Ересек «Аралар» тобында ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Күні: ____________
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Математика
Тақырып: Математика еліне саяхат
Мақсаты: 1) балаларға тез санауды, цифрларды атауды, ретімен қоюды жетілдіру,
2) әр-түрлі логикалық тапсырмаларды орында арқылы балалардың ойлау қисынын, зейінін және сөйлеу дағдыларын дамыту,
3) геометриялық пішіндер тралы білімдерін тереңдетіп шығармашылықтарын дамыту
Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: карта, цифрлар, сан қатары, логикалық тапсырмалар, слайд, геометриялық пішіндер жинағы, жеке тапсырмалар, қарындаштар, сандар мен белгілер, свеча.
Сөздік жұмыс: қамал-замок, сандар- цифры, санау-считать
Оқу іс-әрекетінің түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын және біздің сабағымызға қонақтар да келіп отыр. Амандасайық.
Шаттық шеңберге тұрып шаммен бір-біріне тілектер айту.
Балалар қыдзығушылық танытып сәлем береді. Балалар тілектерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
- Балалар біз сендермен математика еліне саяхатқа барамыз. Бұл саяхатқа бару үшін бізге осындай картамыз көмектеседі. Қараңдаршы картада мына нүкте ол біз тұрмыз. Ал мынау біздің жүретін жолымыз. Жолда біз орманнан, терең өзеннен, қауіпті томардан өтеміз.
-балалар айтыңдаршы математика сабағында біз нені үйренеміз?
Бір, екі, үш, төрт, бес
Аяқты басамыз тез.
Тәрбиеші бір санын алып аялдаманың тапсырмасын айтады. «Сандар мен цифрлар»
Сандарды ретімен санау
Сандар кестесінен санау.
Дұрыс сан қатарын табу
Серік: Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Сандарға жол бастап
Ең бірінші тұрмын.
Керемет балалар біз бір санының тапсырмасын орындап шықтық.
Балалар орманды басып әрі қарай аттанайық. 5 рет аттап, 3 рет секіріп. Санаңдар. Жол қиын.
Егістікте үйшік тұр
Оған барар жол жабық
Айқара ашып қақпаны
Шақырамыз қонаққа
Балалар сендерде қандай суреттер шықты?
-Бұл не?
-Дұрыс балалар бұл геометриялық пішіндер аялдамасы. Қазір балалар мынау геометриялық пішіндер арқылы суретті жинастырып беріңдер.
Үшінші тапсырмамыз
«Логикалық тапсырмалар»
Шахназар: Екіден соң әрқашан
Үшінші мен тұрамын
Қағазға сызып түсірсең
Екі ирек саламын
Наргиз:3 қашанда тақ саны
Жұп болғанға не жетсін
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
Ал балалар қамалымызға жету үшін біз мынау үй жануарлардың көлеңкелерін тауып алуымыз қажет.
Аружан: Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Төртеуін бүгіп санасаң
Табасың оңай бесті
Міне балалар біз қаншама қиын жолдардан өтіп тапсырмаларды орындап қамалымызға жетіп қалдық.
Санауды, ойлаууды үйренеміз.
Қимылдап орнында жүру.
Сандар кестесінен сандарды ретімен санау. Дұрыс тұрған сан қатарын таып айту. Балалар тапсырмаларды орындайды.
Балалар 5 рет аттап, 3рет секіріп орындайды.
Балалар қағаздағы нүктелері қосып шығып шыққан пішіндердіайтып шығады.
-Геометриялық пішіндер.
[pic]
Танграмм тапсырмасы бойынша
Балалар сергіт сәтін орындайды.
Тапсырманың жауаптарын айтады
Балалар үй жануарлардың көлеңкесін тауып қарындашпен қосады.
Балалар араларды санап есеп шығарады.
Төрт саны
Рефлексиялық- түзетшілік
Балалар қамалға жету үшін сандарды қалай санадық?
- Қандай геометриялық пішінді салдық?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар тура санауды және геометриялық пішіндерді атайды
Игереді: логикалық тапсырмаларды
Меңгереді: есеп шығаруды.
Ересек «Аралар» тобында ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Күні: ____________
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Математика
Тақырып: 10 саны және цифры
Мақсаты: 1) 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету
2) Ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3) Ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: 0 - ден10 - ға дейінгі кеспе цифрлар. Мақта қыз бен мысық ертегісінің суреттері.
Сөздік жұмыс: 10 саны
Билингвальды компонент: цифра 10
Оқу іс-әрекетінің түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Психологиялық дайындық. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебімізді білдірейік.
- Балалар мына ағаштың басында неше торғай отыр екен?
- Осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды неше торғай болды?
