Балаларға арналған музыкалық
дидактикалық ойындар.
Музыка балаға оның ерте даму кезеңдерінен бастап әсер етеді. Сондықтан да ерте балалық шақта осы музыкалық байланысты үзбеу керек және баланың музыкалық қабілеттерін дамытуға барынша күш жұмсау керек. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басты ірге тасы балалық шақта қаланатындығын естен шығармау керек, ал музыка дамуы жеделдетуші жақсы құрал болып табылады.
Баланы музыкалық дамыту табиғи түрде және мәжбүрсіз жүзеге асырылуы керек, яғни ойын формасында. Ойын - мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қызметтің негізгі түрі. Балалардың өзіндік музыкалық қызметін дамытудың маңызды құралдарының бірі - музыкалық дидактикалық ойындар болып табылады.
«Менің балапандарым қайда»
(дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған)
Ойын материалы: Төрт үлкен карточка мен бірнеше кішкене карточкалар (ойыншылар саны бойынша). Үлкен карточкаларға қаздың, үйректің, тауықтың, құстың суреттері салынған; кішкентайларына қаздың, үйректің тауықтың, құстың ұядағы балапандары салынған.
Ойын барысы: Балалар музыкалық жетекшіге қарама – қарсы жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында бір – біреуден кішкентай карточка бар.
Музыкалық жетекші ойнауды ұсынады да әңгімесін бастайды: Бір аулада балапандарымен тауық , үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді): «Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря!» (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады). Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалар оларды көтеріп, былай деп жауап береді: «Кря – кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның ля дыбысы бойынша ән салады).
Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады: «үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады (карточкаларды жинап алады). Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша ойын жалғасады.
«Көңілді – мұңды» ойыны
(музыкалық туындының ерекшелігін анықтау үшін)
Ойын материалы: Төрт үлкен карточка: көңілді құлыншақ, көңілді ойыншықтар (тиін немесе піл), мұңды ит, мұңды қоян. Осы кейіпкерлердің суреттері салынған бірнеше кішкентай карточкалар.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші әртүрлі әуендерді орындайды Балалар әуенді тыңдайды да сәйкес карточканы көрсетеді.
Көңілді
Жылқы жағалауда жүр екен
Жасыл желек үстінде.
Ол басын шұлғып,
Қара жалың желпілдетіп,
Алтын жүгенін сылдырлатып
Сыңғыр, сыңғыр ете
Тағып алған қоңыраулары,
Жорғалап ол жүреді
Мұңды
Мұңды көңілсіз жануарлар,
Олар ауырып қалған шығар.
Қоянның аяғы ауырып тұр,
Тұнжырап мұңайып тұр.
Сондықтанда олар,
Иттің басы ауырып тұр
«Үнінен таны»
Ойын материалы: Дабыл, сылдырмақ, үскірік, кселафон, керме (ширма)
Ойын барысы.
Музыка! Музыка!
Бұл не екен өзі?
Мүмкін бұл,
Көгілдір аспан шығар!
Мүмкін бұл,
Таңғы арай шығар?
Ал, мүмкін, музыка –
Тек қана дыбыстар шығар!
Музыкалық жетекші аспаптардың бірімен ойнайды. Балалар тыңдайды және музыкалық аспаптың атын атайды. Осыдан кейін атауын тапқан музыкалық аспаптарда өз бетімен ойнайды.
«Музыкалық сағат»
Ойын материалы: Қатты картоннан істелінген сағат.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші балаларға таныс әннің әуенін ойнайды және әуенді тыңдап болғаннан кейін балаларға қай әннің орындалғанын сағат тілімен көрсетуді ұсынады. «Жасыл шырша», «Биші болам өскенде», «Біз бақытты баламыз», «Домбыра сазы», «Аяз ата», «Жаңбыр» «Сылдырмақ». Әннің басын тыңдағаннан кейін бір бала шығады да тыңдалған әуенге сәйкес келетін картинаны сағаттың тілімен көрсетеді. Ойын сағаттағы суреттерді айналып келгенше жалғасады.
