Технология Балабақшада жоба технологиясы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбиеші, балалар және ата-аналармен бірігіп жасаған жобаны презентациялау.

Тақырыбы: Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту және болашақта ел азаматы атына лайықты тәрбиелеу. Еліне,жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Елбасымыздың балалық шағы туралы таныстыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Казақстан,Астана туралы тақпақ, Әнұранды жаттау,макет жасау(ата -аналармен жұмыс),рәміздер туралы әңгімелесу, Отан, Астана туралы сурет салу, жоба парақтары.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді,жарты шеңберге тұрады.

Тәрбиеші:

Қазақстан - байтақ ел, нұр мекенім.

Қазақстан - айым менен күнім менің.

Қазақстан - астығы мол, туған жерім.

Қазақстан - ыстық, маған алып елім.

Тәрбиеші: «Отан»- бұл сөз әр адамнын жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. «Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды». Ал біздің Отанымыз киелі өлке Қазақстан!

Психожаттығу.

Сәлеметсіңбе, біздің балабақша!.Біз сенімен біргеміз,біз сені сүйеміз!

Сәлеметсіңбе, біздің туған ауылымыз,Қорғалжын !Біз сенімен біргеміз, біз сені сүйеміз!

Сәлеметсіңбе, біздің бас қала Астана! Біз сенімен біргеміз, біз сені сүйеміз!

Сәлеметсіңбе,біздің Отанымыз Қазақстан! Біз сенімен біргеміз, біз сені сүйеміз!

Отан туралы тақпақтар. (Нияз, Алихан).

Тәуелсіз ерікті ел болдық,

Сүйікті Отаным ардақты.

Бақытты балдаурен баламыз.

Мың алғыс өзіңе , Отаным!



Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші: Біздің Қазақстанда мемлекетік мерекелер тойланады.Бүгінгі біздің сабағымыз тәуелсіздік күніне арналады.Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болады, біз Отан туралы жай ғана әңгімелесіп қоймаймыз, әр бала өз ата- анасымен дайындаған жобалары бар, соларды бізге көрсетіп,таныстырасыңдар.

Бірінші жеке ғылыми жоба: «Қазақстан менің Отаным» .( Бақтыгелд і Аяулым).

Қазақстан – ол менің Отаным! Көп ұлтты! Тәуелсіз ел! Егіні мол.қызыл кітапқа еңген аң мен қүсы, балықтары көп. Кең байтақ жері бар.Үлкен биік таулары , ну орманы, гүлденген даласы бар.Мен Қазақстан азаматшасы болғаныма қуанамын!

Отан менің ата-анам,

Отан досым бауырым.

Отан үлкен Астанам,

Отан аудан, ауылым.

Отан тарих, Отан тіл,

Жаксаған елің ел халқың,

Отан өлең , Отан жыр,

Көтерген көкке ел даңқы.

Өлең : Кең дала.

Жоба: «Қазақстан мемлекетінің рәміздері». (Оразалин Ақкер)

Ту: Ту көк түсті.Онда күн, қыран құс, ою бейнеленген. Көк түс- адалдықты, тазалықты, шындықтықты бейнелесе, күн – әмір күші. Күннің жылуымен уақыт, айлар, күндер өлшенеді. Қыран құс – еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі. Ол алға қойылған мақсатқа, болашаққа самғайды.

Елтаңба- шаңырақ бейнеленген. Шанырақтан шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шанырақ пен уықтар Республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.Қанатты тұлпарлар халқымыздың жылқымен, арғымақ тұлпарымен байланысты болғанын көрсетеді.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.Жұлдыз – бейбітшілік, достық пен мәңгіліктің белгісі.

Әнұран – салтанатты ән. Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Әнұранды орындаған кезде міндетті тұрде тұрып, оң қолымызд жүректің тұсына қоямыз.

Балалардың орындауында тақпақтар:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай үстінде қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар.

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.



Биік болсын шоқтығың,

Атауды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізде мәңгілік.



Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп тұр,

Жылдарымыз жайдары.

-Балалар, Қазақстан мемлекетінің Елбасшысы кім?

-Н.Ә.Назарбаев.

Ия,балалар біздің еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев, мен сендерге «Елбасының балалық шағы» атты жобаны ұсынамын.

Жоба: « Елбасының балалық шағы».

Тәрбиеші: Н.Ә.Назарбаев сендер сияқты кішкентай болды, бірақта оның балалық шағы сендердікіндей болған жоқ. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Шамалган ауылында өмірге келді. Анасының аты Әлжан, әкесінің аты Әбіш. Жаңатуған балаға ат қоюдың өзі бір хиқаяға айналды, тойға келген туыстары түрлі есімдерді айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі бар әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек етті .Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың және соғыстан кейінгі киын жылдарға түст,бірақ бала Сұлтан анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де есінде сақталып қалды.Нұрсұлтан әкесінің ешқашан қол құсырып отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуіне ұмтылды.Үйдеде, бақшада, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті.Сүлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Сұлтан тек өз сыныбында ғана емес,мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта- ықыласпен оқыды. Үлкендерді тыңдап, құрметтеді, әдеби кітаптарды оқығанды ұнатты,спортпен айналысты.Жас кезінде жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенінде туған өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалары туралы салиқалы әңгімелерді естіп, жан дүниені тербейтін әндерді естіп өсті.Мектепті бітірген кезінде Нұрсұлтан өз құрбыларының арасында терең біліммен, ой өрісінің кеңділігімен ерекше көзге түсті.Тынымсыз еңбек,спортпен жүйелі айналысу , алғырлық,жақсы білім сол еңбектің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай жетістіктерге жеттіп, Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті болды.

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, біздің сүйікті Отанымыз гүлденуі, көркейуі үшін сендерге не істеу керек?

Сабақты жақсы оқу, әдеби кітаптар оқу,салауатты өмір сүру,спортпен айналысу керек. Ата- ананы тыңдау, құрметтеу,мейірімді болу,жаманнан аулақ болу,жақсылыққа ұмтылу, бір-бірімен тату болу керек. Бастысы өз Отанымызды жақсы көруіміз керек.

-Балалар, біздің еліміздің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы.

Жоба: «Астана» . (Оралбаева Айша).

Жоба: « Қорғалжын туған өлкем». (Жусупова Айша).

Жайлауындай жазықпын,

Өзенімдей өршілмін.

Гүлдеріндей нәзікпін,

Қуат алған өзіңнен.

Туған елдің ұлымын.

Бақытты болып өсірген,

Отанымның гүлімін.

Шеңберге тұрып, тілек айту..

-Балалар,бәріміз шеңберге тұрып, көзімізді жұмайық.Көз алдымызға ортақ үйіміз Қазақстанды елестетейік. Жақсы сөздер,тілектер ойлайық. Сол тілектерді біздің ортақ үйіміз Қазақстанға, Елбасымызға, ата- анамызға, достарымызға арнайық.

Көк туымыз биік болсын!

Елбасымыз аман болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

Отанымыз тыныш болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Әке- шешеміз аман болсын!

Күніміз жарқырап тұрсын!

Бейбітшілік болсын!

Қазақстан жасасын!

Достарымыз көп болсын!















Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы











«Мектепке дейінгі мекемелердегі балалармен жоба технологиясың қолдану»





«Балауса» балабақшасының

тәрбиешісі: Курегенова Г.Р.