Қатынас саласы.Көркем әдебиет пәні бойынша Бауырсақ ертегісі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 28.04.2015ж

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Білімділік: «Бауырсақ»ертегісімен таныстыру.

Дамытушылық:тіл байлықтарын молайту,қызығушылықтарын

арттыру, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: қамқорлыққа ,достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз,тақтайша,сүрткіш,қуыршақ, жасыл, қызыл,сары түсті алмалар, себет.

Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, домалақ-круглый, түлкі-лиса,

Сөздік жұмысы: бауырсақ,қоян,аю,қасқыр.

Шаттық шеңбері.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары – төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз,

Балалар шеңберге

Бойына тұрып,өлең шумағын қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Балалар,бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкері қонаққа келді екен, қараңдаршы! (үстелдің үстінде бауырсақты домалату)

-Бұл ертегіні бәрімізде білеміз, есімізге түсіріп көрейікші.

Ертегіні слайд арқылы көрсету және дауыс ырғағын келтіріп айтып беру:

Сөздік жұмысы: бауырсақ,қоян,аю,қасқыр.

Айтыңдаршы балалар, бауырсақтың пішіні қандай?

-бауырсақтың түсі қандай?

Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, түлкі-лиса,қасқыр-волк.

-Жан-жаққа қараңдаршы, топта домалақ пішінді қандай заттар бар?

Табиғат бұрышындағы Күнді көрсетеді.

-Тағы не бар?

«Алма қандай?» ойыны.

Кәдімгі алмаларды көрсетіп, сұрау.

-Алманың пішіні қандай?

-Түстері қандай?


Сергіту сәті:(ойын түрінде өткізу)

Алмаларды кілемнің үстіне шашып жіберіп,түстеріне қарай бөлек себеттерге жинату.

Алма,алма,көп алма,

Қызыл,сары,көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Себеттерге салайық.

Балалар бауырсақ неден жасалады.

- Олай болса бүгін біз ұннан бауырсақ жасайық. ұнды қолымызға алып, алақан арасына салып айналдырып,домалатамыз.

-Қараңдаршы,не пайда болды? Әдемі бауырсақ пайда болды.

Ал енді осы бауырсағымызды пісіріп әкелейік.



-Балалар таңырқап қарайды.


-Балалар ертегіні тыңдайды.



Тәрбиешімен қайталайды.


-домалақ

-сары

Тәрбиешімен қайталайды.



-күн

-сағат


-алма


Қуана ойнауға келіседі.

-домалақ

-сары,қызыл,жасыл



Балалар өлеңді айта жүріп,себеттерге алмаларды түстеріне қарай бөлек жинайды.




Балалар ұннан бауырсақ жасайды.



-Бауырсақ

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар,бүгініг іс−әрекетімізде қандай ертегімен таныстық?

Біз не жасадық?

-Сендерге іс-әрекетіміз ұнады ма?

Піскен бауырсақты қонақтарға ұсыну.

-бауырсақ


-бауырсақ

-ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:ертегінің мазмұнын.

Игереді: сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту барысында жаңа сөздерді.

Меңгереді: ермексаздан бауырсақ жасауды,оның қандай екенін.



Ашық сабақ дайындаған тәрбиеші: Болаева.Н.К

Ашық сабақ тексерген әдіскер: Канафина. А.К



















Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.

МДМ «Азамат» балабақша бөбекжайы.

«Мұрагер» бірінші сәбилер тобы.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық көрсетілімі

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ».

















Өткізген тәрбиеші: Болаева.Н.Қ

Тексерген әдіскер: Канафина А.К.









Өскемен қаласы, 2015 оқу жылы