«Көңілді паровоз»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған паровоз және аңдар.
Ойын барыс: «Көңілді паровоз» әдістемелік үстелге балалар жаққа қаратылып қойылады. Музыкалық жетекші балаларға бос терезелерге назар аударта отырып, паровоз бен оның вагондарын қарап шығуды ұсынады.
Одан әрі қарай паровозға машинашы мен жолаушылар қажет болғандықтан, оның ұзақ жолға шыға алмай тұрғанын хабарлайды. Ал вагондағы орындарға кім отыратындығын анықтауға музыка көмектеседі. Музыка жетекшісі «Қорбаңбай аю» пьесасын тыңдауды және оның атауын еске түсіруді ұсынады. Балалар пьесаның атауын табады, сөйтіп «Аш қасқыр», «Айлакер түлкі», «Көңілді қояндар».
«Музыкадағы үш кит»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған үш кит.
Ойын барысы: Ойын музыкадағы «Үш кит» тақырыбы бойынша балалардың білімін бекіту үшін таныс материалдармен өткізіледі. Балалар үш шеңбер жасап тұрады, ортасында қолына «кит» ұстаған бала тұрады. «Марш» әуені ойнағанда кит – марш шеңберінде тұрған балалар марштайды. Ал «полька» әуені ойнағанда кит – биі, «Достық» әні ойнағанда кит – ән шеңберінде тұрған балалар әндетеді. Музыка жетекшісі музыкалық материалды өз қалауы мен тақырыпты бекіту қажеттілігіне байланысты таңдайды.
«Музыкалық моншақтар»
Ойын материалы: Түрлі – түсті картоннан жасалынған моншақтар.
Ойын барысы: Ойын балаларды қысқа және ұзақ дыбыстармен таныстыру үшін қолданылады. Музыкалық жетекші шағын әнді немесе әуенді ойнайды, ол ойнатылғанда әуеннің ритмитикалық суреті анық естілуі тиіс және музыкадағы ұзақ және қысқа дыбыстарды табу керек. Бұл дыбыстарды үлкен және кіші моншақтардың көмегімен бейнелеуге болады. Үлкен моншақтар – бұл ұзақ дыбыстар, кіші моншақтар – қысқа дыбыстар.
«Музыкалық үйшік»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған үйшік және сол әйнектердің көлеміне сәйкес әртүрлі муз аспаптардың суреттері.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі балаларға үйшікті көрсетеді. Ол үйшіктің ішінде әртүрлі аспаптарда ойнайтын, көңілді музыканттардың тұратынын айтады. Егер мұқият тыңдасақ, олардың әрқайсысының қандай музыкалық аспаптарда ойнайтынын білетін боламыз. Музыка жетекшісі балаларға таныс әнді әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнап айтып береді. Балаларға ол аспаптарды көрсетпеу керек. Тапсырма жүктелген бала, қандай инструмент екенін тауып карточкалардың арасынан сол инструменттің суретін алып үишіктің әйнегіне апарып жабыстырады.
«Өз аспабыңды тап»
Ойын материалы: Музыкалық аспаптардың суреттері бейнеленген түссіз карточкалар және түрлі түсті төртке бөлінген үш карта, және балаларға арналған муз аспаптар, ширма.
Ойын барысы: Ойынға бір жүргізуші, екі бала қажет. Жүргізуші ширманың артындағы аспаптардың жанына төртке бөлінген түсті картаны қояды, ал түссіз картаны ойнайтын балаларға таратып береді. Балаларға аспаптардың дауысын тағыда біррет тыңдатып, өлең айта бастайды солай ойын басталады. Жүргізуші суреттің бір бөлігін көтеріп сол аспапта ойнап мен қандай аспапта ойнадым деп сұрайды. Дұрыс жауап берген балаға түсті картаның бір бөлігін беріліп ол карта түссіз картаның үстіне қойылады. Ойын карта жабылғанша жалғаса береді.
