Жаз келді. МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. КӨРНЕКІЛІГІ: Нептун киім үлгісі, су құ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жаз келді.


МАҚСАТЫ:
Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: Нептун киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, сабынды көпіршіктер, шелектер, жасанды бассейн.

ЖҮРГІЗУШІ:

Күн күлімдеп жел ойнайды,
Толқындар көңілді шулайды
Нептунға қонақтар асыға келеді
Балалармен қыздардың топтары.

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар бүгін қандай күн?
БАЛАЛАР: Нептун күні.
ЖҮРГІЗУШІ: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
БАЛАЛАР: Ол көл патшасы.
ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса Нептунды шақырайық.
БАРЛЫҒЫ: Нептун теңіз патшасы
Келе ғой, келе ғой, келе ғой.
НЕПТУН: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен Нептун – көл патшасы, мерекелеріне келіп тұрмын.

БАЛАЛАР: Сәлеметсізбе
НЕПТУН: Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалайын.

ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі ойынымызға барлық балалар қатысады.

1 - ОЙЫН: «Ботақан» тобы «Допты дәлдеп суға лақтыру».

Балалар допты суға толы ыдысқа лақтырады.

2 – ОЙЫН: «Жұлдыз» тобы «Кім жылдам»

Қолындағы сүзгішпен суда тіршілік ететін жануарларды және ойыншықтарды сүзіп алып, өз жәшіктеріне тасиды.

3 - ОЙЫН: «Күншуақ» тобы «Суқұйғыштар».

Шелекпен су алып, мәредегі үлкен шелекті суға толтырады.

4 – ОЙЫН: «Балдырған» тобы «Мергендер».

Екі топ су тапаншасынан дәлдеп ойыншыққа су шашады.

5 - ОЙЫН: «Балапан» тобы «Суда жүзушілер».

Машинамен су тасыйды (әр топтан 2 баладан су тасу).

ЖҮРГІЗУШІ: Нептун сізге балаларымыздың ойындары ұнады ма?
НЕПТУН: Әрине ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар.

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар, енді біз Нептунға рахметімізді айтайық.
БАЛАЛАР: Рахмет, Нептун – көл патшасы.

ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса біз Нептунмен бірге көңіл көтеріп би билейік.

Би: «Морячка»





















«Айналайын» бөбекжайы




«Жаз келді»

(Жазғы сауықтыру іс-шарасы)




[pic]


«Балапан» тобының

тәрбиешісі: Байдосова Г.Ж.









Приозёрск – 2016ж.