- 10 саны екі таңбалы сан. 10 саны екі цифр арқылы жазылады. 1және 0 сандарымен. 9 саны бір таңбалы санның ең үлкені.
Дәптермен жұмыс: 10 цифрын ауада жаздыру
10 санын жазайық. Есептер шығару.
- Балалар қандай ертегілермен таныстық?
- Енді көзімізді жұмып ертегілер еліне саяхатқа шығып келейік.
Көзімізді ашайық, ертегілер еліне келдік. Мақта қыз бен мысық ертегісін еске түсірейік.
Кіріспе әңгіме: Мысық қатықты төгеді, мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
- Апа құйрығымды берші?- деп жалынады.
Қыз: Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтып беремін - дейді.
Мысық келіседі.
- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, тапсырмаларын орындаймыз ба?
- Көмектесеміз, орындаймыз.
1 Сиырдың тапсырмасы: 0 - ден 10 - ға дейін тура, кері санау.
2. Ағаштың тапсырмасы: Ағаштың басында 10 жапырақ ілініп тұр еді, кенетен жел тұрып 5 жапырақ жерге түсіп қалды. Ағашта неше жапырақ қалды? «5»
3. Қыздардың тапсырмасы: Оң қолыңда неше саусақ бар, сол қолыңда ше?
Сонда екі қолыңда неше саусақ болады? «10»
- Балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Құлағымда сырғалар
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік
Саусағымда сақина
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Отырайық тып - тыныш
4. Дүкеншінің тапсырмасы: 3 санының көршісі кім екен? «2 4»
5. Тауықтың тапсырмасы: Мына салыстыруды шығар 5 4, 2 3, 0 3
6. Тышқанның тапсырмасы: Мына сандардың арасындағы жоғалған санды тапшы « 0,... 2,...,... 5,..., 7, 8,..., 10»
Сөйтіп мысық мақта қыздың барлық тапсырмасын орындап шықты.
Мақта қыз риза болып мысықтың құйрығын қайтып берді.
Енді балалар саяхаттан өз тобымызға қайтайық.
Балалар қыдзығушылық танытып сәлем береді. Балалар тілектерін білдіреді.
9 торғай
- 10 торғай болды.
Мақта қыз бен мысық
Сергіту сәтін жасайды
Орындарына жайғасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық- түзетшілік
Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
Қайда бардық?
Жарайсыңдар, балалар сендерге мақта қыз бен мысық риза болды. Бәрің де жақсы, үлгілі, білімді екенсіңдер. Олай болса қонақтармен қоштасайық.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 10 саны мен цифрын
Игереді: тапсырмалар мен есептер шешуді
Меңгереді: есеп шығаруды.
Тексерілді әдіскер Абильгалимова Қ.Қ.__________
Ересек «Аралар» тобында ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Күні: ____________
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Математика
Тақырып: 8 саны және цифры. Қағаз бетінде бағдарлау. (жоғары, төмен, ортасында, оң жақта, сол жақта)
Мақсаты: 1) 8 саны мен цифрын үйрету, заттар санын сәйкес цифрды сәйкестендіруді үйрету, санау дағдыларын жетілдіру, 8 санындұрыс тануды және бейнелеуді үйрету, қағаз бетінде дұрыс бағдарлауды (жоғары, төмен, ортасында, оң жақта, сол жақта) дағдыларын дамыту, зейін мен логикалық ойлаын дамыту
Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: горканың суреті, балалардың суреттері 8 дана, заттық суреттер, 1-ден 8-ге дейін сандар.
Сөздік жұмыс: 8 саны мен цифры, жоғары, төмен, ортасында, оң жақта, сол жақта
Билингвальды компонент: 8 саны мен цифры- число и цифра 8, жоғары- верх, төмен-низ, ортасында-середина, оң жақта-право, сол жақта-лево
Оқу іс-әрекетінің түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар горкамен сырғанауды жақсы көреді. Сендерді мынау балалармен бірге горкамен сырғанауға шақырамын.
Балалар қызығушышылығын танытады.
Ұйымдасты-рушылық-ізденістік
Тәрбиеші горкаға 7 баланы орналастырады. Ал 8-ші баланы төмен, баспалдақтың қасында қояды. Горкада және сырғанағысы келіп тұрған балалар нешеу?
Қараңдар, тағы бір бала жүгіріп келіп горкаға мініп бара жатыр.
Қанша балалар болады?
Санды 8 цифрымен белгілейді. 8 санын табайық. Тәрбиеші 8 саны туралы тақпақ оқиды. 8 санын салайық. Ауада салайық. Қарындашты алып дәптерден салайық.
