Преображенка орта мектебі. КММ.
«XXI – ғасыр көшсбасшысы» интеллектуалдық ойын.
4 «А» сынып.
Тәрбиеші: Омаргазина А.О.
2015 оқу жылы.
« XXI – ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық ойын.
Тақырыбы: «XXI - ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: 1. Пәннен алған білімдерін кеңейту,тереңдету, жетілдіру,қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын арттыру.
3. Өзгенің пікірін құрметтеуге ,ұйымшылдыққа,ауызбіршілікке баулу.
Көрнекіліктері: Шарлар, гүлдер.
Пән аралық байланыс : Ана тілі, матем-ка, дүниетану, қазақ тілі.
Ойын барысы:
1. Кіріспе сөз.
Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер ! «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ », «Білікті бірді жығады ,білімді мынды жығады » деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 4 сыныптар арасында « XXI –ғасыр көшбасшысы » атты сайысымызды бастамақпыз. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет .Білім патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің ,оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі . Бүгін біз негізгі пәндер сонын ішінде математика, ана тілі, орыс тілі, ағыл-н тілі,дүниетану қыр сырымен танысып , білім күшімізді сынау үшін жиналдық.
Уа , халайық,халайық !
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Есеп шешіп ,жарысып ,жұмбақ шешіп ,аңдысып , шабыт тасып ,шалқысып, көңілді кеш жасайық. Ал сайыскер балалар ,білімдеріңді сынайық. 21 ғасыр көшбасшысын табайық. Сайыскерлерді ортаға шақырайық , қарсы алыңыздар. Сайысты бастамас бұрын әділ –қазылар алқасымен таныс болайық.
1
2
3
Сайыскерлермен таныс болыңыздар.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
1. Серікқалиев Н. оқу озаты. Болашақта кім болғын келеді ?
2.Зауырбекова Д. оқу озаты . Қай пәнді ұнатасын?
3. Тұрсынбаева А. оқу озаты. Болашақта кім болуды армандайсын ?
4. Исамиев Ә. Оқу озаты.
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Бәйге.
2. Полиглот.
3. Своя игра. Өзінің ойыны.
4 Пирамида.
5 Жанды сұрақ.
6. Жорға.
2 турдан кейін ұпайы аз екі оқушылар сайысымыздан шығады . 4 тұрдан кейін ұпайы аз екі оқушылар сайысымыздан шығады.
«Мыңнан тұлпар ,жүзден жүйрік » демекші баршаңызға сәттілік тілеймін !
I Тур « Бәйге »
Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер-
Деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық .
Шартты: Сұрақтар қойылған кезде дұрыс сигналдық карточканы көтеріп, нақты жауап береміз. Бұл турда әр оқушыға 3 сұрақтан беріледі. Егер ол жауап бере алмаса ,келесі білген оқушы сигналдық карточканы көтеріп жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
Сұрақтар: 1 сайыскерге.
1. Дала жұлдызы атаңған адам ? (Ыбырай Алтынсарин.)
2. ҚР Мемлекеттік туының авторы: Ш. Ниязбеков.
3. Қазақ алфавитінде неше әріпі бар ? 42 әріп
Сұрақтар: 2 сайыскерге.
1. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жылы.
2. Сөз таптарын ата? Зат есім. Сын есім. Сан есім. Етістік. Есімдік.
3.Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген ? Қыран құс, Ою-өрнек, күн .
Сұрақтар: 3 сайыскерге.
1. Қазақстан Р-Ң президенті кім? Н.Ә. Назарбаев.
2. Қаз-н солтүстігінде қай елмен шектеседі ? Ресей.
3.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Ұзындығы мен енін көбейтеміз.
Сұрақтар: 4 сайыскерге.
1. Ең үлкен уақыт өлшемі ? Ғасыр.
2. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі ? Карта.
3 Отбасына кімдер жатады? Әке- шеше, ата- әже, балалары.
1 турдын кортыңдысының ұпайлары.
2 тур « Полиглот »
Бұл бөлімде жұмбақтар берілген .Оның шешуін қазақ ,орыс, ағылшын тілінде жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Кім бірінші колың көтерді, сол оқушы жауап береді. Егерде жауапты білмесе , келесі оқушы жауап береді. Сол оқушыға ұпайлар қосылады.
1-сайыскер.
Ақ сандығым ашылды ,
Ішінен жібек шашылды. Күн, солнце, sun
2 –сайыскер.
Қабат –қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. Кітап, книга, book
3- сайыскер.
Ортасында шегесі,
Жіп –жіңішке денесі. Қалам, ручка , pen
4 – сайыскер.
Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп . Тақта, доска, board
2 турдын ұпайларының қортыңдысы. 2 кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушы келесі , 3- кезеңге өте алмайды. Көрермендерге қосылады. Қатысқандарыңызға рахмет.
3. Тур « Өз ойыны »
Бұл тұрда әр сайыскеріміз пәнді таңдайды да жауап беру керек .Сандар 10, 20, 30. Мысалы: 10 таңдадыңыз – 10 ұпай, 20 ұяшықты таңдасаңыз – 20 ұпай,
30 ұяшықты таңдасаңыз – 30 ұпай. Егерде дұрыс жауап берсендер.Егер де жауабын білмесен, келесі оқушы жауап береді. Оған ұпайлар қосылады.
1. Ертегілер әлемі.
10. Қарлығаш әулие кім ? Төле би
20. Бесікте жатқан нәресте жылы жұмсақ емес пе ? Қай ертегіден алыңған үзінді ? Қарлығаштың құйрығы неге айыр .
