Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 26.11.15ж
Топ: 4
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: ̎Қоян көжектерімен ̎
Мақсаты: Балаларды қоянның тыныс - тіршілігімен таныстыру, қоянның үй жануарларына жататынын түсіндіру. Ұсақ қол қимылдарымен жетілдіру, баланың ойлау қабілетін , тілін дамыту , сөздік қорын молайту. Ұйымшылдыққа , тазалыққа , жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
4
Ұйымдастырушылық ізденіс
Рефлексивті түзетуші
Педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызып, жұмбақ жасырады.
-Балалар,қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім бірінші жауабын табады екен?
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ.
-Балалар, сендер қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?
-Кәне, бәріміз орнымызға отырамыз.
Апаларың сендерге
«Қоянның құлағы неге ұзын?»деген ертегіні айтып беруге келіпті.
Мұқият тындайық.
Педагог ертегінің желісі арқылы қоянның тіршілігі мен таныстырып, қоянның шөп көректі, сәбізді жақсы көретінің, оның денесі иілгіш, ұзын, қорғуға, секіруге ыңғайлы юолатынын балаларға сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді.
- Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды әжемізбен бірге көжектерін ертіп серуенге шыққан мүсіндейміз. Қазір екі топқа бөлініп жұмыс істейміз.
І топ.«Қояндар» тобы оң жаққа отырамыз (педагогпен).
ІІ топ. «Көжектер» тобы сол жаққа отырамыз
(әжеймен).
-Балалар,қоянның түсі қандай болады?
- Иә, қыста ақ. Түсі көктемде, қыста маусымға байланысты өзгеріп отырады екен.
Ақ түсті ермексаздан 1топ үлкендеу, ал 2 топ кішірек етіп үзіп аламыз да алақанымызбен домалақтаймыз. Бұл - қоянның ьасы, ал көжектің басы қоянның басынан кішірек болады.
Енді қоянның денесін жасаймыз, денесі басынан үлкенрек, сәл сопақша пішінге келтіреміз . Тура осы үлгіде көжектің денесін жасаймыз, бірақ ол кішірек болады. Осы сопақша пішіннің жоғарғы жағынан кескіш көмегімен бас бөлігін орналастыруға ойық жасаймыз.
Дидактикалық ойын:
"Сөз ойла, тез ойла".
Ойын шарты: Бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек.
Мен әншімін ...(ән айтамын)
Дәрігермін - емдеймін
Ғарышкермін - ғарышқа ұшамын
Әкіммін - басқарамын
Ермексазды ширатып үзіп аламыз да , саусақтарамыздың ұшымен соза отырып , кескішпен кесу арқылы қоян мен көжектің қолын, аяғын, құйрығын, құлағын жасаймыз.
Құйрығы сәл қысқалау болады.
Енді басу, жымдастыру, шымшу әдістері аррқылы дене бөлшектерін орналастырамыз.
Кескіш құралы көмегімен аузын, тырнақтарын бедерлейміз.
Педагог дәптердегі сюжетті суретті көрсетіп , екі топтың балаларына кезекпен қоян мен көжекті жұптап қоюды сұрайды.
Педагог пен әжей балалардың жұмысын мадақтай отырып бағалайды.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
-Қоян.
Балалар өздері білетін ертегінің аттарын айтады.
- Ақ,сұр.
Тақтадағы үлгі сурет бойынша қоянның денесі неше бөліктен тұратынын анықтайды: басы, денесі, құлағы, аяғы, құлағы, аяғы, құйрығы.
Балалар бастаушының сөзін тез жалғастыруы керек.
Балалар әжеймен қоштасады, жұмыс орнын жинастырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қоянның екі түрі барын (дала және үй жануарларына жататынын);
Білді:үңгу, ширату, жымдастыру тәсілдерін;
Білу керек :тазалық шаралары;