Сергіту сәті
8 рет секіру
8 рет шапалақтау
8 рет топтау
8 рет көрші баламен алақанмен шапалақтау
Тапсырма: 1-ден 8-ге дейін сана
8-ден 1-ге дейін сана
Сан қатарын қойып оны санау. Көз жұмып санау.
Санды бұршақпен жапсыру.
7 карточканы қояды
7+1=8
Тақпақтар тыңдайды.
8 санын ауада салады, аяқпен жерде, саусақпен және дәптерде
Тапсырманы орындайды
Рефлексиялық- түзетшілік
Қорытындылап, балаларды шығарып санау. Бірінші көк майкамен бала кетті, екінші қызыл майкамен бала кетті... және т.с.с.
Қағаз бетінде бағдарлауды тексеру үшін тәрбиеші балаларға ақ қағаздарды таратып және жоғары оң жақта төртбұрышты, сол жақта-дөңгелек, ортасында-сопақты салуды ұсынады. Тапсырманы өзгертуге болады. Ойын ұсынуға болады «Фигура қайда тығылып қалды?» Фигуралардың суреттері шеттерінде және ортасында бар қағазды таратып береді. Балалар оны атамай, орналасқан жерін айтып беруі керек. Басқалары ойланым айтады.
Заттардың көлемін бекіту үшін логикалық тапсырманы орындауға беріледі.
Сызықшамен емес, төртбқрышты емес жалауды боя. Бірінші балалардан олардың қағаз бетінде қандай жерінде орналасқанын сұрайды.
Балаларды жұмыс үшін рахмет білдіру.
Балалардың жауаптары.
Балалар тапсырманы орындайды
Балалар өз білімдірін көрсетеді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 8 саны мен цифрын
Игереді: 8 саны жазылуын
Меңгереді: 8 саны көлемінде тура және кері санауды, 8 заттардан топты құрастыруды, 8 санын тануды, қағаз бетінде бағдарлауды.
Тексерілді әдіскер Абильгалимова Қ.Қ.__________
Ересек «Аралар» тобында ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Күні: 01.03.16ж.
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Математика
Тақырып: 10(құрылымы мен жазылуы) саны және цифры. Жай есептер мен мысалдарды шығару
Мақсаты: 10 санын шығару; жазылуы мен заттар саны 10 сәкестендіруді үйрету; заттардың көлемдікжәне реттік санауды, тура және кері санауды жетілдіру; 1 мен 0 10 санын дұрыс танып жазылуын үйрет; логикалық ойлаууын және зейінін дамыту;
Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: горканың суреті, балалардың суреттері 10 дана, заттық суреттер, 1-ден 10-ға дейін сандар.
Сөздік жұмыс: 10 саны, есеп
Билингвальды компонент: он-десять
Оқу іс-әрекетінің түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотива-
циялық- қозғау-шылық
Бүгін бізге қонаққа спортты балалар қонаққа келіп отыр. Тәрбиеші балалардың үстіне сандарды орналастырады. Балаларға өз реттік орнын табуға көмектесіңдер
Ойын сәтіне қызығушылығын танытады. Дұрыс емес тұрған реттік сандарға көмекке кіріседі
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
Балалар сандар қатарына қараңдар. Қандай сан адасып кетті? Карточкадан көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Міне тағы бір спортшы бізге сабаққа келді. Қандай оған номер береміз? Сабағымыздың бүгінгі тақырыбы 10 саны. Бірақ ол үшін бізге 1 мен 0 саны керек. Оқыңыздар 10 саны қалай пайда болғанын? Оны қалай жаздық?
9+1=10
Дөңгелек нөль сондай жақсы
Бірақ мағынасы жоқ оның
Егер сол жақтан оның
Бірлікті қойып қойсақ
Ол ауырлап кетеді
Өйткені ол 10 болды
Тәрбиеші нөлді бірдің қасына қойып сұрайды.
Санды жазу үшін неше санда алдық?
Қалай ойлайсыңдар екі санды пайдаланып жазылатын сандарды қалай айтамыз?
Адамның қолында қанша саусақтар бар?
Адам қолында 10 саусақ болған соң бұрыннан бері 10санын санап бекітіп қалған.
Ал 10 санын тағы нүктелермен үшбұрыш тәрізді де бейнелеуге болады. Ол санды үшбұрышты сан деп аталады.
Сергіту сәті
Иықтарды көтеріп
Шегірткедей секіріп
10 рет екі аяқпен
Ал енді оң аяқпен
Жолменен секіреді
Ал енді сол аяқпен
Жолменен секіреді
10 секіріп қос аяқпен
10 секіріп оң аяқпен
10 секіріп сол аяқпен
Дәптермен жұмыс
№1 тапсырма
№2 тасырма 1 санын жазу
№3 тапсырма есеп шығару
Біз не білгенімізді және нені білу керек екенін қалай жазамыз? Есепті құрастырайық 4+2=6
-№3 тапсырманы орындайды.
