Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Мүсіндеу. Тақырыбы: Доптар.
Мақсаты: Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру, ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын жетілдіру. Білімділік: Заттың атын атауға үйрету, ермексаз туралы ұғымын нығайту. Дамытушылық: Есте сақтау және ой қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Қостілділік компонент: Доп-мяч, Автокөлік- автомобиль, киіз үй-юрта Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі- түсті доптардың суреттері, демонстрациялық көрнектіліктер, қызыл, сары, жасыл және қара түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, доп.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялқ –
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып:
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап,
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың,- деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.
Сөздік жұмыс: домалақ. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз –допты мүсіндейміз.Педагог балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұрайды.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрап тұрады. Педагог жасаған қимыл- қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс – әрекетін жалғастырады.
Қайталайды: домалақ.
Балалар педагогті мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз. Педагог жұмысқа кіріспей тұрып ұқыптылық ережелерін қайталатады:
-Мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын
кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді түру керек;
-Ермексазды арнайы тақтайшаның
үстіне қою керек;
-Жұмысты таза орындауды қадағалау
және т.б.
Сергіту сәті
Қолды оңға созамыз,
Қолды солға созамыз,
Бір орында секіріп,
Біз демалып аламыз
-Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.
-Балалармен жеке жұмыс
жүргізіледі.
-Кім қандай түстерді
пайдаланды?
Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады.
Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.
Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шым-шу әдісімен үзіп алып, алдымен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды.
Балалар пайдаланған түстерін атайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Педагог балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп, талдайды. Олардың жұмысын мақтап, марапаттайды.
Мүсіндеген доптарын педагогтің үстеліне әкеліп, барлығы бірге қарайды, доптардың ұсастығына тоқталады. Өздері жасаған әдемі доптарына қарап, балалардың көңіл күйлері көтеріледі.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Доп жасау үшін ермексазды домалақтайды, яғни доп жасайды;
Қандай түсініктерді игереді: Доптың домалақ болатынын түсінеді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ермексазды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау әдісін қолданады.