ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«Тәрбие — тал бесіктен басталады»
иллюстрацияланған әдістемелік құрал
Астана 2010
«Тәрбие — тал бесіктен басталады» әдістемелік құралы. - Астана, 2010. - 117 бет.
Авторы: Омарбекова А.И.
Пікір берушілер: Г.Қ. Айқынбаева,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда ұлттық тәрбие негізінде балалардың адамгершілік тәрбиелілігі жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде қарастырылған. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері толығымен ашылып, талданған.
Берілген құралды оқу-тәрбие процесінде пайдалануға ұсынылады.
Мазмұны
1 Кіріспе
4
2
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
6
3
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мазмұны – рухани-адамгершілік...
13
4
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен әдістері.....
15
5
Халық педагогикасындағы ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі
21
6
Ұлттық тәрбие ұлағатты іс
30
7
Қазақ халық ауызекі шығармашылығының түрлері және оның бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері.
36
8
Ұлттық ойындардың педагогикалық– психологиялық мәні.
49
9
Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны және оларды пайдалану ерекшеліктері..
59
10
Ұлттық ойындарды пайдалану бойынша тәрбиеші жұмысының мазмұны.
69
11
Ұлттық тәлім-тәрбие беруге арналған жаттығулар.
75
12
Қазақтың ұлттық балалар ойындарының бағдарламасы
108
13
Қорытынды
114
14
Әдебиеттер тізімі.
116
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс.
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелен ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Бүгінгі өскелең ұрпақтар- болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Қазіргі кезеңде біздің елімізде тәрбие тек мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте ғана жүргізіледі деп түсініп, тәрбиеге кей ата-ананың аса мән бермеуі аян. Мұндай тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, көптеген балалардың қайырымсыздығын, мейірімсіздігін байқатып отыр.
Сондықтан бүлдіршіндерді тәрбиелеудің алғы шарттары – тәрбиенің тал бесігі отбасы, балабақша тәрбиесінен мектепке дейінгі кезеңнен басталып, мектеп қабырғасымен жалғасып және одан әрі дамыту міндеті туындайды.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi, қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім және тәрбие беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Болашақ қоғам мүшелерін тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осыған ойлар «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында» (1995ж.), «Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында»(1996ж.), «Қазақстан республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында»(1996ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» (2000ж.), « 2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» (2004ж.), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады. Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек.
Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеалық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірбиесінде қалыптасқан және дәлелденген адамгершілік принциптері болуы тиіс. Адамгершілік ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді кәрсетеді. «Адамгершілік» ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады. Адамгершілікті қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, адамгершілік тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және демократияландыру процестерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
1.Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.
2.Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық процесінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.
З.Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті.
4.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.
5.Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.
6.Ұжымдылыққа бағыттау.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» анықталған. Білім және тәрбие беретін ұйымдарда тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында тәрбиешілер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:
табиғи және әлеуметтік мәдени процестердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен аймақтық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;
әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оның түрлі іс-әрекеттеріне жағдай жасау жатады.
Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешіліктерінің сипаттамасы.
Адамның жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді. Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процестер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.
Тәрбиенің барлық түрлері балабақшаның, мектептің педагогикалық процесінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар балабақшадағы, мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.
Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты: балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процесінде білімнің рөлі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында тәрбиешілер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларында – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болса да балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетті қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моралдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
-адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерлікгерін қалыптастыру;
- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасатылығын делелдеу;
-өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта» – деген өсиеттері осыны айғақтайды.
Құқықтық тәрбие – балалардың құқұқтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқұқтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты: балаларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру.
Құқықтық тәрбиенің міндеттері:
- құқықтық мемлекеттік азаматты тәрбиелеу;
-өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
-балаларды өз құқықтарымен, міндеттерімен құқықтық жауапкершіліктерімен, құқықтық қатынастармен таныстыру.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын «Балалар құқықтарының декларациясы», Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы заңы», «Балалар құқығы туралы конвенция» іске асырылуда.
Әлеуметтік ортадағы өмір әр адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.
Азаматтық тәрбие – балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, құқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің міндеттері:
- тұлғаның өз абыройын бағалап кұрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;
- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;
- тұлға бойында басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Экологиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты: табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
- жас ұрпаққа жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
- табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде қарап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
- адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау қағидаларын бекіту;
- қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.
Еңбек тәрбиесі – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты: балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы тандауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- тәрбиеленушілерді еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
- балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міндеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіндіктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Экономикалық тәрбие – балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
- экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;
- адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемішілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
- балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығандармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
- тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесі – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты: салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қальштастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
- табиғи қозғалысты қасиеттерді дамытып жетілдіру;
- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыу тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Эстетикалық тәрбие – балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты: балалардың шығармашышық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
-өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процесінде балалар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процесте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліп, бірін бірі толықтырады, педагогакалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені тәрбиеленушінің денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбие бағыттарының барлығы жеке процестердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланысқан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен калыптастыруға болады.
2 «Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мазмұны – рухани-адамгершілік
Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С.А. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартып отыр.
Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның қоғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процесінің құрамды бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық әдісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұтас процестің екі жағы болып саналады. Әрбір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Тұтас педагогикалық процесте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке «Мен»-дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күнделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес.
Қазіргі кезде балабақшаларда, мектептерде міндетті түрде өзін-өзі тану сабақтары енгізілуде, өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мен» – дігін жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңызы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі – мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес. Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірбиесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі. Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекеттің орындалуын талап ету қажеті адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процеспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырығын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудың маңызы зор. Адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интелектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін айтып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшілікгерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі.
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейтесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен әдістері
Тәрбие процесi – бұл күрделi диалектикалық процесс. Тәрбие процесi әр уақытта динамикалық (қозғалысты) жылжымалы болады. Сондықтан педагогикалық ықпал бiр балаға жағымды ал екiншi балаға терiс ықпал етедi. Осыған байланысты тәрбие процесiнде баланың көңiл-күйiн психикалық жағдайын тұрған орнын ескерген жөн. Қазiргi педагогикалық теорияда тәрбие әдiсi ұғымы әлi де жете зерттелмеген мәселелердiң бiрi. Өйткенi бұл жөнiнде әр түрлi көзқарастардың бар екенi байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдiсіне берген анықтамалардың өзi-ақ дәлел бола алады.
Тәрбие әдiсi ұғымы туралы анықтамаларға тоқталсақ. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбiр автор тәрбие әдiсi туралы ұғымды өзiнiң зерттеу жұмысының нәтижесiне сүйенiп түсiндiреді. Бiрақ әр түрлi анықтамалар бiр мақсатты көздейдi, бұл сананың дамуына баланың мiнез-құлық тәжiрибесiнiң қалыптасуына әдiстiң тәрбиелiк ықпал жасауы.
Сонымен, тәрбие әдiсi-бұл тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара байланыс iс-әрекеттерiнде балалардың адамгершiлiк, еңбек және тағы басқа қасиеттерiнiң қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi. Қазiргi кездегi көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны әр адамға, оның ой-өрiсiне, сезiмiне, мiнез-құлқына ықпал жасауы тиiс. Бұл орайда тәрбиешінің рөлi өте зор. Өйткенi олар балалардың тәрбиесiне байланысты мiндеттердi шешедi және тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл мiндеттер тәрбиешіден сауаттылықты, iзденімпаздықты, өз iсiне асқан шеберлiктi талап етедi.
Оқу-тәрбиенi бiр-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды, олар өзара тығыз байланысты. Тәрбиенi күнделiктi сабақта тәрбиеленушінің бойына сiңiремiз. Оқу мен тәрбие егiз. Бала - шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мiнсiз азамат етiп жеткiзудiң кiлтi бiрiншi –тәрбиеші, екiншi – ата-ана.
Тәрбие үшiн бiлiм беру, оқыту әдістемесінің өзiнiң көзқарасын, мәдениетiн өмiрлiк тәжiрибесiн келер ұрпаққа беретiн ересек адамның және бiлiмнiң маңызы аса зор. Мұның бәрi балалардың дамуын бағыттайтын және олардың қалыптасу ерекшелiктерiн анықтайтын ықпалдық күштер жүйесiн құрайды .
Тәрбие iсi екi жақты процесс болып саналады. Ол бiр жағынан педогогтың тәрбиелiк жұмысын қамтитын болса, екiншi жағынан осы жұмыстың объектiсi тәрбиешiнiң әсерiмен, оның мақсаты педагогтың ықпалымен жұмысқа бесене араласатын балаларды қамтиды.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші тәрбиеленушілерге педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы: үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, өйткені ол құбылмалы, өзгергіш болып келеді.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (тәрбиеші, ата-ана, ересек адамдардың сөзі және олардың өнегесі) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану керек.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін тәрбиеші оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері – жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған тәрбиеленушілердің белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі, әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады);
Екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын, сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, тәрбиеші әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді. Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
-жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып қалыптасады;
-оқушыларды тәрбиелеу процесі өте күрделі іс-әрекет;
-жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық- интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу обьективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі. Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістерін үш топқа бөлуге болдады:
жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Жалпы педагогика ғылымында тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.
1-топ Тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап, мінез- құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелу – басқа адамдардың жұмысына кедергі келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс әрекет процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі мен күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педогогтың тірегі.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру жатады.
Жаттықтыру әдісі – бұл түрлі ситуацияда балалардың моралдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау балаларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.
2-топ Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, өнеге.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:
Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.
Тәрбиеленушілер үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек.
3-топ Мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау баланың өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі, орынсыз мадақтаудан балада менмендік, тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалауға болмайды.
Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты балаларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.
Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады.
Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, этикалық әңгіме-сұқбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Этикалық тақырыптағы әңгіме, көбіне, балабақшада, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Ол адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме тәрбиеленушілерге мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етеді.
Этикалық әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
әңгіме мазмұнының балалардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
әңгімені оқу барысында әңгіме сұқбаттың жүргізілуі, балалардың әңгімені талдауға ат салысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
әңгімеге қоса суреттерді пайдалану; әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны да ерекше;
мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
Түсініктемені тәрбиеленушілерге мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру тәрбиеленушінің психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
Айтылған әдістермен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады.Тәрбиеленушінің бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі тәрбиешінің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты.
Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар балалар бойында кері әрекет ету ниетін оятады.
Этикалық әңгіме-сұқбат дегеніміз – адамгершілік мәселелерді тәрбиешілер мен балаларлардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылау түрі. Әңгіме-сұқбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда тәрбиеші балаларларды өз ой пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Этикалық әңгіме-сұқбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.
Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың қандай да бір үлгіге еліктеуіне негізделген. Бұл – санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге ұмтылу.
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – балаларлар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептеледі.
Іс-әрекеттер арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Әдістер арқылы балалар өмірін мінез-құлық, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Балаларлардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында балалар басқа адамдармен жан-жақты қатнасқа түседі.
Басты әдістердің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде тәрбиеленушінің жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, дамуында жылжу болмайды.
Жаттығуларды орындауда талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура немесе жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.
Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғарғы деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады.
Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам бақылайды.
Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін тәрбиеші арнайы жағдайлар құрастырады. Ондай да жағдай шындыққа ұқсас болу қажет. Жағдайдың кез-келген түрінде балалар шешім қабылдай алуы керек. Көбіне топ саяхаттар мен ойындар кезінде құрастырылады.
Халық педагогикасындағы ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, «Білім беру» заңының қабылдануы, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.
Қоғамымыздың іргесін нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет. Оның негізгі мұраты-баланы жастайынан әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге, ел-жандылыққа баулу.
Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы.
Халқымыз тәрбиелеу және оқыту ісін баланың неғұрлым жас кезінен бастау керек деген қағиданы жоғары қойған.
Рухани-адамгершiлiк тәрбиесiндегi басты мәселе баланы құрметтеу. Әрбiр жасөспiрiм өзiн-өзi рухани жетiлдiру үшiн өзiн-өзi тәрбиелеуге, өздегiнен бiлiм алуға ұмытылуы қажет екендiгiне түсiнуi тиiс .
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарлату қажеттiлiгiнен көптеген өзгерiстерге бет бұрды. Егемендi ел болғаннан берi жас ұрпақты адамгершiлiкке, парасаттылыққа, саналықпен, жауапкершiлiк тәрбиесi арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың сипаттарына: жауапкершiлiк, көздеген мақсатқа жету, кiсiлiгiн қадiр-қасиетiн сақтау, сенiмдiлiк жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерiн жетiлдiруi оның өзiн-өзi құрметтеуiне, өмiрде табысқа жетуiне үлкен ықпалын тигiзедi.
Рухани-адамгершiлiкке тәрбиелеу iсi бiлiм берумен ғана шектелмейтiндiгi айқын. Бұл балаланың сана-сезiмiне әсер ету арқылы, iшкi жан-дүниесiн оятудың нәтижесiнде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Баланың сана-сезiмiн, адамгершiлiк мұраттарын қалыптастыру –тәрбиенiң ең бiрiншi мiндетi. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етiп ұстау қажет. Себебi баланың көзқарасы оның күнделiктi iсмен сәйкес келмесе олар ойлауға шебер, бiрақ iске жоқ адамдар болып қана шығады. Баланы имандыққа баулып, мейрiмдiлiк, қайырымдылық, кiшiпейiлдiлiк, қамқорлық, iзгiлiк сияқты қасиеттердi бойларына сiңiру – әрбiр отбасы мен тәрбие беретін ұйымдардың басты парызы.
Дана ақын, халықтың ырысы «Құтты бiлiктiң» негiзiн қалаушы Жүсiп Баласағұн – адамның мiнез құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы-жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді.
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді («Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі»). Ғұлама ғалым өз өсиеттері арқылы адамдарды өтірік айтудан сақтандырып, өмірде жақсылық жасауға шақырады («Қастық қылма, арамдықты сайлама, Тый құлқынды, жақсылық ет қайда да»).
Ендеше балаларды рухани-адамгершiлiк тәрбиесi арқылы толыққанды жетiлген азамат етiп тәрбиелеу – қоғамыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие, бiлiм беру адам дамуының рухани үйлесiмдiлiгiн түсiнудi қамтамасыз етедi. Рухани тәрбиенiң адамның iзгiлiк, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен iс-әрекеттерiн iзгiлiк мұраттарға бағыттап, рухани көз қарастарын қалыптастырады.
Балаларлардың бойында тәртiпке бойсыну сезiмдерi мен дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар тауып пайдалануға болады. Абай шығармаларын еңбек тәрбиесiне қатысты тәрбиелiк iс-шараларды жүзеге асыруда пайдалану мүмкiндiгi көптен берi айтылып келе жатқандықтан, ол ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен тәрбиеленушілерге еңбектiң қай түрi болмасын бiр нәрсенi игеруге бағытталады:
Түбiнде баянды еңбек егiн салған,
Жасынан оқу оқып, бiлiм алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектiң бұдан өзге бәрi жалған.- деген өлең жолдарын қазiргi заман тұрғысынан түсiндiру, мәселен, оқудағы мақсат «бастық болу» /қазақ арасында кең тараған сөз «менiң балам бастық болады»/ деп емес, ең алдымен бiлу үшiн, оқимын /оқисың/ деген пiкiрдi баланың санасына ендiру. Бұл басты мақсат. Одан соң не нәрсенi болмасын игеру үшiн еңбектену керек.
Тәрбиелiк тұрғыда аса мазмұнды мәтіндермен байытылған оқу кiтаптарына зор маңыз берген жөн. Оқуға арналған кiтаптарды талдау бұл жайлы растай түседi. Тәрбиешінің қолында тәрбие мақсатында шебер пайдалана бiлген жағдайда балалардың негiзгi адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастыру жолында тұрақты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн бай материалдар бар. Оқулықтағы мәтіндерді авторлар осы жастағы балаларға сай iрiктеген. Мәтіндермен жұмыс iстегенде тәрбиеші мейлiнше айқын бейнеленген көркем образдарға баса көңiл аударады, әр бала оны қабылдай бiлуi, түсiне және сезiне бiлуi керек. Балалардың бейнеленген кейiпкерлерге деген сезiм күй әсерлерi олардың адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастырудың негiзi болып табылады. Балалар көп ретте бiр кейiпкердiң жақсы, ал екiншi бiреуiнiң жаман екенiн дәлелдеп, негiздей алмайды, бiрақ мұны жақсы сезiне алады.
Сондықтан да тәрбиеші шығармадағы кейiпкерлер қылықтарының адамгершiлiк жақтарын талқыламас бұрын балалардың әдеби бейнелердi дұрыс та терең түсiнгендiгiне, оларға және шығармада суреттелген оқиғаларға қарым-қатынастарын толық бастан кешiргендiктерiне көз жеткiзiп алу керек. Жекелеген тәрбиешілер балалардың алған әсерлерiн күшейте түсу үшiн оқыған жайларға өздерiнiң қатысын терең сезiндiру үшiн балаларлардың көңiл-күйiне суреттелiп отырған оқиғаның мәнiне сай келетiн музыкалық шығармаларды, олардан алынған жақсы үзiндiлердi пайдаланып отырады.
Тәрбиеші балалардың бойында оқу материалының мазмұнына деген ынта-ықыласты оята алса, сабақ үстiнде тәртiп сақтаудың қосымша шараларын қолданудың қажетi болмай қалады.
Ұлы данышпан әл-Фарабидың «Тәрбиесiз берген бiлiмнiң күнi қараң» – деген.
Сондықтан бүгiнгi ұрпақтарға бiлiм-ғылым нәрiн берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретiп, игертудiң мәнi зор.
Адамгершілікке тән рухани тазалыққа тәрбиелеу, баланың нәрестелік шағынан отбасы, балабақша тәрбиесі, үлкендердің олармен қарым-қатынасы, өнегелі еңбек әрекеттері, байыпты, жүйелі жүргізілген тәрбие тәсілдері арқылы біртіндеп, сәби бойына дарып, орнығатын ұзақ процесс. Демек, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қатысты ең күрделі мәселе бұл ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар негізінде жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.
Республикамыздағы көптеген ұлттық мектептер мен балабақшаларда оқу тәрбие ісі ана тілінде жүргізіліп келгенмен қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын үйрету бүгінгі күнге дейін толық жолға қойылмай, зерттелмей келеді.
Халық педагогикасындағы ақыл-ой, идея қай халықтың болсын тыныс тіршілгімен шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста болып, өсіп өркендеуімен дамуы арқылы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Сондықтан да әр халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиедегі жақсы дәстүр атаулыны жинақтап және пайдалана білумен жас ұрпақты адамгершілік қасиетке баулуды мақсат еткен. Ата–баба қалыптастырып, халқымыздың бұлжымас тіршілік заңына айналған сол ғажап салт-дәстүрлеріміз ерте заманда-ақ өзінің мәнділігімен, озық үлгісімен талай жат жұрттық оқымыстылар мен ойшылдардың назарын аударған.
Бұл туралы ұлы ақын Абай атамыз былай депті: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» –деген қағидамен халық бойында қалыптасқан барлық адамгершілік асыл қасиеттерінің бейнелеушісі болды. Сонымен, іс-әрекетінен, мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша адамгершілікке баулу мүмкін емес.
Біздің пікірімізше, ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білу. Сондықтан адамдыққа баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап, нақтылы мақсатты көзделуі шарт. Әр бала өз ісімен қылығына жауапкершілікпен қарап ұялу, кешірім сұрау сияқты әдептерді үйренуі керек. Балалардың қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғам өмірі мен мүдделерімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол анық адамгершілік қызметі болып келеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бірқатар адамгершілік нормалар заң жүзінде баянды етілді. Жаңа қоғамды орнатуға қызу араласу, осы қоғамның құрылысын, қуатын нығайтуға дайын болу, бұлар келешек ұрпақтың адамгершілік бейнесін сипаттайтын басты белгілері. Адамгершілік адамзат қоғамның даму тарихы арқылы қалыптасқан әрбір дәуірдің өзіндік қиыншылықтарымен біте қайнасып жетілген. Осыдан келіп, адамгершілікке тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айырықша бір тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез-келген басқа тарауының бір жағы деп те, қарау керек деген тұжырым туады.
Адамгершілік ұғымына көптеген анықтамалар берілген және оны сипаттайтын қасиеттер жиынтығы ретінде де қарастырылып мазмұндалған. Адамгершілік қоғамдық сананың белгілері адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни, әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық, т.б.
Адамгершілік – әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі – адамдардың бір-біріне, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғүрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогикалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін-өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы деңгейі – игеретін құндылықтардың мәнін ашу нәтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы.
Соңғы жылдары білім беру жүйесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалық процестерде құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған. Тәрбиешінің білімі мен білігі тәрбие прцесінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыруы керек. Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы балалардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі: құндылық жағы басым тәрбие процесі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс-әрекеттік жағынан жүзеге асады.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.Төлеубекова «адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі» дейді. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасасақ, адамгершілік - адамның, тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі және адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның алатын орнына байланысты.
Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моралдік сана-сезім мен мінез-құлық барлық балалар іс-әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындағы өзара қарым-қатынастары кешеніне шешуші ықпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, отанға, еңбекке өз міндеттерін және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Ұжымдық қызметтің қоғамдық бағыттылығы тәрбиеленушілерге өмір жақсара түсу үшін не істеуге болатынын байқау тілегін оятады. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде балалардың бойында патриотизм – азаматтық, жолдастық, ұжымдық сезімдерін, өмір шындығына белсенді көзқарасын, еңбек адамдарына терең құрмет сезімін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиеті сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады. Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады.
Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Ал мектепте бұл жұмыс он бір жыл бойына ұстаздардың, ата-ана комитеті ұйымдарының басшылығымен жүйелі түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде адамгершілік көзқарастардың, мінез - құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбие арасында диалектикалық өзара байланыс бар.
Тәрбие ісі жалпы әрбір нақты кезеңнің және өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де әлсіз және шектеулі болса да, тәрбиеші соған сүйенуге тиіс. Осыған байланысты психологтар мынаны анықтайды: мектеп жасына дейінгі балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келеді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырасыздығымен, мінез-құлықтарымен, еркіндігімен ерекшеленеді.
Бұл ерекшеліктер мектеп жасына дейінгі балалардың оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Балалардың оңды адамгершілік тәжірибесі, адамгершілікке тәрбиелеуде шешуші маңызға ие. Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көзі жетеді.
Балаларлардың қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интеллектуалдық сфераларына өзек болады. Балалар балабақша, мектеп ауласында ойнап жүрсін, солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттері көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілікке тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір маңызды бөлшегі деп те, тәрбие жұмысының кез келген басқа салаларының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан, тәрбиешінің алдында әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұруға тиіс. Адамгершілік қасиеті қалыптасуы үшін тәрбиеленушінің дербес қимыл әрекеттерінің ерекше маңызы зор. Балалар тек тәрбиеші мен ересектердің нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет істесе, ол ең алдымен тіл алғыштыққа үйренеді.
Сондықтан, тәрбие процесі бала өз еркінше қимыл істей алатын жағдай болуы көзделетіндей етіп құрылуға тиіс. Мұндай жағдайлар өмір барысында өзінен- өзі қалыптасып жатады, оларды ойын үстінде, оқуда, еңбекте және шығармашылық сабақтарда арнайы жасауға да болады. Өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде қателеседі, дұрыс жасамайды. Тәрбиеші, оның өз қателігінің адамгершілікке жатпайтынын түсіндіріп, оған төзе білуіне көмектесуі тиіс, оның теріс қылығын түзетіп қана қоймай, сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған жәйттің бағытын ойластырып, анықтауға да көмектесуі керек. Балалардың өз құрбы-құрдастарының шағын топтарындағы қарым-қатынастары мен бірлескен іс-әрекеттерінің адамгершілік тәжірибені молайтудағы маңызы айрықша зор.
Мұндай топтарды тәрбиешінің өзі арнайы құруы немесе олардың өзінен-өзі топтасуы мүмкін. Шағын топ балалары бәріне ортақ жайттарды жиі кездестіріп, тереңірек қабылдайды. Мұнда ол тәрбиешінің көмектесуімен ғана емес, сонымен қатар өз бетінше де басқа балалармен қарым-қатынас жасап, ұжымдық іс-қимыл ұйымдастыра алады, мұнда оның өзінің қоғамдық мінез-құлқын түсінуі жеңілірек болады. Барлық балаларды жетілдіруге бағытталған тәрбие процесі әр баланың жеке басының қасиеттерін негізге ала отырып, оның жетілуі үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек.
Тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қажеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Адамгершіліктің дамуы – тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің өлшемі – тәрбие жұмысының пәрменділігі. Тәрбиеленушінің жеке қасиеттерінің осындай күшті жақтары ең алдымен әр бала белгілі бір салада едәуір білімге үйреніп, мағлұмат алатын оқу процесінде көрінеді.