«Соқыр теке»
Ойын барысы: Балалар бір – бірінің қолынан ұстап шеңбер жасап тұрады, 3 – 4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады.
Ортада «Соқыр теке»
Балалар шеңбермен айналып жүріп, әннің 1 – ші шумағын айтады. 2 – шумақты «Соқыр теке» айтады. 2 – шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «Соқыр текеге» ұстатпаймыз деп жан жаққа жүгіреді. «Соқыр теке» біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса әннің 2 – ші шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала «Соқыр теке» болады. Егер ұстай алмаса «Соқыр теке» өзі болады.
Соқыр теке, бақ, бақ
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң қанекей,
Бірімізді тап, тап.
«Балақан да алақан»
Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар, не басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болып табылады. Оларды ортаға жеке шығарып, кінәсін ақтау үшін өлең, тақпақ айтқызып, билетеді.
Кел балалар, шапалақтап
Алақанды ұрайық.
Жаңылғанды ортаға ап,
Бір өнерін сұрайық.
Қ – сы
Ла – ла – ла – ла,
Балақан.
Ла – ла – ла –ла,
Алақан.
Айып тартсақ саспайық,
Қысылмайық қиналып.
Кел ойынды бастайық,
Келді достар жиналып.
Қ – сы
Ла – ла – ла – ла,
Балақан.
Ла – ла – ла –ла,
Алақан.
Бәрі қол шапалақтап, өлең қайырмасын айтып тұрып, кінәлі баланы бақылайды. Оны тапқан кезде, айыбына ән, би, немесе тақпақ сұрайды. Кінәлі бала айыбын өтеген соң, ойын одан әрі жалғасады.
Бәрі сол балаға бұрылып тұрып, былай дейді.
Соғылғанда алақан,
Жаңылдың сен, балақан.
Шаю үшін кінәңді,
Көрсет бір өнеріңді.
«Ән салған кім?»
Балалар шеңбер жасап жүріп әндетеді. Шет жақта, балаларға сыртын беріп отырған бала, ән салған баланың дауысын тануы керек. Отырған бала ән салған баланы дауысынан таныса, олар орын ауыстырады.
(тембрді айыру үшін арналған ойын)
Көп бала бар бөлмеде,
Бірі ғана ән салады.
Ал сырттағы
Кім екен деп тамсанады
Бір бала былай деп әндетеді.
Мен бақытты бөбекпін,
Таудай биік талабым,
Ән мен күйге зерекпін,
Бірден қағып аламын.
«Қос дабыл»
(Дыбыстың биіктігін айыру үшін арналған ойын)
Гүрілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Там – та – ра –там. Там – та – ра – там.
Там – та – ра –там. Там – та – ра – там.
Шіңкілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Ти – та – ра – ти. Ти – та – ра – ти.
Ти – та – ра – ти. Ти – та – ра – ти.
Балалар екі шеңбер жасап тұрады: сыртқы (Үлкен) және ішкі (Кіші.) Ойын басталғанша тәрбиеші өзінің қалауы бойынша үлкен немесе кіші дабылда ойнайды. Үлкен дабылда ойнағанда сыртқы шеңбердегі балалар айналып жүріп әндетеді, кіші дабылда ойнағанда ішкі шеңбердегі балалар айналып жүріп ән салады.
«Көлеңке»
Көлбең көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қане қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тәрбиеші осы өлеңді әндетіп айта жүріп, бір үлкен, бір кіші баладан қатар – қатар тұрғызады.(кішісі көлеңке). Барлығы шеңбер жасайды.
Көлбең – Көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Бүркіт қалай бүреді?
Кім көрсете біледі?
Ән ырғағымен балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді. Көлеңкелер қайталап қимыл жасайды.
Көлбең – көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Қасқырдың жүрісін бейнелейді)
Көлбең – көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Балалар көлеңкелеріне аюдың жүрісін көрсетеді)
Осы аңдардың, құстардың орнына басқа да құс аңдарды қойып, ойынды жалғастыра беруге болады.
