Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Көкөністер
Мақсаты:
Білімділік: орамжапырақ, пияз, картоп, қызанақ, асқабақ, қызылша, сәбіз, бұрыш, қияр сияқты көкөністердің қазақша атауларын үйрету,
Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру,
Тәрбиелік: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: суреттер, себет пен көкөністердің ұсақ суреттері,моншақ.
Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: Көкөністер-овощи, орамжапырақ-капуста, пияз-лук, картоп-картошка, қызанақ-помидор, асқабақ-тыква, қызылша-свекла, сәбіз-морковь, бұрыш-перец, қияр-огурец.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Қуаныш шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен өсейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Қалдарың жақсы ма?
-Онда осындай көңіл күймен сабағымызды басталық.
-Балалар бүгін сендерді бағбан ата өз бақшасын аралатуға шақырды. Бағбан атаға қонаққа барайық па?
-Қалай ойлайсыңдар, бағбан атаның бақшасында не бар?
-Балалар, бағбан ата сендерге осы көкөністердің қазақша атауын үйреніп алуды тапсырады.
Өлең жолдарын педагогпен бірге қайталайды.
-Сәлеметсіз бе!
-Жақсы.
-Иә.
Сұраққа жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
«Тыңда, қайтала» дидактикалық ойыны. Мақсаты «Көкөністерді қазақша атауды үйрету.
Сөздік жұмысын жүргізу. Көкөністер-овощи, орамжапырақ-капуста, пияз-лук,
картоп-картошка, қызана-помидор, асқабақ-тыква, қызылша-свекла, сәбіз-морковь, перец-бұрыш, қияр-огурец.
«Не жоқ?» ойыны. Мақсаты: Балалардың көру, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: тақтаға көкөністердің суреті ілінеді. Педагог балалардың көзін жұмғызып, көкөністің біреуін жасырады. Балалар көздерін ашып қай көкөніс жоғын айтады.
Сергіту сәті:
Көкөністерге байланысты түрлі іс-қимылдарды орындату.
Бақшаға барамыз, картопты қазамыз, картопты тереміз,шелекке саламыз.Балабақшаға қайтамыз.
Карточкамен жұмыс. Тапсырма: Көкөністерді санап, себетке сал.
Тіл дамыту. Әр балаға бір-бір көкөністен беріледі.
Үлгі бойынша сөйле.
Мынау- сәбіз.
Сәбіз-көкөніс.
Түсі-тоқсары.
Жаңа сөздер үйренеді.
Әр сөзді хормен және жекелей айтады.
Ойын ойнайды.
Педагог жасырған суреттің атауын тауып атайды. Күтілетін жауаптар:
-Сәбіз жоқ.
-Қияр жоқ.т.б.
Іс -қимылдарды түсініп орындайды.
Көкөністерді санап, тиісті себетке салады. Күтілетін жауап:
-Бес қызанақ.
-Төрт орамжапырақ. Т.б.
Әр бала өзіне тиген көкөністі үлгі бойынша суреттеп айтады.
Рефлекциялық-түзетушілік
Сұрақтар:
-Біз бүгін қайда қонаққа бардық?
-Қандай көкөністердің қазақша атауларымен таныстық?
«Моншақ» ойыны арқылы бекіту.
Шарты: балаларды екі топқа бөліп көкністердің суреттерін көрсетіп, атауларын сұрау. Әр дұрыс жауапқа моншақты тізу. Қай топтың моншағы ұзын болса, сол топ жеңімпаз.
2) Сабаққа жақсы белсене қатысқан балаларды мадақтау.
3) Сабақтың аяқталғанын айтып қоштасу.
-Сабақ ақталды, сау болыңдар!
Сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды. Ойын барысында күтілетін жауаптар: қияр, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, пияз, бұрыш, қызанақ, асқабақ.
-Сау болыңыз.
Күтілетін нәтиже:
Көкөністердің қазақша атауын атайды.
Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, монолог құрауға дағдыланды.
Өткен сабақта үйренген сөздерін күнделікті қолдануды меңгерді.