«Наурыз - ұлыстың ұлы күні!»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Талас ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Мирас» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бәйтерек»

ортаңғы тобы

«Наурыз - ұлыстың ұлы күні!»

[pic]



















Тәрбиеші: М. Т. Қалдыбаева










Қаратау қаласы

2016 оқу жылы


Саз бөлмесі әсемденіп, безендірілген, балалар ән ырғағымен қолдарын жоғары көтеріп, шапалақ ұра аяқтарын топ-топ басып, бір қатармен айнала жүріп орындыққа жайғасады.

Балабақша меңгерушісі бүлдіршіндеріміздің үлкен анасы, ару ана, ұстаз Л.М.Байходжаеваға сөз берейік...

Тәрбиеші: Біреуім екеу болып мал қосылды

Қораға бұзау, лақ, қозы толды

Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп

Аспаннан күн күлімдеп шырайы оңды

Құрметті ата – аналар, қонақтар және менің әріптестерім. Наурыз жыл басы! Наурыз ұлыстың ұлы күні! Наурыз мұсылман қауымның ұлттық мейрамы! Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй –үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Сіздердің алдарыңызда «Бәйтерек» тобының ұлдары мен қыздарының Наурыз мерекесіне арнаған ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.


Тәрбиеші: Ал балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Хор: «Туған жер»

Балалар бізге қонақ келе жатыр. Кім екенін білеміз бе? Балалар бұл «Қыдыр ата» бәріміз амандасайықшы.

Жаңбырменен жер көгерер

Батаменен ел көгерер - дегендей осы балаларымызға, қонақтарға арнап бата берсеңіз.

«Бата» Күніміз ұлысты болсын,

Жеріміз ырысты болсын.

Өрісіміз малға бай, дүбірлі болсын.

Еліміз жанға бай,

Үбірлі – шүбірлі болсын.

Ер жігіттің ту етер ар тұрағы болсын.

Қанат беріп түлетер арғымағы болсын.


Тәрбиеші: Таңдайлары тақылдап біздің ботақандар тақпақ айтып береді.

Ерзат Злата

Ұлы күні ұлыстың Көктемде көктемде
Күн мен түн теңелген Күн нұрын төккенде

Тәтті дәмін ырыстың Көк шыбық былтырғы
Таттық наурыз көжеден Көгерді құлпырды


Мұхамедияр Сымбат

Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме, Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен
Айналдың бар қызықтың тірлігіне. Мейірім танысын деп тасып өткен
Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып, Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух
Тазарып жүре берер бұл дүние. Бақытты наурызы бар халқым неткен!

[pic]


























[pic] [pic]


























Тәрбиеші: Әсем әніміз тағы бар

Әділ: «Тұлпарым»

Әже залға кіріп, қонақтармен амандасады. Шашу шашады.

Көрініс: «Тұсау кесу»

Тәрбиеші: Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Інжу маржан шашайық.

Ал енді бүлдіршіндеріміздің би өнерін қабыл алыңыздар.


Би: «Домбыра»

Алдар көсе

Тәрбиеші: Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Б Жалғас Амина

Армысыңдар халайық Наурызда жаңа жыл басталады

Бармысыңдар халайық Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні

Наурыз тойды жұп жазбай Жер ана да бусанып қозғалуда

Жылда қарсы алайық Ақ көрпесін сыпырып тастағалы


Айару Дамир

Наурызда жаңа жыл басталады, Келді тағы жылы күн
Естіледі көктемнің асқақ әні. Гүлдер шықты тақырға
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық, Былтырғы еккен шыбығым
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы. Бүршік жарды жақында


Тәрбиеші: Есік алдына қара су байлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным,

Көмілсем де кетер ме көкейімнен,

Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным!


Ойын: «Тақия тастамақ», «Орын табу»

Хор: «Хош келдің төрлет Наурызым!»


Илияс Әділ

Ата – бабам тойлаған Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде

Наурызым, армысың! Үлкен кіші жасымыз, кәрімізде

Қызығына тоймаған, Әрбір ұлттың жиналған өкілдері

Дала дарқан, қарлы шық Өнерлерін көрсетуге келді міне


Сезім Айша

Күн ғой бүгін жарылған Әнім де саған, биім де

Ақ түйенің қарыны. Құт қонақ өзің үйімде

Ақ дастарқан жайылған Қуаныш сыйлар елімде

Лаулап ошақ жалыны Күлімде, Наурыз, күлімде



[pic] [pic]

























[pic]




















Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Тағы айтамыз тақпақ


Азиза Тоғжан

Енді ортаны баршыңызға ашайық Ақпан кетті араз боп наурызбен
Көрермендерге жырдан шашу шашайық Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып Көктеп жетті көрісіп, жанын үзген
Өнерменен інжу - маржан шашайық Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.


Нұрәлі Р Жалғас

Наурыз тойы – береке, Наурыз саған жол болсын
Наурыз тойы – жыр – аңыз. Тілегім анық сол болсын
Қызық думан - мереке, Деген ырым білгенге
Қызық думан құрамыз. Халықта ақ мол болсын


Би: «Барбарики»

Тақпақ:

Мухиден Нұрай

Жаса Наурыз, жаса көктем, Наурыз келді салтымыз
Жаса достық, күн, тіршілік. Көгерсін деп халқымыз
Болсын ұмыт, мұңдар өткен Көшеге тал егеді
Мейірімділік күлсін шығып! Наурыз тойы береке. Наурыз тойы мереке.

Адиянұр

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!


Тәрбиеші: Сәулесінедей көріндім таңғы үміттің

Басын қосты сан дәстүр, сан ғұрыптың

Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.


Құрметті ата – аналар, қонақтар бүгінгі «Бәйтерек» тобының ертеңгілігі осымен аяқталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ата – анаға сөз беріледі.








[pic]




[pic] [pic]









































[pic]







[pic]