Балаалр дұрыс орналастырады. Тура және кері санауд жүргізеді.
Балалар оныншы деп айтады. (9+1=10) бірақ барлығы білмейді оның дұрыс жазылуын.
Екі санды сандар (қос таңбалы сандар)
10 дөңгелектерді санап алып үшбұрышты құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды
Футболшылардың майкаларына сандарды жапсырады
1 санын жазады
Есепті шығарады
Есепті жазып оның таңбаларының мағынасын түсіндіріп айтады
Рефлек-сиялық- түзетшілік
Сан қатарына тапсырма береді
10-ға дейін толтырады. Қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 10 саны және оның 1 мен 0 жазылуы
Игереді: 10 санын екі сан арқылы жазылуы тууралы түсінігі
Меңгереді: 10 саны көлемінде тура және кері санауды, 10заттардан топты құрастыруды, 10 санын тануды, қағаз бетінде бағдарлауды.
Тексерілді әдіскер Абильгалимова Қ.Қ.__________
Ересек «Аралар» тобында ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Күні: 15.03.16ж.
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Математика
Тақырып: 0- ден 10-ға дейін сандар. Тура және кері санау. 1-ге қосу және 1-ге азайту.
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейін сандардың орналасуы, үстеп есептеу және алып есептеумен таныстыру, 1 санының көлемінде азайту және қосу амалына есептерді шығару дағдыларын дамыту;
Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: пойыз вагондарымен, заттық суреттер, санау материалы
Сөздік жұмыс: қосу, азайту
Билингвальды компонент: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять, алты-шесть, жеті-семь, сегіз-восемь, тоғыз-девять, он-десять
Оқу іс-әрекетінің түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотива-
циялық- қозғау-шылық
Тәрбиеші пойызбен жол жүруге ұсынып вагондарды сан ретін шатастырып орналасытрады
Ойын сәтіне қызығушылығын танытады.
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
Ретті орналастырып тура және кері, сандық және мөлшерлік санауды ұсынады. Кейін вагондар бір-бірден тоннельге кететіні туралы айтады. Сан қатары бойынша тәрбиеші 1 санын азайтуды көрсетеді.
Бірден жазуды жүргізеді:
10-1=9
9-1=8
8-1=7
7-1=6
Сан қатарын немесе сызғышты қолдана отырып. Кейін вагондар тоннельден шығатыны туралы айтады. Қалай оларды санай аламыз? Міне 1-еу шықты, артынан тағы 1-еу шықты. Жазу керек.
1+1=2
2+1=3 және т.с.
Сергіту сәті
Тез балалар тұрайық,
Қолымызды көтерейік жоғары.
Тез 5 рет шапалақта,
Ал енді көзбен жұму,
Тез-тез-тез көзбен жұмайық.
Және аяқпен жүреміз,
Тез сол жаққа иіліеміз,
Сол сәтте тік тұрамыз.
Тұрамыз, қол белде,
Қолды жоғары көтер,
5 шапалақ қолымен,
Көзбенен жыпылықтау 3-4 сек
Аяқпен тыпырлату 3-4 сек
Иілеміз сол жаққа
Тік тұрамыз.
Оң жаққа және сол жаққа 5 реттен иілу,
Орнымызда жүгіру, қолмен бұлғап
орнымызға отырайық
1 және 2 тапсырманы орындау.
осылайша балалар тура және кері санауды, бір бірлікке қосып азайтуды бекітеді. Тақтадағы суреттерге қарап есепер шығару.
- 5 – 1
- 7 – 1
- 4 – 1
реттік санауды жүргізеді. Азайту мен қосу есептерінде белсенді қатысады
Екі санды сандар (қос таңбалы сандар)
Сергіту сәтін орындайды
Футболшылардың майкаларына сандарды жапсырады
1 санын жазады
Есепті шығарады
Есепті жазып оның таңбаларының мағынасын түсіндіріп айтады
Рефлек-сиялық- түзетшілік
Тәрбиеші 3-ші тапсырманы 1-ден 10- ға дейін сан қатарының бекітілгенін тексеру үшін нүктелерді қосып жазуды ұсынады. Қорытынды шығарады.
3 тапсырманы орындайды.
қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 10-ға дейін сандар ретін, тура және кері ретімен, қосуу немесе азайту арқылы шығатын санды табуды
Игереді: 1-ге қосу немесе азайту арқылы есептер шығару
Меңгереді: 1-ге қосуды және азайтды, 10 санына тура және кері санауды жүргізу
Тексерілді әдіскер Абильгалимова Қ.Қ.__________