Қазiргi уақытта Республикамызда балаларды тәрбиелеу iсiнде адамның iшкi жан дүниесi мен рухани әлемiн тану, дамыту жетiлдiруге байланысты iстер жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани-мәдениет негiзiнде жас ұрпақтың рухани-адамгершiлiк тәрбиесiн дұрыс жолға қою мiндеттерiн iске асыру басты нысына болып тұр.
Тәрбие iсiндегi негiзгi мәселе-балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелiгiн, сезiмiн, өзiндiк баға беруiн қалыптастыру. Адамгершiлiк тәрбиесiнде баланың назарын өз өмiрiндегi елеулi өзгерiстерге бұрып, оны саналы түсiнуiне баулу көзделедi.
Белгілі педагогтардың, психологтардың дәлелдеген адамгершіліктің компонттерін; адамгершілік сана, сезім, іс-әрекет, дағдының, іскерліктің балалар бойында қалыптасуына сабақта, сабақтан тыс уақытта болатын жолдарды айқындадық.
Екіншіден осындай тұжырымға келуге себеп болған, соңғы оқу жылдарында педагогикалық еңбегімнің барысында жүргізілген жұмыстардың қорытындалары да қолдау тауып отыр.
Халықтық педагогика арқылы балаларларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін тәрбиешілер тәрбиенің басты ұстанымдарын жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Адамгершілік – қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі. Ол қоғамдағы адамдардың әрекетін нормативті реттеу қызметін атқарады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Махмұд Қашғари, Ахмет Йүгенеки, Сайф Сараи т.б. шығармаларынан адамгершілік тәрбие, адамның адамгершілік бейнесі кең орын алған. Солардың біразына тоқталсақ, педагогикалық ой-пікірдің бастауларын Қорқыт атадан таратқан орынды. Тарихқа «алғашқы бақсы» ретінде танылған ғұлама Қорқыттың өмір мен өлім жөніндегі толғаныстарына адам ғұмырының философиясы мен мән-маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері арқау болған. Оның «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Мен-мен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, ақылды көпшіл, қонақжай болуға шақырады.
Қорқыт ата өз жырларында нақты тарихи деректерді негізге ала отырып, адамгершілік асыл қасиеттерді, батырлардың ерлік істерін, ақындық және қобызда ойнау өнерін, әдемілікке деген көзқарастарын, адамдар арасындағы кіршіксіз таза достық сезім мен қарым-қатынастарды (мысалы, Домрул, Йүгенек батырдың және т.б.) балалар мен жастарға үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен жырлайды.
Қысқасы, Қорқыт атаның қай жырының болсын тәрбиелік мәні жоғары. Олардың мазмұны қазақ эпостарына сай баяндалады. Жырлардағы батырлардың ерлік істері, халыққа, туған елге, дәстүрге деген сүйіспеншілігі, өмірге құштарлығы, ақылдылығы, ғашықтық сезімдері жеткіншектерге үлгі болумен бірге, адамгершілік қасиеттерінің негізін қалыптастыруға көмектеседі.
Қазақтың тұңғыш философы, Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым Әл-Фарабидің ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттарында («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Қайырлы қала түрғындарының көзқарастары туралы трактат» т.б.) оның тәлім-тәрбиелік көзқарастары баяндалған. Ол адамгершілік тәрбие мәселесін тілге тиек ете отырып, шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздың ролі зор екендігіне ерекше мән береді, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ету үшін, мұндай қасиеттер ұстаздың өз бойынан табылуы тиіс екенін атап көрсетеді. Үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болатындығын айтады.
«Бақыт жолын сілтеу» трактатында жақсы мінез-құлық пен ақыл күші адамгершілік асыл қасиеттер болып табылатындығын меңзейді. Ғалым адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына себепші нәрсе әдептілік деп біледі.
Адам бойында адамгершілік қасиеттердің белгілі бір шамадан ауытқу сипатына тоқталады. «Біз ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал бұл – жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады».
Жақсы адамгершілік қасиет ретінде сөзге тапқырлық, адал, шыншыл болу, досгерлікті атай отырып, бұл ретте шектен тыс кетушілік, керісінше, жаман адамгершілік сапаларға апарып соқтыратындығын ескертеді.
«Бақытқа жету жайында» трактатында тәрбие мәселесіне «тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз» – деген анықтама береді.
Ұлы ойшылдың пікірінше, бала бойына жағымды адамгершілік қасиеттерді адамгершілігі жоғары, жаңа заманның талабын педагогикалық талаптармен ұштастыра білген адам ғана ұялата алады.
Адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моралдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы
Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқы рухани мұраларының бірі қазақ халық ауызекі шығармашылығының, жариялану, саралану жолының түп негізі де тым тереңде жатыр. Оның тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орхон-Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан жинау жөне баспа жүзіне шығару ісі алғаш рет XIX ғасырда қолға алынды, одан әріде ауыз әдебиеті үлгілері жиналмай, хатқа түспей, ауызша сақталып келді.
Қорыта келгенде осы педагогикалық мәселе бойынша тәрбиешілерге, ата-аналарға мынадай ұсыныстар жолдауға болады. Балалардың адамгершілік жағынан жетілуін, оның оқудағы, жазудағы, математикадағы және басқа пәндерінің табыстары сияқты мұқият қадағалап отыру қажет. Тәрбиешілер өз балаларының, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек. Қазақ халқының мінез-құлқына тән негізгі қасиеттерді: мейірім, сөзге беріктігі, кеңпейілділік туралы әңгімелеу арқылы балалардың бойына сіңіру қажет.
Балалардың адамгершілік тәрбиесін жетілдіруге педагогикалық тұтас процесте мүмкіндіктерді барынша тиімді қолдаған жөн.
Әр пәннің мазмұны әр уақытта, сабақтардың типіне, формаларына байланысты, тәрбие жұмыстарында да күрделендірілген тапсырмалар қосу арқылы өңделіп, жетілдіріліп отырғаны ұтымды болады.
Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда педагогикалық ғылыми теорияны дамыта отырып, практикадағы іс-әрекетті жетілдіру.
Халықтық педагогиканың саласы мол, мазмұны мол, оны халқымыз үзбей тәлім тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдалану біздің борышымыз.
Ұлттық тәрбие – ұлағатты iс
Қазақ халқы өзiнiң сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершiлiктi тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесiк жыры, тұсау кесер, атқа мiнер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегiлер тағы сол сияқты.
Халықтық педагогика арқылы балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге байланысты бiршама теориялық-практикалық тәжiрибе жинақтау қажет. Ол үшiн тәрбиешілер тәрбиенiң басты ұстанымдарын жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетiн, әдебиетiн, тiлiн, салт-дәстүрiне құрметпен қарайтын нағыз мәдениеттi адам қалыптастыру тиiс.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Мiне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кiшiпейiлдiлiктi, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиешi-ұстаздарымыз үйретедi. Ал бiз осындай жақсы қасиеттердi ананың ақ сүтiмен, бал тiлiнен бойымызға сiңiремiз. Жақсы бала осы қасиеттердi үйренiп жаман мiнез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзге қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмiрге деген көз қарасын және соған сай мiнез- құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиелеу ұрпақ өсiру – ең жауапты мәселе.
М.Дулатов «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сiңiрiп, ана тiлiн үйретiп шығару керек» десе М.Жұмабаев «Әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында ұлт үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие беруге мiндеттi» деген. Балаларды тәрбиелеудi жаңа әдiс тәсiлдерiнiң бiрi ұлттық тәрбие. Қазақ халқының меймандостық салты ұлттық санаға сiңiп, меймандос халық болдық. Ол салт-сананың бастауы, игi әдет одан әдет-ғұрып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт-сана қалыптасады. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениеттi өркендетудiң қайнар көзi болып табылады.
Ұлттық салт-сананың процестерi рәсiм, рәмiз, кәде, жөн-жоралығы, ырым, тыйым т.б. өмiр қолданыстары арқылы iске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебесiн мәдени-рухани деңгейi өмiрден көрiнiс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесiн бередi.
Егемендi ел болып, тiлiмiздi, дiнiмiздi, дiлiмiздi иелендiк. Қазақтың өздiк ұлттық қасиеттерiнiң қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менiң перзенттiк те, президенттiкте парызым – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән бердi. Бiз сол ұлы мақсатты iске асыру үшiн ұлттық тәрбиенiң негiздерiн айқындап, ғылыми-теориялық жаратылымын жан-жақты зерттеп, тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшелiктерiн айдай анық көрсетiп бағдарламалар тiзiп, оқу құралдарын жаздық.
Қасиеттi, өнерпаз, ақын, шешен, ержүрек, кеңпейiл, меймандос, иманды халқымыздың ұрпағын ұлттық тәрбиенiң ұлағатты, рухани-мәдени ауқымымен, өркениеттi елдiң тұғырлы тұлғалары етiп тәрбиелеуге ғылыми-теориялық негiз жасалынады. Ұлттық тәрбие балабақшаларда мектептерде бiрiншi мәселе ретiнде қолға алынып, жақсы iс-әрекет жауапкершiлiкпен жүргiзiлiп, өз нәтижелерiн бере бастады. Осы ретте ұлттық тәрбие жүйесі 1-суретте көрсетілген.
Сурет-1 Ұлттық тәрбие жүйесi
Ұлттық тәрбие – ұлағатты iс. Бұл тек қазақ ұлты үшiн емес, Республикадағы барлық ұлттар үшiн қажет. Олар ұлттық тәрбиеде қазақтық халық педагогикасы өздерiне үлгi ретiнде пайдалануы керек.
Ұлттық тәрбие отбасында, балабақшада, мектепте, өндiрiс орындарында, жоғары оқу орындарында жан-жақты жүргiзiлуде. Жауапкершiлiгiн түсiнiп, өзiн- өзi жетiлдiру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негiзi болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткiштерi: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзiн-өзi дамыту, жетiлдiру.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұра екені даусыз. Әр дәуір, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің – ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат, білім-білік тәрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына, қоғамына сәйкес талап-тілектерге қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, жүйелене түскенін айқын аңғарамыз.
Жалпы, әл-Фараби рухани пікір үндестігі, ой сабақтастығы ХХ- ғасырда ғұмыр кешкен қазақтың Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев тәрізді зиялылары мен ағартушы-демократ, ақын-жазушыларының ой орамдарында да ұшырасады. Осы орайда қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие жұмысында пайдалану баршамыздың парызымыз. Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде мектеп ашып, оның тәрбиешісі болды. Қазақ тілінде алғаш рет әліппе, оқулық-хрестоматия жазған. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша Хрестоматия» деген бірінші кітабында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала», «Әке мен бала»,», «Таза бұлақ» т.б. өзі жазған тілі жатық, мазмұны қызғылықты 40-тан астам әңгімелері мен аудармалары бар. 1880 жылы Троицк қаласында басылған екінші кітабында балаларды өзін қоршаған орта, жаратылыс құбылыстарымен таныстыратын және хайуанаттар туралы баяндалатын шығармалары жинақталған.
1889 жылы Қазан қаласында басылып шыққан үшінші кітабына тәрбие тақырыбындағы әңгіме, ертегі, мысалы және қысқа өлеңдері топтастырылған. Бұл шығармалар әрі қысқа, әрі мазмұнды, тілге жеңіл, ойға қонымды балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, жан дүниесіне әсер ететіндей көркемдікпен жазылған. Шығармалар идеясы жағынан бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын, еңбекті сүюге, достыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, ата-ананы құрметтеуге негізделген. Ол: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп отбасылық тәрбиеге ерекше мән берген. Барлық қасиет ананы сүюден, ана еңбегін бағалаудан бастау алады, сондықтан балаларға ана құдіретін ұғындыратын өлеңдерді көп оқып, көбірек жаттатуды ұсынады. Ақын-ұстаз өзінің «Ананың сүюі»деген өлеңінде:
Кім сендерді, балалар сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғысына күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін! - деп жеткіншектерге ана мейірін, ананың ақ сүтін ақтауды міндеттейді. Данышпан ойшыл оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы еңбектерінде тәрбие мақсаты-адам баласын ізгілік қасиеттерге баулу екенін айтады. Ұлы ұстаз мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік – бақытты болудың басты шарттарының бірі, сондықтан баланың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастау қажет деген қорытынды жасайды.
Әбу Насыр әл-Фараби еңбегінде музыкалық әуендер өнегелі мінез-құлықты қалыптастыруда елеулі маңыз атқаратынын, ән адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойындағы жаман әдеттерден арылуына ықпал ететінін баяндаған.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі үкілі домбыраның мәніне былай баға берген: Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады.
ХХ ғасырдың басында Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты батыл жалғастырушы талантты ақын Мағжан Жұмабаев өзінің 1923 жылы тұңғыш жарық көрген «Педагогика» атты кітабында: «Бастапқы кезде жөнді білінбейтін баланың жан дүниесі, ол өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып қарау керек. Жанды тәрбиелеу үшін жанның жайын баяндайтын еңбекпен таныс болу керек» – келіп, Аристотель мен әл –Фарабидің жан туралы еңбектерін еске алады. Сонымен бірге «Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» – деген. Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығару емес, ерекше өз заманына лайық қылып шығару ғой» – деп тәрбиешінің үлгісіне де ерекше мән береді.
Шынында, қазақ халқының бала бойында ана сүтімен сіңіретін, тәлім-тәрбиелік өзіндік мектебі болғаны даусыз. Көшпелі өмір кешіп жүрген кездің өзінде-ақ ауыз екі үлгі-өнеге ретінде айтылатын ертегі, мысал әңгімелері мен де, шешендік сөздерімен де, түрлі дәстүрлік әдет-ғұрыптарымен де, ұлағатты ырым-тыйымдарымен де баланы алғырлыққа, зерделілік пен көрегенділікке баулып, жаман істер мен әдеттерден тыйып, жалқаулық, жалақорлықтан безіндіре, еңбеккерлікке, адалдыққа, өнерлікке, талапкерлікке үйретіп отырған.
Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай –ас екен деп отыруы – баланың ұғымын кеңейтіп, өмірге, айналаға ойлана қарауға үйретеді. Баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Баланы –жастан» деген мәтелді тектен-текке айтпаған.
Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ой менен сөз, мазмұнды пікірлер біздің халықтың алдыңғы байлығы болып келген. Біздің ана тіліміз-отбасы мен балабақшалардан басталып, мектепте жалғасатын жүйелі сабақтаса, көздеген мақсатымызға жеткізбек.
Халық тәлімі-ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі-бесік жыры, былдырлап сөйлей бастаған балдырғанның тәтті тіліне балдай оралатын жеңіл де жұп-жұмыр, айтылуы ойнақы тақпақтар. Бесік жырында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне деген үміт-сенімі, арман мақсаты айтылады.
Сонымен қатар халық педагогикасы – ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Ол – жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы сұлу әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген. Олар тектен-тек тумаған: өмірдің тыныс-тіршілігінен, қажетінен, күнделікті мүддесінен алынып, халқымыздың ой-парасатымен, бейнелі сөздерімен кестеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Қазақтың аса бай эпосы халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін білдіреді. Оның адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, жас ұрпақты рухани жағынан байытып отыруда жырлаған тәлім-тәрбиелік идеялары – балаларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие береді, олардың музыкалық талғамын, ой-өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және оның шексіз шешендік мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады. Соның бір саласы – мақал-мәтелдер. Олар – халықтың көрген-білген, көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын қорытқан, сан ғасыр уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы. Өмірде үнемі қайталанатын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Халық педагогикасы – ұлттық тәжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар. Үлгі-өнегелер, халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйсінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған.
Демек, халықтық педагогика – тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді.Ауыз әңгімелер шыншылдыққа, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылтпаштар тәрбиеленушінің тілін ширатады, жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары баланың ой-өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ-айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжетті нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың танымдық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мақал-мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес оның мақал-мәтелдері де мол. Ауыздан –ауызға тарайтын бұл жанрды күн сайын толықтырып отырады. Мақал-мәтел өрендерді еңбекке, адамгершілікке, елін
Қазіргі таңда оқу-тәрбие процесінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, балаларлардың мазмұнды, іскерлікке бағытталған іс-әрекеттерінде халықтық педагогиканың идеяларын қолдану жолы басталуда. Өйткені, халық педагогикасы-ықылым жылдар електен өткен тәрбие мәйегі тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық оқыту, тәрбиелік істі демократияландыру, гуманитарландыру әрбір баланы жеке тұлға деп танып- біліп жан-жақты қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Қазақ халық ауызекі шығармашылығының түрлері және оның бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратынына көз жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заныңда: «Білім беру жүйесінің басты міндет–ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының даму үшін жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту» - деп көрсеткен.
Халық педагогикасының қайнар бұлағы, ең үлкен бір саласы-халық ауызекі шығармашылығы. Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Ауыз әдебиетінің тәлім-тірбиелік мәнін кемеңгер жазушы М.Әуезовтың мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизімді, халықтың қанатты үміті – оптимизімді, сол халықтың өткендегі өмірі, аңсау –арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық тәрбиесінің жемісін көреміз». Ата-бабаларымыз күмбірлеген күміс күйімен сыбызғы сырнай үнімен, ән-жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, ертегі, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Сонымен халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рөл атқарады.
Халық ауызекі шығармашылығының балалар мен ересектер тәрбиесінің таптырмас құралы, әдіс-тәсілі, құнды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратындығын ескере отырып, бала тәрбиесінде дұрыс пайдалану арқылы жетілдіруді көздейді, сонда ғана Қазақстан Республикасының егеменді ел болуымен байланысты ұлттық мәдениетті марапаттау, халықтық педагогиканың қағидаларын балаларлардың бойына дарыта, адамгершілік, ізгілік рухында тәрбиелеу талабын шешілері сөзсіз.
Ұрпақ тәрбиесі – ұзақ және күрделі процесс. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсыны үздік тәрбиелеу жолына бағыштап отырған. Өйткені, ұрпақ тәрбиесін елдің әлеуметтік дамуы мен құрылысының келешегін айқындаушы негіз деп санаған. Сол үшін де тәрбиеленушілерге тәрбие беруде халқымыздың ғасырлар бойы сан мыңдаған сындарынан өтіп бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін негізге алуға- міндеттіміз.
Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы біздің ұлттық болашағымызды, халықтық қасиетімізді өзімізге де, өзгеге де жазбай танытатын асыл мұра, сол арқылы ата-бабаларымыздың тәрбиелік мирастары негізінде жас ұрпақты адамгершілікке, адал еңбек, өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасының, ауыл аймақ, Отанының намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеуге мүмкіндік туады.
Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық құрал болып табылады. Ертедегі көпке танымал педагогтардың педагогикалық мұраларына ден қойсақ, олардың үнемі халық педагогикасына сүйенгендерін аңғарамыз.
Жас жеткіншектерді патриоттыққа тәрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.
Адамгершілік қасиеттердің ішіндегі ерекше құндыларының бірі – ізеттілік, ал оның басты белгілері кішіпейілділік, қайырымдылық, адамжандылық болып саналады. Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне балалар түсінігіне сай қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық, ізгілік тәрізді қасиеттерді уағыздайтын даналық ой толғам өзек болған. «Кішіпейілділік – кісінің көркі», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» (Махмұд Қашғари), «Жақсыға қылған жақсылық өмірінде тозбайды, жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң – жақын көп», «Ұлық болсаң – кішік бол» т.б. мақал-мәтелдер сондай тұжырымдарға құрылған.
Сонымен қатар мақал-мәтелдерде халық жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, еңбекқорлық пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты, саналылық пен надандықты салыстыра сөз етеді. Адамгершілік жолына нұсқан келтіретін жамандық пен жауыздық қылықтарды батыл сынап, әшкерелеп, қалың жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез-құлықтарды үлгі өнеге етеді.
Балаларға адамгершілік тәрбие, білім беруде қазақ халқының эпос шығармашылығының да орны ерекше. Қазақ эпостарында еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, рулар мен тайпалардың өзара ізгілік қарым-қатынастары, әйелдерге, ақсақалдарға құрметпен қарау, адамгершілік, батылдық, балаларға қамқорлық, мейірбандық, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік т.б. жырланады.
Батырлар жырында («Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.) батырлардың басқыншыларға, билеуші-қанаушыларға қарсы ұлы ерліктері, турашыл мінезі, ержүректілігі, халқына шексіз берілгендігі, оның жолына өзін құрбан етуге өзірлігі тәрізді жеке басының асыл қасиеттері ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар гуманизм мен патриотизм, ерлік пен ізгілік, аға мен інінің қарым-қатынасы, батырлардың өзінің айналасындағы адамдарға қамқорлығы, бірлік пен татулық, ел мен елдің достығы т.б. сөз болады.
Батырлар жырындағы негізгі тақырып – отан сүйгіштік. Халық елін, жерін, халқын қорғайтын батырлардың бойына ең жоғары адамгершілік қасиеттер дарытып, қалың жұртшылыққа шебер таныта білген.
Ал лиро-эпостық жырларда көшпелі ауылдың тұрмыс-тіршілігі бейнеленіп, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары, дәстүрлері кеңірек сөз болады. Сонымен қатар жастардың бір-біріне деген ыстық сезімдері, өмір салтының қыспағындағы сүйіспеншілік үшін күрес әсерлі суреттеліп, қазақ қыз бен жігіттерінің бойындағы адалдық, сыйластық, ізеттілік, сертте тұрушылық, ата-анаға құрмет ерекше шабытпен жырланады.
Бұл айтылғандардың барлығы эпостық шығармалардың балалардың адамгершілік тәрбиесінде жетекші рөл атқаратындығын дәлелдейді.
Қазақтың көне ауыз әдебиетінің, арада талай ғасырлар өтсе де, ұрпақтан ұрпаққа тарап, ел зердесіне мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын есте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, көпшіліктің айрықша ілтипатына ие болып отырған түрі – шешендік сөздер. Олар халық ауызекі шығармашылығының басқа түрлері сияқты, оқиғаны баяндау, тапқырлыққа баулу, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндейді. Шешендік сөздердің аясы кең, негізгі арқауы – адамгершілік болғандықтан, қай заман талабына да сай келе беретін халық байлығы саналады.
Қазақ шешендік сөздері бата-тілекпен қатар өнеге-өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, жесір дауы, ер құны секілді дау-талаптарды, келіссөздерді қамтиды.
Халықтың жалақор, өзгені көре алмайтын күншілдерден жирендіріп, адамды жақсылыққа меңзейтін ізгі көңілін мына шешендік сөздерден аңғаруға болады:
«Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсыны жағасынан алдым дер».
Немесе:
«Қанша жуан болса да, жалғыз ағаш үй болмас.
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз адам би болмас».
Қазақтың шешендік сөздері жанры жағынан шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау болып жіктеледі. Шешендік арнау – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау – халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау – қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңы іспеттес.
Шешен адам – сол заманның айтушысы, білімпазы, парасатты жаны. Ондай жандар – ежелден жұртшылыққа белгілі Майқы би, Жиренше шешен, Аяз би, Асанқайғы, Қорқыт ата, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке мен Жәнібек, Сырым және олардың ізін басқан Абай, Шоқан, Ыбырай т.б.
Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ой менен сөз, мазмұнды пікірлер біздің халықтың алдыңғы байлығы болып келген.
Сонымен қатар халық ауызекі шығармашылығы ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Ол-жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы өмір-сүру әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген. Олар тектен-тек тумаған: өмірдің тыныс-тіршілігінен, қажетінен, күнделікті мүддесінен алынып, халқымыздың ой-парасатымен, бейнелі сөздерімен кестеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Қазақтың аса бай эпосы халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін білдіреді. Оның адамгершілік және әстетикалық тәрбие беруде, жас ұрпақты рухани жағынан байытып отыруда жырлаған тәлім-тәрбиелік идеялары-балаларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие береді, олардың музыкалық талғамын, ой-өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және оның шексіз шешендік мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады. Соның бір саласы - мақал-мәтелдер. Олар – халықтың көрген-білген, көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын қорытқан, сан ғасыр уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы. Өмірде үнемі қайталанатын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі-ертегі, қисса. Оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, өз халқына, Отанға, туып өскен жерге, оның табиғатына сүйіспеншілігі бейнеленген. Қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орын алатын мақал-мәтелдер-адамның бүкіл тыныс-тіршілігінен, әдет-ғұрыпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері. Мәселен:
Жақсы адам - елдің ырысы
Жақсы жер - жанның ырысы; - деп адам қасиетін білдірсе:
Бейнет түбі - зейнет
Еңбек етсең - емерсің, - деп еңбек туралы:
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы, - деп білім туралы,
Ер елін - Арым деп сыйлайды.
