Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 19.05.2016
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Отанға сүйіспеншілік
Мақсаты: Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз отанын сүюге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға отан туралы тақпақтар үйрету.
Қостілділдік құрам: Отан- Родина, Ту-флаг,
Ұйымдастыру кезеңі. Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан ман Ту
Жан емес, маған керегі-
Көк Тудың желбірегені.
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.
Ізденушілік-
Ұйымдастырушылық
Кіріспе әңгіме.
-Отан деген не?
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Біздің ұлтымыз- қазақ.
Отанымыз-Қазақстан Республикасы деп аталады.
-Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетінде ақын Ермек
Өтетілеуұлының « Отан» өлеңімен танысамыз.
«Отан» өлеңіне мәнерлеп оқып беру.
Сергіту сәті.
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан:
Жай-жай-жай.
Қозғап барлық денені,
Қаттырақ соқ қолды енді:
Сарт-сарт-сарт.
Айтқан кезде өлеңді,
Ақырын бас еденді:
Жай-жай-жай.
Әңгімелеу.
-Отан біз «атамекен» деп айтамыз, өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен.
Отанды әркім анасындай бағалап қастерлейді. Өйткені Отан бізді баласындай өсіріп, аялайды.
Отан деген-атамекен,
Отан деген- туған жер,
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан- туған жер.
Қимылды ойын: «Көлеңке »
Көлбең –көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Балалардың жауабы.
Мұқият тыңдайды.
Қосыла қайталайды.
Тыңдайды.
Бар ынталарымен қызыға ойнайды.
Рефлексивті-
Түзетушілік
-Отан туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?
Мақал-мәтелдер айту.
Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Өлеңнің мазмұнын түсінді.
Үйрену: Өз Отанын, жерін сүйіп құрметтеуді.
Меңгеру: Мақал-мәтелдер арқылы ой-өрісі кеңейеді.