|
Жүру әдістерін үйрету, дене қимылын дамыту, аяқ бұлшық еттеріне жаттығу жасау. Жерде өмір сүреміз, суды ішеміз, бізді жасыл желек қоршайды, төбемізде аспан, онда күн болатының меңгерту.
Автор публикации: Болатова Е.У.
Дата публикации: 2016-04-24
Краткое описание: ...
Білім беру саласы: «Денсаулық» Оқу іс — әрекет түрі: Дене шынықтыру Тақырыбы: «Айналадағы табиғат» Мақсаты: Жүру әдістерін үйрету, дене қимылын дамыту, аяқ бұлшық еттеріне жаттығу жасау. Жерде өмір сүреміз, суды ішеміз, бізді жасыл желек қоршайды, төбемізде аспан, онда күн болатының меңгерту. Әділ – тәсіл: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету.
Жан – жақты дамыту жаттығулар:I -Бастапқы қалып: аяқты бірге, қол төменде.1 – қолды жоғары көтеру. 2 – оңға, 3 – солға сылдырлату, 4 – бастапқы қалып. 3-4 рет қайталау.II – Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1-отыру, 2- сылдырмақты тізеге ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа оралу. 4 – 5 рет қайталау.III – Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол жанында 1 – 2 алға қарай сермеу, 3 – 4 артқа қарай сермеу. 4 – 5 рет қайталау.IV — Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1- қолды созу, 2- аяқты ұшына тигізу, 3- бастапқы қалыпқа оралу. 4 – 5 рет қайталау.V — Бастапқы қалып: аяқты бірге қойып.Қояндарша қос аяқтап секіру. Негізгі қимылдар: Тізбекпен, тізені жоғары көтеріп қатармен және шеңбер бойлап сылдырмақты сылдырлатып жүру, арқан байлап жүру. Содан соң «Ғажап тоғайға» балаларды ертіп келу. (ауладағы табиғатқа серуен). Онда балаларға жасыл ағаштарды көрсету, жапырағын ұстау, бұл не қандай? Деген сұрақтар қойып түсіндіру. Аспанға қаратып онда не көріп тұрғанын сұрау немесе айтып көрсету. Гүл теріп құмыраға жинатып салғызу, өсіп тұрған гүлдерге су құйғызу. Торғай, гүл, аспан жер, су деген сөздерді түсініп сұрақтарға жауап береді. Гүлдерге су құйып, ұнаған гүлді жұлып алып құмыраға суға салып қояды. Рефлексивті коррекциялаушы Балалардан не ұнағанын сұрау, қолында не бар оны құмыраға не үшін салатынын түсіндіру мен сұраққа жауаптар алу. Балалардың қимыл әрекетін мақтау.
Күтілетін нәтижелер: Жаңғыртуы: қимылдарды қайталап орындау, гүлді тану. Түсінуі: жаттығуды дұрыс орындауды, гүлдерді тамашалауды. Қолданады: табиғатқа өз бетінше бақылау жасауы, сылдырмақпен ойнауды.
|
|