Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара " Бақытты балалық шақ "
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Балабақша ойын алаңы алуан түрлі шарлармен безендірілген
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар
балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз
Ән « Біздің балабақша»
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіпті сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.
Тақпақтар
Фариза ; Алақай ау,алақай.
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық,балақай!
Нариман:Біз бақытты баламыз,
Ақылыдмыз,данамыз
Ертеңгі күні еліміздің
Батырлары боламыз.
Айша;Бақшамызда бугін ұзақ ойнайық,
Балалар қорғау күнін тойлайық!
Алакай ау,алақай ,
Той тойлайық балақай
Би (флешмоб )
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойындарын ойнайық.
Ойын.
1. «Санамақ»
2. «Түсін тап»
3. «Қимылды қайтала»
Балалар сайқымазақтармен көпіршіктер үрлеп ойнайды.
Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән « Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Осымен «Бақытты балалық шақ "
атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.Енді балалар асфальтқа түрлі түсті борлармен сурет салады.