Ересек тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Білім саласы: « Әлеуметтік орта»
Тақырыбы: «Достық неден басталады?»
Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:-Дос,Достық құндылығы туралы түсінік беру.
-Дос қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
-Достаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: дәптер, хрестоматия, жүрекше ойыншық, домалақ жіп.
Шаттық шеңбері. -Сәлеметсіздерме,балалар!Қандай тамаша!
Терезеге қараңдаршы!Бәрі де қуанышты:аңдарда,құстар да,таулар да.Өйткені,бәрі бір-бірімен дос.Қол ұстасып,өзімізбен де,айналамен де,сәлемдесейік.
Айтамыз алғыс қайталап,
Таңдайды біздішартарап.
Өмір сүру-бір бақыт.
Дос бола білу-шың бақыт!
Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.
Балалар шаттана өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Армандайық:
Балалалар,адам күнмен,аймен,таумен дос бола алады ма?
Кәне,бәріміз бірге:
-Ай,сенімен дос болғым келеді.
-Тау,сенімен дос болғым келеді.р
-Күн,сенімен дос болғым келеді.
-Балалалар,достық неден басталады?
Дұрыс айтасыңдар, достық түсіністіктен, татулықтан басталады.
Әңгімелеу.ВОсеева «Үш жолдас»
Үлкен үзілісте балалар тамақтанады, ал бір бала шетте тұрып қалды.
-Сен неге тамақ ішпей тұрсын – деп сұрады балаланың бір жолдасы.
-Ертеңгі асымды жоғалтып алдым.
-Қап, әттеген-ай, түске дейін біраз уақыт бар, - деп жолдасы, өз нанын жей берді.
-Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың?-деп екінші жолдасы ұравйды.
-Ал осыны естіп тұрған үшінші жолдасы ештеңе сұрамай өзінің май жағылған нанын бөліп, жартысын досына берді.
-Қалай ойлайсыңдар жанағы балаланың ең нағыз досы деп қайсысын айтуға болады?
-Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Ойын: «Сиқырлы жұп»
-Еденге шеңберленіп отырайық, енді көрейік біздің топта шын жолдастар бар ма екен?
-Жіпті алып былай дейді: «Біздің топта Арсен бар, ол менің досым», жіпті басқа балаға беріп атын айтады. Балалар жіпті саусағына орап отырады жіп тәрбиешіге келеді.
- Енді бәріміз қолымызды көтерейік, жіпті еденге қояйық. Қане біздің топта балалар бір – бірімен шың дос па екен? Жіп үзілген жоқ, біз достаса аламыз деуге болады. Достық туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?
Дәптермен жұмыс:
Өз достарыңды естеріңе түсіріп суретін салыңдар.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық!
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Қызығушылықтарын арттыру.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-татулықтан, сыйластықтан, көмектесуден, құрметтеуден, түсініктен.
Әнгімені тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Балалар ойланады,өз өмірінен алынған тәжіребиесімен бөліседі.
Балалар қызығушылықпен ойынды ойнайды.
Достық туралы мақал-мәтелдерді айтады.
Дәптерде достарының суретін ұқыпты салады
Балалар демалады,апаймен бірге қимылдарды жасайды.
Рефлексивті-коррекциялау
Қорытындылау:
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достар тату, мейірімді болады, достар бір-біріне көмектеседі, достар бір – біріне адал болу керек сонда ғана достықтарың берік болады.
Жүректен – жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір – біріне ұсынып досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.
Менің досым батыр болса деймін, менің досым әдемі болса деймін...
Балалар дос,бірлік құнды лықтарының мәнін түсініп ойға түйеді.
Жүректен – жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір – біріне ұсынып досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.
Менің досым батыр болса деймін, менің досым әдемі болса деймін...
Күтілетін нәтиже:
Қолданады:Дос,достық сөздерінің мағынасын
Түсінеді: « Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік
Қайталайды: Достық қарым – қатынас