|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Алтын балық(мүсіндеу)
Автор публикации: Мухамадиева К.Е.
Дата публикации: 2016-04-19
Краткое описание: ...
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі:Мүсіндеу. Тақырыбы: «Алтын балық» Мақсаты:.Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру,тіршілік ортасымен таныстыру,алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру, мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Балықтардың суреттері, аквариум, ермексаз ,тақтайша, кескіш, сүрткіш, үлгі мүсін, балық мүсіндеудің схемасы. Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сөздік жұмыс: алтын балық, балдыр, жүзу, аквариум, ұлу. Іс-әрекет кезеңі Мотивациялы ынталандыру кезеңі Ұйымдастырушылық ізденуші Тәрбиешінің іс-әрекеті 1. Шаттық шеңбері. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз. Міне біздер қандаймыз! Орман, көлге, шыңға біз Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз! Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес! 2.Жаңа сабақ.Жұмбақ шешу Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ, Сусыз оның күні жоқ Жүріп кетсе соңында, Қалып жатқан ізі жоқ.Бұл не? - Балалар,дұрыс шештіңдер.Бүгінгі мүсіндеу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені біз жай балық емес,ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз.Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық. - Балықтың аттарын білесіңдер ме? - Балықтар қайда тіршілік етеді? Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар.Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі: Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс, дем алады.Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. 3.Балалар, балық туралы тақпақтарды еске түсірейік. 4. «Балықшы мен балық» ертегісінен үзіндіні әңгімелеу. - Балық туралы мәлімет алдық.Енді қазір орыс халқының «Балықшы мен балық» ертегісінің үзіндісін тамашалайық. Тәрбиеші: Көк теңіздің жағасында бір жаман үй панасы бар шал мен кемпір болыпты, олар кедей болыпты, олар теңізден балық аулап, өмір сүріпті. Бір күні ата торын тартқан кезде, әдемі алтын балық торға түседі. Ол жай балық емес, сөйлейтін балық бола- ды. Атайға былай деп тіл қатады: Алтын балық: - «Теңізге жібер атай, тордан алып! Өлтіре көрме мені қария, үйіңе де апар ма.Жөніме қоя бер, керегіңді сұрай бер!» Атай:- «Не сұраймын мен сенен ғажайып алтын балық! Жүзе бергін айдында асыр салып.» Тәрбиеші: - деп балықты теңізге жібереді.Балық атайға мен сіздің барлық тілегіңізді орындаймын деп уәде береді. Алтын балық тек қана жақсы тілектерді орындаған. 5.Сергіту сәті. 6.Схема бойынша балықты қалай мүсіндеу керектігін түсіндіру. - Балалар, бүгін біз мүсіндеу сабағында ертегідегі балықты мүсіндеп,өз тілек- терімізді айтайық. Сендердің балықтарың ертегідегі тілек орындайтын балық болады. Схема: Баланың іс-әрекеті Шеңберге тұрып, қайталайды. - Балық. Балықтардың суреттерін көреді. - Алабұға-окунь, шортан-щука, сазан, табан-лещ, майшабақ-сельдь.т.б. - Балық суда тіршілік етеді. Сусыз өмір сүре алмайды. -Тыңдайды. Тақпақтар айтады. 1-бала: Табиғаттың бұйрығы Ол балықтың жүйрігі Құйрығы оның сияқты Қарлығаштың құйрығы. 2-бала: Айқалама, ұрыспа, Тіпті ақырын тыныста Сазан нағыз сақ балық Жоламайды дыбысқа. 3-бала: Қармақ салсаң сазанға Бар өзенге азанда. Оңайлықпен сазанның Түскісі жоқ қазанға. Балалар ертегінің үзіндісін көрсетеді. Балалар қимыл жасап, қайталайды. Тұп-тұнық мөлдір суда Балық жүзіп жүр екен Біресе керіледі, біресе жиырылады Біресе құмға тығылады. Ұйымдастырушылық ізденуші Рефлекциялы түзету кезеңі 1.Балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру. 2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау. 3.Қанатын есу. 4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды 5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын,құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу. Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза,ұқыпты орындауға қадағалау.) 6.Осы кезде өзен, су тасқыны естіледі. Су перісінің қызы кіреді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін.Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана тіршілік етеді. Тәрбиеші: - Рақмет, сізге су перісі! Біз жай балықты емес, тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік аквариумыңызға рақмет! 7.Қорытындылау. Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру. - Балалар ақ тілектеріңді айтып, балықтарыңды мына аквариумға жібере қойыңдар. - Жұлдыз, сен қандай тілек айтасың? Су перісі балалардың жұмыстарына баға береді. Балалар өз бетінше жұмыс жасайды - Сәлеметсіз бе! Балалар мүсіндеген балықтарын көрмеге қояды. - Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін.т.с.с. Бағалау. Мадақтау. Күтілетін нәтиже: Білу керек: Балықтарды, олардың түрлерін, тіршілік ортасын, ермексазбен жұмыс істеуді. Болу керек: Таза, ұқыпты орындау туралы түсінігі, пәнге деген қызығушылығы. Істей алу керек: Түсініп, ермексазбен балықты мүсіндеуді.
|
|