Эссе Мен - меңгерушімін

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Байскакова Дилдаш Секеновна


«№7 «Ақ бота ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын


Мен меңгерушімін


Адам қабілетінің ең қиыны және
сирек кездесетіні – басқару қабілеті.
Соммери Эзоп


Мен 2007 жылдан бері «Ақ бота» ясли-бақшасының менгерушісі болып жұмыс істеймін. Жылдар бойы реніш пен қуаныш, сәтсіздіктер мен табыстар қатар жүрді. Балабақша өмірімнің айнымас бір бөлігіне айналды. Мамандығым жайлы айтар болсам, бәріне мәлім ақиқатты қайталаудың қажеті жоқ шығар. Бірақ өзімнің негізгі кәсіби тезистерімді тұжырымдасам, олар: адамдардың алдында да, өзіңнің алдыңда да адал болу, өз міндетіңді кіршіксіз орындау, шығармашылық қабілеттеріңді дамыту, жаңаша ойлау, тәрбиеленушілерге және олардың ата-анасына сүйіспеншілік пен жылулық таныту, өз әріптестеріңнің жұмысын бағалау және оларға құрметпен қарау.

Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.

Білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашылық идеялардың, инновациялардың генераторы. Ол халықтың мұқтажын өзінікіндей көреді, адамға қолдау көрсетіп, керек жерде ескертіп, қатаң сұрау сала алады, сонымен қатар мақтау, мадақтау лайық жерде одан да қалыспайды. Сондай атмосферада әріптес ұстаздар өздерінің тәжірибесі, энергиясы, білімі пәрменіне сай бағаланатынына сенімді болады, сондықтан толықтай жұмысына беріліп еңбек етеді.

Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Уақыт өте кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді. Балабақша өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.

Біздің ясли-бақшаның ұстаздары - халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық сайыстардың, көрмелердің, конференциялардың тұрақты қатысушылары. Олардың арасында «Үздік жыл психологі», «Үздік жыл тәрбиешісі», «Үздік денешынықтыру ұстазы» сияқты қалалық және облыстық сайыстардың жүлдегерлері бар. Ұжымның тағы бір үлкен жетістігі деп «Step by Step» инновациялық технологияның нәтижесі бойынша халықаралық деңгейге қалалық мектепке дейінгі мекемелердің арасынан бірінші болып көтерілуін айта аламыз. 2014 жылдың қазанында мен Венгрияның астанасы Будапеште өткен «Бәріне ортақ қоғам құру: Балалық шақ жетістіктерін ой елегінен өткізу» атты халықаралық конференцияға қатыстым. Бұл шараны ұйымдастырғандар: «Step by Step» Халықаралық ассоциациясы, «Ашық қоғам» қоры, ЮНИСЭФ, «Жас шағынан балаларды дайындаудағы және білім берудегі әралуандылық» (DEKET), «Серіктестер, Венгрия» қоры. Конференцияда ата-аналармен, жергілікті қоғаммен байланыс орнату бойынша жиналған тәжірибеммен бөлісе алдым. Бұл шара «Step by Step» технологиясы бойынша істеген жұмыстарымның алға басуына өз ықпалын тигізді. 2013, 2014 жылдардың оқу-тәрбиелеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Ақ бота» ясли-бақшасы Семейдің ең үздік балабақшасы деп танылды.

Білім беру мекемесінің қызметінде маңыздысы – үнемі ілгері басу, инновацияға қабілеттілік таныту. Зерттеулер ме, ғылыми жоба ма – бәрін байқап көру керек! Коммуникативті технологиялар ма, тренинг пе – осынын бәрі қолымыздан келеді! Біздің педагогикалық ұжымға осының бәрі тартымды да қызықты. Әр істің өз ерекшелігін табамыз. «Step by Step» инновациялық технологиясының жемісті орындалуының шарты – тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз қатынас орнату. Соңғы сауалнаманың қорытындысы бойынша ата-аналарымыздың 96 пайызы балабақшаның білім беру қызметіне қанағаттанарлық деген баға берді. «Балаңызды басқа балабақшаға ауыстырғыңыз келе ме?» деген сұраққа «Сіздер – үздіксіздер!», «Тек қана «Ақ бота!» деген жауаптар да қайтарылды. Осындай сөздер жүрекке жылу ұялатады екен. Бізді балаларға қолайлы жағдай жасауға жігерлендіріп, одан да жақсы еңбек етуге шабыттандырады.