Ел ерін – Нарым деп сыйлайды, - деп ерлік туралы.
Бірлік болмай - тірлік болмас, - деп татулық-бірлікті
Әдепті бала - арлы бала
Әдепсіз бала - сорлы бала, - деп көргенділікті.
Мақал бойындағы тапқырлық пен өткірлік, бұлтартпас дәлдік қазақтың тәлім-тәрбиелік құрамы ғана емес – дауға да, жауға да тоқтам салған қаруы болған. Абайдың әкесі Құнанбайдың: «Ұтымды мақал кейде бір даудың түйінін шешеді, кейде бір жаудың тілін кеседі» деуі осыдан болса керек.
Ал мазақтамалар – халқымыздың балалар бойында кездесетін ұнамсыз қылықтарды дер кезінде мінеп-шенеп, түзетіп отыру үшін қолдаған қысқа сықақ өлеңдері.
Мәселен:
Жаман бала жантая кетеді,
Жұмсасаң шалқая кетеді.
Немесе:
Қомағай ішінен қағынады,
Тентек тісінен қағылады.
Мазақтамалар әдетте, балалардың өз аузымен айтылып, бірі екіншісінің кемшілігін осылайша сынап-мінеп, оның кемшілігін түзетуіне септігін тигізеді.
Сол сияқты жаңылтпаштар да бала тәрбиесінде өзіндік орын ерекше жанрлардың бірі. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Мәселен:
Қырық сырықтық
Құрық құрттық
Қырық құрықтық
Сырық қырықтық
Яғни, мұнда «қырық сырықтан жасалған қырық құрықты құртып алып едік, жаңадан қырық құрық болатын қырық сырық қырқып алдық», деген жылқышыға тән ой жатыр.
Сондай-ақ:
Қара майлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?- деген жаңылтпаш ауыл өмірінен алынған. Халық тәрбиесінде баланың ақыл-ойын дамытып, ой-өрісін кеңейту, тілін ширату үшін жұмбақтар кеңінен қолданылған. Онда өмірде кездесетін заттар мен кәсіп, тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, аспан денелері, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәресенің сол сипаты мен белгілері бойынша балалар оның шешуін табады. Мысалы, жұмбақ айтушы адам:
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі, десе, оны шешуші сыр-сипаты бойынша, оның қаңбақ екенін анық аңғарады.
Немесе:
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Жер түбіне жетеді, – десе, оның көк түсіне, көлбеңдеп ұшуына қарай түтін екенін аңғарады. Жұмбақ адамның зерделеу қабілетін жетілдіреді, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойшылдыққа үйретеді.
Ұлттық тәрбие жөнінде, сөз еткенде, қазақ халқының бұрың-соңғы даналары мен шешен-билерінің, ақын-жырауларының ұлағатты, аталы сөздеріне қалай жүгінсек, ағаштан түйін түйген, темірден түрлі құйма жасай білген зергер-ұсталары мен ұсынақты ата-әжелеріміздің қазақ топырағына тән бірегей қол өнеріне соқпай өту мүмкін емес. Киіз үйдің сүйегін (кереге, уық, шаңырақ, ер-әбзал, арба-шана) жасаудан тұскиіз, туырлық киіз (басқұр, тоқым киіз, алаша, текемет, кілем) тәрізді сан алуан қолөнер туындыларына дейін қолдан жасап, ұлттық киім-кешектердің бай да сәнді үлгілерін қалдыра білген ата-әжелер нашығын бала бойына ерте бастан сіңіру керек.
Біздің пікірімізше егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік деңгейге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір елбасына үйрету, санасын ояту тәрбиеші-тәрбиешідердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ, коғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның мәселелерін күрделендіріп отыр. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық сондай-ақ экологиялық, экономикалық, құқықтық кәсіби тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуді талап етеді. Қоғамның тарихи даму тәжірибесі бала тәрибесінің мәселелері үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің ұлттық, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр.
Қоғамның дамып, өркендеуiне адам ойы қандай қажет болса, табиғат пен оның байлығы сондай қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, жас ұрпақтың жеке басының дамуында әлеуметтiк орта маңызды орын алады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір тәрбиеші Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін тәрбиеленушілерге тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық мәселелерге аса зор мән берген жөн.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.с.
Сонымен, халық ауызекі шығармашылығының басқа түрлері сияқты, шешендік сөздердің негізгі арқауы – адамгершілік. Ал оны бүгінгі ұрпақ қажетіне жарата білу – бала тәрбиесімен айналысатын ұстаздың борышты ісі болмақ.
Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады.
«Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған», – деп М.Әуезов бекер айтпаған.
Қай топтағы жұмбақты алсақ та, олардың бәрі адамның логикалық ойын дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады.
Балаларды жан-жақты жетілген, адамгершілік мәдениеті жоғары азамат етіп өсіруде қазақ халқының айтыс өнері орасан зор рөл атқарады.
Айтыс – қазақ ауыз әдебиетінің аса мол дамыған дербес бір саласы. Ол ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген.
Халқымыз ертеден от тілді, орақ ауызды ақындарды құрметтеп, олардың айтыстарына үлкен мән беріп және айтыс өнерін балалар әдістемелік «Кәусар бұлақ», «Атамекен» бағдарламаларының мазмұны, олардың бала тәрбиесіндегі маңызы қарастырылмайды. Сонымен бірге балалар тәрбиесіндегі қазақ халық ауызекі шығармашылығының маңызына, оны пайдалану, тәрбиенің түрлі салаларына байланысты таңдап алу, оларды пайдалана отырып, тәрбиелік шараларды ұйымдастыру меселелеріне мән берілмейді.
Халық ауыз әдебиетіндегі ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш.
Жаңылтпаш – мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп балаларларына лайық шығарма. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, тәрбиешінің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы – жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.
Сауат ашу сабақтарында жаңылтпаштарды қолданудың маңызы төмендегі міндеттерді шешуге әкеледі:
әр дыбысты өту барысында оның акустика-артикуляциялық ерекшеліктерін ескере отырып дыбыстау;
тәрбиешінің түсіндірмесімен немесе сөздік жұмысын жүргізу нәтижесінде мағынасы айқындалған жаңа сөз, жаңа ұғымдармен баланың сөздік қорын молайту;
кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қылықтарын баяндайтын қысқа да нұсқа, нақты бейнелі ұтымды ұйқасқан сөздер мен сөз тіркестерінен құралған мәтін мазмұнының тәрбиелік мәні;
өлең, ұйқас, ырғақ, бунақ, буын жөнінде алғашқы түсініктер беру;
шапшандыққа, аңғарымпаздыққа, жиналыққа баулу;
есте сақтау қабілетін дамыту.
Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында сол дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды тәрбиеші балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту сәтінде қолдана білгені жөн.
Мысалы, «Аа» дыбысы мен әрпін таныстыру сабағында оқулықтағы суретке сәйкес жаңылтпштарды жаттатуға болады.
«Тт» дыбыс мен әрпін өткенде оқулықта таудың суреті беріледі: бұл жерде Тау дәу, дәу тау, бұлт-ау, тау бар, тау бар, тауда бау бар.
«Т» дыбысын дұрыс дыбыстату үшін: «Тас тостаған, тас тостаған ішіне Тас тостаған» деген жаңылтпашты үйретіп жіберуге де болады. Бала тіліндегі «Ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатыстырып айтуды түзеу үшін: Бос шатыр, Бос жатыр; Шүу жасау, Шапшаң шапсаң, бұрқырайды ақ шаң.
Шүу асау да құрық тисе, жуас ау деген сияқты жаңылтпаштарды жолын тауып жаттату артық емес.
Ал «З» дыбысын өткенде Қаз – маңғаз деген жаңылтпашты, «Ө» дыбысын өткенде «Өркеш» мәтінін оқу барысында ботаның қасиеттерін ашу үшін:
Шуақтаған ботамды
Суға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым.
Суға малдым,
Судан алдым деп келетін жаңылтпаштардың маңызы ерекше.
Балалар жаңылтпаштар мазмұнын жаттап қана қоймай, жаза біледі. Осы арайда А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» деген өлеңі
Сарбас маубас
Сарбас маубас
Жата-жата
Жауыр жамбас – деген жаңылтпаш мәтінімен мазмұндас келеді, Ө.Тұрманжановтың «Бір қазан сүт» ертегісінде құстарды түр-түрімен таныстыру мақсатында:
Қырғи қызыл етті қылғи-қылғи
Құғынып алды
Қырғи қылғи-қылғи
Құмығып қалды деген жаңылтпаштарды қолдануға болады.
Ал «Кім неден күшті?» ертегісінде
Құжырыдан
Құжынаған
«Құмырсқа шықты, жұмысқа асықты» - деген жаңылтпаш мәтінін жаттату әбден лайық. Тақырыпқа бағытталған осындай жаңылтпаштармен әрбір сабақ қиыстырылып өтіліп жатса сабақ сапасы артпақ.
Тәрбиелегі басты мәселе балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесінде өзіндік баға беруі тиіс.
Балалардың танымдық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын сезінуге тәрбиелеу көзделеді.
Мектеп алды даярлық топтарында білімді игеруге қажетті дағдылардың дамуын қалыптастыруымен бірге балалардың өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.
Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аударылады.
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімді. Ол үшін тәрбиеленушінің мәдени құндылықтары игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, бүгінгі өмірде өмір сүруге білуге бейімделуіне, тұлға аралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие сағаттарында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да пайдалану тиімді.
Адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе үнемі баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуге баулу көзделеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және түрлі суреттерді орынды қолдана білу қажет.
Сонымен қатар балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастыру абзал. Ол үшін баланың мінез-құлқын және отбасы мүшелерінің көңіл-күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала дайындаған жөн.
Балаларды айналамен, табиғатпен қарым-қатынас орнатуға баули отырып, оларды өзін-өзі құрметтей және бағалай білуге баулудың мәні зор. Өйткені өзгелерді және өзін құрметтеу арқылы жауапкершілікті сезінеді. Ал бұл қасиеттер дамымаса, балалар өсе келе түрлі қиыншылықтарға тап келіп, келеңсіз жағдайларға ұрынуы мүмкін.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар – Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние, әлеммен біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынып, оны тәрбиеші солай қабылдауы шарт. Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл-күйін реттей білуге баулудың жолдары қарастырылады.
Рухани адамгершілік тәрбиесін тәрбиеші қалай іске асыруы тиіс? Деген орынды сұрақ туады. Тәрбиешінің шеберлігі – баланың талап тілегіне қолдау танытуға байланысты. Балалар үнемі жағынан сергек, еркін сезінуі тиіс. Олардың бір-бірімен түсіністік, достық, танымдық ізденісте болуы әр баланың дамуына ықпал етеді.
Балалардың табиғатқа құндылық қатынасты дамытуға болады. Онда адамның табиғатпен байланысы, «табиғатқа жанды объект» деп қарау, табиғаттың адам денсаулығына дауа болатынын түсіну, адамның табиғатты «көре» және «ести алу» қабілетін дамыту, табиғат сұлулығын сезіну, табиғаттағы түрлі-түсті бояулар үйлесімдігін көру тәрізді тақырыптарды тәрбие үрдісінде қолданудың тиімділігі зор.
Өркениетті елдегі адамдар өмірі мен табиғаттағы тіршіліктің арасындағы байланысты және онан туындайтын экологиялық мәселелер жайлы балаларға түсінік беріп, күнделікті өмірде айналаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосуға тәрбиелеу көзделеді. Әр адамның табиғатты аялауы, оны сақтай білуі, қорғауы, табиғат байлығын арттырудың маңыздылығын балалар санасына сіңіру іске асырылады. Адам өмірі табиғатпен біртұтас екені түсіндіріледі.
Кіші жастағы балалар алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды. Тәрбиеші балалардың қарым-қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез-құлқының қалай қалыптаса бастағанын анықтайды, бала бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жеке жұмыс жүргізеді. Әсіресе, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды.
Балалардың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз қажет.Ол үшін баланың айналасында соған қолайлы жағдайлар жасалуы шарт, мысалы:
а) бала ұстаған заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;
ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;
б) тәрбиешінің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі және т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
в) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы.
Халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі. Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі қиял дүниесінен туған ғажайып ертегілер, батырлар жырлары, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындар-бәрі халықтық мол байлық.
Сондықтан, осы мол байлықтың қайнар бұлағынан жас жеткіншектерді сусындату, оның педагогикалық дидактикалық тәрбиелік міндеттерін ұстаздар оқу-тәрбие процесінде орайластыра кеңінен пайдалана білу керек.
Себебі жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерімен мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі-тәрбиеші.
Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйреніп, бала бойына сіңіріп отырған. Өз халқының келешегіне үңілген педагог ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің хрестоматиясына татар молдаларының насихаттарын енгізбей: «Олар басымызды құмға толтырады, тілімізді шұбарлайды» -деп халық ауыз әдебиетінің әңгімелерін енгізді.
Жазба әдебиетінің негізін салушы классик ақын А.Құнанбаев қазақ әдебиетінің асыл қазынасы мақал-мәтелдерді зерттеп, келешек ұрпаққа құнды пікір айтты. Ол отыз үшінші, отыз алтыншы қара сөздерінде мақалдардың тәрбиелік мәніне терең тоқталды. Ал ол отыз жетінші қарасөзінде: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болса, бала мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» – деп тәрбие басында яғни, ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану барысында үлгілі қасиеттер арқылы шәкірт бойындағы барлық жағымсыз әдеттерден айыртуға болатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеуін, қиялын байқау үшін өздерінің білетін ертегілерін әңгімелету немесе сұрақ-жауап арқылы шәкірттің тіл байлығы қай дәрежеде екенін байқауға болады. Жұмбақ балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі. Мысалы: үй жануарлары тақырыбында:
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Немесе:
Екі айнасы бар, екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір сыбыртқысы бар, т.б.
Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты танытуға құштар етеді. Мысалы:
Бір дегенің-білеу
Екі дегенің-егеу
Үш дегенің-үскі
Төрт дегенің-төсек
Бес дегенің-бесік
Ертегілерді қуыршақтарды ойнату арқылы да бауырмалдық пен сезімталдылыққа тәрбиелеуге болады. Қуыршақ тек ойын құралы емес, бала ойынының бір мүшесі, бала қуанышының қайнар көзі.
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға тәрбиелейді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті арқылы балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа және туған жердің байлығын, еңбек ардагерлерін, жерлес батырларды құрметтеуге тәрбиелейді.
Тәрбиеші мына мақсаттар бойынша жұмыс істейді: Балалардың ой-өрісін, білім деңгейін көтеру. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге үйрету.
Математика сабағында халықтық санамақтарды жиі пайдаланады.
Бір дегенің-бөрік,
Кисем бойға көрік.
Екі дегенім-етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенің-ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенің-тұмақ,
Қыста кисең жылы-ақ.
Бес дегенім-байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Алты дегенім-алқа,
Мойныңа тақ, ал да
Жеті дегенім-жейде,
Кір болмасын кейде.
Сегіз дегенім-сенсең,
Тонның жылысы сенсең.
Тоғыз дегенім-телпек,
Болма бала тентек.
Он дегенің-оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
Тәрбиешінің басты мақсаты-бес санын танытып қана қоймай балаларды жат қылық жасамай, адалдыққа, дінді қадірлеуге тәрбиелеу.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің ілкі бастауы, түп төркіндері-сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Халық ұғымында адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік-адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары. Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын халыққа тигізер пайдасына қарай бағалайды.
Адамым көп деп топтанба,
Малым көп деп мақтанба,
Білгішсініп сұқтанба.
Бәрімізден де зор бар,
Мың асқанға-бір тосқан.
Ал қарны тойса, «құдайын» ұмытып, кешегі досын бүгін танымайтындар туралы халық:
Тасыма, жігіт, тасыма,
Тасыған жетер басыңа
Ителгідей томсарсаң,
Кім келеді қасыңа?
Күшігіндей солқылдап,
Күлгенің не досыңа? - деп басу айтып, сабасына түсуге кеңес береді.
Қазақша қонақ дастарханға ризалық білдіріп, үй иесіне игі тілек тілеу-ежелгі тұрмыс-салтымен байланысты жақсы дәстүр.
Бөршіл, бөршіл, бөршіл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол...
Тәңір берген нәсібең,
Тепкілесе кетпесін.- деп түйдектете келіп, «Балаң көп болсын, тұрмысың жақсы, бақытың баянды болсын» - дегендей жақсы ниет білдіріп отырған.
Халық ауызекі шығармашылығының аса бір қызықты саласы – қазақ халқының ауызша есептері математиканы оқытудың қажетті, әрі мазмұнды құралы болып табылады. Оларда халықтың әр дәуірдегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, кәсіби еңбегі, дүниетанымы, болашаққа деген сенімі, есепке жүйріктігі, ақыл-ойының ұшқырлығы айқын бейнеленген. Ауызша есептер аса қарапайымдылығымен, логикалық шымырлығымен, математикалық ойды өмірмен байланыстыру шеберлігімен, қысқа да бейнелі тілінің түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады.
Қысқа да, тұжырымды қазақ халқының ауызша есептері балалардың дүниетанымын байытады, есепке деген құштарлығын арттырады, танымдық қабілеттерін дамытады, ой-өрісін кеңейтеді. Әртүрлі тақырыптағы есептер арқылы балалар халықтың тұрмыс-тіршілігінен, іс-тәжірибесінен нақты түсінік алып, халқымыздың кәсіби еңбегімен танысады. Мұның өзі олардың еңбекке бейімділіктерін, халықтық дәстүрге сыйлы қатынастарын тәрбиелейді.
Есептерді математикалық сайыстарда және үйірме отырыстарында пайдалануға болады.
Шамалардың өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыратын жаңылтпаштар:
Бес мыс теңге,
Бес мыс теңге,
Бес мың күміс теңге.
Бір түп тұт,
Бір тұп тұтта,
Бір пұт тұт, т.б.
Мұндай жаңылтпаштар математиканы оқытуда бала тілін ширатудың құралы бола отырып, балаларға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді, сонымен бірге оларды айналасындағы әсем көріністермен таныстырады, сөздің мағынасына, мәнерлігіне көңіл аударуға жетелейді.
Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде балалар түсінігіне сай қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, ізгілік мазмұнда берілген бай мұра сақталған. Сондықтан біз «Ойшылдар отауы» атты тәрбие жұмысының жоспарында қазақ халқының мақал-мәтелдері нақты тақырыптар аясында қамтылып, түрлі жұмыс формалары арқылы жүзеге асады.Оларға:
«Білгенге маржан»- сыныптан тыс сабақ, «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», т.б. әңгіме сағаттары, «Ертегілер еліне саяхат», «Мақал-мәтелдер отауы» тәрбие сағаттары, «Мақал-сөздің мәйегі» білім сайыстары, «Мейірімділік - жүректен, мейрімсіздік - білектен», «Балбөбек»қайырымдылық акциясы және т.б. шаралар ұйымдастырылып өткізуге болады. «Атадан қалған асыл сөз», «Анаға қарап, қыз өсер, әкеге қарап, ұл өсер», «Адамның асқан сұлулығы - адамгершілік» тәрбие сағаттары, «Ерлік-ел мұраты» мерекелік кеші, «Күш-білімде» ата-аналардың қатысуымен өткен кеш, «Еңбек - ер атандырады» оқу-еңбек айлығы қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттерді: мейірімділікті, кеңпейілділікті, сөзге беріктікті.т.б. балалардың бойына сіңіруге мүмкіндік берді. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» танымдық дәрісі, «Үлкенге-сый, кішіге-құрмет көрсет» әңгімесі, «Сабырлылық салты», «Сөз басы-сәлем», «Сыйға-сый» тәрбие сағаттары, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен» кеші, «Қатыгездік қайдан шығады?» пікірталасы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әділеттілікті биік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйретуге, ұлтымыздың интеллектуальдық күшін нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтауға, олардың қабілетін дамытуға жан- жақты жағдай жасауға бағытталды.
Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.
Ұлттық ойындардың педагогикалық– психологиялық мәні
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің тәрбиешілеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Елбасымыз болашақ, ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, - деген болатын.
Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халықтық педагогиканы жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.
Еліміздің ертеңі бүгінгі бүлдіршіндер екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады. Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тілінде сөйлеп және ойлай алмайтын ұрпақтың өз ұлтына деген құрметі ешқашанда болмақ емес.
Халқымыздың ұлттық санасының егемендік алып жатқан ұлттық және халықтық мәдениеті жоғары адамзаттарды тәрбиелеу бүгінгі қоғам алдында тұрған жан-жақты мәселе болып отыр. Біздің пікірімізше қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне байланысты халқымыздың ежелден қалыптасып тәрбие дәстүрі халықтық педагогиканың үлгілерін насихаттауда және дамытуда көп болып қолға алынатын ізетті мәселелердің бірі болып отыр. Ең алдымен оқу-тәрбие процесінде, халықтық педагогиканың озық түрлерін кеңінен пайдаланып отыруымыз қажет.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйеде жас буын жадына сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп бұрыштары нәсихаттап, ал жұмбақтармен айтыстарды ақыл ой тәрбиесі өлең, жыр дастандарда эстетикалық тәрбие негізі, принциптері, ал ертегілер халық тәрбиесіне сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланған.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға үлкеннен кішіге мұра болып, жасалып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық мәдени көрінісі те болған. Ойын тек көңіл көтерумен ермек үшін ғана жасалмаған, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік дамуының төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орындары болмаған кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден бір тәжірбиелер іс-әрекет қызметін атқарады. Адамгершілік іс-әрекет, әдеп- ғұрыпқа баулуда белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының болуы, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес дене ақыл-ой жағынанда дамуына тамаша мүмкіндіктер туғызады, қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және т.б. педагогтарының және ағартушы мұраларын және халықтық тәрбие дәстүрін жан-жақты жүйелеп жинақтау нәтижесінде халықтық педаггиканың сарқылмас қайнар көзінен сусындай отырып кейінгі ұрпаққа қалдырған болатын.
Балабақша табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап балалардың қоғамдық өмірімен, жаңа ортадағы өздерінің міндеттерін, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстыру арқылы олардың жауапкершілігін арттыруда, сабақтарды байланыстыра отырып оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалануды жүзеге асыру керек.
Әрбір ұстаз осындай ғылыми еңбектері мен таныс болып, оларды өз қажеттіліктеріне жаратып, жас ұрпаққа сапалы біліммен сапалы тәрбие беруге пайдаланып отыруға қоғам алдында борышты.
Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштың өтірік өлең мен ертегі, дастандар және лиро-эпостык, жырлар-балаларды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, жамандық пен жақсыны, шындық пен өтірікті айыра білуге, батырлық пен батылдыққа тәрбиелейді.
Осылай балалардың ынтасын және танымдық қызығушылығын арттырып, олардың өз бетінше ізденуіне жол ашу.
Қазақтың «тектілік» деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар жатыр. «Текті» деп білім қуып, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды-инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз.
Ал «текті» ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін тәрбиемен қоса, алғашқы тәрбие балабақшада басталады.
Әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы шарт.Оларға:
1. Ана тіліміздің ерекшелігін ескеріп, сонау ақын-жазушыларымыздың «тіл» жайлы айтылған нақыл сөздерін, өлеңдерін пайдалана отырып, ұрпақ бойына тілімізге деген құрметті қалыптастыру.
2. Сабақ барысында ұлттык, ойындарды (қыз қуу, көкпар, теңге алу, бәйге, алтын сақа) түрлі әдістермен ыңғайына қарай қолдану. Бұл балалардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын оятады.
3. Мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру. Сабақ барысында балаларды қатар бойынша бөліп сергіту сәті ретінде пайдалану. Бұл баланың сөздік қорын молайтады, әрі есте сақтау қабілетін арттырады.
4. Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде бала бойына рухани мәдениетті қалыптастыру.
5.Салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
6. Ұлттық дәстүр арқылы дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлға бойына дарыту.
Белгілі жазушы, педагогика ғылымдарының докторы С.Ғаббасов: «"Халық педагогикасы - дегеніміз, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім» деген болатын.
Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа қажетті қасиеттерді жинақтаған тәжірибе. Оның мақсаты ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін, өнегелі азамат, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін ұрпаққа жеткізу әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты, бағдарламасы болуы шарт.
Адамгершілік, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, сөз қадірін білу сынды қазаққа тән қасиеттерді бала бойына сіңіруді бастауыш сыныптан бастаған абзал. Халқым «баланы жастан» деп тегін айтпаса керек. Бала күнінде қалыптасқан дағдысы келешекте жемісін берері анық.
Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәрбиелі ұрпақ, қалыптастырудың бірден-бір жолы - халықтық, педагогиканың асыл қазынасы. Халық педагогикасының мәні - еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыту. Салт-дәстүр әрбір ұлттың ұрпақ, тәрбиесінен, тіршілігінен көрініс береді. Осы дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып және сол қоғамға сай жаңарып отыруы шарт. Сонда ғана ол өз мәнін жоғалтпайды. «Халқым қандай десең, салтынан сынап біл» деген екен. Ұлттың салт-дәстүрі арқылы сол ұлттың менталитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен даралығынан хабардар етіп тұрады.
Қазақ халқы материалдық мұралар мен қоса, мәдени қазыналарға бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындар жатады. Болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасалуына, ата-бабамыздың психологиялық болмысымен ойлау жүйелеріне зер салуына өткенімен бүгінгісін байланыстыра білуіне, сөйтіп мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.
Ойындарға зер салып ой жүгіртіп қарар болсақ, үлкен де мәнді, мағыналы істер туындайтынын байқаймыз.
Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғаса отырып, халықтың көне дәстүрлері шаруашылық мәдени өмір тіршілігінің жиынтық бейнесі де болған.
Әрине өнер ретінде әдебиетпен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып бірін-бірі толықтыра байыта түседі. Ойын бар өнердің бастауы, көне әдебиет пен пайда болып, халықтың игілігіне сөйтіп, бүгінгі ұрпақтың ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі.
Ойын халық қиялының ой құбылысының көрінісі нәтижесінде дүниені танып білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келген, халықтың әлеуметтік экономикалық айнасы.
М.О. Әуезов «біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері менің түсінуімше көңіл көтере жұрттың көзін қуанту көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болған» - дейді. Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек.
Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лиро эпостарын алып қарасақ, оның өне бойынан ұлттық ойындарының әдет-ғұрыптарының, салттарының алуан түрін кездестіреміз.
Негізгі кейіпкерлер-халқының ел қорғаушы батыры, жауынгер халық қайраткері екені ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің табиғи дарынын шыңдай түседі.
Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды. «Естіп, көріп, ұстап жатып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды ажырата алса, көргені көп адам білімді болады» - дейді Абай Құнанбаев.
Бір жастан жеті жасқа дейінгі балаларды халқымыз нәресте немесе ойын баласы деп атаған. Халық неше алуан ойынды туығызып қоймай оны іс жүзінде қолданып, ойынның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білген.
«Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, бала тәрбиесіне тілек етті.
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеде ақыл оймайды - деген өлең жолдары да осының дәлелі. «Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, сонсоң ауырып қалды – ау» деген қорытынды жасап халқымыз ойынның бала денсаулығына да әсерін бағалаған.
Ойын-баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірге ұштасады. Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын, мол тәжірбиесін өлеңге, әнге қоса айту арқылы баланың ой ықыласын өздеріне тез баулып алуға болатын әдіс айлалар қолданғанын білеміз. Бала әр түрлі ойындар арқылы күнделікті өмірді тануға үйренсе ұйқасты тіркестер олардың өлеңге деген құштарлығын оятады,тіл байлығын дамытады. Жастайынан әнмен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала есейе келе өздігінен көңіл білдіруге талпынады. Өмір мектебін ертерек таныстыруға себепші болатын осындай өлең жырлардың бәрі де баланың ішкі дүниесімен сезінуі арқылы оларды үнемі жақсылыққа саналы ойлауға талпынтады.
Тәрбиеленушінің білімінің сапалы болуы оқу жүйесінде әр сабақтың ішкі мүмкіндіктерінде оларды ұлтық дәстүрмен ұштастырып балаларды шығармашылық жұмыс істеуге білім, білік, дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты. Қандай сабақ болмасын тәрбиеші балаларды ізденіске баулуы керек. Осыны жүзеге асырудың бірден-бір ұтымды жолы тәрбие процесінде ұлттық ойындардың түрлерін пайдалану. Мысалы: «Орамал тастау», «Сақина салу», «Жамбы ату», «Ақ серек». Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың жемісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын тапсырмалар ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына байсалдық, тапқырлық, шыншылдық және тағы басқа қасиеттерді сіңіру қалыптастыру басты нысана. Білім мен тәрбие егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен.
Елбасымыз «болашақ, ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз», - деген болатын.
Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халықтық педагогиканы жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.
Еліміздің ұлттық саясатының басты бағдарларының бірі - ана тілінде таза сөйлеп, ұлт тарихын, мәдениетін құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Осы мақсатта жалпы білім беретін орта мектептерде ана тілін ойындар арқылы балаларлардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру - бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі, оқыту үрдісінде тиімді қолданылған ойындар балалардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл-маржандарын түсінуіне жағдай жасайды.
Ғалым оқулықтарын құрастырған кезде теорияның тәжірибемен байланысы ұстанымын басшылыққа алған. А.Байтұрсынов тәрбиеленушінің меңгерген білімін тәжірибеде орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін тілдік материалдарды үш кезеңде үғындыру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударған.
Бірінші кезеңде тіл білімінің сыртқы болмысын таныту жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиеші түрлі әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана отырып тіл заңдылықтары мен ережелерінің болмысын меңгертеді.
Екінші кезеңде балалардың тәжірибеде өз білімін қолдана алу дағдылары мен біліктерін, білімдерін бекіту үшін «Сынау» және «Дағдыландыру» жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің мағыналары қандай, олар сөйлемде қалай орналасады, бір-бірімен қалай тіркеседі, сөйтіп тіл білімінің заңдылықтары тәжірибе жүзінде танытылады.
Үшінші кезеңде балаларды шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін ойындар қолданылады. Бұл ойындарды қолданудағы басты мақсаты – тәрбиеленушінің жаңа білім жөнінде түсінігін қалыптастыру, білімін жетілдіру, баланың тіл ережелерін өздігінен ізденіп қолдануға үйрету. Ойындарда балалардың жас шығармашылық қабілетін дамытатын тапсырмалар беріледі.
А.Байтұрсыновтың тілдік материалды меңгеру кезеңіндегі балалардың ойлау қабілеттерін эмпирикалық ойлау (1 кезең), теориялық ойлау (II кезең), шығармашылық ойлау (III кезең) деп қарастыруы - балаларға білімді игертудің ұтымды жолы. Ғалымның әдістемелік жаңалығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту жөнінде айтқан ой-пікірлері орта ғасырлық ғалымдар Әбу Насыр әл-Фараби және Әбуғали ибн Синаның, пікірлерімен ұштасады. Бұл ұрпақтар жалғастығын, сабақтастығын көрсетсе керек. Әл-Фараби «Рухани негіз түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу, үйрету нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді. Көңіл қалауы болмақ» десе, Әбуғали ибн Сина тәрбиеленушінің сабаққа қызығуы басым болса, оның білімінің нашар болмайтынын айқындап, өз пікірін былайша тұжырымдаған: «... егер ұжымда бала тәрбиеленсе, онда ол жалықпайды, сабаққа ынтасы мен қызығуы пайда болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады». Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Оқу басында қиын болса, балалар суға (ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады» деген пайымдауы сол ғұлама көзқарастарымен орайлас келеді.
Бұл пікірден ғалымның сабақта ойындарды тәрбиеленушілерге жаңа материалды толық меңгерту үшін ғана емес, олардың сабаққа қызығуын арттыру мақсатында қолданғанын көреміз.
А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы «дидактикалық ойындар» деген термин қолданылып аты аталмаса да, сабаққа балалардың, ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен қолданған. Мәселен, «Қате оқыған жақ қайта оқиды» атты ойыны.
«Алтын бала одақтасып ат бақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты.
Алты асық алды
Назарлар асықсыз қалды..
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы 8 сөзді 8 баладан одақтасып бәске оқиды. Бәстері қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала басынан бір сөйлемнен оқиды. Бірі қателессе, қатесі одағының бәріне жұғады. Қателескен жақтан біреуі бөтен мақаланы қатесіз оқып шықса, одақтастарының қатесінің бәрін жуады».
Бұған қарағанда А.Байтұрсынов ойындарды балалардың сауатын арттыруда, олардың орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған.
Сондай-ақ, ғалым ойындардың басқа түрлерін арнайы «Ойнаңдар, ойлаңдар!» деп тапсырма түрінде берген.
«Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болған?».
«Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолдан үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?».
Осы тапсырмалар секілді оқулықта көптеген ойындар қамтылған. Ойындар балалардың, білімді дұрыс меңгеруге, тәжірибеде орынды қолдануға біліктерін қалыптастырады, жетілдіреді. «Қате оқыған жақ қайта оқиды» деген ойында балалар сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемді қатесіз оқуға дағдыланады. Ойынның, шартын өзгерту арқылы тапсырма мақсатын да өзгертуге болады. Бұл өтілген тақырыпқа, қандай іскерлік біліктерді қалыптастыру деңгейіне байланысты. «Қате оқыған жақ қайта оқиды» деген ойынның тақырыбын, ойынның мақсатын «Сөз мағынасын дұрыс тап», «Мәндес сөздерді кім көп табады» деп сабақта өтілген жаңа материалға қарай өзгертуге болады. Қорыта келгенде, А.Байтұрсынов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тұңғыш дидактикалық ойындарды қолдану негіздерін көрсетіп, сара жол салып кеткен ғалым.
Балалардың қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.
Сонымен педагог-ғалымдар мен психологтар зерттеулеріне талдау ойынның баланы оқыту, тәрбиелеу және дамыту ісінде ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуге қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның – негізі, жалпы психологиялық мәні де осында.
Этнопедагогикалық әдебиеттерде ұлттық ойындардың педагогикалық мәні былай анықталады: «ұлттық ойындар баланың ақыл-ойын, тілін ұштап, дүниетанымын, ұлттық сезімін, еңбекке дұрыс көзқарасын, көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастырып, жетілдіреді, әсемдік әлемінің сырын ұқтырады. ендеше бұл ойындар оқытуға арналған.
Бала ерте жастан-ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым-қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет-сапалары туралы мағлұмат алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін ойындар пайдаланады.
Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты – баланы тәрбиелеу, оқыту, олардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ал мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Ұлттық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балаларды еш зорламай, өздерінің қалауы бойынша ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге ұлттық ойындар өзара сайыстыру мүмкіндігін туғызып, тәрбиеленушілерге білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Ойынның оқыту үрдісіндегі ерекше рөлі ерте кезден белгілі. Ұлы педагогтер мен ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған және өз жұмыстарында тиімді пайдалана білген. Ойын кезінде адамның толық және ойламаған жерден қабілеті ашылады.
Бала өмірге келе салысымен ойын арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен танысады және сол арқылы дамиды, өседі. Ана тілі сабақтарында тәрбиеленушінің ақыл-ойын, танымдық процестерін жетілдіру және сабаққа деген қызығуын арттыруда ойынның рөлі зор. Ол сабақтың сапасын арттырады және балалардың белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Ойын кезінде барлық балалар бірдей, өйткені, барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған тәрбиеленушінің ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол балалар өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Балалармен әр түрлі ойындар ойнауға болады. Кейбір ойындар тілді жаттықтыру үшін қолданылады, ал енді біреуі арнайы бір жағдаятқа негізделіп келеді және ол бір драмалық шығармаға ұқсайды, өйткені, оның өзінің ой желісі, соған қатысты кейіпкерлері болады. Егер жағдаят балалардың өмірімен байланысты болса, онда олардың қызығуы артады, бір-бірімен сайысқа түсіп эмоционалдық көңіл күйге жағдай туады. Ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін балалар тек қана сөзді ғана қолданып қоймай, сонымен қатар мимика, жест түрлерін де қолдана алады. Сонымен ойын келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік тудырады:
- балаларды психологиялық жағынан дайындауға;
- тілдік материалды бірнеше рет қайталауға;
- тәрбиеленушінің белсенділігін арттыруға
- балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, ұйымшылдығын дамытуға;
- тез және дұрыс жауап беруге;
- сабақты қызықты өткізуге.
Ойынның біз білетін бірнеше түрі бар: грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, орфографиялық.
Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: балалардың дайындығына, меңгерілетін материалға, сабақтың мақсатына. Лексикалық ойындарды сабақтың басында болмаса аяғында, фонетикалык, ойындарды сабақтың басында, грамматикалық ойындардың көбін жаңа тақырыпты өткен кезде қолдануға болады. Ойынның нәтижесіне жету тәрбиешіге байланысты. Тәрбиешінің балаларға деген сенімі, оларға деген көзқарасы дұрыс болса, олар тек ойынды ғана емес, басқа да жағдайларда өздерін көрсете алады.
Сонымен бұрынғы және кейінгі психологтардың пікіріне сүйенсек ойын бала ойының іс – әрекетін дамыту, қарым-қатынас орната білу, салыстыра білу, объективті түрде білім алу жалпы бала дамуының басты факторы болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары халық педагогикасының ұлттық азығы болып табылады. Бұрындары халық ойындары халықтың өмір сүру тәртібі дәстүрі, батырлығы, еркіндігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жеңіске деген құлшынысы байқалып тұрған.
Халықтық шығармалар әсіресе Ы.Алтынсаринді және А.Құнанбаевты қызықтырды. Олар халық тәрбиесіне көп мән беріп, сенді. Олар өздерінің сенімдерін халқына деген сүйіспеншілігімен білдірді.
Өзінің іс-тәжірибесінде Ы.Алтынсарин халықтың ертегілерін, мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын көп келтірген. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінде жас ұрпақты қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарау, адаммен дұрыс қарым – қатынас орнатуға, тәрбиелік мағынасы терең халық мақал – мәтелдері көптеп қолданылған. Мысалға, «Еңбексіз бақыт болмайды», «Ерте тұрған адамның бір ісі артық», “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» т.б. Ы.Алтынсариннің ойынша балаға білім мен тәрбие беруде халық шығармаларын пайдалану баланы ұлттық дәстүрді толық меңгеруге, адам ойын және іс -әрекетін дұрыс қабылдауға, адамгершілік қасиеттерді бойына түйіп, әдемілікті сезіне білулеріне көмектеседі. Қазақ баласы қоршаған ортасын ғылыми тұрғыдан танып білмегенімен, олар жасынан қоршаған ортаны жетік танып, жерді бағдарлай білген, атпен жақсы жүрген, саятшылыққа шыққан, ақын айтыскерлердің әндерін естіп, ертегі тыңдап өскен. Қазақ баласы жастайынан мақал-мәтел жаттап, ертегі тыңдап, жұмбақ шешіп, ұлттық ойындарды ойнап өскен.
Қазақтың ұлттық ойындарын Абай жоғары бағалап, жақсы көрген. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында мынадай жолдар берілген. «Қысқы күндері Абай Макишев Исмагұл, Марқабай және Көрпебайды тоғызқомалақты ойнау үшін оларды апталап қонақ болуларын талап ететін.Абайдың өзі де ортасы да мықты ойыншылардың бірі болатын. Олар ойынды аса қызығушылықпен таңертеңгі астан түске дейін үзбей ойнайтын. Сары сүйекшеден жасалған жылтыр шариктер тақта тесігіне бірінен соң бірі түсіп жататын. Көп шариктің ішінен 9 шарикті қалай тез тауып алатынын түсіну қиын болатын. Бірінші үйреншікті 3-4 жүрістен кейін, бір-бірінен үлкен мес шариктерді алатын. Міне олар тұздықты алатын кезге де жетті».
Ұлттық ойындар әсіресе Абай аулының той-томалақтарында ұйымдастырылатын. Ақсақалдар тойдың қызығын тамашалап, таң қалудан жалықпайтын. Бұл ойындарға көбінесе жас өспірімдер мен балалар қатысатын.
20 ғасырдан бастап қазақ фольклорының материалдары этнографиялық экспедицияларда этнографтардың, өнер адамдарының, фольклорлардың зертеулерінде зерттеліп, баспа беттеріне басылып, радио және теледидардан беріле бастады. Онда ұлттық ойындар тәрбиелеу құралы ретінде қарастырылды. Осылай қазақтың ұлттық шығармалары дами түсті.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын білім беруде және тәрбиелеуде көрсеткен ғалымдар Н.Құлжанова және М.Жұмабаев. Н.Құлжанованың пікірінше ойын жүгіріс, секіру, әңгіме және бала күлкісі біз бұған әрқашан мән бере бермейміз, бірақ ол бала дамуына зор септігін тигізеді.
М.Жұмабаев «бала қозғалыссыз өмір сүрмек емес, өйткені бала ойынсыз әрекет ете алмайды». Ойын барысында баланың қиялы дамиды, жауапкершілігі, құлшынысы артады. Сондықтан ойынды бала тілін дамытуда қолданған жөн. Ойынның шартын дұрыс құрып,оны балаларға қысқа әрі нақты түсіндіру жеткілікті. Балаларға көргендерін, естігендерін жеткізу қызықты. Ойын бала ойында жаңа бір суретті бейнелеп,өзінің тілін дамытуға ықпал етеді. Ойын барысында баланың рөлін дамыту үшін тәрбиеші баламен бірге болуы керек. Сонымен қатар ойын барысында тәрбиеші балалармен арадағы ара қашықтықты сақтай білуі керек. М.Жұмабаев қазақ халқының этнопедагогикасын қоса қарастыруды ұсынады. Оның «Педагогика» еңбегінде халықтық тәлім – тәрбиеге арналған мақал – мәтелдер берілген. Мысалы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ұрлық түбі – қорлық» т.б. Сонымен қатар қазақ халқының эпостары, ертегілері шебер берілген.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік жағы қазақ ақындары еңбектерінде айтылған. І.Жансүгіровтың айтуынша қызықты ойындарды яғни санамақтарды бала сөйлей бастағаннан бастап мектеп жасына дейін бала жаттап, өздері құрап айтуының өзі ұлттық ойындардың бастамасы.
М.Әуезовтың айтуынша қазақ халқында бұрыннан бері қызықты, көңілді ойындар қолданысқа ие. Ойын тек баланың білімін дамыту емес, сонымен қатар ойын арқылы сергітіп, демалдыру.
Қазақ ауыз әдебиетін жоғары бағалап, қазақ халқының ұлттық ойындарын, қазақ халқының театрын көре білгендердің бірі С.Мұқанов. Ол бұларға ойын - өлең «Бадик» ойын – сауықта жүргізілетін ат жарыс, жастар ойындарын, ақындар айтысын халық күлдіргілерін жатқызды.
Ұлттық тәрбиенің көзі деп академик Т.Тажібаев қазақ фольклорының музыкасын, өмірін, ұлттық ойындарын атады. Спорттық ойындарды ол көбінесе физикалық тәрбие беруде қолданды. Оның ойынша спорттық және атпен ойналатын ойындар ерлерге әскери қатал мінез, күштерін жетілдіруге, өздерін қозғалыста ұстауға, қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелейді. Жауға шығатын жігітке осының бәрі қажет деп есептеді. Ат және спорт ойындары: бәйге, аударыспақ, тізгінге таласу, қыз қуу, бүркіт салу, тазы жүгірту теңге алу т.б. жатады. Спорт ойындарына: күрес, жүгіріп жарысу, арқан тартыс, садақ ату, ақ сүйек, қаппен жүгіру, соқыртеке т.б. Ақын жігіттерден атпен жақсы жүруді талап етті. Бұған балаларды жастайынан баулыған, ал бала 3 жасқа келгенде той жасап, атқа отырғызған. 5 жаста бала үлкендердің көмегінсіз өзі атпен жүре білуі керек, ал 6 жаста баланы ат жарысқа қатыстырған. 14-15 жаста бала аттың құлағында ойнаған. Атқа мінуде қыз балалар ер балалардан қалыс қалмаған. Олар жыр және спорттық ойындарға қатысқан. Спорттық ойындарда дене және әділдік басты орында қойылды. Тоғызқомалақ, дойбы секілді ойындар адамның ойлау қабілетін, өзіндік шешім қабылдауын, қырағылығын дамытады. Ал спорт ойындары кеңістікте өзін басқара алу, интеллектуалдығын, есте сақтауын, байқампаздығын, шапшаңдығын дамытады.
Қазақ халқының ұлттық ойындары педагогикалық тұрғыдан жинағы «Ақ сандық, көк сандық», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Жаңылтпаштар» т.б. көрініс тапты. Бұларда қазақ халқының түрлі өнері көрініс беретін ойын түрлері жинақталған.
Қоғам дамуына байланысты қазақтың ұлттық ойындары түрлі ойын-сауық мерекелер ойындары маңызды рөл атқарды.
М.Таникеевтің ойынша ешқандай ғылым өзінің тарихын түп негізін білмей дамып жетілмейді. Сонымен қатар Б.О. Тотенайеваның пікірімен де келіспеуге болмайды. Оның ойынша қазақ жерінде мекендеген адамдарға аңға шығу, атпен жүру, табиғаттың қыр-сырын ұғыну, жануарларды танып білу сияқты нәрселер таңсық емес. Еңбекте іс - әрекет механикалық түрде емес, шығармашылық тұрғыдан дамуды көздейді. Сонымен қатар балаларды саятшылыққа дайындау мақсатында аңға шығу ойындары ойнатылады. Аңшылар ойынында басты қырағылық, сақтық, шапшаңдыққа баулиды.
Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны және оларды пайдалану ерекшеліктері
Ұлттық ойындар әрбір халықтың педагогикалық дәстүрлі құралдарының бірі болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Ұлттық ойындар баланың ақыл-ой, көркемдік-эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл-күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп, оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімі қалыптасады. Ұлттық ойындардың қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық-мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, атасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.
Сөйтіп, болашақ ұрпақтың ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтық фантастикалық ой құбылыстарының көрінісі, дүниені танып білу талпынысына жанама ретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік-эканомикалық өмірінің айнасы екенін білеміз.
М.О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған» - дейді. Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрыптары мен салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері – ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, танып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді А.Құнанбаев.
Абайдың бұл сөздерінің де ойынға қатысы бар.
1 жастан 7-ге дейін халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс-жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре біледі. «Бала ойынмен өседі» - деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек етеді.
Мәселен:
Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала,
Кеудеге ақыл ойлайды- деген өлең жолдары осының дәлелі.
Тәрбиеленушінің білімінің сапалы болуы тәрбие жүйесіне, әрбір ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, балалардың шығармашылықпен жұмыс қабілеттерін, білімдерін, дағдыларын, біліктерін дамытуға байланысты.
Ұлттық ойындардың атқаратын қызметерін бөліп көрсетуге болады:
оқыту – жаңа білім,білік, дағдыны қалыптастыру;
тәрбиелік – басқа қарым-қатынасты қалыптастыру, жан-жануарлар әлеміне қарым-қатынасты қалыптастыру;
дамытушылық – балалардың дене дамуын, қабілеттерін, психикалық процестерін дамыту;
әлеуметтік – ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру;
диагностикалық –баланың дамуына диагностика жүргізу.
Атқаратын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек айтыс, құрақ, орамал, ою-өрнек, мозайка, шытырман, жарыс, дұзақ, қара есеп, сұрақ, қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді. Ойын тек баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке және т.б. тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Баланың әртүрлі ойынмен ойнауы және өзі туып, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, шығармашылық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді.
Балалардың өне бойын босатып, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, зейінін) өрбітетін ойын. Абай сөзімен айтсақ, дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ойын нақтылы мен дерексіздік, бақылау мен дерексіздік, индукция мен дедукция, талдау мен жинақтау, ұштастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Балаларларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім әрі сәнді, әрі мәнді болады.
Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланатын құрал-жабдықтары айтылады. Ұлттық ойындар қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактикалық құралдарын даярлау үшін онша күрделі емес, оны әрбір тәрбиеші даярлай алады.
Ұлттық ойынның келесі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрлінше ойлануы мүмкін, сондай-ақ ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болауы мүмкін.
Ойын ережелерінде оқыту мен тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Көги көк» ойынында қаздар тек кемпірдің «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын ықыластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі-бәрі үшін» және «бәрі-бірі үшін – қаздар») жауапкершілікті, батылдықты, тапырлықты (кемпір) талап етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастыра алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымды әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болумен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытынды жасалып отырса пайдалырақ болады.
Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
тәрбиеші ұлттық ойындардың дидактикалық мәнін жете түсіну;
дидактикалық мақсатта қолданылатын ұлттық ойындарды;
балалардың жас ерекшеліктері және қызығушылығына байланысты; іріктей білу;
ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу;
барлық ойындардың негізгі мақсатын анықтап алу;
ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау;
ойын барысында ережені сақтауды алдын-ала даярлау;
қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің біліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптарының бірі ойынды және ойынның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.
Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар (ұжымдық, топтық және даралық) ең алдымен балалардың ойлауының даму деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталды, 5-6 жасар балаларға тән көрнекі әрекеттік және көрнекі-бейнелік, ойлау ерекшеліетеріне сүйіне отырып, біз топтық және дара ойындарды пайдалану тиімді деп емептейміз. Мұндай жағдайда тәрбиеші әрбір балалар арқылы ойынның мақсатын іске асыруды қамтамасыз ете алады.
