4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды
№5 ортаңғы тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетің күні, айы, жылы: «20» 11.2015 ж. №7
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Мақсаты: Балаларға тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру.
Білімділік міндеті:Өз отанын, қаласын, астананы дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:Ойлау, зейін қойып тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Отанына деген жылы сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Көрнекі құралдар: Астана, Алматы көрінісінің суреттері, елтаңба мен тудың суреттері.
Қостілділік компоненті:Отан- Родина, қала-город, Астана, үй-дом,
Арайлап атты таңымыз Қайырлы таң, балалар!
Анаңа еріп келдің сен,
Әкеңе еріп келдің сен.
Қаладағы ең жақсы үй,
Балабақша мен білсем.
Әке, ана, сен –
Зейін қойып тындап, таныс сөздерді табуға тырысады.
Отбасы мүшелерін атайды, суретін тақтаға іледі.
Ұйымдастырлық – ізденістік
Менің Отаным – Қазақстан.
Қа-зақ-стан. Отан бізге ортақ.
Біздің Отан – Қазақстан.
Біздің Отан.....
Біздің.....
Қазақстан үлкен.
Мынау – Астана.
Астана-қала.
Астана – үлкен қала.
Мынау – үй. Ү –ү-ү-үй.
Үлкен үй.
Мынау- Алматы.
Алматы – әдемі қала.
Алматы – үлкен қала.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды созайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет»
Қазақстан.
Отан, Қазақстан.
Білетін балалар жауап береді.
Педагог айтқан жаңа сөздерді қайталап, тақтадан көрсетеді.
Рефлексиялық – түзетушілік
Тілдерін жаттықтыруға бірнеше рет қайталатып, мазмұнын түсіндіреді.
Тақпақты, қимылдарды қайталайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Отан, қала, Астана, үй сөздерін;
Қандай түсініктерді игереді:өз Отаның, қаласын, астананы дұрыс айтуды;
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:өз Отаның сыйлау, сүю керек екенің.
Қазақ тілі мұғалімі: ___________Мизгильбаева А.С.
қолы