Жүргізуші: Амансын ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!
Тәрбиеші: Шыршаның түсі қандай? Ал шыршаның ойыншықтарының түсіше қандай екен? Олай болса балалар шыршамызды жағып көрейік!Балалар қолдарын шапалақтап үрлейді. Жанбайды.
Тәрбиеші: Бәлкім біз шыршаға тақпақ айтып берерміз. Сонда жанар.
Тақпақ:
Мұхамедияр Айша
Әкем таңдап әкелді Жапалақтап ақша қар
Ең үлпілдек шыршаны, Жауды күнде қайталап
Иісі аңқыған шыршаны, Қырға шықты балалар
Жарқыраған шыршаны... Шаңғыларын арқалап
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Азиза Сымбат
Аппақ тонға оранып Жаңа жылды қарсы алдым
Базарлықты мол алып Мініп алдым күймеге
Келді алыс сапардан Менде бүгін ән салдым
Аяз ата оралып Араластым биге де
Балалардың қуанған даусына інінде ұйықтап жатқан аю оянып, керіліп бұл не деген шу, кім мені оятқан деп ортаға келеді.
Жүргізуші: Аюмен амандасады
Балалар: Аюмен амандасады.
Аю: Сендер неге мұнда жиналып қалғансыңдар? Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Аю, Біз Жаңа жыл мерекесін қарсы алғалы тұрмыз. Егер сен Жаңа жыл мерекесін бізбен бірге қарсы алғанды қаласаң, кел бізбен қал!
Аю: Жаңа жыл мерекесі деген қандай мереке, ол қызық болама?
Жүргізуші: Әрине, қызық болады. Жаңа жыл мерекесіне арнап тақпақтар оқылады, қызықты ойындар ойнаймыз.
Жүргізуші: Егер сен бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға қалсаң, біздің балалар сені қыс мезгілінің қызықтарымен таныстырады.
Залға Маша кіреді. Аюды көріп қатты қуанып кетеді.Өзі аю досын жаңа жыл мерекесімен құттықтай келгенін айтады. Маша: Аю білемін сен маған ренжулісің, бірақ сен де мені түсінші. Атамды апамды, ауылымды, достарымды сағынғандықтан солай етуіме тура келді. Кел бүгін жаңа жыл мерекесі. Бұл күні барша ел -жұрт ренжісуді қойып, дос болады. Кел достасайық.
[pic]
[pic]
Тәрбиеші: Маша мен аюдың мерекеде қалуын сұранады. Өздерінің шыршаны жаға алмай отырғанын айтады. Осы кезде . . .
Маша: Ой мұңаймаңдар. Бұл шыршаны кім жағатынын мен білемін. Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Бәрі бірге дауыстап Аяз ата мен ақшақарды шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар залға кіріп, барша көрермендермен, балалармен амандасып, құттықтап ақ тілек айтады.
Тәрбиеші: Шыршаны жағуды сұранады.
Аяз ата: Шырша жағу үшін біз сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Қане қызым балаларға жұмбақ жасырып көрші?
Жұмбақ: Қыста ғана болады
Ұстасам өолым тоңады. (қар)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
Ақшақар шыршаны жағады.
Тәрбиеші: Жаңа жыл жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне мешін жыл!
Мешін кіреді. Ел жұртпен амандасып, ақ тілектер айтады.
Тәрбиеші: Кейіпкерлерді балалардың өнерлерін тамашалауға шақырады.
Злата «ëлочка»
Би: «Ұлпа»
Тәрбиеші: Кел балалар тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
Сезім Дамир
Жаңа жылда, балалар, Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер. Тек жақсалық көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан, Жылау ауру жамандық
Мықты болу өзіңнен. Қастарыңда болмасын
Айару Әділ
Жылдың әнін бастайын Аяз ата келіп тұр
Аяз ата кеп қалды Мұз өрнектің бәрі асыл
Майысады жас қайың Оюларды аңғарам
Көтере алмай көп қарды Қарағайдың жап жасыл
Күйіне мен таң қалам
Хор: «Шырша жыры»
Тәрбиеші: Балғындарымыз би билейді
[pic]
[pic]
[pic]
Би: «Аю»
Тәрбиеші: Алақайлап ойнаймыз.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Тәрбиеші: Өнерліміз бәріміз.
Би: «Цыган» биі
Тақпақ:
Нұрәлі Жалғас
Тамаша тамаша Бақша іші мереке
Шыршамыз тұр жараса Ойын күлкі асқақ ән
Басында әсем жұлдызы Жақсы әпкелер жаңа кеп
Көз тоймайды қараса Мерекені бастаған
Мұхиден Тоғжан
Оралдың өлкеме, Ауыл маңы қар аппақ
Жаңа жыл армысың. Қызықтар көп не түрлі
Оранды ақ көрпеге, Ақ дәптерді парақтап
Асқартау, қарлы шың. Қыс отырған секілді
Тәрбиеші: Аяз атамен ән саламыз
Хор: «Аяз ата»
Тәрбиеші: Тәп – тәтті болып билейміз.
Би: «Буратино»
Злата Ерзат
Аспан жерге төгеді Ақ қырауға малынған
Ақ күмісін уыстап Сақалы да мұрты да
Жаңа жылда келеді Аяз ата сағынған
Бізге қарай жылыстап Сәлем берді жұртына
Ади Нұрай
Безендіріп шыршаны Жаңа жылым мол болсын
Жыл қуантты баршаны. Басқан қадам оң болсын
Той-маскарад басталды, Төрле төрле жаңа жыл
Аяз оны басқарды. Бізге құтты жол болсын
Тәрбиеші: Ән айтудан шаршамаймыз
Хор: «Жаңа жыл аппақ»
Илияс Адиянұр
Тілеймін мен бар әлемге Қалып едік сағынып
Дос көп болсын жаңа-жыл Күтіп алдық жабылып
Ата-әже, ата-әже Жолын қойдық жарық қып
Құтты болсын жаңа жыл Шыршаларға шам іліп
Аяз ата: Мен балаларға арнап әкелген сыйлықтарымды үлестірейін.
[pic]
[pic]
[pic]
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар бүгінгі «Бәйтерек» тобының ертеңгілігі осымен аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Байлық сіз бен біздің балаларымыз, бүлдіршіндеріміз аман болсын. Отбасыларыңызға тек қана жақсылық тілеймін! Көп рахмет.
[pic]