Ойынды ұйымдастыруда ойынға қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл – тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар т.с.с. болуы мүмкін.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар ,материалдар,т.с.с. ) тәрбиеленушілерге жақсы таныс болу керек.
Ұлттық ойындарды дидактикалық мақсатта пайдалану педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
Ойынның сабақтың дидиактикалық мақсатына сәйкестілігі.
Ойынның мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық ұстанымы.
Ойын балаларға түсінікті және тартымды болуы.
Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттарды ойынды ұйымдастыруда жүзеге асыру үшін мынадай талаптарды есепке алу керек.
ойынға қажетті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып қойылуы тиіс;
ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі тәрбиеленушілерге әбден түсіндірілуі қажет; топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек;
оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуге жетелеу керек.
Ұлттық ойындарды оқыту процесіне сәйкес таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарты. Ойынды оқу әрекеттеріне еңгізу біріншіден, сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден тәрбиешінің шеберлігін, үшіншіден, балалардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді.
Ұлттық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен мақсат-міндетін дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне балалардың белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Қазіргі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда балаларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше. Мектеп алды жасындағы балалар үшін оқу әрекеті жетекші роль атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы тәрбиеленушілерге берілетін құндылық бағдардың әсері мол.
Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық ортаның өзара үйлесімділігін қажетсінеді:
білімдік (қоршаған дүниедегі құндылықтар туралы мәліметтер жиынтығы);
эмоциялық (өзіне не өзгеге, әлемдік қатынас қалыптастыру);
әрекеттік (алған құндылық түсініктері мен ұғымдарына сәйкес қимыл-әрекет тәсілінің жиынтығы).
Сондықтан, балаларға өз халқымен өзінің арасында өзара байланыс орнату, ұлттық мәдениетке тән болу сезімінен әсерлену, оның құндылықтарын саналы қабылдауға жағдай жасауды сабақ барысында жүзеге асырудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Сабақ мазмұнындағы халықтық білімдер құндылық бағдардың құрамына ене отырып, балалардың танымдық әрекетін қалыптастырады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндігін ескере отырып, балалар тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлаудың мәні зор, соған орай бұл сатыда оқытылатын пәндер барысында тақырыптардың мазмұнына сәйкес келетін мәтіндерді пайдалану орынды.
Жалпы ана тілі, қазақ тілі сабақтарының мазмұны ұлттық құндылықтарға бағыттап отыратын білімдік-тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Мәтінді талдау кезінде оның құрылымы мен мазмұны жеке тұлғаның рухани дүниесін байытатындай, сөйтіп, оның өзіндік пікірін туғызатындай деңгейде ұйымдастырылған жағдайда жеке тұлғаның ұлттық құндылық бағдарының дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін тәрбиеленушінің бойындағы ұлттық құндылықтар қатарының артуына ықпал ететіндей бағытты ұсына отырып, құндылықтардың мәнін ашатын, арнайы бағыттайтын мәтіндерді пайдалану қажет.
Мысалы: «Шаңырақ шуағы» тақырыбын өту барысында шағын мәтіндерді пайдалана отырып, имандылыққа, ата-анаға құрмет көрсетуге бағыттау.
Жеке құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдеп-тілегіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.
Оқу үрдісіндегі ұлттық құндылық бағдар адамаралық қарам-қатынастағы халқымыз үлгі тұтатын қағидаларды ұсынып отыру арқылы да жүзеге асады. Осылайша сабақ үстінде балалардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың түрлінше жолдары қарастырылып отырады. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып саналады. Үлкен кісінің алдынан қия кесіп өтпеу, үлкен адамға орын беру, көңіліне қарау адамгершілік борыш ретінде есептеледі. Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде өмірдегі кесір-қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады. Ал қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балалар бақшасында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлай білу дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу керек.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға шындық, қайырымдылық, бостандық, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл мен ой-сана арқылы қабылданады. Құндылықтар құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін көрсетеді.
Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықтарды игереді де іс-әрекет етеді.
Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ойынның, өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлықын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуді төзімділікке баулу – адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елінің басын қосып, ұлттық жауынгерлік - ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі - адамгершілікке толы, асқақ рухты, күні бүгінге дейін ел аузында, халық тәрбие ісінде үлгі етеді.
Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, рухани адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Тарихи ескерткіш-мұралар, жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі әлі өз дәрежесінде зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенін көпжылдық тәжірибелерден көруге болады.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшеліктерге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту;
- салт-дәстүрлер негізінде ойынның ерекшеліктерін ескере отырып баланы рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі - ол баланың қызығушылығын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дұрыс. Ол "баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет" деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш - мұраларға жүргізілген саяхаттар мен танымжорықтар балалардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байқадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С. Выготскийдің, " Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі" дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.
Ұлттық ойын ойнау баланың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылыктарын қалыптас-тырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Мектеп жасындағы естияр балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндігінің 3-4 жастағы балдырғандарға қарағанда анағұрлым көп екенін аңғарады. Балалар қашанда шындықты айтуға тәрбиеленуі тиіс.
Баланың қайталанбастығын субъект ретінде қарап, өзіндік қабілеттігімен, бостандығы, тілегі, шешкен тапсырмалары барлық әлеуметтік институттарының тәрбиесіне бағыттылығы келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі:
Өзіндік құндылығынсезінуге тәрбиелеу, адамның негізгі бостандығы мен құқығын құрметтеу, ұлттың және ұлттық-мәдениеттің ерекшелігін ұғыну;
Жасөспірімдердің ұлттық өзіндік танымының дамуы және ғасырлар бойы қалыптасқан бүкіл әлемдік мұраны және ұлттық мәдениетті игеруі;
Балаларды және жасөспірімдерді дене мәдениеті сабағына белсендіру және халықтық ойындарды, жарыстарды спорт негізінде кең қолдану.
Тәрбиенің негізгі принциптері анықталады. (адамгершілік және адамға деген сүйіспеншілік принципі, үздіксіз тәрбиелеу принципі, тұтас және іс-әрекетпен тәрбиелеу принципі, үздіксіз тәрбиелеудің барлық этаптарында ана тілін қолдану принципі, ұғынуды қамтамасыз ету және бірлік сұранымы принципі)
Жанұяның қоғамдағы рөлін көтеруге бағытталған іс-шаралар қатары баланы тәрбиелеу кезінде алға жылжиды. Мысалы:
Мысал үшін үлкендердің балаларға әсері жетекші әдіс ретінде, белсенді еңбекте олардың шығармашылық дамуы, фольклорлық-көркемдік, социумдағы мәдени іс-шаралар, өнер мен спорт түрлері ұлттық ретінде.
Баланың кішкентай балалармен қарым-қатынасы белсенді өзін-өзі таныту ретінде, жауапкершілікке тәрбиелеу және де бала педагогикалық қарым-қатынасының элементарлы тәсілі ретінде оларға халық педагогикасының әдісін беру.
Мерекелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, тұлға дамуына жеке бағытына байланысты (туылуы, жасөспірімдік кезең, үйлену салты және т.б.);
Балалардың ұлттық әдет-ғұрып мерекелері мен салтанатты жиынға дайындалуы мен өткізуге белсене қатысуы;
Жас ақындардың, поэма айтушылардың, халық аңызы сыныптарын ашу;
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен жарыстар өткізу.
Тәрбие концепциясының мақсаты – ғылыми-педагогикалық ойлау сапасын дамытуға бағытталған, мұнда тұлға қалыптастыру және оған педагогикалық әсер, тәжірибеде психолого-педагогикалық нұсқаудың эффективті түрде орындалуы, ғылыми-тәжірибелік зерттеулер, тәрбие жұмысының құрылымы ұлттық, аймақтық және әлеуметтік ерекшілігі мен микроортаның мүмкіншіліктерінің жолы қосылады.
«Қазақтың ұлттық ойындар» атты кітабында Е.Сағындықов қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деген: «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысымен көңіл көтеріп демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде дамыды. «Адамзаттың дүниеге келген күннен бастап ақ ақыл ой қабілетінің, ортаға, өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін белгілі бір жүйеге келтіретін, оны балалар мен жасөспірімдердің ойындары» деп тоқтала кетті.
Балаға бір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын ережесі түсіндіріледі.Сондай-ақ пайдаланылатын құрал жабдықтар айтылады. Халық ойындары қарапайым заттар мен ойнала береді. Олай болса дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір тәрбиеші дайындай алады.
Ойын таным әдістері мен бірге іскерлікке, тапқырлыққа, жігерлікке, белсенділікке, әділдікке тәрбиелеу мен бірге санауға, өлшеуге, топтауға, біріктіруге т.б үйретеді. Ойынға баланың қызығушылығын туғызу үшін ойынды өмірмен ұштастыра отырып, оның керектігін сезінетіндей етіп таңдап алу қажет.
Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралы ретінде пайдалану үшін бір қатар әдістемелік талаптар қатаң сақтануы тиіс. Оларға:
тәрбиеші ұлттық ойындардың бірнеше түрін білуі қажет;
ұлттық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу;
барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап білу;
ойын ережесін жете білу балаларға түсінікті етіп жеткізу;
ойын барысында ереженің сақталуын қадағалау;
ойынға қажетті құралдарды даярлау.
Сюжетті ойындар бұрын алған білімі мен іскерлігін, айналаны бақылауы мен әдеби оқуынан және теледидар бағдарламасынан алған баланың сана-сезімін одан әрі дамытады. Сөйтіп тәрбиеші балаларды өзіне қаратып еліктіреді де ойынды орындауға әзірлейді. Әрбір ойынның өз ережесі бар ойын ережесі мен мақсаты түсіндірілгеннен кейін ойынды бастайды. Ойынды дұрыс аяқтау ғана түпкі мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Қорытынды кезінде жетістіктер аталып кемшіліктерде көрсетіледі. Кемшілікке нұсқау беріледі.
Балалардың тілге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады.Ойын элементтерін әр тәрбиеші күнделікті жұмысында дидактикалық «деректіден дерексізге», «жеңілден ауырға», «жақыннан алысқа» деген принциптерді негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Ал ойын элементтерін сабаққа орынды пайдалану төменгі сынып балаларының бағдарламалық материалды терең меңгеруіне көп септігін тигізуде.
Ойын-балалардың танымдық қызығушылығын және сөйлеу мәнерін арттыратын құрал екені мәлім. Ойын балалардың тіл дағдысын дамытып, іскерлікке баулуға көмектеседі. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болса, мектепке келгеннен кейін ол баланы оқудан кейінгі екінші іс-әрекеті ретінде сақталып қалады. Қазіргі кезде тәрбиешілердің алдында тұрған міндеті-балаларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы әр сабақты, тақырыпты түсіндіруге нәтижесіне жетсе қанағаттанып қуанады. «Мен бәрін істей аламын» немесе «Басқалар сияқты істей аламын» деген өздерінде сенім пайда болады. Жеңіліп қалса, өкінеді, сол ойынды қайта ойнағысы келіп, жеңу үшін бар күшін салады. Жақсы ойынға бала қайта ойнағысы келіп, жеңу үшін бар күшін салады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағдымен шеберлікті меңгереді. Алға мақсат қоя білуге төселеді, білгенін соған жұмсайды.
Мектепалды дайындық бағдарламасында барлық жаттығулар балаларлардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс.Тіл сабағы негізінен тәрбиеленушілерге тілді меңгеруді мақсат етіп қойды. Олай болса оқумен жазу сабақтарында әдеби тілдің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі керек деп бастауыш сыныптың өзінен ақ болса назар аударылады.
Сабақ ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі. Сабақта ойын ойнаудың орыны.
1. Ойынды балалар оқу материалдарын кішкене игергеннен кейін бастауға болады. Жарыс ойындарын тәрбиеленушінің бірінші аптасында жүргізгені дұрыс.
2. Әрбір ойын белгілі бір мақсатты көздейді. Ойын барысында тәрбиеші алдына қойған мақсатының орындалуын бақылап нәтижесін шығаруға тырысқан жөн.
3. Ойынды сабақтың қай бөлімінде жүргізуге болады? Бұл ойынның қандай мақсатта және қандай мазмұнда жүргізілгеніне байланысты. Қозғалмалы ойындарды сабақтың алдында жүргізген тиімді. Бұл кезде балалар мақсат көздеп тез қабылдайтын болады. Сонымен бірге ойын соңында тәрбиеші нәтижесін, қорытындысын айтуы қажет. Ойынның екінші міндеті-таңдап алынған ойын балалардың жас шамасына, қабілетіне, білім деңгейіне және қызығушылығына сәйкес болуы керек.
Ойын басталмас бұрын тәрбиеші тәрбиеленушілерге ойынның қандай материал негізінде жүргізілетіні туралы, өзіне тән қиыншылдығы, қандай бақылау сұрақтары арқылы балаларды, тексеретіні жөнінде ескерту жасап өтеді.Тәрбиеші ойынның шарты мен мақсатын түсіндіреді және ойнау үлгісін көрсетіп береді. Ойынды барлық балалар түсінгеннен кейін бастауы керек.
Ойын барысында тәрбиеші балаларға қиындық көрсететін кездерде жетекші сұрақтар қою арқылы қалай әрекет жасау керектігіне көмектеседі. Кейде тәрбиеші балаларға түсініксіз сөздерді және іс-әрекеттерді түсіндіру үшін ойынды тоқтатуға мәжбүр болады.
Ойынның жүру барысы.
1. Ойын барысында тәрбиеші балалардың зейінінің ойынға деген көз қарасына көп назар аударуы керек. Орынсыз ескертпелер балалардың белсенділіктеріне, иницативасына теріс әсер етеді. Балаға түсініксіз нәрсені ойын барысында оның санасына жеткенше түсіндірмеу керек, ойын барысының екпінін бұзып, басқа ойыншыларға ұнамсыз әсер етеді.
2. Ойында назарды көбінесе сезімтал балаларға аудару қажет. Мұндай балаларды тапсырманы орындамай қалған жағдайда бірден ойыннан шығарып жібермей, оларға ерекше жағдаймен қарау керек.
3. Ойында белгілі бір ырғақпен қозғалысты сақтау қажет. Мысалы: жылдам қозғалысты ойындар балалардың артта қалуына, ал жиі қозғалысты ойындар ұзаққа созылып, кезек күтуде қызығушылықтарын төмендетіп зеріктіреді.
4. Ойын барысында әр түрлі ескертулер жасау барысында алаңдауына, кейде сескенуіне жол салады. Ойын кезінде балалар өздерін еркін сезінуі керек және өзінің іскерлігімен қабілетіне қанағаттануы тиіс.
5. Тәрбиеші ойынның барысын бақылап отыруы керек. Тәрбиешінің сөйлеу мәнері жоғары, балаларды ойын тапсырмаларына жауап іздеуге талпындыратындай болуы тиіс.
6. Кейбір ойындар басқарушыны керек етеді.Ол балалар кез-келген сұрағына жауап беріп, жасырынған затты тауып, сұраққа жауап іздейтін тапсырмаларды орындайтын болуы керек. Ондай тәрбиеленушінің санамақ арқылы сайлап алуға болады.
Ойынның қорытындысын жасау.
Ойынды ұйымдастыру үшін 5-10 минут уақыт кетеді. Ойын соңында қорытынды жасалып, жеңімпаздар анықталады. Қорытынды жасауға тәрбиеші ғана емес бүкіл топ қатысады. Сонымен ғылыми, педагогикалық, психологиялық зерттеулерді, ғылыми еңбектерді оқып үйрену, талдау нәтижесінде мектеп алды даярлық балаларының оқу- танымдық, іс-әрекетін белсендіру құралдарының бірі – дидактикалық ойындар жөнінде мәселелер жан-жақты ашып көрсетіп, әрбір ұғымның мән мағынасы айқындалуы қажет.
Ұлттық ойындарды пайдалану бойынша тәрбиеші жұмысының мазмұны
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл әдіс, әсіресе, халықтық педагогикада, мектепке дейінгі мекемелерде кеңінен пайдалануда. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті.
Балалар тұрмақ, үлкен адамдарда әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін. науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-катынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау);
ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және т.б.);
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде ұлттық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Әрбір ойын кезеңіне арнайы анықталған педагогикалық міндеттер койылады.
Бірінші, педагог балаларды балабақшада әр түрлі әдістермен салыстыра отырып, қызықтырады, (Мысалы, сөздік, көрнекілік). Қызықтыра отырып, қуаныш сезімін тудырып, ойнауға құштарлығын арттырады.
Екінші, тәрбиеші ол тек бақылаушы ғана емес, сонымен қатар балалармен тең ойыншы, ол керек кезде көмек көрсете алады, әрі ойынды балалар әрекетіне өзінің әділ бағасын береді.
Үшінші, педагогтың ойын тапсырмаларын орындауына, бала шығармашылығына баға беру рөлінің үлкен мәнде болуы.
Педагогтың әділ бағасы ойынның бір шартты белгісі болып есептеледі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық балабақшалар, мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолда-нып, оны балалардың бойына сіңіру – біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.
1. Ұлттық педагогиканың негізінде тәрбиеленушілерге білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру.
2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана-сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу.
Қазақ жері – көп ұлтты мемлекет. Дей тұрғанмен, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тарихын, елін, жерін таныта отырып білім нәрімен сусындандыруды көздегеніміз ләзім. Онсыз алға жылжу болмайды. Дегенмен, соңғы жылдары білім берудің келелі мәселелеріне жаңаша талап қоятын бірқатар құжаттар қабылданды. Ұлттық білім берудің өзі – ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен, оның түбегейлі өзгеруімен, саяси күрес, қалыптасқан дәстүрлермен, бірігу дәрежесінен көрініп, қазіргі таңда анықталған. Оларға:
1.Әркімге білім алу үшін бірдей мүмкіндіктер жасау, жеке тұлғаның өзіндік қажеттерін қанағаттандыру.
2. Ата-ананың әлеуметтік орнына лайық немесе ұлттық мәдениет деңгейінде білім алу сенімінде қызмет ету.
3. Ғылымның құндылығының орнына мәдениеттің құндылығын, ал білім беру жүйесінің орталығына баланың жеке басын қоюға болады.
Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Сондықтан кез келген қызметті қазіргі заман талабына сай етіп білім беру қажет. Ол - заман талабы. Осы бейнелік дамуды жобалаудың ең бастысы, меніңше, педагогикалық қызметтің өнімін стандарттау арқылы ретке келтіретін технология.
ХІХ-ХХ ғасырдағы ұлы ағартушы педагогтеріміздің ерен еңбектері бүгінде мәнін жойған жоқ. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және т.б. арыстарымыздың қазақ педагогикасында қалдырған іздері орасан зор. Қазақ қоғамының болашағы жайлы ойланған олар қысқа өмірлерінде, аз уақыттың ішінде ұрпақ тағылымына жетерлік мұра қалдырды. Орыс-қазақ мектептерін аша отырып қазақ әдебиеті негізі мен атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған ауыз әдебиетінің негізін қалады, жан-жақты білім беруді ұйымдастыра отырып салт-дәстүрді, батыр бабалар өмірін, жырауларды өз оқулықтарында өрнектеді, сол арқылы жас ұрпақ санасын сусындатып, тәрбие үрдісін этнопедагогикамен ұштастыра жүргізді.
Ендеше сол асыл ағаларымыздың мұрасына, баға жетпес оқу құралдарына сүйене отырып оларды бүгінгі заман талабына сай біліммен ұштастыра білу – біздің басты мақсатымыз болуға тиіс. Неге десеңіз, еліміз қазіргі кезде шетел оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, Қазақстан жеткіншектері әлемге әйгілі жоғары оқу орындарында дәріс алу мүмкіншіліктеріне ие болып, әлемдік деңгейде білім алу үстінде. Сол себепті де еліміздің болашағы жарқын болады деген сенімде ұрпақ тәрбиесіне, біліміне әрбір ата-ана, ұстаз, ұлттық, патриоттық дәрежеде білім беруді көздегеніміз абзал.
Бұл үшін ұлтгық тәрбие, білім беру қызметін ұйымдастыру, оны іске қосу керек. Ең алдымен, жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімді ояту үшін тәрбие процесінде этнопедагогиканы тиімді қолдана білуіміз қажет. Ал қазақ этнопедагогикасының негізі - халық педагогикасы. Халық педагогикасының арқауы – ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Міне, ұлтгық тәрбиенің негізі осылар.
Ана тілінің алғашқы кезінде сөзді буын жігімен оқытуға мән беріледі. Соның нәтижесінде балалар сөзді қатесіз тұтас оқуға үйренеді. Сонымен бірге, әріп тастамай, олардың орнын алмастырмай дұрыс жазуға дағдыланады.
Тәрбиеленушінің жақсы оқу дағдысының дұрыс қалыптасуы оның барлық пәнді үлгеруінің басты шарты болып табылады. Балалардың алғашқы күнен бастап оқу техникасын жақсы меңгеруі - ана тілінің көздейтін ең өзекті мақсаты. Хат таныту әдістемесінің бірнеше негізі бар. Олар, біріншіден, тіліміздің дыбысталу ерекшелігі және оның жазба жұмысымен байланысы, екіншіден, балалардың оқу процесіндегі психологиялық ерекшеліктері, үшіншіден, сауат ашу кезінде оқу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар.
Сөйлеудің сөзден, дыбыстан құралуы тіліміздің дыбысталу ерекшелігіне жатады. Ал жазуда дыбыс әріппен таңбаланады. Оқу кезінде әріп дыбысқа аударылады. Соған сәйкес балаларды оқуға үйрету оқу процесінде, ең алдымен, дыбыстар, оған сәйкес балаларды оқуға үйрету процесінде, ең алдымен, дыбыстар, оған байланысты әріптер танытылады.
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлануды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады. Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: ұжымдық, топтық, даралық таңдау, ең алдымен балалардың ойлау даму деңгейін, коммутативтік іскерліктерді оқу-жазу, қарым- қатынас.
Дидактика саласындағы маңызды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар болып отыр. Адамзат ойынының білімдік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ұлттық ойындар балалардың меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда тәрбиеші өз шығармашылығын пайдаланып, әр алуан ойындарды құрастырады.
Орынды қолданылған ойын элементтері балалардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар тәрбиеленушілерге ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.
«Бұл қалай өзгерген» ойыны ана тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын тәрбиеленушілерге меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне балалардың назарын аударуға болады.
Ана тіліне тән дыбыстарды айтуға тілі келмейтін балалармен жұмыс жасағанда, халықтың ұлттық ойындары жаңылтпаш, санамақтарды ұтымды пайдалануға болады. Алдымен олардың жеңіл түрін, кейін біртіндеп күрделендіріп берген өте тиімді.
«Арқан тартыс» ойынын алатын болсақ, бұл балалардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.
Ойынға қатысушы балалар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін көрсететін таблица және оған қажетті заттардың аттары жазылған жеке сөздік карточкалары жасалады. Мысалы: «Үй жануарлары мен жабайы аңдар» тақырыбы бойынша
1-қалта: Үй жануарларын сатып аламыз
(жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
2-қалта: Жабайы аңдарды сатып аламыз
(жолбарыс, арыстан, барыс, қасқыр, түлкі, аю, қоян)
Екі кесте тақтаға ілінеді, ал балалар қолдарындағы жауап карточкаларын қажетті қалтаға орналастырады.
Үнсіз қимыл:
Балалар әр түрлі қимылдар көрсетіп, қалған сөздерді басқа балалар атап отырады.
Мысалы: отырды, тұрды, жүрді, тақтаны сүртті, қолын көтерді.
«Ұшты-ұшты» -ойыны
Ұшты, ұшты, үкі ұшты (қол көтеріледі)
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты (көтерілмейді)
Берілген сын есімге лайықты зат есім тіркеп айту керек. Бірінші бала кілең сын есімдерді атайды: өнімді, атақты, сымбатты, т.б. Екінші бала оған лайықты зат есім тіркестіріп, тез-тез айтуы керек. Келесі екі бала берілген зат есім алдына сын есім тіркеп, кезектесіп айтып шығады. Мысалы: кітап-қызық кітап, көше-кең көше.
Ана тілінде ұлттық ойын элементтерін кіргізудің маңызы ерекше. Ол тәрбиеленушінің шығармашылық қабілетін, сабақта белсенділігін арттырады, ана тіліне деген қызығушылығын дамытады, білімін молайтуға әсер етеді. Мүмкіндігінше бастауыш сыныптарда ойын, сөзжұмбақ түрлерін қолданып, салт-дәстүр элементтерін кіргізуге тырысу керек. Ойын түрлерін қолдану – сабақты түрлендіру деген сөз.
Сабақ барысында алған білімдерін балалар практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын балалардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Балаларды өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады.
Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен тәрбиелеу мүмкіндігі.
Әр ұлттық шығармашылықтар және ұлттық ойындар баланың ақыл-ойын, этетикалық талғамын, денесін шынықтыру болып табылады. Олар балалардың патриоттық сезімін оятады, рухани байытады, ұлттық мәдениетті сыйлауға тәрбиелейді.
