Доклад по воспитательной работе Сабақ үрдісінде дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Шаяхметова Райгуль Адильхановна

Р.Қошқарбаев орта мектебі

Сабақ үрдісінде дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : «жылдам өзгеріп отыратын дүниеге жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп нақты мақсаттар қойылған . Қазіргі мектеп пен мұғалімнің алдындағы мақсат – баланың ішкі жан дүниесін тану, оның сыртқа шығуына мүмкіндік жасау, көмек көрсету.

Қазіргі заманда білім беру саласында балалардың дарындылық қабілеттері мен таланттарын толық ашу негізгі мәселе болып отыр

Қоғам үшін ең өзекті мәселе – дарынды балаларды анықтау, оларды оқыту мен тәрбиелеу, себебі дарынды адам халқы, елі үшін көп пайда келтіретіні анық .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер қойылған . Сондықтан соңғы кезде дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады .

Дарынды балалармен жұмыс істеу мұғалімнің алдында үлкен міндеттер қояды . Дарындылықты анықтау ұзақ процесс, себебі оқушының дамуына, ой - өрісін, ерекше ойлау қабілетін бақылау, талдау күрделі үрдіс.

Адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттермен, қабілеттермен келеді . Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады .

Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік денгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет . Ал ондай мамандар дарынды , қабілетті баларладың ішінен шығары сөзсіз .

Қабілетті баладан дарынды оқушы шығады, егер оқушы өзінің

ұнатқан ісіне немесе спорттың бір түріне қабілеті болмаса одан дарынды оқушы, жақсы спортшы шықпайды .

Қабілет деген не ? Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2-ге бөлінеді . Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуға тиіс. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық,

физиологиялық белгісі ерекше орын алады . Қабілеттің қандай түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды.

Мандай тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие болмайды, яғни іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды .

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты . Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі .

Сонымен дарынды , талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздік еңбегінің жемісін айтуға болады .



Дарынды баланың негізгі қасиеттері:

  • ұқыптылық, жинақылық, зейінің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы .

  • ақыл-ой, логикалық ойлануының тездігі, кез-келген жағдайды талдап

салыстыра біліуі .

  • барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез-келген баланың бойындағы қабілетті үздіксіз еңбек, мұғалімнің ерінбей-жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады .

Дарынды балалар көпшілігі эмоцияналды болады, сондықтан мұғалімге үлкен шыдамдылық, түсіністік қажет. Дарынды балаларды уақытында бағалау аса қажет . Ол баланың алға ұмтылуының қажетті факторы .

Кез келген жұмыстың мақсаты болады. Мақсатқа жете отыра нәтижеге жетеміз .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік

саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай

интеллектуалдық даму, жеке адамның дарындылығын дамыту » сияқты

өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі .

Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет . Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады . Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады .

Қорыта айтқанда дарынды балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыруда төмендегі мәселерге баса назар аудару керек деп есептеймін. Спортта қабілетті, дарынды балаларды табу және анықтауды төмендегі схема арқылы анықтауға болады .



Қабілетті және дарынды оқушының негізгі қасиеттерін анықтау.