МКҚК «Қызғалдақ» бөбек жай-балабақшасы
" Азық- түлік.
Дәрумендер".
«Ақ көгершін» ересектер
тобынан іс-тәжірибеден
өткен тәрбиеші:
Әміржанова М.С.
Мұқры ауылы
2016 жыл
Тақырыбы:" Азық- түлік. Дәрумендер".
Білім беру саласы:"Денсаулық"
Оқу іс-әрекеті:" Валеология".
Мақсаты: Пайдалы азық- түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау,ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру .
Тәрбиеші: "Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы" — дегендей сәлемдесіп алайық.
Тәрбиеші: "Қайырлы таң, балалар!"
[pic]
Балалар: Қайырлы таң, Құралай апай!
Қайырлы таң құрметті қонақтар!
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Балаларға жыл мезгілі туралы сұрақтар қоямын.
Тәрбиеші:
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз мезгілі.
-Күз айларын атаңдаршы?
- Қыркүйек,қазан,қараша.
- Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
-Суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Бау-бақшада қандай өзгерістер болады?
-Бақшадғы жемістер ,көкөністер барлығы піседі.
-Суықта тоңып, ауырып қалмас үшін не істеу керек?
-Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
Балалар сендер күз мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші:
-Балалар біз өткен сабақта не туралы өттік? Қане еске түсірейікші.
-Тамақтану мәдениеті туралы.
-"Тамақтану ережелері" дегеніміз не,балалар?
-Балалардың жауапттары.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.Тамақтың құрамына не керек екен балалар?
-Балалардың жауаптары.(дәрумендер,тұз, су,май т.б.)
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз, балалар, дәрумендер.
- Ал,дәрумендерді қайдан аламыз?
— Көкөністерден, жеміс-жидектерден.
— Жемістер қайда өседі?
— Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.
— Көкөністер қайда өседі?
— Бақшада өседі.
— Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
— Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/
— Ал енді көкөністерді атаңдар?
— Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.
— Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы:
"А" дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
"В" дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
"С" дәрумені: қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
"Д" дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
Тосын сәт: тұмау келеді. (Балалар бет перде киеді).
Тұмау:
— Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Балалар: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз, тазалықты жақсы көреміз.
Барлық балалар: -Иә! – Иә!
Тұмау:
— Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.
Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.
Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, хәліміз қандай болады?
Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады, бізді дәрігерге апарады, балабақшаға бара алмай қаламыз.
Тәрбиеші: міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.
Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.
/Көкөністер мен жемістердің айтысы/
Қызанақ (Нұрбол):Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.
Әсем нәзік, көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда,
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып-қызыл болып пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені.
Қияр (Арнұр):Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.
Сопақша көк өнім бар,
Пайдалы мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жинайсың,
Менің атым қиярмын.
Қазір ұзын сабағым,
Жан-жағына тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
Картоп (Амина): Әй қойыңдар! Адамның екінші нанымын. Мен мақтаншақ картоппын. Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоярсың.
Мен мақтаншақ картоппын
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Пияз (Зере):Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын, жылайсың.
Ащы болсам да мені,
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
Сәбіз (Жанерке): Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.
Сары дәмді, ұзынмын,
Жер астына тығылдым.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласың,
Тамаққа да саласың.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласың.
Өрік(Дильяра): Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда йод көп.
Мен өрікпін, өрікпін,
Бақшамызға көрікпін.
Қара деген атым,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүретін,
Кейде менің қақым бар.
Алма(Ерасыл): Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда "А", "В", "С", "Д" дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын.
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Тәрбиеші: Барлығыңда дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке,
Дастарханның сәнісіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай!
Дәрігер: балалар қазір қыс мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Балалар: Жақсы.
Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?
Балалар: Жоқ.
Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр.Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?
Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?
Сергіту жаттығуы:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнаймыз,
Су өтер қолғаптан.
Тәрбиеші:
Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келіп тұр, сол тапсырманы орындайық.
Ал дәрігер апай, біз сізге жұмбақтар жасырайық.
Жания: Қалың киінгенді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. /пияз/
Мирас: Бірінші туратады,
Екінші жылатады /Пияз/
Тәрбиеші: Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
Ол не? /Пияз/
Дәрігер: Балалар, пияз туралы көп жұмбақтар біледі екенсіңдер, пиязды азық ретінде қолданады. Пиязда медицинада дәрі ретінде қолданады. Пиязды жесеңдер ауырмайсыңдар.
Тәрбиеші: Пияз денсаулыққа пайдалы дейсіңдер , ал ,балалар тәтті денсаулыққа пайдалы ма?
-Балалардың жауаптары.
Тәттіні көп жеуге болмайды, көп жесек бізге қандай зияны бар?
Балалар: Бетіміз қызарады, тісіміз түседі, жүрегіміз айниды.
Тәрбиеші: Балалар тәттіні көп жесеңдер тамаққа тәбеттерің болмайды, тағамды тауысып ішпеген баланың денсаулығы да дұрыс болмайды.
Қорытындылау: "Логикалық ойын":Не артық?"Балаларды мадақтау,дәрумендер туралы тағы бір рет қайталап өту.