Әртүрлі ұлттық ойындар қойшылардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Балаларды кішкентай жасынан бастап атқа мінуге үйреткен. Жасөспірім жаста балалардың көбісі атқа мінуді білген. Әлбетте, ұлттық әндерде, ертегілерде, би қозғалыстарында және ойындарда көрсеткендей сол сияқты бәйге, атшабар ойындарда ең мықты аттарға, ең жеңіл және жақсы шаба алатын балаларды отырғызған. Әрбір ұлттық ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай, әнмен өткізіледі.
Ұлттық тәлім-тәрбие беруге арналған жаттығулар
Қазақ халқының құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы – балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап-ақ ақыл-ой қабілетінің ортаға, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтіретін осы балалар мен жасөспірімдер ойындары, сондықтан да ойын - балалар еңбегі, балалардың уақытымен ғана санасады. Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы.
Д.Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс-әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Ойынның, әсіресе, балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады. Ойынның саналуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Мысалы, «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама, шаршарсың», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді»- деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрініс береді. Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден-бір балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі – ұлттық, әдет-ғұрьптар, дәстүрлер. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының алуан түрлерін кездестіреміз. Өз кезеңінде ұлы педагогтер халық мұрасының, ұлттық құндылықтардың қайталанбайтын өзгешелігін, тілдің, оның формалары мен мазмұнының ерекшелігін өсіп келе жатқан ұрпақтың танып білуіне халықтық ойын арқылы жағдай жасау қажеттігін жариялаған.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына мағыналы жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, танымдық қызығуын тудыратын жайттар адамгершілікке, ақыл - ойды тәрбиелеуде аса тиімді болады деп санаған.
А.Құнанбаев бала психологиясының ерекшелігі – білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе тәрбие құралдарының қатарына ұлттық ойындарды, оның ішінде ақыл-ойды дамытатын «тоғызқұмалақ» ойынын жатқызған.
Белгілі педагог Н.Құлжанова «ойын арқылы бала дене және көңілді машықтандырады» деп, ойынның әр жақты функциясын ашып көрсетеді және балалар ойынын тану, білуге құмарлығымен, сөйлеумен ұштасып жататындығын ескертеді.
М.Жұмабаев балалар фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып, оны өркендетудегі ертегі, ойындар мен ойын материалдарының рөліне тоқтала келе, балалардың тілдесуі, сөйлесуі топтық ойындар арқылы көрінетіндігін айтып, тілдің адам өміріндегі маңызына дәйекті талдау жасайды. «Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе құйындай екпінді қайраты, біресе тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр» - деп тілдің ұлттық мәнін дәйекті мәнермен береді.
Қазақтың ұлттық ойындарын Б.Момышұлы да аса жоғары бағалаған. Ол еңбектерінде ұлттық ойындар ептілікке, ширақтылыққа, қайсарлыққа үйрететіндігін түсіндіреді. Қазақ халқының ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «Қырғыз балаларының ойыны» еңбегінде қазақтардың бала тәрбиелеудегі өзіндік ерекшеліктерін айта келе, ойын түрлерін үш топқа бөліп қарастырған (сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны, жігіттер ойыны). Сонымен қатар «қыз балалардың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ, бірақ антропологиялық көзқараспен қарайтын шығармашылық қиялынан туғандықтан да құнды болып есептеледі» - деп, баланың шығармашылық қиялының жүйріктігі мен қоршаған ортаны танып-білуге деген талпынысын баса көрсеткен.
Ұлттық ойындар түрлі себептерге байланысты пайда болып отырған. Мәселен, «Аңшылар», «Марламкөш» ойындарында аңды жан-жақты қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға түсіру анық бой көрсетсе, «Даусынан біл», «Шұқыма» ойындарының далада із кесу, түрлі дыбысты ажырата білу мақсатында пайда болғандығы байқалады. Ойындардың енді бір тобы көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын, жаугершілік дәуірінің бітімін, рулық қауымның жол-жорағысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына «Жамбы ату», «Теңге ілу». «Тұтқын алу», «Қамалды қорғау», «Батыр», «Қыз қуу», «Ат үстіндегі тартыс», «Итеріспек» сияқты іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Мәселен. «Үй артында қолағаш», «Соқыр теке», «Ұшты-ұшты», «Тымпи-тымпи», «Ақ серек, көк серек» сияқты ойындар да сөз, кейде іс-әрекетке жетекші, ал кейде қосалққы қызмет атқарады. Ойындардың ішінде, әсіресе, жан-жануарлардың даусын, төлдерін, іс-әрекетін дұрыс айтуға дағдыландыратын «Қалай айтуды білемін», түрлі сөйлем құрастыруға тәсілдендіретін «Егер», айтылған сөзді есте сақтауға машықтандыратын «Хабаршы», сөз бен сөйлемнің мазмұнына дұрыс мән беруге үйрететін «Біз де», «Ұшты-ұшты», бірден сөз табуды қажет ететін «Орамал табу» ойындарының тілді жетілдіруде маңызы зор.
Мысалы, «Асау мәстек» ойындары өте көңілді әнмен орындалады т.б.
Екі таяқшаға 50-70 см биіктікте тартылған арқанның үстіне бір бала отырып, жердегі таяқшаны алу керек. Егер ала алмаса, ән немесе тақпақ, би билеп беруі керек. Бұл ойындар балаларды шапшаңдылыққа үйретеді және музыкалық шығармашылығын дамытады.
«Қалай айтуды білемін» мынадай сұрақтарды қамтиды.
Кім қалай дауыстай біледі?
Малды қалай шақыруды салайық,
Малдың төлдеуін қалай айтады?
Малды суға кім шақыра алады?
Жүргізушінің сұрақтарына ойынға қатысушылар әр жануардың дыбысын дыбыстайды. Бұл ойында байқампаздық қажет. Ойын кішкентай театрдың сахнасын қажетсінеді.
«Аңдардың айтысы» ойынында қатысушылар жүргізушінің айтқанын қайталайды, сол жүргізушіге еліктейді. Бұл ойында жануарлар әлемін өте жақсы білу керек. Мысалы, жүргізуші иттің үргенін көрсетсе, қатысушылар соны тура солай қайталау керек. Бұндай ойындар ұлттық педагогикада өте көп және олардың бәрі қызықты болып келеді. Балалар ойын кезінде басқа рөлге кіріп ойнайды. Мысалы, «Қоғи көк» ойынында балалар дөңгеленіп тұрып, қаздың даусын салу керек және қаздың қимылын салады. Мұнда есте сақтау қабілеттері жақсы дамиды. Осындай ойындарға: «Орамал жасырмақ», «Хан ойнау» жатады. Ұлттық ойындарда көптеген әзіл-ысқақтар, жарыстар, санамақтар көп. Олар бағалы және құнды ойын фольклорын сақтайды.
Ойын басталмас бұрын санамақ айтылады:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалаы үйрек,
Ортан терек,
Шүлдір шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр қойыңа бар;
Сен тұр түйеңе бар;
Сен тұр жылқыңа бар;
Сен тұр сиырыңа бар;
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар...
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!
Сонымен қатар, санамақ қана емес, қаламақ та бар. Олар көңіл-күйді, есте сақтау қабілетті, эстетикалық талғамдарын арттырады. Қаламақтар балаларды командаға бөлу үшін керек. Мысалы, ең бірінші санамақ арқылы екі жүргізушіні таңдап алады, одан кейін екі жүргізуші қатысушылардың атын атап, кезек-кезек өз қалаулары бойынша ойыншыларды таңдап алады. Мысалы, екі ойыншы: «Аспандағы жұлдыз керек пе?, судағы құндыз керек пе ?» - деп сұрайды. Жүргізушілердің біреуі «Судағы құндыз» керек дейді. «Құндыз бала» соның командасына өтеді, «Жұлдыз бала келесі командаға барады» т.с.с. жалғаса береді. Жаңылтпаштар сөзді дұрыс және тез айту үшін қолданылады.
Қай тай лақтай, Ақ тай ақ па?
Қай лақ тайлақтай. Қара тай ақ па?
Жаңылтпаштардың айырмашылығы балалардың сөздік қорларын байытады, қоршаған ортамен таныстырады, күнделікті өмір сүруге көмектеседі.
Ең көп тараған ойын-жұмбақтар. Олар көптеген тәрбие береді. Жұмбақтар балаларды қоршаған ортамен, жануарлар әлемімен, тұрмыс-салттармен таныстырады.
Мысалы,
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(күннің көзі).
Жас және енді бастап жатқан аңшы осы жұмбақтар арқылы әртүрлі құстардың, аңдардың түрлерін және олардың іздерін т.с.с. әртүрлі айырмашылықтарын білген.
Күндіз жоқ,
Түнде бар.
(жарқанат)
«Сақина салу» ойыны әнмен орындалады. Ойыншылар дөңгеленіп отырады, ал жүргізуші сақинаны алып, біреудің қолына салады. Жүргізуші бір ойыншыны шақырады. Ойыншылар қолдарын созады, ортаға шақырылған бала сақина салынған ойыншыны табу керек. Егер іздеген бала сақинаны таба алмаса, ол міндетті түрде ән немесе тақпақ айтып береді.Сақина салынған бала жүргізуші болады.
«Соқыр теке» ойынында бір ойыншының көзін байлап қояды. Және ол мынандай өлең шумақтарын айтады:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер-деп дөңгеленіп, соқыр текені мазақтап, біреулері оны түртіп, мынандай өлең шумақтарын айтады:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіне топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын.
Ал, ұстап көр, батырым,
Міне, келе жатырмын!-деп тұрған ойыншының біреуін ұстап алу керек. Кімді ұстап алады, сол соқыртеке болады.
«Ақ сүйек» ойынында жүргізуші ақ сүйекті немесе сүйек сияқты ақ таяқты айдалаға лақтырып жібереді. Ал ойыншылар сол сүйекті табады. Сүйекті тапқан ойыншы жүргізушіге басқа ойыншыларға білдіртпей алып келеді. Егер басқа ойыншылар біліп қалса, онда басқа ойыншылар сүйекті тартып алуына болады. Сүйекті тапқан ойыншының армандарын басқа ойыншылар орындайды.
«Алтыбақан» жасөспірімдердің ойыны. Онда көптеген әзіл-ысқақтар, әндер, айтыстар орындалады. Мұнда әр жасөспірімдер жеке-жеке актерлік рөлге кіреді. Бұл кезде балалар рөлді ойнағанда эстетикалық ләззат алады.
«Тоғыз құмалақ» ойынын көбінесе үлкен адамдар ойнайды.
Ол екі үлкен қазандардан тұрады және он сегіз кішкентай отаулардан тұрады. 162 ойын шариктарынан құралады.
«Бестас» ойынын бес адам ойнайды және ол үшін бес тас қажет. Бес адам кезектесіп, бес тасты лақтырып, қағып алу керек. Кім бастайтынын жеребе тастау арқылы шешеді. Ұпай жинау үшін екі тәсілмен тастар лақтырылады:
Ойыншылар бес тасты үстіне лақтырып, қолымен ұстап алуы қажет.
Ойыншы барлық тастарды лақтырып, астынан ұстап алуы қажет.
Әр тастар 10 ұпайды құрайды. Бұл ойын шапшаңдыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Диагностикалық-ұлттық ойындар арқасында баланы оқытады, тәрбиелейді, дамытады.
1.Оқыту ойындары:
«Торғай мен бұтақ».
Өтілу әдісі:
Бұл ойынды математика сабағында қолдануға болады.
Педагогикалық мүмкіншіліктері: білімді тереңдетуге, мәтіндік тапсырмаларды орындауға, практикалық жұмыстарды орындауға көмектеседі. Есте сақтау және байқампаздылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
2. Тәрбиелеу ойындары:
«Аш қасқыр».
Өтілу әдісі:
Бұл ойынды дене шынықтыру сабағында ғана емес, сонымен қатар үзіліс кезінде де ойнатуға болады.
Педагогикалық мүмкіншіліктері: достық сезімге және өзіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
3.Дамытушылық ойындар.
«Ұшты,ұшты».
Өтілу әдісі:
Бұл ойын сабақ үстінде ойналады және қатысушы саны шексіз.
Педагогикалық мүмкіншілігі: бұл ойынның мақсаты: шапшаңдылыққа, зейінін шоғырландыруға тәрбиелейді. Балалар үшін әр кезде бұл ойын жағымды қорқыныш сезімін тудырады.
4.Әлеуметтендіру ойындары.
Өтілу әдісі:
Ойынды әртүрлі мерекелерде ойнатуға болады.
Педагогикалық мүмкіншіліктері: бұл ойын ұлттық құралдарды, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейді.
Диагностикалық мүмкіншіліктер:
Баланы диагностикалық дамыту ойындары.
«Қындық -сандық» ойындары.
Өтілу әдісі:
Ойын сыныптан тыс ойналады. Екі қатысушы бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрып, қолдарын ұстайды. Солай екі команда жарысады.
Педагогикалық мүмкіншіліктері: бұл ойын күшті және жігерлікті қажетсінеді.
5. Диагностикалық оқыту ойыны.
«Тапқыш» ойыны.
Өтілу әдісі:
Бұл ойынды ана тілі сабағында ойнауға болады. Тәрбиеші сыныпты екі топқа бөліп, тәрбиеші допты бір топтағы ойыншыға бір сөз айтып лақтыру керек. Ойыншы допты қағып алып, келесі топтағы ойыншыға, сол сөзді айтып, лақтыруы шарт.
Педагогикалық мүмкіншіліктері: бұл ойын көмегімен балаларлардың ақыл-ойын дамытуға, тапқырлығын ескеруге өз үлесін қосады.
Диагностикалық тәрбиелеу ойыны.
«Аңдардың айтысы» ойыны.Өтілу әдісі:
Әр ойынға қатысушы өзіне ұнайтын жануарлардың рөлдерін таңдап алады да, сол аңның даусын, жүрісін салуы тиіс.
Педагогикалық мүмкіншіліктер: бұл ойында балалардың зейіндерін, байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін дамытады, үй жануарларын күтуге тәрбиелейді.
Біздің ұлттық ойындарға жасаған жіктеулеріміз педагогикалық принциптерді одан әрі зерттеуге мүмкіндік береді. Жіктеу функциялардан құралған. Олар оқу-тәрбие процесінде ғана емес, сонымен қатар оның бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Көптеген тәрбиешілер қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесінде бағаламаған, олардың пікірінше тәрбие процесі өз бетімен жүріп жатады деген.
Тәрбие жұмысын жоспарлау қызметiнiң жалпы жүйесiндегi маңызды буын болып саналады.Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, тәрбие жұмысының белгiлi бiр жүйесiн жүзеге асыруға көмектеседi. Жоспар тәрбие жұмысының барлық маңызды жақтарын ескеруге, басты және жетекшi мiндеттi бөлiп аялауға жағдай жасайды. Жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгi тәрбие жұмысына көмектеседi, оның жемiстi болуына жағдай жасайды. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негiзгi мiндеттерiн, мазмұнын, формалары мен әдiстерiн iрiктеп алу үшiн нысана болып табылатын документтердi пайдаланады. Олардың қатарына бiлiм беру туралы заң, оқу бағдарламасы,балаларды тәрбиелеудiң үлгi мазмұны жатады. Тәрбиеші жоспар жасағанда елiмiз үстiмiздегi жылы атап өтетiн маңызды оқиғаларды ескередi.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделi аржақтылықты жоспар тәрiздi белгiлi бiр схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшiн оп-оңай iске асыра салатын шаруа емес. Жоспар жасау дегенiмiз – тәрбие жұмысының бүкiл барысын оны ұйымдастыру үшiн жалпылай және ұсақ-түйегiне дейiн ойластыру және қағаз бетiне түсiру оның нәтижелерiн алдын ала көре бiлу деген сөз.
Балалармен жұмыс кезiнде, балалардың әр қайсысының жеке басын қалыптастыру үстiнде тәрбиеші орындайтын мiндеттер өте көп, мұнын өзi одан белгiлi бiр мерзімде тиiстi негiзгi мiндеттердi келiсiп алуды керек етедi. Мәселен, тәрбиеші бiрiншi сынып балаларымен жұмыстың алғашқы күндерiнде бiрден бiр басты мiндетi, балаларды мектептегi, сыныптағы негiзгi мiнез-құлық ережелерiне үйрету, оларды осы ережелердi орындай бiлуге баулу, олардың бойында ережелердi тезiрек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру мiндетiн шешуге күш салатын болады. Негiзгi мiндеттi орындаған педагог ендi келесi бiр негiзгi мiндеттi балалардың бойында өзiнiң сыныптастарын жақын бiлуге деген ынта тудырып, оларды өзара таныстыру арқылы сыныпта жолдастық қарым –қатынас жасау мiндетiн алға қояды.
Мерекелерде, жиындарда басқа да нақты мiндеттердi жүзеге асырушы педагог қашанда басты мiндеттi жолдастық қарым-қатынасты қалыптастыру мiндетiн назарда ұстайды. Негiзгi мiндеттi анықтап алу үшiн өз сыныбын, балалардың тәрбиелiк дәрежесiн жақсы бiлу керек. Педагог топты тұтастай және балаларды жеке-жеке зертеу негiзiнде өз жоспарында бүкiл ұжыммен, жекелеген балалармен жүргiзiлетiн жұмыстарды белгiлуге тиiс және олардың мiнез-құлық ерекшелiктерiн, қабiлеттерiн, ынта-ықыластарымен мүмкiндiктерiн еске алу керек. Тәрбиеші бiрiншi рет кездесiп отырған балаларды зертеу әсiресе маңызды. Тәрбиеші ата-анамен әңгiме арқылы әрбiр бала жөнiнде алғашқы мағұлматтарға ие болады. Бұл әңгiмелерде шамамен мынадай сұрақтар қойылуы керек.
Бала балабақшаға қуана келе ме?
Балабақша туралы не айтады?
Үйде қандай мiндеттердi тұрақты орындап отырады.
Үйде және аулада не ойнағанды ұнатады?
Қанша уақыт бойы теледидар көредi?
Үйде қандай жануарлар бар? Бала оларға қалай қарайды.
Бала қандай мiнез құлық байқатып жүр, көппен жақсы араласа ма, әлде бұйығы ма, қайырымды ма, қайырымсыз ба, турашыл ма, жолдастарымен бiрге болғанды ұната ма, ұнатпай ма?
Сiз балаңызды жазалайсыз ба? Қалай? Жиi ме?
Бала үйдегi адамдармен таныстарының iшiнен кiмдi жақсы сыйлайды?
Бұл жекелеген балалардың ата-аналармен жұмысты жоспарлауға, бүкiл ата-аналардың негiзiнен алғанда балаларының бағаларын бiлуге әуестiгiн, баласының мектепте қандай жаңалықты, қызықты жайларды бiлгенiне жете назар аудармайтынын,баласының жолдастарымен қарым-қатынастарына, кiммен достасып жүргенiне, ол достықтың сипаты қандай екенiне мүлде көңiл бөлмейтiнiн көрсетедi.
Жоспарда тәрбиелiк мiндеттер мен олардың мазмұнын, қызмет формаларын ажыратып көрсету тәрбиеші үшiн өте қиын. Өйткенi бiрiншiден қызметтiң әр түрлi түрлерi, әрқилы тәрбиелiк шаралар бiр ғана мiндеттердi шешедi, екiншiден әр түрлi мiндеттер бiр ғана қызмет түрi арқылы шешiлiп жатады.
Бұл педагогикалық еңбектiң ерекшелiктерiмен, балаларды бiртұтас адам ретiнде тәрбиелеп шығарумен байланысты табиғи қиындық. Өйткенi тәрбиеленушінің жеке жасы бiр мезгiлде баланың сана-сезiмiне, мiнез-құлқына және сезiм күйiне бiрден ықпал ететiн сан қилы әсерлердiң нәтижесiнде қалыптасады. Бұл көп ретте жоспардың негiзi мазмұны тәрбие жұмысының жолдары мен тәсiлдерiн көрсетуге арналып, мiндеттерiнiң жоспардың негiзi пункттерiнiң аттарында көрсетiлетiндiгiнiң себебi болса керек.
Қайсылары жоспардың негiзi бөлiмдерi болатындығын шешу-күрделi мiндет. Оның үстiне жасалған ұсыныстарда оларды тұжырымдаудың әр түрлi варианттары келтiрiлген. Мәселен:
1. Балаларға мәдени мiнез-құлық ережелерiн үйрету.
2. Ұжымды ұйымдастыру және жекеленген балалармен жұмыс.
3. Балалардың еңбек тәрбиесi.
4. Көркемдiк тәрбие.
5. Дене шынықтыру тәрбиесi.
6. Ата-аналармен жұмыс.
Жоспар схемасының басқа нұсқалары мынадай:
1. Туған жерге, Отанға деген сүйiспеншiлiк.
2. Достық пен жолдастық.
3. Оқудағы сандық пен дербестiк. Бiлiмге деген құштарлық.
4. Еңбек сүйгiштiк, ұқыптылық.
5. Мәдени мiнез-құлық. Әдеттерi.
6. Табиғаттағы, адамдар мiнез-құлқындағы өнер туындыларындағы әсемдiк туралы алғашқы мағлұматтар.
7. Гигиена мен санитария жөнiндегi алғашқы мәлiметтер мен дағдылар. Денсаулықты нығайту әдiстерi.
Әр түрлi тұжырымдалатын бұл жоспарлардың бәрi мынадай бөлiмдердi ұсынады: көзқарастар мен қоғамдық белсендiлiктi қалыптастыру. Идеяның адамгершiлiк тәрбие, еңбек тәрбиесi танымдық белсендiлiк пен оқуға деген ынтаны дамыту; дене шынықтыру мен эстетикалық тәрбие. Былайша тұтас алғанда балаларды тәрбиелеудiң үлгi мазмұны. Бағдарламасы сай келдi. Демек, жоспардың жеке тарауларын бөлiп алып қарау негiзi тәрбиелiк мiндеттер тұжырымдауға және оларды баланың жан-жақты дамыған жеке басын қалыптастастыру сияқты. Жалпы мiндеттi көрсете аларлықтай белгiлi бiр жүйеде беруге жағдай жасайтын болады.
Адам баласы қоғамда өзiнiң адамгершiлiк қасиетiмен әдептiлiгiмен, қайырымдылығымен адалдығымен, әдептiлiгiмен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептiлiктi бағалай бiлген. Отбасында жастарды кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеудi мақсат етiп қойған. Халқымыз өз ұрпағын.
«Әдептiлiк, ар-ұят
Адамдықтың белгiсi
Тұрпайы мiнез тағы жат-
Надандықтың белгiсi», немесе
«Әдептi бала арлы бала-
Әдепсiз бала сорлы бала» – деп әр жастың әдептi, сыпайы, инабатты болуын қалаған, осы әдептiлiк тақырыбына байланысты өткiзген ашық тәрбие сағатын ұсынуға болады.
Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениеті және салт-дәстүрін үйретеді.Қазақтың ұлттық ойындары бала тәрбиесінде өте үлкен қызмет атқарады. Бұл процесс балаларды рухани байытады.
***
«Жақсыдан –үйрен, жаманнан – жирен».
Тәрбиеші сөзi.
Құрметтi ұстаздар мен ата-аналар, бүгiнгi бiз дайындап отырған «Жақсыдан-үйрен, жаманнан-жирен» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етiңiздер.
1-бала: «Тiлiмiздiң бұлағы, тiрлiгiмiздiң жүрегi» Арманда кеткен асыл ағалар Сәкен Сейфуллин, Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Мiржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрiм Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов сынды ұлы ұстаздарымыздың аруағы алдында бас иемiз (топтың бас июi).
2-бала (Абай Құнанбаев)
Кемдi күн, қызық дәурен тату өткiз,
Жетпесе, бiрiңдiкiн бiрiң жеткiз.
Күншiлдiксiз тату бол шын көңiлмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткiз
Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып,
Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiн тосып.
Бiрiңдi бiрiң қадiр, құрмет етiс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
3-бала:
Әр адамда өз анасынан басқа болу керек құдiреттi төрт ана.
Туған жерi-түп қазығы, айбыны,
Туған тiлi-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт-санасы тiрегi,
Тағдырына шуақ шашар үнемi.
Тәрбиеленушінің орындауында «Елiм менiң» өлеңi.
Көрiнiс: «Байлық пен ақыл».
4-бала:
Мен жолымды берейiн өт, қарағым,
Несiн күттiң, несiне көп қарадың.
Анасының бергенiн саған берген,
Аруағынан айналдым тектi ананың.
5-бала:
Жалған-ай, жарасымды-ау iзет деген,
Иiлген сiз өтпенен, бiз өтпенен
Қасиетiн халқының сыйламайды
Атасының дәстүрiн күзетпеген.
