«Ее дыбысы мен әрпі».

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 03.03.11.

Сынып: КПП «ә».

Мектеп: Половников орта мектебі.

Мұғалімі: Мулдашева Үміт

Пәні: Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: «Ее дыбысы мен әрпі».

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Балаларға «Е» дыбысы мен әрпін таныстыру және «Е» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету;

2.Дамытушылық: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, дүниетанымын, ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, таза жазуға, шапшаңдылыққа және тиянақтылыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, сөз және ойын.

  1. Көрнекілігі: Дыбыстық талдау картасы, суреттер, кеспе әріптер.

Сабақ барысы:

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру.





Психологиялық дайындық







ІІ.Үй тапсыр-масын тексеру.









Жаңа сабаққа дайындық.










ІІІ. Жаңа сабақ.













Дәптермен жұмыс





Сергіту сәті.






ІV. Бекіту.


«Сөзді табу» ойыны.








V. Қорытынды.

- Сәлеметсіздер ме, балалар?!

- Көңіл- күйлерін қалай?

-Балалар бүгінгі сауат ашу сабағын сендерге мен жүргіземін. Менің аты-жөнім Тулепова Нұрсұлу Мағзұмқызы. Мені жай ғана апай деулеріне болады.

- Балалар сабағымызды жақсы өткізу үшін біздер бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Оқушылар гүлді бір-бірлеріне бере отырып тілектер тілейді. –Жарайсыңдар , балалар!

-Орнымызға барлықтарымыз отырамыз!

-Сонымен балалар бүгінгі біздің сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сендер тақтада көріп тұрғандарындай мында әр түрлі жануарлар бізге қонаққа келіпті. Олар жай ғана келмей өздерімен бірге бізге тапсырмалар әкелген екен. Біз олардың тапсырмаларын орындаймыз ба? Тақтада : балапан, бақа, ит, мысық, сона және түйе берілген.

-Ендеше біз сонаның артындағы берілген тапсырманы орындайық: ол сендерге үйге берілген тапсырмамен жұмыс екен.

-сендер сауат ашу сабағынан қандай әріптермен таныстыңдар?(қайталап, әріптерді хормен айтқызу)

- біз әріптер мен дыбыстарды не істейміз?

(оқимыз, көреміз, жазамыз,естиміз)

-Сөз неден тұрады екен?(әріп пен дыбыстардан)

- Сөйлем неден тұрады екен?(сөздерден)

-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? « » дыбысына, әрпіне сөз ойлайық. Оқушылар жауап береді.

-Жарайсыңдар, біз сонаның тапсырмасын орындадық.

-Келесі мысықтың тапсырмасын орындайық: ол сендерге мына тақтадағы берілген сөзжұмбақты шешіңдер дейді. Енді барлықтарымыз назарымызды тақтаға аударайық. Мұнда сендер қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?


Е

Ш

К

І

-Жарайсыңдар. Сонымен сөзжұмбақтың жауабы: ешкі. Осы сөзде неше буын бар? Неше әріптен құалған сөз? Қанша дауысты дыбыс және қанша дауыссыз дыбыс бар? Сонымен кім толық ережесін айтып береді маған? Ал енді осы сөздің ең бірінші әрпі қандай әріп екен?- Е. Дұрыс айтасыңдар.

- Ендеше бүгінгі біздің танысатын жаңа әрпіміз «Е» дыбысы мен әрпі. Балалар «Е» дыбысы мен әрпін айтып көрейікші. Ол қалай айтылады екен? Сонымен «Е» әрпі созылып айтылатындықтан дауысты дыбыс. Осы әріпті айтқан кезінде сендерге жуан немесе жіңішке естіледі ме? Әрине бұл жіңішке дауысты дыбыстар қатарына жатады. Балалар «Е» дыбысы мен әрпі сөздің соңында да, ортасында да және сөздің соңында да кездеседі екен. Кім маған «Е» әрпі бар сөздерді айтып береді?Оқушылар сөздер айтады және сол сөздерді буынға бөліп оқиды. Осымен біз мысықтың тапсырмасын орындадық.

- Ал енді келесі бақаның тапсырмасын орындайық: ол сендерге тақтада берілген суреттерге қарай отырып, олардың аттарын табайық.(күрек, кесе, шелек, көбелек, бес, шие)

- Келесі Бұғы:оның тапсырмасы оқулығымыздағы берілген сөздермен жұмыс жасау. Оқушыларға оқытқызамын.

-Келесі ит: дәптермен жұмыс. Яғни мен сендерге Ее әрпінің ауада және дәптерде жазу үлгісін көрсетемін, ал сендер мұқият қарап отырыңдар. Кейін дәптерлеріміздегі берілген үлгілерді жазамыз.

Оқушылар дәптерлерінде берілген үлгілерді толтырады.

-Балапан: оның тапсырмасы бойынша сергіту сәтін орындайық.Барлықтарымызда орнымыздан тұрып менің артымнан қайталаймыз.

Соқ- соқ алақан,

Топ-топ балақан.

Изе –изе басынды,

Міне осындай балақан.

-Ал енді балалар бір ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынның аты «Сөздерді табу» деп аталады. Мұнда мен сендерге кез келген сөздер айтамын ал сендер е әрпі кездесетін сөздер болса орындарынан тұрасыңдар. Егер кездеспейтін болса орындарында жай ғана отырасыңдар.

Сөздер: мен, күн, әжем,орамжапырақ, алма, шеше, жомбыра, қобыз,текемет және т.б.

-Жарайсыңдар балалар барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар.

- Біз қандай жаңа әріппен таныстық?

- Қандай ойындар ойнадық?

- Ее әрпі қандай дыбыс екен?

- Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

- Жалпы бүгін сендермен жұмыс істеген маған өте ұнады.

- Сау болыңдар?!