Сынып: МАД
Мұғалім: Наурызбаева Динара
Пәні: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:Б)Балалардың төрт түлік мал туралы бұрынғы алған білімдерін тиянақтап бекіту
Д)Ақыл-ойын,тілін дамыту,мәнерлі дұрыс сөйлеуге үйрету.
Сұраққа толық жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Т)Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түлік мал,төлдердің суреттері;кестелер,есептер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,күтпеген сәт,жұмбақ жасыру,көркемсөздер айту
Сергіту сәті,тақырыпты қорытындылау.
Меңгеру: Төрт түлік мал жайында жан жақты білім меңгеруі.
Үйрену: Сұраққа толық жауап беруге,берілген тапсырмаға толыққанды жауап беруге
Үйрету.
І-іс-әрекет кезеңдері
ІІ-мұғалім іс-әрекеті
ІІІ-балалар іс-әрекеті
Мотиватциялық қозғаушы
«Шаттық шеңбері»
Балалар шеңберге бойымен қол ұстасып тұрады.
«Келген күнмен амандасу»
Қайырлы таң,Аспан ата,
Қайырлы таң,Алтын күн!
Бақытпенен шаттықты мол,
Әкелсін бүгін,Арай күн!
Амансызба,келген кісі,
Төрлет төрге бол қонақ!
Мұғаліммен бірге өлең жолдарын айтып болғаннан кейін орындарына отырады.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады.
Мұғаліммен бірге өлең жолдарын айтып болғаннан кейін орындарына отырады.
Іздену-ұйымдастырушы
Сәйкестендір
Төрт түлік малдың атын оқу
Жұмбақ жасыру
Сергіту сәті
Ойын: Қай жануар?
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Рефлексті түзету
Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиеші:
Балалар,бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Төрт түлік мал»жайындаболады.
«Төрт түлік мал»қандай үй жануарларын атайды?
(Балалар мұғалімнің көмегімен сұрақға жауап беріп отырады)
Мұғалім:
Төрт түлік малдың адам баласына тигізер қандай пайдасы көп.Қанекей балалар есімізге түсірейік.Айтыңдаршы!
Сиыр малы несімен пайдалы?
Сүтінен қандай өнімдер жасаймыз?
Жылқының қандай пайдасы бар?
Қой бізге несімен пайдалы?
Түйе не үшін керек?
Балалар осы төрт түлікті өрісте дұрыс жайылуын,олардың адасып кетпеуін кім бағып қарайды?
Мұғалім тақтаға ілінген малдың суретін көрсетіп,олардың төлдерін табуға арналған есептерді шығартады.
Бұзау-3+2= - сиыр
Бота-4+1= - түйе
Қозы-5-2= - қой
Құлын-4-1= - жылқы
лақ-3+3= - ешкі
мұғалім тақтаға буынға бөлінген төрт түліктің және төлдерінің атын іліп қояды.соларды оқыту.
Оқушыларға төрт түлік туралы жұмбақтар жасыру.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Қос мүйізді,төрт сирақты,
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
Төрт аяғы бар,екі мүйізі бар,
Иегінде сақалы бар.
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен сергіту жаттығуын жасайды.
Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Мұғалім оқушыларға тақтаға малдардың суретін іліп,дене мүшелерінің кейбір жерлерін жасыру арқылы,оқушыларға сұрақтар қойып анықтайды.
Ешкі-денесін жасырып,басымен сақалын көрсетеді.
Түйе-денесін жасырып,өркештерін көрсетеді.
Жылқы-денесін жасырып,құйрығын,жалынын көрсетеді.
Сиыр-басын жасырып,денесін көрсетеді.
Оқушыларға дәптерлеріндегі тапсырманы орындату.төрт түлік малдан нелер алынады?
Балалар төрт түлік малды қалай шақырады?
Балалар бүгін біз не туралы айттық?
Балалар осымен біздің тіл дамыту оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Жылулық шеңбері
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
Балалар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп отырады.
Төрт түлік мал деп,сиырды,түйені,жылқыны,
Ешкіні,қойды айтады.
Сиыр бізге өзінің сүтін,етін
береді.
Сүттен қаймақ,май,айран,ірімшік жасайды.
Жылқының қымызын ішеміз,етін
жейміз,оны көлік ретінде пай-
даланамыз.
Қойдың етін жейміз,жүнінен көрпе,шұлық тоқылады.
Түйеде бізге шұбатын,етін,жүнін береді.Түйемен адамдар бұрынғы кездері көшіп-қонып жүрген.
Шопан ата!
Балалар есептерді шығару арқылы төрт түлік малдың төлдерін сәйкестендіріп орындарына қояды.
Балалар тақтаға ілінген сөздерді буынға бөліп оқу:
Сиыр - бұ-зау
Еш-кі - лақ
Жыл-қы - құ-лын
Қой - қо-зы
Тү-йе - бо-та
Түйе
Сиыр
Қой
Ешкі
Жылқы
Қолдарын қозғалту арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Балалардың жауаптарын тыңдай отырып,олардың сөздік қорларын дамыту.
Балалар жасырылған суреттердегі малдарды табады.
Ешкі
Түйе
Жылқы
Сиыр
Балалар сәйкестендіреді:
Сиыр - сүт
Түйе - шұбат
Жылқы - қымыз
Қой - жүн
Түйені-көс-көс
Жылқыны-құрау-құрау
Сиырды-әукім-әукім
Қойды-пұшайт-пұшайт
Төрт түлік мал туралы айттық.
Жұмбақтар шештік,сәйкестендірдік,төлдер таптық,есеп шығардық,сөздер оқыдық.
Хормен айтады.
4+1=
3+3=
3+2=
5-2=
4-1=