6-бала:
Десек те жаңа өмiр, жаңа заман,
Жақсы ғой бiрiн-бiрi бағалаған.
Түйсiксiз тайлақтардан сақта, құдай.
Тайраңдап, алды-артына қарамаған.
7-бала:
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтiптi бiр-бiрiнiң жолын бағып.
Өсиетiн бабаңның орындай сал,
Одан ешкiм кетпейдi тоныңды алып.
8-бала:
Батаменен ел көгерер,
Жауынменен жер көгерер
Бата беру рәсiмiнен көрiнiс:
Өнерлерi өрге жүзiп, бiздiң сыныптың екi баласы өнер сайысына жол жүрмек. Бата сұраймыз (сынып түгел)
Бата берушi:
Ай-тәңiрiң iркiлмесiн,
Күн-тәңiрiң күрсiнбесiн,
От –тәңiрiң көз iлмесiн,
Су-тәңiрiң безiнбесiн.
Қатерде Қызыр серiгiң болсын,
Сапарда дүлдүл серiгiң болсын,
Абылайдың барағын берсiн
Бауыржан батырдың айбарын берсiн.
Әумин!
9-бала: (Қ.Мырзалиев)
Домбыра, мұнда шешен болдың неге,
Күй толған көкiрегiң шежiре ме.
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесiң,
Саусағым тиiп кетсе iшегiңе.
Тәрбиеленушінің орындауында “тойбастар”.
10-бала:
Атам менiң әманда
Әдептi жан бол деген
Ата сөзi санамда,
Жасы үлкенге жол берем
Кесiп етпей көлденең
Iзетiмен кiшiнiң,
Сәлемдесіп қол берем.
11-бала: «Арна»
Анам маған – үлкендi сыйла – деген,
Сол сөз маған iзгiлiк құйған ерен
Үлкендерден ауысқан кiшiлiктi,
Үлкендердiң өзiне сыйға берем.
***
Адамгершiлiк – асыл қасиет тәрбие сағаты.
Мақсаты:
Тәрбиеленушілерге асыл қасиет тек адам бойында болатынын түсiндiру.
Жақсы қасиетке үйретiп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершiлiк сезiмдерiн дамыту.
Балаларды кiшiпейiлдiлiкке, үлкендi сыйлауға, кiшiлерге көмек көрсете бiлуге тәрбиелеу.
Көрнекiлiктер:суреттер, буклет және тағы басқалары.
Тәрбие сағатының барысы:
Бүгiнгi заман адамы сегiз қырлы, бiр сырлы болып өсу керек. Оның ең бастысы адамгершiлiк. Ата-ананың тiлегi-сенiң жақсы адам, азамат болуың, сенiң еңбек сүйгiштiгiң, оқу мен еңбектегi табыстарың ата-ана үшiн шексiз бақыт.
Ұстаздың, ата-ананың алдында шыншыл бол.
Үлкендердiң ақыл-кеңесiн тыңда.
Бойында осындай қасиеттерi бар баланы бiз қандай бала деймiз?
Балалар: Тәртiптi, әдептi бала деймiз.
Тәртiптiлiк, адамгершiлiк ең алдымен мектеп ережесiн сақтаудан басталады.
Егер сен бала күнiңнен тәртiптi, әдептi, адамгершiлiгi мол бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз отаныңның мақтанышы боласың.
Дұрыс сәлемдесе бiлу мәдениеттiлiк, адамгершiлiктiң белгiсi. Көшеде, балабақшада, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кiсiлер, тәрбиешілер кездессе не деу керек?
Барлығы: «Сәлеметсiз бе?»-деу керек.
Үлкен кiсi қолындағы нәрсенi көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?
Барлығы: «Көмектесейiк»-деу керек.
Байқаусызда бiреумен қақтығысып қалғанда не деу керек?
Барлығы: «Кешiрiңiз»-деу керек.
Апаң сенiң базардан
Алма сатып әкелдi.
Ең үлкенiн, жақсысын
Саған таңдап әпердi.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет апа»-деу керек.
Адам болам десеңiз.
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрседен асық бол
Адам болам дасеңiз.
Тiлеуiң өмiрiң алдында
Оған қайғы жесеңiз
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ
Ерiншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой.
Қанағат,рахым ойлап қой-
Бес асыл iс көнсеңiз
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бiр ғалымды көрсеңiз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңiз.
Сiзге ғылым кiм берер,
Жанбай жатып сөнсеңiз?
Дүние де өзi, мал да өзi,
Ғылымға көңiл бөлсеңiз.
Өзiң үшiн үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл
Бiреу үшiн үйренсең.
Бiреу бiлмес, сен бiлсең,
Бiлгенiңнiң бәрi – тұл.
Сөзiне қарай кiсiнi ал,
Кiсiге қарап сөз алма.
Тез үйренiп, тез жойма,
Жас уақытта көңiл гүл.
Әдептiлiк, ар-ұят –
Адамдықтың белгiсi.
Тұрпайы мiнез, тағы жат –
Надандықтың белгiсi.
Ал құрметтi, қонақтар, тәрбие сағатымыз адамгершiлiкке байланысты болғандықтан, балалар сiздерге «Дастарқан басындағы дәстүрлер» туралы қысқаша түсiнiк берiп өтсiн.
Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбiнесе дастарқан басында отбасы мүшелерiнiң бас қосуын пайдаланады.
Дастарқан-берекенiң белгiсi, ризашылық сезiмнiң ошағы, молшылдық пен тойымшылдық көзi деп қарайды халық.
Қазақ халқы дастарқанды «Бөлiнбеген еншiмiз» деп, ортақ ризашылдықтың тағдыр берген несiбенiң белгiсi деп қарайды.
«Қуыс үйден, құр шықпа» деп кез келген адам есiк ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю – халықтың қалыптасқан қасиеттi дәстүрi. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөлiскен.
Өсиет айту, бата беру, мәжiлiс құрып, мәмлеге келу, серттесу, достасу бәрi де дастарқан басында шешiледi.
Өйткенi дастарқан дәмi – киелi, оны татып, татуласқан адам «келiсiм бұзса, астың киесi» деп, дастарқан иесi оның дастарқан үстiндегi сертiне сенiммен қараған.
Дастарқан басындағы сертiн бұзғандарды халық «ас дәмi ұрсын», «нан ұрсын» деп қарғайды.
Күнделiктi отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға, жасы үлкенге ұсыну, асты ретiмен қойып, тазалық сақтау рәсiмдерi орындалады.
Халық ас iшiп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсiмдерi орындалады.
Тәрбиеші: Сыпайылылық, әдептiлiк адамда жас кезiнен қалыптасады. Осы айтқан жақсы қасиеттердi тек сендердiң бойларыңда көремiз деп үмiттенемiз.
Тәрбиеші: Үлкенге сый көрсет, кiшiге жол көрсет – дегендi қалай түсiнесiңдер. Ол үлкендi сыйлай бiлу, кiшiлерге үлгi-өнеге болу деген ұғымды бiлдiредi.
Үлкендерге сый-құрмет дегенде кiшiпейiл, әдептi, сыпайы болушылық деген ұғым бар.
Адам баласы жолдастарымен,туыстарымен қарым-қатынас жасағанда, оның таныс, таныс еместiгiне, қызмет дәрежесiнде қарамай кiшiпейiл, әдептi болу керек. Бұл адамгершiлiк борыш, адамдар бiр-бiрiн бiлу керек. Сонда басқалар оны сыйлайды.
Адамдар байқағыш, сезiмтал, көпшiл болуы керек. Егер бiз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетiмiзде тастай алмайтын болсақ, бұл әдет бiздi бiрте-бiрте дөрекi мiнездiлiкке, бiрiн-бiрi сыйлай бiлмеушiлiкке әкеп соғады.
Бұдан шығатын қорытынды: мәдениеттi болудың алғашқы қадамы басқаны- сыйлай бiлу. Ал балалар, адамгершiлiк туралы қандай мақал-мәтелдер бiлемiз?
«Сыйлай бiлсең сыйланарсың».
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол».
«Адамның күнi адаммен».
Осындай тәрбие сағаттары балаларды жас кезiнен бастап адамгершiлiк тәрбиесiнiң берерi мол екенiн үйретедi, мұндай тәрбие сағаттары олардың бүкiл өмiрiнде баға жетпес қолдау қөрсетiп, жеке жұбаныш әкелетiн болады. Бiздiң ойларымыз қандай болса,өмiрiмiздiң де сондай болатынын түсiне бiлу керек. Бiз өзiмiздiң қалауымыздың бәрiне егер бiздiң тiлегiмiз iзгi және шынайы болса ғана қол жеткiземiз.
«Iзденiңдер, табасыңдар. Сұраңдар, бәрi де сендерге ашылады», – дейдi Адамдық ұлы. Сол себептi бiздiң өзiмiзге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тiлеуiмiздi жоғары Ақылдың есiгiн қағу деп атауға әбден болады.
«Алтын сақа » сайысы
Мақсаты Балаларлардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі Сайыстың тақырыбы, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар «Жас-кәрінің көзі, кәрі –жастың көзі», «Ата – балаға сыншы.»
Сайыстың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Құрметті балалар мен ата-аналар! Тобымызда өткізгелі отырған «Алтын сақа» сайысын өткізуге рұқсат етіңіздер. Бұл сайыста топ екі топқа бөлініп, өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын балалар қатысып отыр. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне осы уақытқа дейін салт-дәстүріміз ұмытылмай сақталып келеді. Ендігі жалғастырушы - келешек жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрімізді жалғастырушы ұландарды ортаға шақырып сәттілік тілейік. Балалар! «Алтын сақа» сайысы алты бөлімнен тұрады
Өнер сайысы.
Мақал-мәтелдер сайысы.
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
Тыйым сөздер, ырымдар.
Күш сынасу сайысы.
«Алдардың айласы» атты сайысы.
Осы салт-дәстүрді жалғастырушы жас ұрпақтарға баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейік.
1. Өнер сайысы:
Қай істе де өнер қолдан,
Өнерлі адам жеңер болған,- демекші, бірінші сайыс - өнер сайысы.
2. Мақал-мәтел сайысы:
Мақал айтсақ - жол көрсеттің,
Мәтел айтсақ – жанымды жайландырдың – демекші, келесі сайысымыз – мақал-мәтел сайысы. Бұл сайыста келесі тақырыптарда мақал-мәтелдер айтылуы керек
1 Салт-дәстүрге байланысты 3.
2 Батыр туралы.
3 Туған ел туралы.
4 Оқу-білім туралы.
5 Жақсылық пен жамандық туралы.
6 «Қыз қылығымен».
3. Салт-дәстүр сайысы:
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім ?
Ата-салтын бабамның
Алып келді осы күн, – дей отырып, салт-дәстүрге байланысты сайысты бастайық. Мұнда қойылатын сұрақтар мен тапсырыстар төмендегідей
1 Қандай ырымдарды білесіңдер? 3-еуін атаңдар
2 Тыйым сөздерді ата.3 мысал
3 Қазақ киіз үйінің бөліктерін ата.
4 Ұлттық саз аспаптарды ата.
5 Мал сүтінен жасалатын тағамдарды ата.
4. Киелі сөздер сайысы.
6 «7» санына байланысты тұжырым сөздерді ата.
Мұнда қойылатын тапсырыстар келесілер
1 3 жұртты ата
2 7 қазынаны ата.
3 3 қуат.
4 3 арсызды ата.
5 3 дауыссызды ата.
5. Күш сынасу сайысы.
Балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар беріледі.
6. «Алдардың айласы» атты көрініс.
Ойынға қорытынды беру үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Қорытынды: Сөздің тобықтай түйіні
Екі тентек кездессе,
Төбелеспен тарқайды.
Екі мылжың кездессе,
Ерегіспен тарқайды.
Екі топ кездессе,
Елжіресіп тарқайды.-демекші,
Біздің «Алтын сақа» ойыны осыменен аяқталады. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
***
«Қуаласпақ» ойыны
Дидактикалық мақсаты: дауысты мен дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін қайталап, жинақтау.
Ойынның шарты: бірінші қатардағы балалар - «Дауысты», екінші қатардағылар «Дауыссыз» деп аталады. Дауыстылар дауысты дыбыстан басталатын сөз айтады, дауыссыздар дауыссыз дыбыстан басталатын сөз атайды. Қай қатар тапсырманы жаңылмай, тез, әрі шапшаң орындаса, жеңіске жетеді.
***
«Ұйқасын тап» ойыны
Дидактикалық мақсаты: сөйлемдер құрауға, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Ойынның шарты: тәрбиеленушілерге бірнеше өлең жолдары беріледі, олардың сөйлемдегі байланысына, ұйқасына қарай, әрқайсысын өз орнына қойып, өлең шумағын тұтас оқу тапсырылады.
***
«Орамал тастамақ» ойыны
Ойынның мақсаты Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарының қойылуын, оның қолданылатын орнын ажырата білу. Сөйлем құрау дағдылырын жетілдіру.
Шарты Тәрбиеші орамалды кез келген тәрбиеленушінің алдына тастап, кім? не? сұрақтарының бірін айтады.Ал балалар сол сұраққа жауап беретін сөзді айтуы тиіс. Келесі балалар сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Ойын осылайша жалғаса береді.
***
«Ақсүйек» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Зат есім тақырыбын түсіндіру – оған мысалдар келтіре алу дағдыларын жетілдіру.
Мазмұны: Үстел үстінде ақсүйектің суреті салынып, нөмірленген карточка жатады. Тақтаға шыққан бала кез-келген ақсүйекті алып, қандай нөмірі болса, сол нөмірдегі карточканың тапсырмасын орындайды.
Карточканың тапсырмалары мынадай:
жауды, ... келді, ... жазды, ...мөңіреді.
дұрыс жауабын біледі. Содан кейін мақта қыз сары және көк гүлдер шоғын жинайды.
***
«Бәйге» ойыны
Ойынның дидактикалық мақсаты: балалардың логикалық ойлауларын дамыту
Құрал-жабдығы: плакатқа салынған жазық даланың суреттері, аттардың кеспе суреттері.
Мазмұны: Ойын шарты бойынша тәрбиеші тәрбиеленушілерге бәйге жарысы болатынын, оған әркім өз тұлпар аттарын қоса алатындықтарын айтады. Оқулықтағы шығармашылық тапсырманы кім жылдам, әрі дұрыс орындаса, соның аты бәйгеден озып келеді...
***
Ата - аналарға арналған сауалнама
1. Сіздің балаңызға қандай жағымды қасиеттер тән?
2. Сіздің балаңызға қандай жағымсыз қасиеттер тән?
3. Сіз балаңызда қандай маңызды қасиеттерді тәрбиелеуге тырысасыз?
4. Сіздің балаңыздың үйде тұрақты міндеті бар ма және оны ол қалай орындайды?
5. Сіздің балаңыздың белгілі бір күн режимі бар ма және оны ол қалай орындайды?
6. Сіздің балаңыз жанұяның басқа мүшелеріне қалай қарайды, қажетті көмекті көрсетеді ме, бірге күйіне ме, қорғай ма?
Сіздің балаңыз жанұялық мерекелерге қалай қатынасады, қандай белсенділік танытады?
жақсы деген не, жаман деген не?» әдістемесі
Мақсаты: сауалнама көмегімен балалардың адалдық, әділдік, жауапкершілік, табандылық туралы адамгершілік түсініктерін айқындау.
Орындалу барысы: Тәрбиеленушілерге өздеріне жақсы таныс мысалдар келтіру ұсынылады:
1. Сен куә болған қайырымды іс.
2. Біреудің жасаған арам іс- әрекеті.
3. Сенің танысыңның адал іс- әрекеті.
5. Саған таныс адамның жігерсіз іс- әрекеті.
6. Сенің достарыңның ішінде біреуінің жауапкершіліксіздігі. Алынған мәліметтерді өндеу. Балалар жауаптарына сапалы талдау жасау оларда кейбір адамгершілік сапалар туралы түсініктердің қалыптасу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді және ол былай бағаланады: 1) дұрыс емес түсінік; 2) дұрыс, бірақ толық және нақты емес; 3) адамгершілік сапа туралы нақты және толық түсінік.
***
«Сөйлемді аяқта» әдістемесі»
Мақсаты: кейбір адамгершілік сапаларды анықтайтын адамгершілік нормаларға балалардың қатынасын айқындау.
Орындалу барысы: Тәрбиеленушілерге неғұрлым тез (олар өздеріне неғұрлым үйреншікті жауапты бірден айтуға мәжбүр болу үшін) сөйлемді аяқтау ұсынылады:
1. Егер мен қате жасағанымды білсем, онда...
2. Мен өзім дұрыс шешім қабылдауға қиналсам, онда...
3. Менің көзімше адамды ренжітсе, онда мен...
Алынған мәліметтерді өндеу алдындағы әдістемеге сәйкес жасалады.
Мұғаілімнен үлкен даярлықты талап ететін ұжымдық еңбек сабақтарын айына бір-екі рет өткізген жөн. Олар әрқалай ұйымдастырылуы ықтимал. Ұйымдастыру формаларының бірі- конвейерлік жұмыс. Ұжымдық конвейерлік еңбек үшін тиісінше сынып бөлмесін дайындау –жұмыс операцияларын бірінен соң бірі жүргізілуі үшін үстелдерді қалай орналастыруды ойластыру керек.
Конвейер біркелкі жұмыс істеу үшін, барлық топ шамамен біркелкі жұмыс жасауы тиіс. Сондықтан мұндай ұжымдық қызметте топтарды ауыстыру –мейілінше жиі кездесетін құбылыс.
***
«Құрастыру»
Сабақта әрбір жұп балалар үшін бір қорап «Құрастыру», бірнеше қосымша кілттер мен бұраушы болуы қажет.
Балалар бойында еңбек бөлінісіне байланысты жұмыс дағдысы қалыптасқанша барлық бригадаларға машинаның кез келген бір үлгісін дайындауды, оны жеке бөлшектерге-топтарға бөлуді тапсырған орынды.
Топпен сабақ өткізгенге дейін, олардың әрқайсысы машинаның кез келген торабын жинастыруды үйренуі үшін, қорапты құрастырып көрсету ұсынылады.
Балалар, бүгін сендер «Құрастыру» қорабындағы бөліктермен құрастырасыңдар. Оларды жекелеген бөліктері бойынша құрастыру керек: ң әрбір бал үлгінің бір бөлігін құрастырады, ал барлығыңдікін біріктіргенде бір үлгі шығуға тиісті. Жұмысты өзіміздің вагон жөндейтін заводтың жұмысшылары қалай еңбек етсе, сендер де солай жұмыс істейсіңдер.
Одан әрі тәрбиеші үлгінің «Ондық өлшеуіш таразы» деп аталатын және оның бөлшектері –гірдің өзі, тік тұтқасы, иін темір, гірдің шкалалары, жүкке арналған платформа, тепе-теңдік қондырғыларды көрсетеді. Үлгінің белгілі бір бөлігін жасауға тиісті әрбір топтағы балалардың аттары жазылып қойылады.
Содан соң балалар үлгіні жасауға қажетті детальдарды іріктеп алып, «Құрастыру» альбомындағы үлгі суретін мұқият қарап шықты. Іріктеп алынған бөліктерді, кілтті, бұрауышты бұрын еңбек сабақтарында дайындалған картон қораптарына салды.
Тек осындай алдын ала жүргізілген жұмыстан соң, бөліктері бойынша үлгіні құрастыру басталды.
***
Шырша ойыншықтарын жасау.
Жұмысты топ бойынша ұйымдастыруға болады. Топты екі немесе үшке бөлу керек. Олар бір мезгілде әр түрлі ойыншықтарды жасайды. Мысал ретінде кішкентай себеттерді жасауды қарастырып көрелік:
кезең кішкене себеттерді жасауға қажетті үлкен қағаз беттерін белгілеп, бірдей бөліктерге бөлу;
кезең: кішкентай себеттердің контурларын белгілеу;
кезең: контур бойынша себеттерді қою;
кезең: кішкене себеттерді желімдеу.
Жұмыс операциялары біртіндеп жүзеге асырылады. Сондай-ақ, алқагүл, жалаушалар, карнавалдық бас киімдер және басқа да әшекейлерді дайындауды шамамен осылайша ұйымдастыруға болады.
***
Тәрбиеші мен ата-аналарға әдістемелік кеңестер.
Бала біздің алтын қазынамыз, сондықтан:
әрбір қадамына, ісіне өте сақтықпен қараңыздар;
қателеспеуге, қате жібермеуге тырыс;
балаға да, ата-анаға да қиянат жасама, жаманшылық ойлама;
баланың үміті, арманы, қиялынан көре біл;
өзіңді, өз өміріңді балаға арна
үнемі баланың жан дүниесінен, байлықты, құндылықты таба білуге, тани білуге тырыс.
бала бойындағы керемет ғажайыппен кездесуге шыдамдылық көрсет және оған дайын бол.
-
***
Мақал-мәтелдер
Жақсы болсаң-жақын көп
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Үлкенді құрметтеген бақыт табар.
3.Сөзіңе сүйінген, ісіңе күйінбейсің.
4.Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең
Көңілің ашылады.
5.Ел намысын қуғанның еңсесі биік.
***
Өз сөзіңде және уәдеңде тұра біл (жауапкершілік, адалдық):
- біреуге, топқа, ұжымға беретін уәдеңді орындай алатындығыңды білмей тұрып, алдын ала ойланбай уәде берме;
-егер уәде беріп, содан соң берген уәдеңді орындай алмайтыныңды түсінсің, онда бұл жөнінде бірден шыныңды айт;
өз сөзіңде тұруға уәделерің мен саған жүктелген міндеттерді орындауға әлі үйренбесең, онда аз-аздан баста, бірақ істі міндетті түрде аяқтайтын бол;
өз кінәңді басқаға аударма.
***
Адамдарға енжар қараушы болма (тілектестік, әділеттілік):
өз көмегіңді өзгелерге ұсынудан қорықпа, бірнеше кезекте қайғыға душар болаған, әлсіз, ауру адамдарға көмектес;
айналаңдағы адамдардың жұмыс істеуіне және дем алуына бөгет болма;
басқаларға сыпайы, жайдары, ілтипатпен қарайтын бол, үлкендерге құрмет көрсет;
өзгенің пікірі мен өзгенің әдет-дағдыларын сыйлай біл, яғни адамдарға төзімділікпен қара, бірақ олардың кемшіліктеріне, қате пікіріне немесе теріс мінез-құлқына әсте төзуші болма.
***
Басқалармен бірге оқуға, жұмыс істеуге, ойнай білуге үйрен (ұжымшылдық, әділеттілік):
ұнамды және ұнамсыз, жеңіл және ауыр, қызықты және қызықты емес міндеттерді әділеттілікпен, бірдей етіп және әрқайсысының мүмкіндігін есепке ала отырып бөл. Өзіңді жоғары ұстауға тырыспа;
жалпы жұмыстағы өз үлесіңді жақсы, тез және дер кезінде орында, өзіңе жүктелген істі ақырына дейін аяқтап шық, басқаларға көмектес;
ұжымның жалпы шешімдерін, көпшілік қабылдаған ережелерді құрметте, оларды мүлтіксіз орындайтын бол;
ұжым сенім білдірген адамдарға және оның әділ талаптарына құрметпен қара, олардың тапсырмаларын ынта қойып орында;
сенің қолғабысың қай жерде керек екенін өзің аңғаруға үйрен, басқаларға әдептілікпен көмектесе біл;
егер өзіңдікін дұрыс деп есептесең, онда мұны басқаларға дәлелде және шындық үшін күрес;
егер жолдасың жаман іс істесе, оны тоқтат.
***
Балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мынадай формаларды қолдануға болады:
балалардың ұлттық әдет-ғұрып мерекелері мен салтанатты жиынға дайындалуы мен өткізуге белсене қатысуы;
жас ақындардың, поэма айтушылардың, халық аңызы сыныптарын ашу;
ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен жарыстар өткізу.
-«Шежіре» қазақ халқының тарихын, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық мемлекеттің орналасуын оқып үйренеді.
Халық батырларының өмірбаяны туралы, хандары, ғалымдары, мәдени құрушылар және саясаткерлер туралы материалдар жинайды. Бұл мақсатта мектепте ақындар, батырлар күні өткізіледі.
-«Толғау» - халықтық шығармашылықтың дамуы мен ауызша жырлануын, айтыс, терме және т.б. оқиды. Балалар арасында айтыстар, терме, жыршы, Абай, Шәкәрім шығармаларын орындаушылар байқауы өткізіледі. Балалар арасынан жас ақынның тәрбиеленуіне ерекше назар аударылады.
-«Наурыз» - бұл бағытта балалар мен тәрбиешілер ұлттық мереке туралы мағлұматтар жинайды. Барлық мектеп киіз үйге ие, барлығын балалар өздері дайындайды, киіз үйді ұлттық мереке күні құрады.
