САУАТ АШУ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары:
Бөлімдер: Сауат ашу
Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі
Мақсаты: Р дыбысы және әрпімен таныстыру. Р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Р дыбысынң баспа таңбасын жазуды үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігін байқауға үйрету.
Міндеті:Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп, сөздік қорын дамыту. Жаңылтпаш, жұмбақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Жаңа сөздер: радио, раушан, қар, т.б
Қолданатын көрнекіліктер: ойыншықтар, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, үлестірмелі суреттер, түрлі-түсті борлар, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».
Мотивациялық қозғаушы
Іздену-ұйымдастыру-шылық
Б.Тәжімбетовтің
«Р»-ға тілің келе ме?
Қырларда құр – деші,
Жайылып жүр, - деші.
Біреуі қарауыл,
Қарайлап тұр, - деші,
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р -, деші,-деген өоеңді ққып беремін.
-Балалар енді соңғы жолын қайталайықшы.
-Бүгін Р дыбысымен танысамыз. Р-дауыссыз дыбыс.
«Әліппе-дәптермен» жұмыс. Дәптердегі Р әрпіне байланысты берілген суреттердің атын атау. Р дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын айтамыз. Дыбыстық талдау жасаймыз.
«Әріп-дыбыстан» сиқырлы әріптер дәптері бойынша жұмыс.
Тақтаға Рр әрпін жазу.
-Дәптерімізді ашып Р әрпін жазамыз.
Сергіту жаттығуы.
Аппақ қылып өңірді
Қар жауды»
Қар жауды!
Көңілді балалар
Қызығып секірді, секірді.
Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос»
Жұмбақ жасыру
«Қарда» бар,
«Мұзда» жоқ.
«Жарда» бар,
«Құзда» жоқ.
Сабақты қорыту
Р-Р-Р
Әліппе дәптердегі Р дыбысын жазады
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті түзетуші
Сұрақ-жауап.
Балалар Р қандай дыбыс?
Р дыбысы сөздің барлық жерлерінде кездеседі ме?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: балалар «Р» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Істей білу керек: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Р дыбысыңың дауысты дыбыс екенін, Р дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.