Тіл- татулық тірегі(ойын- сауық)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Болашақ» бөбекжай-бақшасы















«Тіл-татулық тірегі»

(тілдер мерекесіне арналған ойын-сауық)











Өткізген: Ашимова Б К.





















2016-2017 оқу жылы



Мақсаты:

Тілдер мерекесі туралы мағлұматтар беру,ана тілін қадірлейтін,таза сөйлейтін,Отанын,жерін,салт-дәстүрін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу

Барысы:

Ана тілі- жүрегісің анамның

Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем


Жүргізуші:Армысыздар,қымбатты қонақтар!Ұлағатты апайлар мен балалар.22 қыркүйек-ҚР тілдер мерекесі. Биылғы тілдер мерекесі ерекше, себебі, биыл Тәуелсіздік алғанымыздың 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Барлықтарыңызды осындай дүбірлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі


Әнұран орындалады


Жүргізуші:Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.


Музыка әуенімен ұлт өкілдері бір шаңырық астында жиналады


Балалар, бүгін тілдер патшалығына саяхатқа аттанайық.


Бірінші аялдама « Грузин тілі патшалығы»


Құттықтау сөз:

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан- Республикам менің!


Тақпақтар:

Желеп жебеп піріміз

Таза болсын діліміз

Жауқаздай жалындап

Өркендесін тіліміз


Отан- сенің ата- анаң

Отан- өлкен, аспаның

Отан- досың, бауырың

Отан- аудан, ауылың


Отан жерім- Отан суым

Отан- қуат, нәр береді

Отан- ұран ,Отан- туым

Отан мәңгі гүлденеді


Ән «Әрқашан күн сөнбесін»


Екінші аялдама «Өзбек тілі патшалығы»


Құттықтау сөз:

Сәлем бердік саған елім,

Тал бесігім, туған жерім

Сәлем бердік бәріңізге

«Қазақ тілі»- дегендердің


Тақпақтар:

Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп, жарытпас


Туған тілім, бабам тілім, өз тілім

Туған тілім, ана тілім, өз тілім

Туған тілім, адам тілім, өз тілім


Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып –ақ алыңдар!


Туған тілім айбарым,

Одан ыстық жоқ маған,

Асыл ойдың қайнарын

Мәңгілікке сақтаған


Ойын «Байтерек»


Үшінші аялдама «Орыс тілі патшалығы»


Құттықтау сөз

Сәлем, сәлем алтын күн!

Сәлем, сәлем жер ана!

Сәлем, сәлем көк аспан!

Сәлем менің достарым!



Тақпақтар:

Ана тілің арын бол

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте


Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім

Халқімыздың бірлігі


Бақыт бірлігі күн талабы

Тоқтамайды дүбір әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республика ән ұраны


Музыкалық ойын «Көңілді қимылдар»



Төртінші аялдама «Татар тілі патшалығы»


Құттықтау сөз.

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем


Тақпақтар:

Қазағым менің ұлы елім

Ғаламнан ұшқан түнегін

Кең байтақ алтын тілім

Өзіңдей асқақ жүрегім


Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған



Құлағыма сіңірген таныс үнім

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

Сүйгенім, сүйгенгенім


Музыкалық ойын «Орман»



Бесінші аялдама «Қазақ тілі патшалығы»


Құттықтау сөз:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтіңмен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім тұтар алтыным


Тақпақтар:

Ақыл- ойын дананың

Ана тілден аламым

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың


Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім- демім

Ана тілім- жаным



Өшпейді еш уақытта

Ата- баба аңсары

Қазақ тілі бақытқа

Жеткізені баршаны



Мәртебесі тілімнің,

Биік болсын, халайық

Достығымыз жарасып,

Би билеп, ән салайық


Би «Қара жорға»


Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер, балалар.


Еліміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Береке-бірлік болсын!

Ақылды болайық!

Тәртіпті болайық!

Үлкенді сыйлайық!


Ән «Достық»