Мерекелік отшашу тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық карталары

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Мерекелік отшашу

Мақсаты: балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар, шарлар.

Балаларға бейнетаспадан көріністер көруді ұсынады. Бейнетаспаны көріп болған соң көрініс не туралы болғанын сұрайды.

-Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендерге мереке ұнады ма?

Мерекелік отшашу жаққанда айнала жап-жарық болып, әдемі түстерге боялады. Отшашу мерекенің нағыз сыйы екендігін түсіндіреді.

Балаларға «отшашу» сөзін қайталап айтқызады.

Сергіту сәті:


Жарты шеңбер болып отырып бейнетаспаны көреді. Көптеген адамдардың қолдарында гүл, шар, балалардың қолында балмұздақ, ойыншықтар. Отшашудың жарқыраған түрлері жайында өз ойларын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды. Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық жүргізу арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.

Отшашудың сәулелері әдемі болу үшін бояудың түстерін дұрыс таңдауға және оны үйлестіре сызуға мән береді. Отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.

Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады.

Сурет дәптерді қарап, тамашалап, түрлі түсті қарындашты пайдаланып, үзік сызықтарды бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.


«Қуырмаш» өлеңін бірге айтып орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Бүгін мерекелік отшашуды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру үшін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.

Салған суреттерінен кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.

Түсінеді: отшашуды тек аспанға ату керектігін.

Қолданады: қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.