Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет. Тақырыбы: «Өнеркәсіптегі адам еңбегі»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


31.12.15 жыл.

10 «Балдаурен» тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Өнеркәсіптегі адам еңбегі»

Мақсаты:

Білімділік: өнеркәсіптегі адам еңбегімен таныстыру, өнеркәсіптегі еңбек адамдарының мамандықтары жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке баулу.

Сөздік жұмыс: өнеркәсіп

Керекті құралдар: демонстрациялық материалдар, әртүрлі ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Билингвальды компонент: адам еңбегі – труд человека, өнеркәсіп – промышленность, шикізат – сырье.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызады.

«Түстер мен заттар» ойыны.

Педагог доп лақтырып, бір түсті атайды, допты алған бала сол түске сәйкес затты немесе тіршілік иесін атап, допты қайтадан педагогке қайтарады.


Мысалы:

Қызғылт сары: апельсин, мандарин, түлкі, сәбіз, т.с.с.

Жасыл: жапырақ, шөп, қияр, бақа, шегіртке, орамжапырақ т.с.с.

Көк: аспан, су, бұлт, тау, қолшатыр, кілем т..с.с.

Ақ: қар, гүл, қоян, аққу, қант, т.с.с.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Балалар, «еңбек» деген сөздің мағынасы не? Адамдар не үшін еңбектенеді?






Билингвальды компонент: адам еңбегі – труд человека, өнеркәсіп – промышленность, шикізат – сырье.

-Әр түрлі салада еңбек ететін адамдарды қалай атаймыз?

-Қандай мамандықтарды білесіңдер? Ата – аналарыңның қай жерде еңбектенетінін білесіңдер ме?

-Балалар біз бүгін өнеркәсіптегі адам еңбегімен танысамыз.

-Өнеркәсіп деген не?

-Өнеркәсіпке нелер жатады?

-Мен сендерге ең тәтті өндіріс туралы айтқым келіп тұр. Қалай олайсыңдар, «тәтті» өндірісте не өндіреді?


-Дұрыс айтасыңдар. Мына суретте «Рахат» фабрикасы бейнеленген.

-«Рахат» фабрикасы Алматы қаласында орналасқан. Бұл фабриканың өнімдерімен Қазақстанның барлық балалары таныс десе де болады. «Рахат» фабрикасында қандай өнімдер өндіріледі?

-Фабрикада еңбек ететін адамдарды қалай атайды?

-Мына суреттен кондитерлердің мармеладты қалай жасап жатқаны көрсетілген. Мармелад жасау үшін кондитерлер ненің көмегіне жүгінеді?

Педагог «Қазақстан» шоколадын алып шығады.

-Балалар, мынау не?

-Шоколадты неден жасайды?

(Суретті көрсету)

Педагогтің әңгімесі:

Какао – алыстағы Африка жерінде өсетін өсімдік, бұта. Бұтақтарындағы жемістерді теріп, кептіріп, ұнтақтап шоколад жасайтын шикізат алынады. Зауыт, фабрикаларға өнім жасау үшін әкелінетін заттар шикізат деп аталады.

Демонстрациялық материалмен жұмыс.

-Ал мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Тігін фабрикасында кімдер жұмыс жасайды?

-Тігін фабрикасының дайын өнімдері қалай аталады?

-Киім тігу үшін тігіншіге қандай құралдар қажет?

-Киім тігу үшін ең алдымен қандай іс – әрекеттер орындалады?


-Киім тігу үшін тігін фабрикасына қандай шикізат жеткізіледі?

-Киім ұқыпты, әдемі тігілу үшін көп адамдар еңбек етеді. Дайын матаны жүргізуші машинамен жеткізеді, ол матаны түсіретін- жүкшілер, матаны өлшеп, киімді пішетін – киін пішушілер, тігінші тігіп шығарған киімді үтіктеушілер, дайын өнімді дүкенге жеткізетін-жүргізушілер, міне, қаншама адам тігін фабрикасында еңбек етеді.

-Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Машинаның адам өміріндегі маңызын атаңдар?






-Машинаны жасап шығару үшін қандй мамандардың жұмыс істейтінін айтыңдар.

-Машина жасау үшін қандай материал қажет?

-Темірді рудадан алады. Руданы шахтадан қазып алып, темір балқытатын үлкен пештері бархауыттарға әкеледі. Дайын болған темір өнімдерін машинаға арналған бөлшектер жасайтын зауыттарға жеткізіледі. Дайын бөлшектерді машина құрастыра-тын зауыттарға әкеліп, онда машина құрастырып шығарады. Машина жасау қандай іс – әрекеттерді қажет етеді?

Жеке жұмыс жүргізу.

-Бұл суреттер арқылы қандай шешімге келуге болады?


-Еңбектену – жұмыс істеу, қажеттілік үшін әрекеттену, нәтижеге жету дегенді білдіреді.

-Адамдар табыс тауып отбасын асырау үшін, біреудің және өзінің пайдасы үшін еңбектенеді.





-Жұмысшылар, мамандық иелері, мамандар.

Балалар білетін мамандық-тарын атайды, ата – анала-рының жұмыс орындарын атайды.



-Өнеркәсіп – өндіріс орындары, зауыт, фабрика-лар. Бұл жерлерде адамға қажет заттар жасалады.

-Өнімдер.

Балаларға ойлануға уақыт беріледі.

-Кәмпиттер.

Балалар суреттерді көріп, әңгімелейді.

-Әртүрлі кәпмиттер, шоколадтар, мармелад, вафли, печенье, тоқаштар.




-Кондитерлер.

Балалар суреттегі мармелад жасау процестерін атайды.

-Әртүрлі станоктар, тәттілерді жасайтын құралдар және контейнерлер көмегіне жүгінеді.



-Шоколад.

-Какаодан.













-Тігін фабрикасын.


-Тігіншілер, киім пішу-шілер, үтіктеушілер, т.б.

-Киімдер.


-Тігін машинасы, қайшы, жіптер.

-Киім тігу үшін ең алдымен матаны өлшеп пішеді, пішілген киімді қияды, содан соң тігеді.

-Дайын мата.













-Машина жасау зауытын.


-Машинаны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы көліктер, адамдарды тасу үшін жолаушылар көлігі, т.б. қажет.

-Механик, слесарь, токарь, дәнекерлеуші, т.б.


-Темір.








Балалар мүмкіндігінше суреттерді пайдаланып өз ойларын айтуға тырысады.





Балалар өнеркәсіптегі адам еңбектерін атап, қандай байланыстары барын көрсетеді.

Мысалы:Тігінші тіккен киімді барлығы киеді.

Шахтер өндірген көмірді тігінші де, құрылысшы да, кондитер де пайдаланады.

Құрылысшы салған үйде тігінші де, шахтер де, басқа мамандық иелерлі де тұрады.

Барлық адамдар бір – бірінің игілігі үшін қызмет жасайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сұрақ –жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір – бірінің жауаптарын толықтырады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сурет бойынша өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.

Түсінеді: өндіріс, өнім, адам еңбегі туралы жалпы ұғымдарды; барлық еңбек түрінің бір – бірімен байланысты екенін, адамдар бір – бірінің қажеттілігін өтеу үшін еңбектенетіні туралы түсініктерді;

Қолданады: өндіріс, өінм туралы жалпы білімдерін.





Тексерілді: ________________С.Э.Бопылова