Құрастыру орындық және құрастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбиеші: Л.Г.Нигимитуллина


2016-2017 оқу жылына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

II кіші

«Қарлығаш» тобы

«08» желтоқсан 2016 ж.


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Орындық және кресло»

Мақсаты:

Білімділік: құрылыс материалдарынан орындық пен креслоны құрастыра білуге үйрету

Дамытушылық:оларды құрастыруды ойланып , айырмашылығына мән бере білу.

Тәрбиелік: үй жиһаздарын ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар үлгі: құрылыс материалдары және үлгі көрсеткіштер

Сөздік жұмысы: үлкен-кіші орындық, кресло көлденең, тік

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Тәрбиеші үй жиһаздарын көрсетіп әңгімелейді.Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, орындық пен креслоның айырмашылығына назар аударады.Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатының айтып, тандау ұсынады.

Балалар оюлы кілемге назар аударады,құрылыс материалдарын түріне, түсіне, пішініне қарай таңдап алады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік.Креслоны.Ол үшін қандай құрылыс материалдарын пайдаланамыз.Алдымен орындықты қоятын кілемді , төсенішті қойып алуды ұсынады, құрылыстарды соның үстіне орналастыруға бағыт береді.Оның кеңістікте қалай орналасуы керек.Тәрбиеші бір кірпішті көлденең қояды,оның артқы жағына бір кірпішті тігінен тұрғызып оған жақындатып қояды.Үлкен орындық дайын болды.

Енді кіші орындықты жасау бұрынғы алған тәжірибелерін бекіту мақсатында өздері құрастыруларына болады.Ол үшін бір кірпіш,бір текше керек.

Текшенің артқы жағына кірпішті тігінен орналастырсақ орындық болады деп көрсетеді.Дайын болған кіші және үлкен орындықтарға біреуіне қуыршақты біреуіне мысықты орналастырады.Балалар дайын болған құрылыстарын ойын іс-әрекетімен жалғастырады.

Балалар үлкен кірпіштерді таңдап алады.




Балалар іс-әрекетті дербес өздігінен орындайды.









Балаларды кіші орындықты құрастыруға арналған бір текше, бір кірпішті түсіне, пішініне қарай таңдап алады, іс-әрекетті орындайды және ойнайды

Рефлексивті-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардың барлық жұмыстарын қарап шығады. Үлкен және кіші орындықтарды құрастыруда құрылыс материалдарын кеңістікте қалай пайдаланғанын қарап, кейбіреулеріне дұрыс қоймаса қалай қою керек екенін ескеріп,өзіне түзеткізеді.

Жақсы құрылыстар мадақталып, қорытынды жасайды.

«үлкен» және «кіші» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап,өздерінің қандай орындықтар жасағандарын айтып береді.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: құрылыс материалдарының түрін, түсін, пішінін, оларды қалай сәйкес орналастыруға болатынын, орындықтарды қалай құрастыру керек екенін;

Қандай түсініктерді игерді: «Үлкен», «кіші», «көлденең», «тік» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте тігінен, көлденеңінен дұрыс орналастыра білуді.