1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті тәрбиешілер, гүлдей құлпырған бүлдіршіндер! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!
2-жүргізуші:
Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырыып, «Аяулы анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып «Алақай» әнімен ортаға «Балдәурен»тобын шақырамыз.
2-жүргізуші
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың,-дей келе «Қошақан»әні ,орындайтын «Өркен»тобының тәрбиеленушісі Сәрсенов Айбек,қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз,-дей келе орта заманауи би «Әй-әй-әй».Ортада «Ай-керім», «Жұлдыз», «Балапан» топ тәрбиеленушілері.
1-жүргізуші
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
«Мамочка милая»хор «Балауса»тобы.
2-жүргізуші:
Анам менің-өмірдегі тірегім,
Анам менің-кеудемдегі жүрегім,
Егер менің қасымда сен болсмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Ән:«Анашым қартаймашы» әнші қызымыз Іңкәрді ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
«Ақ мамам» хор«Ай-керім»тобы.
2-жүргізуші
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Би «Банана мама».Ортада: «Балдәурен», «Алтынай» тобының бүлдіршіндері.
1-жүргізуші
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
Ән : «До чего у бабушки слдакие о ладушки» орындайтын «Раушан»тобының тәрбиеленушісі Вилада.
2-жүргізуші
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Ағылшын тіліндегі хор «Мy dear mummy»
1-жүргізуші:
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
«Апатайым менің» хор ортада «Жұлдыз тобы»
2-жүргізуші:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Би: «Көктем вальсі» ІІ сәбилер «әдемі»тобы.
1-жүргізуші
Ардақты ана,
Аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңнен ауызданып есейдім,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Ән : «Мамин день» «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілері.
2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанеки көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі араб биі,
Таң қалдырып қанеки би билеңдер,
Араб биі «Балауса» тобы қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші
Көңілің алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ән : «Ай дидарлы анашым» «Балдәурен»тобыының әнші қыздары:Кәусар,Аружан.
2- жүргізуші
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
«Гүлім менің» хор Алтынай тобы.
1-жүргізуші
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!-дей келе құрметті қонақтар, біздің "Аяулы анашым" атты мерекелік ертеңгілігімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
1-жүргізуші: Сіздерге тілейтініміз, аяулы аналар! сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға береке дарысын.Амандықта жүздескенше!8-наурыз мерекесі құтты болсын!