Урок на тему: Ана тілі - асыл мұрам

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Тілден биік асқар жоқ,тілден асқан байлық жоқ,тілден терең теңін жоқ»


Ғабит Мүсрепов


Тәрбиеші:

Ана тілім – дана тілім,айбарлым

Сырың терең,тұнығындай қайнардың

Ана тілім-қасиетім қастерлім

Бір өзіннен бақыт нәрін алғанмын – деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы,сөнбес шырағы,мол қазынасы,сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім – асыл мұрам» атты мерекемізді бастайық.

-Балалар қандай мерекені атап өтеміз?

Балалар: Тіл мерекесін.

-Елбасымыздың Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қантардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.Кәне балалар осы мерекесіне ән-жыр тақпақтарымызды арнайық

Ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.


Нүрдаулет:

Менің тілім біреу-ақ

Сөйлейтін де жазатын

Тауып қойған тілеу-ақ

Қазақ деген өз атын

Дариядай пейілі

Тілі, діні,жыры да.

Рамазан:

Ана тілім – ана күтім,арым менің

Саулем-сая бағым,сәнім менің

Аспаным өзінменің арайланып

Нұрланып атар илғи таным менің

Амина:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімде бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Диляра:

Ана тілім ұраным

Ана тілім құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым



Інкар:

Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілі демім

Ана тілім жаным

Батырхан:

Желеп-желеп піріміз

Таза болсын денеміз

Жауқазындай жалындап

Өркендесін тіліміз

Нурдаулет: «Тіл не үшін керек?»

Інкар: Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Нурдаулет: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлей ме? Неге ана тілі деп бөлінеді?

Інкар: Себебі,әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.

Тәрбиеші: Балалар,сендер, бір-бірімен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?

Балалар: Қазақ тілінде,ана тілінде сөйлесеміз.

Тәрбиеші: Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?

Балалар: Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Ана тілі дегеніміз,ананның ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген бәрінен де қастерлі,аялы да асыл жан.


Ән: «Ана тілін сүйеміз» (барлық балалармен)


Тәрбиеші: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Әр ұлттық тілі, оның бақыты тірегі.

Арлан:

Ақыл ойын дараның

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Нияз:

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөзін

Асылжан:

Ана тілім ерлігім

Ана тілім ердігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім



Зарина

Ана тілін біліп қой

Бостандығын теңдігің

Ана тілін біліп қой

Мақтанышын елдігің

Нұрдаулет:

Келе жатқан мәнгіден дара салтым

Мақтанышым елдігім парасатым

Сесіз тілім,теңі жоқ тіршілігім

Өміріне ең беріп жарасатын


Би: «Қамажай» (қыздармен)


Тәрбиеші: Ана тілі туралы кім қандай мақал біледі?

  1. Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі ой өсіреді.

  2. Піл көтермейді, тіл көтереді

  3. Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз

  4. Өзге тілді бәрін біл, өз тілінді құрметте

  5. Өнер алды қызыл тіл

  6. Тілден биік асқар жоқ,тілден терең теңіз жоқ


Тәрбиеші:

Жылжыған жылдар көшімен

Тербетіп мені туған жер

Өсірген алтын бесік ең

Өнермен жыр боп есілім


Ән: «Туған жер»


Тазша бала кіреді: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге қоржын әкелдім, оның ішінде көп жұмбақтар бар. Кәне кім осы жұмбақтардың шешімін айтады.

1.Жағалай,жағалай тас қойдым

Жирен атты бос қойдым (тіл, тіс)

2.Айғайы жоқ,айтары көп

Айтқаныннан қайтары жоқ (кітап)

3.Төрт бұрышты,

Бір ауызды (сандық)

4.Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз)

5.Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (күннін көзі)



-Жарайсындар,балалар. Осы қоржынның ішінде сендерге сыйлықтар бар.

Сыйлықтарды таратады.Қоштасады.

Тазша бала: Ал енді мен енді жол шығайын,мені басқа балабақшада тосып отыр балалар.Оларға да сыйлықтар апарайын.Сау болындар!

Інкар:

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сылап бағып қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз?

Өзіміздің солай болмақ бағымыз

Рамазан:

Ана тілді білмесем

Шат-шадыма жүрмес ем

Жер бетінде сайрандап

Қазақ жүрмес болып жүрмес ем

Асылжан:

Өсірген ой-білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөзін

Мәнін терең білуді.

Би: «Қара жорға» (үлдармен)


Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай,өз тілімді қадірлеп,оны сүйе білуміз керек. Тіл бар жерде,ұлт та, елде,жер де болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік. Осымен біздің тіл мерекесіне арналған мереке аяқталды. Қош сау болыныздар.


















Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылы

«Қызғалдақ » балабақшасы


















Тіл мерекесіне арналған сабақ







Дайындаған:

Тәрбиеші: Кабиева Н.Т.













2016 жыл