«Зерегер» - шеберлік. Тәрбиешілермен бірге оқушылар қазақ өнерімен және оның қазақ өміріндегі мәнімен танысады. Топ ішіндегі кішігірім өндіріс орнымен ұлттық заттар мен сәндік бұйымдар жасауда тәжірибе алмасады. Балалар қазақтың ою-өрнектерінің құпия сырымен танысып, өздері жасаған заттарынан көрме ұйымдастырады. Соның ішінде қазақтың киіз үйін құрастыруды үйренеді. Оны құрастыруды төмендегі кезеңдермен көрсетуге болады.
Бағдарлама мақсаты – балаларларды сыйлау, күтіп ұстау, халықтың рухани мұрасын сақтап ұстауға үйрету, тұлғаның адамгершілік құндылығын тәрбиелеу. Осы бағдарламаны енгізу жолында ерекше көңілді халық ойындарына бөлген. Олар бастауыш сыныптарында сабақтың әсерін жоғарлатады.
Мысалы: «Бір минутта жаттай біл» ойыны көздің есте сақтау қабілетін дамытады.
«Сиқырлы қобдишадан кім көп сөз жаттайды?» (Сәлеметсің бе? қайырлы таң, көріскенше, қайырлы күн, қайырлы түн және т.б.)
«Мысық туралы кім көп біледі?»(қоңыр түсті, жұмсақ, мамық жүргені естілмейді т.б.)
Ойындар: «Былай істе», «Бізге кім өткір көз?», «Кім қалай дауыстайды?», «Не өзгерді?» назары мен есте сақтауын шынықтыруға бағытталған,ойын ситуациялары барлық балалар мен жұмыс істеу барысында қамтылады.
***
Жаңылтпашты айту
Қазақтың халықтық жаңылтпашы да кеңінен қолданылады, мысалы:
"Шілікті шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
Шалабай шыли шалағай,
Шалағай шыли Шалабай.
Шақша басы шарадай,
Шаладай шала шалабай."
Тебіншек ат-шегіншек,
Шегіншек ат-тебіншек.
Қазақтың фольклорын оқу оларға бағдарлама құру қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарлама баланы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әртүрлі әдет-ғұрпымен таныстырады.
***
Адамгершілік құндылықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Балаларды адамгершіліке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділіке, әдептіліке, еңбек сүйгіштікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық. адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, адамгершілік құндылықтарын бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік. Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: адамгершілікке байланысты суреттер: «жаман жолдас», «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Аналарды сыйлау», «Құстарға қамқорлық», «Еңбек түрлері»
Сабақтың әдісі: әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды жұмыстың жүргізілуіне байланысты топтастырып отырғызу.
Жаңа сабақ.
1. «Адамгершілік құндылықтар» суреттерді топқа бөліп беру, сол бойынша әңгімелесу.
1 – топ. «Жаман жолдас»”.
2 – топ. «Үлкенді құрметтеу».
3 – топ. «Құстарды атпау».
4 – топ. «Кішіге қамқорлық»
5 – топ, «Автобус ішіндегі бала».
6 – топ. «Аналарды сыйлау».
Оқулықпен жұмыс.
Рухани байлық адам жанының ерекше қасиеті. Рухани дүниесі бай адам үшін достық пен махаббат, парыз бен ақиқат өте маңызды. Оны табиғат тылсымдары, өнер, кітап оқу, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болу әрқашан қызықтырады. Ол білім алуға, данышпандылыққа құштар, өзінің ойы мен қабілетін дамытып, жақсы қасиеттерін тәрбиелейді, қайырымдылықты жасаудан аянбайды.
Адамнаң рухани саулығының басты белгілерінің бірі – адамгершілік. Оған қайырымдылықпен бірге басқаның қайғысына ортақтасу, шыншылдық, адалдық сияқты жалпы адам баласына тән жақсы қасиеттер жатады.
Ол отбасы мүшелерімен, жолдастарымен, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзара қарым – қатынас жасау барысында көрініс береді.
Қайырымдылық дегеніміз – адамның басқаларға кеңес беруі, жақсы тілек тілей білуі. Қайырымдылық – ерекше қасиет. Қайырымды адам өзгелерді өзіне тартып алады. Ол айналасындағы адамдарға өзінің жүрек жылуын, ықыласын аямайды. Біздің әр қайсысымыз айналамыздағы адамдарға ізгі ниетімізді сыйлай білуіміз керек. Қайырымды адам өзгелерден жалтармайды, жақын адамдарынан алыстамайды.Туыстарыңа қамқорлық көрсет, олардан жылы сөздеріңді, жәрдемінді аяма, сонда көңілің көтеріліп, айналаң әдемі бола түседі. Барлық жақсылыққа қуанып, өзіңнің немесе өзгенің қуанышын бөлісе біл!
Өзін – өзі тексеру үшін сұрақтар
Сен өзіңді мейрімді санайсың ба ?
Айналадағылар саған қалай қарайды ?
Жақсы,
Жаман,
Енжар.
Айналадағы адамдарға сен қалай қарайсың ?
Мейріммен,
Сенің мінезің қандай ?
Сенің мінезің де нені өзгерту керек ?
Досың бар ма ?
Ата – анаңмен қарым – қатынасың қалай ?
Мейрімді,
Жақсылық тілеуімен шектелу.
Менің кейіпкерім немесе үлгі тұтарым кім ?
Осы сұрақтарға жауап бергізу, талдау жасау. Бұл сұрақтар өзіңнің кім екеніңді тануға көмектеседі.
Қорыту. Ой толғаныс.
Адамгершілік
қайырымдылық инабаттылыққа кішіпейілділік
қамқорлық сыйластық ізеттілік
Ой тұжырымы.
***
Тренинг жоспары.
Кіріспе бөлімі. Тренингті өткізу мақсаты, өту кезеңдері, тапсырма түрлері:
а) «Бір – бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау» ойынын ұйымдастыру;
ә)Топқа бөлу. (Әр топ Аттарын тағайындау, таныстыру.)
Нұсқау бөлімі.
Әр топқа нұсқау ретінде суреттер берілді, сол бойынша әңгіме құрастыру, туындаған сұраққа жауап жазу, талқылау орындалады.
Әр топқа Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің мәтінін тарату, әңгіме желісі бойынша ессе толтыру, туындаған сұраққа жауап жазу, тыңдау.
Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ» әңгімесі оқылады.
Адамгершілік дәрежесін анықта
1 жолаушы
2 жолаушы
3 жолаушы
Бағыт бөлімі.
1)Берілген бағыттарға «бұрынғы», «қазіргі» талаптарды салыстыра отырып, кесте толтыру;
2) «Тәрбие», «Жеке тұлға», »Адамгершілік» бағыттарына өлең құрастыру.
Бағыттары
Бұрынғы
Қазіргі
1
Мұғалімнің жұмыс нәтижесі
2
Мұғалім бойындағы қасиеттер
3
Мұғалімнің түпкі мұраты
4
Мұғалімнің тәрбие жұмыс жоспары
Қорытынды бөлімі.
1)Топтағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қиыншылықтар мен жетістіктерді айқындау.
Топтың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиыншылықтар, жетістіктер.
2) «Жаңа оқу жылына әріптеске бір тілек» ойынын ұйымдастыру арқылы тренингі қорытындылады.
***
Жақсыны үйрен
Сабақтың тақырыбы: Жақсыны үйрен
Сабақтың мақсаты: Баланы кішіпейілділікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиреуге және иманды да инабатты болуға баули отырып, ата-анаға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, жинамалы суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қазақ халқының мақалы бар. Мақалдың мазмұнын ашып, балаларға түсіндіру.
Ұя – ол өз отбасымыз, өз ортамыз. Осы өз отбасымызда қандай тәрбие алсақ, үлкен азамат болғанда да сондай тәрбиенің иесі боламыз.
Бірінші тәрбие көзі – ата – ана, отбасы болса, екінші тәрбие – білім ордасы - балабақша, мектеп болып табылады. Балабақша – біздің екінші анамыз, үйіміз. Демек, балабақша мен ата-ана берген білім, тәрбие арқылы біз жан – жақты азамат, адамгершілігі мол, иманды да инабатты адам болып өсеміз. Ата – ана алдында шыншыл болып, үлкеннің ақыл – кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата- ана тілегі – сендердің жақсы азамат болып, еңбек пен оқуды биіктен көріне берулерің үлкен қуаныш, мақтаныш екен. Осындай жақсы қасиеті бар баланы қандай бала дейміз?
Демек, тәрбие сағаттарымыздың тақырыбы: «Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман әдеттен».
Мазмұнын ашу. Суретпен жұмыс.
Ұлы кемеңгер ақынымыз – Абай Құнанбаев және тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсариннің портреттері.
Балалар, осы әдептілік, адамгершілік тақырыбында біздің ата – бабаларымыз да көптеген өлең – жырлар жазып, жырлаған екен. Соның бірі «Әсемпаз болма әрнеге» (оқу, мазмұнын ашу). Яғни, кез -келген нәрсеге, затқа көрсеқызар болмай, өмірде өз орнынды таңдай білуге шақырады.
Біз қай пәннен адамгершілік, кішіпейілділік туралы оқып танысамыз. (Ана тілі).
Қандай тақырыптарды білеміз? Мысалы:
Міне, осы әдептілік, әдемілік туралы біз оқу арқылы біліп, үйрендік. Яғни, оқусыз ешнәрсе білмейміз және ешнәрсенің келмейтінін мына бір өлең жолдарынан аңғаруға болады екен. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!». Бұл өлеңді біздер үшін ұран қылып қалдырған Ыбырай атамыз екен. Олай болса, жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жирене білуіміз керек. Осы жерде атамыз Абайдың мына бір өлеңі ойға оралады. «Ғылым таппай мақтанба» (оқу).
Міне, бес нәрседен қашық болып, бойынды аулақ ұстауға үйрен, - дейді. Олар: өтірік, өсек, мақтаншақтық, еріншектік. Мына бір жолында, бес нәрсеге асық бол, - дейді. Олар: талап, еңбек, қанағат, ойлы бол, іздене біл, досқа қайырымды бол деп айтады. Осы қасиетті өз бойыңа жинап, сол арқылы өзіңді қалыптастыр деген сөз.
«Адамның негізгі сипаты – адамгершілік»
Мақсаты: Балаларды ізгілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Өзінің қадыр – қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді де қорламайды. Ол ісінде де, сөзінде де, ешқашан пасықтыққа бармайды, ол әрқашан да сабырлы, ұстамды болады. Өзінің қадыр – қасиетін сезінетін адам сенімді бағалай біледі. Өзін – өзі тәрбиелеу барысында жақсы қасиет пен талғамға үйрене отырып, күнделікті қамқор әрекетте дұрыс мінез – құлық көрсете білуі қажет. Өйткені өзін-өзі біліп, түсінген адам басқаны да сондай түсіне алады.
Адамның адамгершілік қасиеттерді өмірге көзқарасынан, дұрыс не нашар мінез -құлықты, өмірге көзқарасты қалыптастыру адамның өскен ортасына, тәрбиеге тікелей байланысты.
Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу, “өзің үшін еңбек қылсаң – дейді Абай. - өзі үшін оттаған хайуанаттың бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол”.
Ақылды, мейрімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің өткен тарихымыз біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
Адамның асыл қасиеттерінің бірі – әділдік, тұрақшылдық, шыншылдық. Әділдік шын мәнісінде адамның ісі – әрекетінің нормасы болу керек. Бұл өмірдің қажеттілігі. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.
Қазақтың ұлттық балалар ойындарының бағдарламасы
Ойынның атауы
Ойынның мақсаты
Қолдану орны мен уақыты
Ойынның құралдары, жабдықтары
Әдебиет
І. Білімділік – жаңа білім, білік, іскерлік беретін
1. «Санамақ»
Зейінді, ойлау қабілетін дамытады
Математика сабағында, сондай-ақ сыныптан тыс уақытта
2. «Он саусақ»
Ойлау қабілетін, зейінін, тұрақтылығын дамытады (санау дағдысы)
Математика сабағында
3. «Ойлан тап»
Бақылампаздығын, зейінін, логикалық ойлауын, жылдам сезінуін дамытады, үй жануарларының түрлерімен таныстырады.
Математика, әдебиеттік оқу сабақтарында дәне сыныптан тыс уақытта
Карточкалар, барлық мүмкін болатын дидактикалық материалдар (үй жануарлары бар суреттер: түйе, қозы, қой т.б.)
4. «Қуыр-қуыр -қуырмаш»
Сөздік қазақ тілін, қолдың ұсақ моторикасын, танымдық процестерді дамытады
Оқу сабақтарында, физминутка кезінде
«Ақсандық, көк сандық» балалар фольклоры. Алматы: Жазушы, 1988. с.157.
ІІ. Тәрбиелеуші – басқа адамға қарым-қатынасын қалыптастыратын
5. «Қаламақ»
Дыбыстауын (лингвистикалық дағдыларын) дамытады
Сыныптан тыс уақытта
6. «Жұмбақ»
Ойлау қабілетін, зейінін дамытады
Сабақты және сыныптан тыс уақытта
7. «Аш қасқыр»
Зейінін, қимыл-қозғалыс координациясын, қозғалыс реакциясын, жылдамдықты, ептілікті, тәртіпті және өзін ұжымда еркін сезіну іскерлігін дамыту
Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта
8.«Кім қалай дауыс-тай біледі»
Бақылампаздығын, дыбысты айтуын, салыстыру, тырысушылығын көрсете білу және белсенділігін дамытады
Қоңырау кезінде, сыныптан тыс уақытта
9. «Орамал»
Зейінін, ұжымдықді, қимыл-қозғалыс деңгейін дамытады
Қоңырау, сыныптан тыс уақытта
Үлкен емес ашық түстік плакат
10. «Орныңды тап»
Жолдастарына деген сыйластықты тәрбиелейді, ептілікті, қимыл-қозғалыс деңгейін дамытады
Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта
11. «Дауысынан біл»
Тұрақтылықты, есте сақтауды, естуін дамыту
Мектептің ойын-сауықтық шарлар кезінде
Жануарлар әлеміне қарым-қатынасын қалыптастырушы
12. «Соқыр теке»
Ширақтығын, қиялын, зейінін дамыту
Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта
ІІІ. Дамытушы
1. балаларлардың дене жағынан (жылдамдық, ептілік, қозғалыс координациясын, күшін, шыдамдылығын, иілгіштігін)
13. «Ақ сандық, көк сандық»
Ширақтық, ептілік, машықтық деңгейін,
Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта
14. «Мысық пен тышқан»
Ширақтығын зейінін, белсенділігін дамыту
Дене шынықтыру сабағында, қоңырау және сыныптан тыс уақытта
15. «Қуаласпақ»
Ширақтығын зейінін, белсенділігін
Қоңырау және сыныптан тыс уақытта
16. «Қап киіп жарысу»
Ширақтығын зейінін, белсенділігін
Дене шынықтыру сабағында және мерекелерді, концерттерді өткізу кезінде
Үлкен емес, бірақ балаларлардың бойымен қаптар
17. «Үш орындық»
Ептілік, машықтық
Мектепте және сынныпта өткізілетін ертеңгіліктерде, мерекелерде
Үш бірдей өлшемдегі орындықтар
18. «Батыр»
Көру, тырысу, тұрақтылық дәрежесін
Сыныптан тыс уақытта
19. «Арқан ойын»
Ширақтық, тұрақтылық, зейін дәрежесін
Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта
Ірі, екі жағынан шиеленген жіп немесе секіргіш
20. «Білектесу»
Күштің, тұрақтылықты, ерікті
Қоңырау кезінде, сыныптан тыс шараларда, викториналарда
2) қабілетін (әнге, тілге, еңбекке, ойлау қабілетін және т.б.)
21. «Қай қолымда?»
Ойлау қабілетін, есте сақтауын
Қоңырау кезінде, сабақтан тыс уақытта
Ұсақ геометриялық заттар
22. «Торғай мен бұтақ»
Ойлауға және талдауға қабілетін
Математика сабағында (қосу мен азайту дағдыларын)
Сабаққа көрнекілік құралдар (суреттер, торғайлардың, бұталардың суреттері)
23. «Көги гөк»
әуенді, имровизациялық қабілетін, бақылау, талдау дағдысын, белсенділік, ширақтығын көрсете білуін дамытады
Дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс уақытта
24. «Жұмбақ айтыс»
Ойлау қабілетін, тұрақтылығын
Сабақта, мектептен тыс, сыныптан тыс шараларда
3) психикалық қызметін
25. «Жаңылма»
Зейінін, белсенділігін
Сабақтан тыс, мерекелік шаралар уақытында
26. «Ұшты, ұшты»
Зейінін, бақылампаздығын
Сабақтың физминутка кезінде және сабақтан тыс уақытта
IV. Тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
27. «Жаяу көкпар»
Күшін, ептілігін, жылдамдық реакциясын, жолдастық сезімін (тек қана ұл балалар ойнайды) дамытады
Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта
Үлкен емес сыйлық немесе ойыншық
1) Ұлттық құндылықты; өзін ҚР-ның азаматы дегенді түсіну
28. «Жаяу тартыс»
Талпынушылықты, белсенділікті, тұрақтылықты (тек қана ұл балалар ойнайды) тәрбиелейді
Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта
Жіп (арқан)
29. «Тымақ ұру»
Көру қабілетін, тұрақтылығын дамытады
Наурыз мерекесі және ойын-сауықтық шаралар кезінде
А.Молдагаринов. Казахские детские игры. – А-А. 1987.
30.«Асық ойын-дары»
Дәлділікті, ептілікті, жылдамдықты дамытады
Сабақтан тыс уақытта
Асықтар әртүрлі түсті
Е.Сағындыков, Казахские национальные игры. А-А, 1987. С.29
31. «Көк сиыр»
Ептілікті, жылдамдықты, жануарлар әлемін тануға және оларға қорғаушылық қатынасын дамытады
Сабақтан тыс уақытта
32. «Түйе-түйе»
Ептілікті, жылдамдықты, жануарлар әлемін тануға және оларға қорғаушылық қатынасын дамытады
Сабақтан тыс уақытта
V. Диагностикалық:
Баланың даму деңгейінің диагностикасы
33. «Аңшылар»
Ширақтық деңгейінің диагностикасы
Дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта
Өлшемі бойынша орташа доптар
А.Молдагаринов. Казахские детские игры. – А-А. 1987.
34. «Қындық-сандық»
Ептілік, иілгіштік деңгейін диагностикасы
Дене шынықтыру сабағында және қоңырау уақытта
35. «Кетті, кетті орамал»
Белсенділік, тәрбиелілік және ұжымға деген қатынас диагностикасы
Қоңырау, сабақтан тыс уақытта
Кішкентай жеңіл орамал
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық тәрбие құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында балалардың мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, олардың психологиялық дамуына ойынның үлкен мәні бары анықталды. Сондықтан балаларға ұлттық тәрбие беру үшін ойын мазмұнын салт-дәстүр, ата-баба тарихындағы ерлік үлгілерімен байыта түсу қажет.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру.
Сонымен, ата-аналар сiздермен бiздiң басты мақсатымыз – денi сау, ұлттық сана-сезiмi оянған рухани ойлау дәрежесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожаны зор, еңбекқор, iскер бойында басқада игi қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгiнде жаһандану процесi жүрiп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен мiндет екенi даусыз, ұрпақ тәрбиесiнде халықтық тәрбиесiнiң бастауы ұлтжандылыққа, елдiкке, Отан сүйгiштiкке баулудағы уыз тәрбие – қазақи, халықтық этнопедогогика екенiн тәуелсiз елдiң өткенi де бүгiнi де дәлелдеп отыр.
«Ел болам десең, бесiгiңдi түзе» - деп, М.Әуезов айтқандай балалықтан басталып, болашаққа таралуы керек.
Тәрбие мәселесi-ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетiлдiрiп отырған өмiр мектебi, осы өмiр мектебiнiң оқулықтарын бүгiнгi таңда халық даналығы қазынасынан, рухани өмiр беттерiнен, тарихы мен мәдениетiнен, әдебиетi мен өнерiнен, салт-санасы дәстүрiнен iздеген жөн.
Осы ретте ұлттық тәрбие негізгі ұлттық ойындар. Бұл мәселені зерттеу тарихи дамудың барлық кезеңдерінде болған халықтық ойындардың құралдарымен балаларды тәрбиелеу тәжірибесін оқып-үйрену сипаттайды. Ойын, этнопедагогиканың, тәрбие теориясының маңызды элементі бола отырып, балаларды әлеуметтендіру құралы ретінде педагогтар мен психологтармен қарастырылған, әсіресе, мектепке дейінгі және ерте мектеп жасы кезінде.
Халықтық ойындар қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің компоненттерінің бірі болып табылады. Белгілі болғандай ойын – баланың әрекетінің маңызды құрамы, ол арқылы баланың әлеуметтенуі жүзеге асты, қоғам өміріне оны дайындау. Ойын мақсаттылық, тұрақтылық, адамгершілік сияқты жағымды сапаларды тәрбиелейді.
Ғылыми-теориялық және практикалық жұмыстың нәтижесінде ойынның ерекшелігі негізінде педагогикалық жіктеме құрылды – білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық, әлеуметтенушілік және диагностикалық. Оның мектеп алды даярлық балаларының оқу-тәрбие процесінде оларды тиімді қолдану үшін қазақтың ұлттық ойындары таңдалды.
Қазіргі таңда қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың негізгі міндеті мынада: патриоттық тәрбие құралдары; оқытылатын бағдарламалық материалды бекітудің қосымша тәсілі; оны жүзеге асыруда игерілген біліммен және іскерлікпен және практикалықтың арасын байланыстырады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы. Егеменді Қазақстан. 2007ж. 15 тамыз.
Мемлекеттің білім аласындағы саясатының тұжырымдасы. Алматы 1995ж Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: Мектеп, 1976. -1596.
Адамгершілікке тәрбиелеуәліппесі // Ред.басқарған И.А.Каиров, О.С.Богданова.- Алматы:Мектеп, 1988.- 345 б.
Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы:Рауан,1993.-312 б.
Ақ сандық, көк сандық //Құраст: Ш.Ибраөв - Алматы: Жазушы, 1988.-2556.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы:Ғылым, 1994.
Арамавичюте В. Нравственное воспитание учащихся средних учебных заведений: Учеб.пособие.- Вильнюс: Изд-во Вильнюс. Ун-та, 1989 - 89 с.
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті.-Алматы:Мектеп, 1974.-1766.
Әуезов М. Жұмбақгар туралы (Жұмбактар жинағы). - Алматы, 1940. - 300 б.
Әлем. Альманах: Өлендер, очерктер, өңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 4966.
Әл-Фараби. Философиялық трактатгар.-Алматы: Ғылым, 1973.- 215 б.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. -Алматы: Санат, 1995. - 350 б.
Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі, 1992.-160 б.
Қазақ жұмбақтары. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 112 6.
Қазақ мақал - мәтелдері. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 176б.
Казақ совет энциклопедиясы. — Алматы, 1972. — 112-6.
Кайкаус. Қабуснама / Өзб. ауд. Т. Айнабеков.- Алматы: Балауса, 1992.-1606.
Қалиев С.Қ. Қазақтың халықтық тәлім - тәрбиесінің ғылыми - педагогикалық негіздері. - пед.ғыл.докт..баяндама.-Алматы,1996.-656.
Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. (Оқу құралы). -Алматы:Әлем, 2000.- 80 б.
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.- Алматы. 1991.- 240 б.
Құнанбаев А. Шығармалар жинағы.- Алматы:Жазушы, 1986.
Оразбекова К. Иман және инабат.- Алматы. «Ана тілі», 1993.-152бет.
Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. - Алматы: Рауан, 1993. -76 б.
Табылдиев Ә.Халық тағылымы.- Алматы:Қазақ университеті,1992.- 198 б.
.Айтбаева А.К. Программа использования казахских народных детских игр в начальной школе – Алматы, 1996.-26с.
Ақ сандық, көк сандық. \\ Құрастырған Ш.Ибраев.-жазушы,1998.-255б
Әбсаламова А. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы \\ Бастауыш мектеп.-2001.№47-11-12 б
Базарбек Ө. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы «Қайнар» 1997 -92 б
Бегелин С. Замана белестері. \\ Жұлдыз -1971.№11-58 б
Бержанов Қ. Мусин С. Педогогика тарихы. Алматы :Мектеп,1971.
Бермаханова Р.Іс-тәжірибемен.\\ Бастауыш мектеп. 2003.№9-29-32 б
Беркінбаев К. М. Оңалбек Ж. К. [link] мектеп 2003-№6-10-14
Ойын адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың құралы. Қайбұлдаева Г. Қазақстан мектебі // 2/2008 .
Ойын түрлері және оның ерекшеліктері Г. Керімбаева. Бастауыш мектеп //2008 №3.
А.Байтұрсынов –оқыту үрдісінде ойындарды алғаш қолданған ғалым. Нарқұлов Б.Қазақстан мектебі//2008 №4.