Тема конспекта: Қазақстанның қалалары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстанның қалалары.

(3-сынып)

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бойынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Ә) дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту.

Б) тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: саяхат сабағы.

Әдіс: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, сөзжұмбақ шешу

Типі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Дара мен Ботидің суреті, сөзжұмбақтар, суреттер, картаның сызбасы, үлестірме парақшалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Біз саяхатшы Дара және оның досы Ботимен Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.

  • Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыру үшін үй тапсырмасын тексерейік. 7-тапсырманы тексереміз.

Жаңа сөздерді қаншалықты жаттағандарыңды тексеру үшін Ботидің жұлдызшаларындағы сұрақтарға жауап берейік.

  • Рахмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын да, жаңа сөздерді де жақсы орындап келіпсіңдер. Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға Дарамен бірге отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!

  • Мынау, балалар, саяхат бағыты. Шиелі ауданынан шығып, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Елордамыз Астана қаласына дейін жетуіміз керек. Дара Астана қаласын көргісі келеді екен.

  • Әр қаланың бізге тапсырмасы бар екен.

Тапсырмаларға дұрыс жауап берген әрбір оқушыға жұлдызшалар беріліп отырады. Дараға көмек беру үшін тапсырмаларды бірге орындайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздік: облыс- область;

ата(глагол)-назови.



1-бағыт бойынша Шымкент қаласына бару керек. Шымкент қаласына бару үшін мына тапсырманы орындаймыз.

1-тапсырма. Қазақстанның қалаларын дәптерге жаз. Әр қаланы әр оқушы тақтаға шығып жазып, Қазақстанның картасын (мозайка) жасап шығарып, әр қаланың байлығы туралы қысқаша айтып кету керек.



2- бағыт. Жамбыл қаласы.

2-тапсырма. Оқы, біл, аудар.

Тақырып бойынша берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек беру. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.



3-бағыт. Алматы қаласы.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Тапсырманы айтылым әрекетімен бастап, жазылым әрекетімен аяқтау.



4-бағыт. Қызылорда қаласы.

4-тапсырма. «Кел, ойнайық! Кел, ойлайық!».

5-бағыт.Қарағанды қаласы.

5-тапсырма. «Ойлан, тап!». Толықтырып, қалалардың атын ата.

(Белый)+тау (Красный)+орда (Черный)+ ғанды

(Белый)+төбе (Яблоко)+ты



6-бағыт. Астана қаласы.

6-тапсырма. Сөзжұмбақты ойланып шеш.

«Қалалар» сөзжұмбағы







  • Міне, біз Қазақстанның елордасы Астана қаласына келіп жеттік.

  • Дарамен бірге тапсырмаларды дұрыс орындау барысында Астана қаласына да келдік.

  • Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер?

  • Кім Астана туралы өлең біледі?

  • Кім Астанада болды?

  • Сонымен саяхатымыз сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Осы саяхат барысында кім қанша жұлдызша жинады? Соны есептейік.

Бағалау.

Үй тапсырмасы.

«Менің сүікті қалам»тақырыбына қысқаша мәтін құрап келу.