Дала данышпаны - Абай (Работа с педагогами)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Дала данышпаны – Абай.



Мақсаты: Абай өмірі және шығармашылығынан сыр шерту.



(Сахнада Абай бейнесінде Мусина Бану отырады. Алдында домалақ үстел, үстел үстінде кітаптар, шам, қыл қалам т.б. )



Жүргізуші:

Биылғы жыл біздің еліміз үшін маңызды және ерекше жыл болып отыр. Өйткені, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл» «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл». Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген. Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы –

деп, кешімізді бастаймыз.



Абай Кунанбаев – Великий поэт, писатель, общественный деятель, основоположник современный казахской письменной литературы.



Орынбасарова Құралай Абайдың өмірі туралы ағылшын тілінде қысқаша айтады.



«Қазына» шығармашылық тобы мүшелерінің орындауында ән:

«Желсіз түнде жарық ай».



Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.



Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.



Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?



Жүргізуші: Енді көрермендермен ойын ойнап көрсек.

Көрермендермен жұмыс. Абай шығармашылығынан сұрақтар қойылады. Яғни, қалташалар таратылады. Сол қалташалардың ішінде Абай өлеңдері бір-бір шумақтан берілген. Өлеңнің әр жолы қиылған. Соны дұрыс құрастырып берулері керек және де сол өлеңді білсе ары қарай жалғасын айту. Төмендегі өлең шумақтары қалташаларға салынған.



  1. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!.



  1. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.



  1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.



Жүргізуші: «Қазына» шығармашылық тобы мүшелерінің орындауында Абай Құнанбаевтың төрт жыл мезгіліне байланысты өлеңдері. Педагогтар әр жыл мезгіліне байланысты киініп шығады.



Байтекова Мерей – «Жаз».



Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап.



Байжұманова Гүлнар – «Көктем», «Жазғытұры».



Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануа, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.



Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.



Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.



Мылтышева Жұлдыз - «Күз».



Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.



Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.



Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.



Орынбасарова Құралай – «Қыс».



Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандап, бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.



Жүргізуші: Сөзжұмбақ шешіп көрейік.

Көрермендермен жұмыс. Сауалнама сұрақтары:



  1. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерінің бірі. (Қыс).

  2. Абай Құнанбаевтың поэмасы (Масғұт).

  3. Абайдың інісі. («Абай жолы» романында кішкентай кезінде тентек болып бейнеленеді) (Оспан).

  4. Абай ұлдарының бірі (Ақылбай).

  5. Абайдың анасының есімі (Ұлжан).

  6. Абайдың азан шықырып қойған есімі (Ибраһим).

  7. Абайдың ғашығы (Тоғжан).

  8. Абайдың әжесі (Зере).

  9. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы (Әуезов).





*

*

*

*

Қ

Ы

С

*

*

*

*

*

М

А

С

Ғ

Ұ

Т

*

*

*

*

*

*

О

С

П

А

Н

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

А

Қ

Ы

Л

Б

А

Й

*

Ұ

Л

Ж

А

Н

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

И

Б

Р

А

Һ

И

М

*

*

Т

О

Ғ

Ж

А

Н

*

*

*

*

*

*

*

*

*

З

Е

Р

Е

*

*

*

*

Ә

У

Е

З

О

В

*

*

*

*

*

*



Жүргізуші: Абай орыс жазушылары Пушин А.С., Лермонтов М.Ю., Крылов В.А. т.б. көптеген шығармалар аударған.

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін үш тілде орындау. (Түп нұсқасы неміс ақыны И.В.Гетенікі. Орыс тіліндегі нұсқасы М.Ю.Лермонтовтікі).



Орындайтындар:

Тоқтарова Бақытгүл – қазақ тілінде:

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел – сал қып,

Түн басады салбырап.



Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.



Орынбасарова Құралай – орыс тілінде:

Горные вершины

Спят во тьме ночной;

Тихие долины

Полны свежей мглой;



Не пылит дорога,

Не держат листы...

Подожди немного

Отдохнешь и ты.



Омарбаева Мөлдір – неміс тілінде



Жүргізуші:

В.А.Крыловтан көптеген мысалдар аударған. Соның бірі – «Шегіртке мен құмырсқа». Көрініс қою. Көрініске қатысатындар: Байжұманова Гүлнар – шегіртке. Жұмабекова Клара – құмырсқа. Автор – Тоқтарова Бақытгүл.



Шырылдауық шегірке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.



Жаздыгүні жапырақтың

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй.



Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайды?

Суыққа тоңған, қарны ашқан,

Ойын қайда, ән қайды?



Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.



Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.



Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

  • Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!



  • Мұның, жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең?



  • Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?



  • Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!



«Қарға мен түлкі» мысалы.

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын.

Сонда да солар қайда жоқ?

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ.



Ірімшікті құдайым

Кез қылды бір күн қарғаға.

Алып ұшып барады да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе

Ірімшік деген қарны ашқа?

Бір жеп алып, шүкірлік

Қалайын деп аллаға,

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді,

Ішіне сақтап қулығын,

Ептеп барып барлайды,

Бұлғақтатып құйрығын,

Қарғаның көзі алдайды.

Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлесуге айналды:

«Қарағым, не еткен сұлу ең!» -

Деп таңырқап таңданды, -

«Не еткен мойын, не еткен көз,

Осыдан артық дейсің бе

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша біткен, япырмай,

Мұрныңыз бен жүзіңіз!

Періштенің үніндей

Деп ойлаймын үніңіз.

Осы көрікпен, бұл жүнмен,

Әншілігің белгілі,

Ұялмай, қалқам, бір сайра,

Біз де алалық үлгіні.

Құс төресі біздерге

Сіз боларсыз бір күні».

Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Қуанғаннан бөртініп,

Бір мастық кірді өзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті.





Көрермендерге сұрақтар:



  1. Семей қаласында Абай есімімен аталатын қандай мәдениет үйлері бар? (Абай атындағы музей, Абай атындағы театр, Абай атындағы кітапхана).

  2. Абай Құнанбаев қай жылы дүнеге келді? (1845 ж.)

  3. Абай жас шағында қай жерде, яғни қай қалада білім алды? (Семей қаласындағы мұсылманша медреседе).

  4. Қандай тілдерді меңгерді? (араб, парсы, шағатай).

  5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөзі).

  6. Әйкерімнің шын есімі кім? (Шүкіман).

  7. Ба йескерткіші Семей қаласының қай жерінде орналасқан? (Абай көшесі бойында, Невзоров галереясының жанында...).

  8. Абайдың мансабы кім? (ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер).

  9. Абайдың руы (Тобықты).

  10. Абай неше жасынан бастап ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласа бастады? (13 жас).





Ән: «Көзімнің қарасы» - «Қазына» шығармашылық тобыны мүшелерінің орындауында:



Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.



Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.



Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде,

Қалқама сөз дайын.



Жүргізуші:

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.



Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған шағын концертіміз аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!










































[pic] [pic]

















«Қазына» шығармашылық тобы мүшелері

[pic] [pic]











Мусина Бану Абайдың төрт жыл мезгіліне

Абай Құнанбаевтың рөлінде байланысты өлеңін оқуда

[pic] [pic]



















Абай аудармаларынан көрініс

«Қарға мен түлкі» «Шегіртке мен құмырсқа»