Білім беру саласы: Шығармашылық.Қатынас

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кербұлақ ауданы

«Қоғалы ауылы Панфилов

атындағы орта мектеп» кмм

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Кумпейсова Г.М.

Білім беру саласы: Шығармашылық, Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Төрт түліктің бірі – Түйе

Мақсаты: Балаларды төрт-түлік жануар мен таныстыру. Жұлмалап жырту әдісін қолдана отырып, қалай жапсыру керектігін үйрету.Жұмыс істеу барысында балаларды шыдамдылыққа,ұқыптылыққа, мұқия болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Төрт-түліктің суреттері,түрлі-түсті қағаздар, желім.

Ұйымдастыру сезімдерін ояту:

Түйе- малдың үлкені,

Жылқы-малдың үркегі.

Сиыр-малдың сүттісі.

Қой-түліктің құттысы.

( С.Қайсимов)

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

-Балалар суреттерге қарайықшы:

Төрт түлікке: түйе, сиыр, қойжәне жылқы жатады.

-Әр жануардың өзіне тән қасиеттері де болады.Мысалға алсақ.

-Сиырдың сүтін ішеміз майын, етін жейміз,терісінен бұрынғы ата-бабамыз киім тігіп киген, мүйізінен неше түрлі заттар жасауға болады.

Түйенікінен де дәл сол сияқты,оның сүті қалай аталады? Шұбат

Шұбат емдік пайдасы өте көп,оның құрамында көптеген дәрумендер бар. Оны асқазан ауырғанда емдік ретінде пайдаланған.

Жылқының сүті-қымыз деп аталған.Жылқының етінен қазы-қарта шұжық жасайды, қымыз алады, адам мінсе көлігі болады

Қой өте момын жануар.Қойдың етін,сүтін,құртын жейміз. Сондықтан да төрт-түлік малдың адам өмірінде алатын маңызы орасан зор.

Жұмбақ:

1.Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (Қой )

2.Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар( Сиыр)

3.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (Түйе)

-Балалар,сендер жұмбақтың шешуін тез таптыңдар,сондай тапқыр,жылдам екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Кел балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық

Қолымызды көтеріп, саусақты ашып-жұмайық

Одан соң қолды түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен саламыз

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен боп ертең шығамыз.

( Қадыр Мырзаәлі)

Тапсырма: Жапсырудың әдіс-тәсілін көрсету.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық»

Шарты: Төрт-түлік малдың суреті бейнеленген,соның ішінде біреуі артық яғни басқа жануар. Балалар артық жануарды табуы тиіс.

Рефлекстік –түзету. Балалар жұмыстарын талдау және мақтау,мадақтау.

Күтілгеннәтиже:

Білу керек: төрт –түлік жануардың адам өміріндегі маңызы.

Болу керек:шыдамды,мұқиятшыл,ұқыпты

Үйрену керек:қайшының кегінсіз жұлмалап жырту әдісін





















Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті:Математика сабағында қазақ этнопедагогикасын қолдану.

Тақырыбы: «1» саны мен цифры.

Мақсаты: Көп,аз,артық, кем ұғымдарын тиянақтай түсу.Мақал-мәтелдерге «көп», «аз» , «артық», «кем» сөздерінің ішкі мазмұнын түсіндіру. «1» санына қатысты санамақты ашу. Математика сабағы арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру.

Керекті құралдар:үлкен,кіші, аз,көп заттардың суреттері.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,көркем сөз (мақал-мәтелдер,санамақтар) мадақтау.

Сабақ барысы:

1.Балалар педагогтың көмегімен қоршаған ортадағы заттардың көп,аз,артық,кемін айтады. Мәселен,орындықтар көп,үстелдер аз,терезелер көп,есіктер аз,үстелдерден орындықтар артық, терезелерден есіктер кем т.б.

2.Педагог балаларға жоғарда аталған ұғымдарға байланысты мақал-мәтелдер айтады. Балалар мақал-мәтелдегі математикалық ұғымдарға қатысты сөздерді тауып, мағанасын түсіндіреді.

Көп ойлаған табар,

Көп үрлеген жағар.

Көп түкірсе көл болады.

Аз сөз алтын,

Көп сөз көмір

Жаман аттан аяғым артық

Жаман достан таяғым артық.

Кең болсаң,кем болмайсың

3.Сергіту сәті

4. «1», «жалғыз» ұғымы «1» санымен байланыстыра отырып түсіндіріледі: Бір бала немесе жалғыз бала,бір ағаш немесе жалғыз ағаш.

«1» цифрыныңжазылу ерекшелігі көрсетіледі. Бұл сәтте бір санына байланысты санамақ қолданылады.

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Ата-әжеге жол бастап

Оң қолында жүрмін.

Санамақтың мазмұнымен таныстыру кезінде ата-әжелердің таяғына,шырпыға, діңгекке,қазыққа,үстел-орындықтардың бір аяғына «1» цифры ұқсайтындығы түсіндіріледі. Балалар «1» цифрын ауаға, тақтаға, қағазға жазып үйренеді.

5. Ойын: «1» цифрына ұқсас заттарды тап.

Балалар қоршаған ортадағы «1» цифрына ұқсас заттарды атайды.

6. Педагог сабақты қортындылайды. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.