Педагогикалық ұжым құрылған психология тұрғысынан қолайлы кеңістікті-дамытушы ортаны шыңдауды әрі қарай жалғастыруда. Бұл бағытта «Step by Step» технологиясы негізінде балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, біз келешекке арналған жоспарлау жасадық. Бүгінгі күні ұстаз бен баланың арасында жеке бағдарланған қарым-қатынас, тәрбиешінің баланың даралығына, қызығушылықтарына және қажеттіліктеріне қолдау көрсетуі, табиғи қабілетін дамытуы негізгі басымдықтар екенін ескерсек, мұндай технология өз заманында ең маңызды болып табылатынын көреміз. Педагог-фасилитаторлармен бірге кәсіби біліктілігімізді дамытуда жаңа тәсілдер қолданамыз, өз ісімізді саралап, өз бетімізден білім алып, берілген технологияның стандарттары бойынша мониторинг жүргіземіз.

Заманауи басшы - өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді. Әуестігі болмаса, күші де болмайды. Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет». Оған қосарым – көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға, олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.

Табысты көшбасшы алдыға мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.

Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы балабақшаның қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да - басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының тәрбиеленушілерге, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Балабақшаны басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол. Қорытынды ретінде айтар болсақ, басқарушының алтын ережесі – өзің үшін емес, біреу үшін емес, бәрімен бірге және барлығы үшін өмір сүру керек.







Байскакова Дилдаш Секеновна


Коммунальное государственное казенное предприятие «Ясли-сад №7 «Ақ бота»


Я - заведующая


Из всех способностей самая трудная и

самая редкая – это умение управлять.

Соммери Эзоп.


С 2007 года я – заведующая детским садом «Ак бота». За годы работы были радости и огорчения, успехи и неудачи. Детский сад поистине стал частью моей жизни. Размышляя о своей профессии, не хочется произносить высоким слогом известные истины. Однако, формулируя свой профессиональный основополагающий тезис, считаю, что прежде всего нужно быть честным перед самим собой и людьми, добросовестно выполнять свои обязанности, развиваться творчески, креативно мыслить, относиться с любовью и добротой к своим питомцам и их родителям, ценить и уважать своих коллег.

Руководить педагогически коллективом – труд особый. Умение общаться с единомышленниками, видеть их сильные и слабые стороны, понимание ситуации позволяют отойти от «командного» стиля. Только спокойная уверенность может создать вокруг руководителя «зону притяжения» и спокойную рабочую атмосферу в коллективе. И пусть никто не узнает, скольких усилий стоит единственно правильное решение. Постоянное саморазвитие и терпение – в основе принятия таких решений.

Современный руководитель учреждения образования – это, по определению, генератор творческих идей, инноваций, нетривиальных решений, привлекающий интеллектом, культурой, профессионализмом, внешностью, наконец. Это человек, который искренне воспринимает проблемы людей, может поддержать, предостеречь, похвалить или строго спросить. В этом случае коллеги – педагоги – полностью отдают себя работе, зная, что их опыт, энергия, знания востребованы и оценены по достоинству.

Современный руководитель – это прежде всего профессионал, владеющий психологией управления. В любом коллективе возможны спорные ситуации, и руководитель должен сделать так, чтобы выход их них стал продуктивным, чтобы итогом стала интересная, незаурядная идея для совместной деятельности педагогов и родителей. Однако профессиональное неотделимо от личного. Детский сад навсегда становится родным детищем, родным домом, в котором растворяется вся твоя жизнь, а рабочий день становится по-настоящему ненормированным. И все же главное достижение руководителя – это уровень профессионализма педагогического коллектива.

