Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігібалабақшаға арналған

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: Жабай аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін таныстыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру. Ой-қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желім мен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Аңдарға қамқор болуға, ұқыптылық ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Тобы: «Қуыршақ» ( ересектер тобы) 16.02.16.

Білім беру салалары : «Таным». «Шығармашылық»

Бөлімдер: Қоршаған орта, Жапсыру.

Тақырыбы: : «Аңдардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Жабай аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін таныстыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру. Ой-қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желім мен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Аңдарға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аңдардың маскасы, суреттер,

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ, жауап, ойын, сергіту сәті.

Қостілділік компоненттері: жабайы аңдар-дикое животное,

Қоян-зайц , қасқыр-волк, түлкі-лиса ,аю-медведь,

тиін-белка

Шаттық шеңбер.

Көк аспанда күн күлсін,

Күліп жүрсін бүлдіршін

Бізге ұдай нұр құйсын!

Сәлем достар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Здраствуйте!

-Good morning !

Аниоң-хасина!

Балалар шаттық шеңберін жасап, бір-бірімен және келген қонақтармен амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?

- Ең айлакер аң…

- Ең қорқақ аң…

- Балды жақсы көретін аң …

- Үстінде тікенегі бар...

- Аң патшасы...

- Батыл аң…

Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз?

Неге жабайы аңдар деп айтамыз?

Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді?



Ойын: «Менің сүйіп жейтін қорегім қайсысы?» сәйкестендір.

Аю жаңғақ


Қоян бал


Тиін тауық


Түлкі сәбіз


Аңдардың айтысы

Ойын жүргізуші ортаға шығып хабарлайды:

Кәрі еменнің түбінде,

Кәрі аюдың інінде,

Бас қосыпты көп аңдар,

Айтысыпты, қараңдар.

Бұдан кейін «аңдар» кезек – кезек шығып айтысады:

Мейірлан-қоян:

- Мен, қоянмын, қоянмын,

Жорыққа түнде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өйткені күндіз қорқамын.

Алтынай-түлкі:

- Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,

Екіншіңді арбаймын.

Ернұр - қасқыр:

- Мен қасқырмын, қасқырмын,

Аң ішінде асқармын.

Талай қойды бауыздап,

Үйге әкеліп асқанмын.

Әмина- аю:

- Менің атым – аю,

Оңай маған баю.

Мал ішінде жүремін,

Балды исінен білемін.

Ілияс -кірпі:

- Мен кірпімін, кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса, тиме!

Айару-ақтиін:

- Мен ақтиінмін,

Кисең киіммін.

Аңды көрсем, бекінем,

Талдан – талға секірем!

Жүргізуші:

Ал қыс түсті, қыс түсті,

Қиын болар қар үсті.

Жортуылға барады,,

Тамақ табуға асығады!

Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?

Қызыл кітапқа енген әрбір жабайы жануарлардың жоғалып кетпеуі керек.






Сергіту сәті:

Бұғының үлкен үйі бар,

Әйнектен көзін салып тұр.

Орманнан қашқан бір қоян

Есікті келіп қағып тұр.

Тық - тық - тық, аш есікті,

Орманға аңшы жетіпті.

Қоян жан, енді тұрыс не?

Қолыңды соз, кір ішке.


Ал, балалар енді қағаз бетіне аюдың бейнесін қиып жапсырамыз.





Түлкі

Қоян

Аю

Кірпі

Арыстан

Қасқыр

Жабайы аңдар деп атаймыз

Орманда, жазық алада

Жабай аңдар табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып тіршілік ететін жануарлар



Аю---Бал


Қоян---сәбіз


Тиін-жаңғақ


Түлкі---тауық




















































Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.




Қимылмен жасайды.








Балалар жұмыс жасайды.

Рефлексивті-реттушілік

Бүгін біз балалар не туралы әңгімеледік?

Орманда қандай аңдар тіршілік етеді?

Аңдар қыста қалай тіршілік етеді?


Ненің бейнесін жапсырмаладық?

Қандай ойын ойнадық?

Сабаққа жақсы жауап берілген балаларды мадақтау.

Аңдардың қысқы тіршілігі


Жабай аңдар


Өз бетімен тамақ тауып тіршілік ететін жануарлар

Аюдың бейнесін

«Менің сүйіп жейтін қорегім қайсысы»ойын

Күтілетін нәтиже

Ұғынады: Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді.

Түсінеді: Аңдарға қамқорлықпен қарау керек екенін .Ойын барысындағы белсенді болуды

Қолданады: Жапсыру іскерліктерін .