Конспект занятия по ФЭМП для старшей группы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

9 «Радуга» бала бақша – гимназиясы



















Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Сиқырлы көлікпен саяхатқа аттану

(Семинар аумағында)

Мектепалды даярлық 5-6 жас тобы









Өткізген: Оспанова Г.А.





2016 жыл

Күні: 20.04.16ж

Тақырыбы: Сиқырлы көлікпен саяхатқа аттану.

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қайталау, заттарды салыстыру, айырмашылықтарын айту, 1 ден 10 ға дейін санау, кері санау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жаттықтыру, тіл ұстарту, адамгершілік тәрбие беру.

Құрал – жабдықтар: «Болжамдар ағашы», тау, көлдер, жолдар, көлік, бауырсақ суреттері, үлестірмелі қағаздар, шарлар, ТОҚ.

Алдын – ала жасалатын жұмыс: мақал – мәтелдер жаттау, достық туралы әңгімелесу.

Барысы:

Балалар кіреді. Шеңберге тұрады. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

  • Балалар, жолға аттанбас бұрын қандай мақал-мәтелдерді білеміз, есімізге түсірейікші.

  • «Досы көпті жау алмас», «Доссыз адам, ормансыз бұлбұл» т.с.с.

  • Дұрыс айтасыңдар. Достық бәрін жеңеді. Мына ағашқа қараңдаршы, бұл «Болжамдар ағашы». Бұл ағаштың бір жағына пішіндерді атап бүршік жапсырамыз, ал екінші жағына болжам айтамыз. Балалар пішіндерді атайды.

  • Ал енді жолға қандай көлікпен аттана аламыз?

  • Машина, кеме, трамвай, тролейбус, автобус, поезд т.б.

  • Мен сендерге ұсыныс жасағым келеді, мына көлікке қараңдаршы, бұл жай машина емес, сиқырлы көлік. Ол ұша алады, жүзе алады.

  • Ендеше көлікке отырыңдар. Сапарға аттанайық. Қараңдаршы алдымызда бірінші белес тұр. Бұл не?

  • Жолдар.

  • Олар бірдей ме?

  • Жоқ. Олар әртүрлі. Жуан, жіңішке, түстері әртүрлі.

  • Біз жуан жолмен жүрейік. Балалар көлікпен жүріп келіп орындықтарға отырады. Бірінші тапсырма. Сандарды салыстыр.

7 10 т.с.с



Жолымызды жалғастырайық. Қараңдаршы бұл не?

  • Бауырсақ.

  • Бауырсақ кіп-кішкентай болып қалса не болар еді? Болжап көрейікші.

  • Ал егер ол үлкен болып өсіп кетсе не болар еді? Болжап көрейік. Ендеше 1 ден 10 ға дейін санайық. Кері санайық.

  • 1.2.3.4.5.6.7.8.9.10 және 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

  • Керемет. Ары қарай сапарымызды жалғастырайық. Екінші белес. Тау. Тау қандай? Синквейн құрастыру.

  • Балалар таудан ұшып айналып өтеді де парталарға отырады.



  • Деңгейлік тапсырмалар орындалады.

1 деңгей.

Суретке қарап есеп құрастыр.

[pic]

2 деңгей.

Есепте.

[pic]

3 деңгей.

Суреттегі пішіндерді дұрыс тап та сыз.

[pic]

Сергіту сәті.

Ағылшын тілінде сергіту сәті орындалады.

Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.] *Hop, hop, hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running. Running, running, running. [Run.] Now let’s stop. Now let's stop. [Place both hands out in front of you, palms facing forward.]
Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.] *Hop, hop, hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running. Running, running, running. [Run.] Now let’s stop. Now let's stop. [Place both hands out in front of you, palms facing forward.]
Tiptoe tiptoe. Tiptoe tiptoe. [Tiptoe.] Jump jump jump. Jump jump jump. [Jump.] Swimming swimming swimming. [Make a swimming motion.] Now let’s sleep. Now let’s sleep. [Rest your head against your hands or lie down on the ground and pretend to sleep.]
Wake up! [Eyes open! Look alert!] It’s time to go! [Look at your watch.] Are you ready to go fast? [Run in place quickly.]
[quickly] Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.] *Hop, hop, hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running. Running, running, running. [Run.] Now let’s stop. Now let's stop. [Place both hands out in front of you, palms facing forward.]

«Гүлдер алқабы» балалар шеңберге отырады. Гүлдердің түстерін ағылшын тілінде атайды.

- Біздің алдымызда келесі белес тұр. Бұл нелер?

- Көлдер. Көлдер бірдей ме:

  • Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Түстері әртүрлі.

  • Көлден қалай өтеміз?

  • Сиқырлы көлікпен жүзіп өтейік.

  • Келесі тапсырма. Логикалық тапсырма. Суретте неше үшбұрыш бар?

[pic]

2 кетеді. Сау болыңдар балалар.

Біз де топқа қайтайық. «Жетістік шарлары»

  • Қызыл – не ұнады?

  • Жасыл – не оңай болды?

  • Көк – қиналған жағдай.

  • Балалар өз ойларын айтады.

  • Сау болыңдар, балалар!