30. Қыл кеңірдегі үзіліп кетіп жан дауысы шықты . Қай ертегіден алыңған ?
Шибут, Қарынбас, Қылмойын.
2. Математика.
10 . Шаршы дегеніміз не ? Барлық қабырғалары тең
20. Косудың қасиеттерін ата ? Ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері.
30. Жылдамдықты қалай табамыз ? Қашықты уақытқа бөлеміз
3. Жер –ортақ үйіміз.
10. Жердің кішірейтілген моделі ? Глобус.
20. Космосқа ұшқан алғашқы ғарышкер ? Ю. Гагарин 1961 ж
30. Космекенділер ? Бақа.
4. Қазақ тілі:
10. Сөйлем мүшелері ? Бастауыш, баяндауыш.
20. Дауысты дыбыста нешеге бөлінеді ? 3 ке Ұян, қатаң, үнді.
30. Септіктерді атап шық ? Атау септік т. б
5.Үй жануарлары.
10. Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе.
20. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. Қой.
30. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді.
Түкті тонын шұр – шұбар. Мысық.
3 Турдың қорытыңдысы.
3 –кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушы көрермендерге қосылады. Рахмет.
4 Тур. « Пирамида »
Пәндер бойынша сұрақтар.
Осы турда кез келген ұяшықты,санды таңдайсыңдар. Мұқият тыңдап жауап бересіңдер.
1. 20.үстіндегі . Қазақ хандары кімдер ? Абылай, Жәнібек, Кенесары, Әбілхайыр.
2. 30. Оң жақ . Неше нотамыз бар ? 7 до ре ми фа соль ля си
2. 30 сол жақ . Құрманғазының шәкірті кім ? Дина .
3. 40 он жақ. Күнделікті тұрмыстағы белгілі пайдалы қазбаларды ата ? тас ,құм, әк, газ,таскөмір, мұнай, шымтезек.
3. 40. Сол жақ. Заттың кимылың іс әрекетін білдіретін сөздер ? Етістік
4. 50. Он жақ. Жылдан құр қалған жануар ? Түйе.
4. 50. Сол жақ. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады ? Сұрақ белгісі.
5. 60.он жақ . Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатың сөзді ата? Қызық, қазақ, қалақ.
5. 60. Сол жақ. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін ,мағыналы бөлігі ? Түбір.
4 турдың қорытыңдысы. 4-кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушы көрермендерге қосылады. Рахмет.
5 Тур « Жанды сұрақ » Кез келген мұғалімдер сұрақ қояды.
6. Тур. « Жорға »
1 минутта қанша сұрақ тыңдап ,нешеуіне дұрыс жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ- 1 ұпай есептеледі. Егерде жауаптты білмесеңдер , ары қарай деп айтыңдар.
Вариант –А.
1. Қыс айларын ата ? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
2 . Білім ордасы ? Мектеп
3 . Сөзге шебер адам ? шешен
4. 16 жел-н қай күн ? Тәуелсіздік күні.
5. Ұя салмайтың құс ? көкек.
6. Біздің облысымыз ? Ш.Қ.О.
7. Президентіміз кім ? Назарбаев
8. Адамдардың қатынас құралы ? Тіл.
9. 1 желтоқсан қандай мейрам ? ҚР. Тұнғыш Президенті күні.
10. Саусаққа тағатың бұйым ? жүзік
11. Көру мүшесі ? Көз
12. 100 жыл ? ғасыр.
13. Өшіру құралы ? Өшіргіш
14. Адам денесінің тірегі ? Қаңқа
15. Қазақтың ұлы ақыны ? Абай.
16. Ұлттық аспап ? Домбыра
17. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім ? Ахмет Байтұрсынұлы.
18 Астана каңдай өзеннің жағасында орналасқан. Есіл өзенінің оң жағынан ала жайғасқан.
19 Әр адамның шағын отаны ? Отбасы.
20 Ер қанаты ? Ат.
Вариант – В
1. 4 түлікті ата Жылқы, сиыр, қой, түйе.
2. Балаларға білім беретін кім ? Мұғалім.
3. 1 қырқүйек қандай күні ? Білім күні.
4. Суретші ата кім ? Ә .Қастеев.
5. Есту мүшесі ? Құлақ
6. Қаз –ың көмір өндіретін қаласы ? Қарағанды
7. Құлаққа тағатын бұйым ? сырға
8. Сөз неден құралады ? Әріптен.
9. Күз айларын ата ? Қыркүйек, қазаң, қараша.
10. Қаз-н Тәуелсіздігін қай жылы алды ? 1991
11. Қара алтын деген не ? Мұнай, көмір.
12. Қазақстанның тұнғыш ғарышкері ? Т. Әубакіров.
13. Қ. Р. Рәміздерін ата ? Ту, елтаңба, әнұран.
14. Отан үшін отқа түс .... күймейсін.
15. Атқарушы билікті ата ? Үкімет.
16. Отбасының иесі кім ? Әкесі.
17 Сиырдың пірі ? Зеңгібаба.
18 Оян ,қазақ! Өленінің авторы кім ? Ахмет Байтұрсынов.
19 . Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі ? Көктем.
20. Сын есімнің сұрақтары? Қай ? Қандай ?
Сайыстын қорытындысы.
Сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса сөз кезегі әділ –қазы алқасына сөз береміз. 21 ғасыр көшбасшысы атанған оқушы марапатталады.