«Гүлдерай» тобына ашық ұйымдастырымған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бағдарлама тараулары :Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Асхана құралдары.
Мақсаты:Ыдыстардың ерекшеліктері,олардың алуан түрлі болатынын (фарфордан,шыныдан,темірден жасалатындығы,түсі,көлемі т.б.)Күнделікті пайдалатын ыдыстардың маңызы ,қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету.Оларды сақтау ережелерімен таныстыру.Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын сөйлеу шіні тыңдау,қойылған сұраққа жауап беру дағдыларын дамыту.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.Құрдастармен жақсы қарым-қатынас орнату.
Құрал жабдықтары:ыдыс-аяқтар түрлері,суреттер қуыршақ Әйгерім.
Әдіс-тәсілдер: сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Балаларды жылулық шеңберіне шақыру.Амандасу.
Жылулық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай ?
-Қыс мезгілінің айларын атайықшы.(желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-Орысша қалай атайды.( декабрь,январь,февраль)
-Бізге қонақ келген сияқты .Айгерім атты қуыршақ келіпті
Қуыршақ көмек сұрай келіпті.Асхана құралдарына нелер жатады екендігін білмейді екен,қонақ шақырайын десе.
-қуыршақ Айгерім сен балалармен бірге отыр .Біз саған көмектесеміз.
-Өте жақсы.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ.
1.Беті дуылдап тұр
Танауы шуылдап тұр.Ол не? (шәйнек)
2.Кесе,шыны,пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс-аяқ)
-Бүгін біз не туралы әңгімелесетінімізді түсінген шығарсыңдар.Иа,иа асхана құралдары туралы сөйлесеміз.
-Жалпы асхана құралдарына не жатады?
-Қазан,таба,тарелке,шәйнек,қасық,шаңышқы т.б.
-Дұрыс.Ыдыс -аяқтың түрлері өте көп.
Олар өздері :
1.тамақ жасауға арналған ыдыстар
2.тамақтануға арналған ыдыстар
3.тамақты сақтауға арналған ыдыстар болып бөлінеді.
-Қалай ойлайсыңдар тамақ жасауға арналған қандай ыдыстар жатады?
-Қазан,кострел,таба.
-қандай тамақ қазанға жасауға болады?
-ал табаға ше?
-Кастрелге ше?
-Ал тамақтануға қандай ыдыстар жатады?
-тарелке ,кесе,қасық,шаңышқы,табақ т.б.
-Дұрыс.Ал тамақты қандай ыдыстарға сақтайды?
-Банкі,контенер сауыты,бөшке т.б.
-Өте жақсы,балалар.енді біраз боймызды сергітіп алайық.
Дене сергіту жаттығуы.
-Ал ,орнымызға отырайық.Ыдыстар ерте заманнан келе жатыр .Олар ең алған құмнан VI-VII ғасыр пайда болды.
-Балалар,ыдыс-аяқтар қандай затардан жасалады деп ойлайсыңдар?
-Шыны,темір,құм,фарфор,метал,пласмасадан,ағаштан т.б.
-Дұрыс айтасыңдар.Қазіргі заманда силиканнан да,қағаздан да жасалатын ыдыстар бар екен.
-ыдыстарды пайдаланып болғаннан кейін не істеу керек?
-Тазалап жуып,кептіру керек.
-Өте жақсы енді мен сендер мен ойын ойнағым келім тұр?
1.«Дүкеншісіз дүкен»ойыны.
2. «Төртіншісі артық»ойыны.
3.Суретті жина» ойыны. (Балалар ойынды қызыға ойнайды)
-Өте жақсы.Рахмет орындарына жайғасындар.Қуыршақ Әйгерім біз саған көмектестік деп ойлаймын.
Қуыршақ:Иа,рахмет,балалар!Мен енді ұқтым.Қандай ыдыстарды қалай қолдану керектігін.Сау болыңдар,балалар!
Сұрақ-жауап арқылы қортындылау.
-Ыдыстар неше түрге бөлінеді?
-Оларды қалай ұстау керек?-Өте жақсы.Бүгін ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіне жақсы қатыстындар.Рахмет.Сау болыңдар!