Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, достарым.
-Міне,менің қолым.Жылуыма жылу қос. Жымиып күлкімізді сыйлайық.
Шаттық шеңберге тұрып қайталап атады.
Ұйымдастыру – іздестіру
-Балалар бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін біз саяхатқа аттанамыз.
-Жай ғана саяхат емес біз қазына іздеуге барамыз.
-Саяхат жасау үшін ауа-райы қандай болу керек?
-Яғни бізге күннің көзі керек?
-Балалар қараңдаршы бідің күннің көзіміздің бетін бұлт басып тұр екен. Күннің көзін ашу үшін бұлттардың берген тапсырмасын орындау керек.
-Күннің көзі қандай пішінге ұқсайды?
-Топтың ішінен дөңгелек пішінге ұқсас заттарды тауып күннің көзінің жан – жағына жапсырамыз.
-Міне күннің көзіміз жарқырап шыға келді.
-Бізге саяхатқа аттану үшін не керек?
-Дұрыс. Біз бүгін саяхатқа желкенді қайықпен аттанамыз.
Бәрін алдарыңдағы геометриялық пішіндерден қайық жасап алыңдар.
-Қандай пішіндерден жасадыңдар?
-Жарайсыңдар қайығымыздың желкенін оң жаққа бұрайық.
-Балалар мында балықтар мен бақалар көп екен.Кәне санайық. Қанша балық,қанша бақа?
Дидактикалық ойын: «Балықтар мен бақалар»(санау,салыстыру,тең топ құру)
-Жақсы балалар Желкенді енді сол жаққа бұрып көрейік.
-Біз қазына аралына келіп қалдық. Мұнда қоян бар екен. Қоян өз үйіне жету үшін қай жолмен жүріп бару керек екендігін білмей отыр.Көмектесіп жіберейік.
Дидактикалық ойын:
«Қайсы жол қысқа,қайсы жол ұзын»
-Балалар бізге қоян өзін
Көмек бергендіріміз үшін алтын сандыққа апарар жолды сілтеді. Алтын сандыққа жету соңғы тапсырманы орындап алу керек.
1 тапсырма.Сандарды ретімен орналастыру.
2 тапсырма. Логика әлемі.
-Міне, біздің сандығымыз да табылды.Сандықты ашамыз ба?
Сандықты ашу үшін кілтін тауып алайық.
-Сандықтың кілті қандай пішінге ұқсас?
Қәне барлығымыз ұшбұрыш пішінді көтерейік.
-Сандықтың ішінде тиындар бар екен. Қандай пішінге ұқсайды?
-Тиындарды не үшін пайдаланамыз?
-жақсы ал қазір балалар тиындарды салыстыру жолақшаларына орналастырамыз.
Тапсырма салыстыру жолақшаларына санына көлеміне қарай орналастырылады.
-күн ашық ,жылы болу керек.
-Иә
Тәрбиешіні мұқият тыңдап алады.
-дөңгелек
Дөңгелек пішінді заттарды тауып жапсырады.
-көлік
-қайық құрастырады
-шаршы, тіктөртбұрыш,ұшбұрыш
-оң жаққа бұрады
-бақа мен балықтарды санап шығады.
-сол жаққа бұрады
Қоянға көмектесуге келіседі.
Ойын шарттарын орындайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап алады.
Тапсырмаларды орындайды.
-иә
-ұшбұрыш
-көтеріп көрсетеді
-дөңгелек
-дүкеннен заттар аламыз.
-салыстыру жолақшаларына орналастырады.
Рефлексия
-Балалар осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Қай тапсырма ең көп көңілдерінен шықты?
Рахмет .Сау болыңдар.
Өз ойларын жеткізеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: