Білімділік саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Кіші саласы: «Тіл дамыту», «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру».
Тақырыбы: «Қысқы орманның тынысы».
Мақсаты: Балалар қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін ормандағы аңдарды көрсету арқылы олардың ой-қиялдарын дамыту, табиғатқа деген қызығушылығымен қатар қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
«Ерқанат» ортаңғы тобы.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексифті түзетемдеуші
(Баяу көңілді музыка ойнап тұрады).
1.Шаттық шеңберіне шақыру.
Армысыздар қонақтар
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бізге шаттығын
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын шаттығын
2. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
Олай болса қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ма?
3. Балалар мен сендерді қысқы орманға,орманның тынысын тыныстауға апарғым келіп тұр. Барасыңдар ма?
Орманға шаңғы мен өлеңдетіп барайық.
Жүріңдер балалар,
Сырғанақ тебеміз
Құрыспай
Құрыштай
Шынықсын денеміз
Таяққа бау тағып
Шаңғыңды байлап ал,
Биалай,малақай
Бәрін де сайлап ал
4. Балалар міне орманға да келіп жеттік.
Балалар мынау ненің ізі?
Олай болса, орманның табиғаты мен жануарлардың қалай тіршілік ететін көру үшін іздер арқылы жүріп отырайық.
Балалар орманның іші таза, ағаштарын қалың қар басқан екен. Орманның ауасымен тыныстап көрейікші. (Балалар мұрнымен тыныс алу жаттығуын жасайды).
Балалар сендер білесіңдер ме орманда қандай аңдар тіршілік етеді?
5. Олай болса осы аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Мерей:
Түлкі деген қу екен
Жүрген жері шу еткен
Ұстап тісің қақсаң ай
Терісі де көрікті
Байдәулет
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Іңкәр:
Мен көкжал қасқырмын
Малшыны састырдым
Аш болсам ұлимын
Ауылды торимын
6. Сергіту сәті:
Боран соқты оң жақтан
Боран соқты сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан
7.Аңдар туралы әдемі тақпақ айттыңдар ал енді осы аңдардың немен қоректенетіндерін білесіңдер ме?
Жарайсыңдар балалар орманның табиғаты мен аңдарыңда жақсы біледі екенсіңдер.Енді мана айтып келген әнімізді айтып тобымызға оралайық.
8. Д/О: «Жануарлардың биі»
Мақсаты: әр балаға жануарлар бейнеленген карточкалар беріледі. Балалар бір-біріне карточкаларын көрсетпейді. Ән қосылғанда балалар карточкаларыңдағы бейнеленген аңдардың биін көрсетеді. Балалар карточкаларын бір-бірімен ауыстыру арқылы ойынды жалғастырады.
9. Экран арқылы «Ұйқасын тап!»
Өзінше ноян, қорқақ не? (Қоян)
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен.... (кірпі)
Халық «қу» деп,
Қылған күлкі,
Айласы көп
Бұл не? (түлкі)
Балпаң-балпаң басады,
Алты қырдан асады
Білесің бе сен оны
Жанында бар қонжығы (аю)
Бейқам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді
Білесің бе оны
Айта қойшы не дейді (қасқыр)
10. Балаларды 3 топқа бөлініп, 3 тәсілмен аққаланы мүсіндеп, жапсырып, суретін салады.
11. Қорытынды.
Балалар біз қайда бардық?
Орманның табиғаты қандай екен?
Орманда қандай аңдар мекендейді?
Олай болса осы қысқы орманда сендерге не ұнады соның суретін алдымыздағы қағаз бетіне түсірейік.
Жарайсыңдар балалар,сендерге көп-көп рахмет!
Балалар шеңберге тұрып,шаттық шеңберін орындайды.
- Қыс мезгілі.
- Желтоқсан,қаңтар , ақпан
- Қар жауады, боран болады, аяз соғады, күн суық болады
-Қыс туралы тақпақ айтады
-Әрине, барамыз.
Балалар әндетіп,орманға барады.
-Аңдардың ізі.
Балалар мұрнымен тыныс алу жаттығуын жасвйды.
Аю, қасқыр,түлкі, қоян, тиін.
-Балалар тақпақтарын айтады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Аю бал жегенді жақсы көреді, қасқыр өз азығын өзі тауып жейді,түлкі балық жейді, қоян сәбіз жейді, ал тиін жаңғақ жейді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Жұмбақтың шешуін табады.
Балалар бірігіп жұмыс істейді.
- Орманға бардық
-Ауасы таза, ағаштары көп, қары қалың екен
-Аю.қасқыр,түлкі,қоян,тиін
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Балалар қысқы орманның тынысын білді.
Түсінеді: Орманда қандай аңдар мекендейтінін түсінді
Меңгереді: Қысқы орманға серуендеуді, аңдардың немен қоректенетінін және олар туралы тақпақ айтуды меңгерді.
Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің
«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Тақырыбы: «Қысқы орманның тынысы»».
«Ерқанат» ортаңғы тобы
Өткізген: Мирманова М.Е
Арқалық қаласы