Мақтақызбен мысық мектепалды даярлық топ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Даярлық тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бағдарлама тараулары: Драма

Тақырыбы: Мақтақызбен мысық

Мақсаты: Балаларды ертегінің басты кейіпкерлерімен таныстыра отырып, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға, мәнісін түсініп айта білуге үйрету.

Міндеті: Тәрбиеші ертегіні түсіндіру. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Балаларды еңбекке баулу, үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: суреттер, видео жазба,

Мотивациялық-

Қозғаушы

  1. Ұйымдастыру

  2. Баланың сабаққа назарын аударту







Іздену-

ұйымдастырушылық




Жұмбақ жасыру:

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық
)

Жұмбақтың жауабын шешкеннен кейін, мысықтың суретін көрсету. Мысық туралы қай ертегі білесіңдер?

Балалар бейне жазбаға назар аударып ертегіні тындайық. Ертегі бойынша талдау. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?

Сергіту сәті


Балалар жұмбақтың жауабын шешу.







Бейне жазбаға назар аударады.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті-

Корригиялық

«Ойлан тап» ойынын ойнайық.

Берілген суреттерді өз орнымен жинақтайық, ол үшін ертегі кейіпкерлерін рет ретімен айтып шығайық.

Жақсы жасалған жұмыстарды көрсету.

Мадақтау.


Балалармен бірге жұмыстарын талдау.


Болжамды нәтиже:

Білу керек: ертегі кейіпкерлерін

Қалыптасқан әдет: сергіту сәті, сұрақ жауап.

Істей біледі: сұрақтарға жауап береді.