Педагоги нашего детского сада являются постоянными участниками международных, республиканских, областных, городских конкурсов, выставок, конференций. Среди педагогов есть призеры городских, областных конкурсов «Лучший психолог года», «Лучший воспитатель года», «Лучший преподаватель физического воспитания». Детский сад первым из детских садов города вышел на международный уровень с результатами по инновационной технологии «STEP by STEP». В октябре 2014 года участвовала на международной конференции «Создаем общество для всех: Переосмысливая услуги в раннем детстве», которая проходила в Будапеште, Венгрии. Это мероприятие проводили Международная ассоциация «STEP by STEP» совместно с Фондом «Открытое общество», ЮНИСЕФ, «Многообразие в образовании и подготовке детей в раннем возрасте» (DEKET) и Фондом «Партнеры, Венгрия». На конференции поделилась опытом работы по взаимодействию и коммуникации с родителями и местным сообществом. Конференция стала для меня значимым шагом вперед в работе по технологии «STEP by STEP». По итогам учебно-воспитательной работы за 2013 год, 2014 год ясли-сад «Ак бота» признан лучшим детским садом города Семей.

Главное в деятельности учреждения образования – постоянное движение вперед, восприимчивость к инновациям. Исследовательская деятельность, научные проекты? - Надо попробовать! Коммуникативные технологии, тренинги? – Нам это подходит! Для нашего педагогического коллектива это привлекательно и интересно. Многие «изюминки» в работе найдены самостоятельно. Одно из условий успешной работы по инновационной технологии «STEP by STEP» - эффективное взаимодействие с родителями воспитанников. В последнем анкетировании 96 % родителей отметили удовлетворенность образовательными услугами детского сада. А на вопрос - «Не хотели бы Вы перевести ребенка в другой детский сад?» - встречались очень эмоциональные ответы: «Вы – лучшие!», «Только «Ақ бота»! – и это было невероятно приятно. Появляются силы работать и дальше с полной отдачей, сделать все, чтобы детям у нас было радостно, комфортно.

Педагогический коллектив продолжает работу по совершенствованию созданной психологически комфортной пространственно-развивающей среды. В этом направлении разработано перспективное планирование с учетом способностей и интересов детей на основе технологии «STEP by STEP». Исходя из того, что основными приоритетами сегодня выступают личностно-ориентированное взаимодействие педагога и ребенка, умение педагога принять и поддержать его индивидуальность, интересы и потребности, развить природные способности, то данная технология является самой актуальной на современном этапе. Совместно с педагогами-фасилитаторами применяем новые подходы к совершенствованию профессионального мастерства, анализируем свою деятельность, занимаемся самообразованием, проводим мониторинги по стандартам данной технологии.

Современный руководитель – это тот, кто приводит к успеху своих коллег, кто подвигает педагогов к инновациям, детей – к познанию, родителей – к совместному творчеству. Успешное управление – это креативное управление успехами отдельных людей. «Природа выдает каждому столько способностей, сколько соответствует его призванию. Нет призвания – нет и ресурсов. Нужна прозорливость, чтобы увидеть свои возможности». И к этому хочется добавить – чтобы увидеть и поддержать возможности других и достичь высоких совместных результатов. Мне представляется, что руководитель учреждения образования должен осуществлять своеобразное проектирование индивидуальной модели педагога в соответствии с требованиями, предъявляемыми современной жизнью. Выходит, что на первое место, в моем понимании, руководитель современного детского сада ставит, прежде всего, педагогические вопросы.

Успешный руководитель – инициатор целеполагания. Руководитель должен научиться оценивать ситуацию не только головой, не только при помощи рассудка, а «шестым» чувством. Интуиция, приобретаемая с опытом, — качество, которое не подведет руководителя.

Однако, большей частью приходится ориентироваться и на финансово-хозяйственную деятельность, без которой невозможно качественное функционирование детского учреждения. И это тоже – наиважнейшая составляющая труда руководителя. Достичь высоких показателей и успехов можно только в комфортных бытовых условиях для воспитанников и сотрудников, обеспечить которые – обязанность руководителя. Можно сказать, что руководство детским садом – задача многогранная, разносторонняя, трудная, беспокойная, но интересная, привлекательная и творческая. Жить нужно не для себя, не для других, а со всеми и для всех – и это, по-моему, золотое правило руководителя.