімділікке тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін молайту. Көрнекілігі: Интерактивті тақта бойынша слайд, түрлі түсті пішіндер, түрлі түсті қағаздар, желім. Ұйымдастыру барысы: Шаттық шеңбері Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Біздің топта балалар, Тату тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Балаларға жыл мезгілдері туралы, ауа райындағы өзгерістер туралы, қай елде тұратынығы туралы сұрақтар қою. Бауырсақ ертегісі желісі бойынша сұрақтар қойып өз еріктерімен бауырсақ және орманда кездесетін аңдар тағайындап алу. Бауырсақ ертегісін еске түсіру. Қоянға кездеседі: І- тапсырма: « Сандарды тура және кері санап шық?» ІІ-тапсырма:Дидактикалық ойын: «Сурет бойынша ата?» ІІІ-тапсырма: «Пішіндерді ата және түстерін ажырат?» «Үй құрастыр» Аюға кездеседі: І- тапсырма: «Бұл қай кезде болады?» ІІ-тапсырма: «Балалар тақпақ айтып білісіңдерме?» Дидар Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр. Мейірлі күз, мырза күз, Сыйлығыңа ризамыз. Нұралы Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең, Құлағыңды тістеген. Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген. Бақша-бауды , тауды да, Бояған ақ түспенен. Бекзат Қар еріді , су ақты, Күндер келді шуақты. Байтақ дала келбеті, Түкті кілем сияқты. Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Кәусар Жазым келді жарқылдап, Қазым келді қаңқылдап. Гүлге қонды көбелек, Қос қанаты қалтылдап. ІІІ-тапсырма: «Ұлттық ойындарды ата?» Қасқырға кездеседі: І-тапсырма: «Ертегілерді ата?» ІІ-тапсырма: «Үй жануарлары» , «Қайсысы ненің төлі?» ІІІ-тапсырма: «Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді, олардың атын ата?» Әсерлі сәт: Түлкі кіреді Түлкінің тапсырмасы: І-тапсырма: «Бауырсақтың пішінін жасап бер» (жапсыру) Шығармашылық жұмыс: Баурсақты дайын қиындылардан құрастырып жапсыру. Сергіту сәті: Қане, сапты түзейік, Тіземізді бүгейік. Ыршып алға түсейік, Ыршып артқа түсейік. Көбелекше ұшамыз, Отырамыз, тұрамыз. Сергітуге мың алғыс!

Балалардың жұмысын мадақтау. Қорытындылау: «Достық шеңбері» Сандығым менің ашылар, Куаныш ішінен шашылар. Тілегіміз біздердің, Бар әлемге таралар.











































КМҚК «Айгөлек» яслибақшасы













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Бауырсақпен орманға саяхат»













Тәрбиеші: Кенжеғариева А.А