«Үлкен – кішкентай»
Мақсаты: Балаларды ұзақ қысқа дыбыстарды білуге үйрету. Музыканың ритмін сезінуге баулу.
Ойынның барысы: Музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдатқызып, жолда кімнің келе жатқанын тыңдатқызып сол адамның жүрісін қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады.
Үлкен адамның жүрісі – ұзақ шапалақ.
Баланың жүрісі – қысқа шапалақ.
«До – ре – ми»
Мақсаты: Балаларды музыкадағы бейнелерді, әнді тыңдау арқылы ажырата білуге үйрету. Тыңдау қабілеттерін арттыру.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші әнді орындап береді және балалардан сол әнге байланысты суретті таңдап көрсетулерін өтінеді. Бала неге сол суретті таңдап алғанын, ол суретте ненің бейнеленгенін, әннің не туралы айтылып тұрғанын айтып береді.
«Қояндар»
Мақсаты: Музыканың көңілді, көңілсіз, баяу түрлерін ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі балаларға: Бір үйде қояндар өмір сүріпті. Олар сондай көңілді қояндар болыпты. Қояндар көңіл көтеріп билегенді жақсы көріпті – деп (қояндардың билеп жатқан суретін көрсетеді). Ал қояндар шаршағанда жатып ұйықтайды екен. Аналары болса балаларына бесік жырын айтып береді екен (қояндардың ұйықтап жатқан суреттерін көрсетеді). Әрі қарай музыка жетекшісі балалардан, сурет бойынша қояндардың нестеп жатқанын айтып беруді және музыканы тыңдап қимылдарымен көрсетуді сұрайды.
Бауырсақ кіммен кездесті?
Мақсаты: Музыканы сезінуге, төмен, орташа, жоғары дыбыстарды ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі «Бауырсақ» ертегісін және сол ертегінің кейіпкерлерін естеріне түсірулерін сұрайды. (қасқыр, түлкі, аю, қоян). Музыка жетекшісі осы аңдарға байланысты музыкаларды, мысалы аюдың музыкасын, төменгі регистрдан, ал қоянның музыкасын жоғарғы регистрдан ойнайды. Балалар музыканың қай регистрдан ойналғанын тыңдап, қай аңның музыкасы екенін тауып, сурет арқылы көрсетеді.
«Музыкалық әткеншек»
Мақсаты: Балаларға музыканың өзгеру темпін ажырата білуге үйрету.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі «Әткеншек» әнін орындайды және балалардан әткеншектің қалай қозғалатынын сұрайды. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.
Қай кезде музыка тез ойнады? Қай кезде баяу ойнады?
(жылдам қозғалады, ақырын қозғалады, баяу қозғалады, тоқтайды.)
«Ақырын қатты»
Мақсаты: Тембрлік есту қабілеттерін дамыту.
Ойын барыс: Балаларға бір түсті бірақ әр түрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.
Балаларға: Көгілдір – ақырын музыка, қара көк – қатты музыка, көк – орташа.
Әрі қарай музыка жетекшісі әнді ақырын, қатты жіне орташа орындайды.
Балалар музыканы тыңдай отырып қолдарындағы фишкаларымен карточкаларды жабады.
«Менің балапандарым қайда»
Мақсаты: Дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған.
Ойын барысы: Балалар музыкалық жетекшіге қарама – қарсы жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында бір – біреуден кішкентай карточка бар.
Музыкалық жетекші ойнауды ұсынады да әңгімесін бастайды: Бір аулада балапандарымен тауық , үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді): «Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря!» (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады).
Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалар оларды көтеріп, былай деп жауап береді: «Кря – кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның ля дыбысы бойынша ән салады).
Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады: «үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады (карточкаларды жинап алады). Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша ойын жалғасады.
«Күн мен бұлт»
Мақсаты: Балалардың есту, тыңдау қабілеттерін дамыту. Әр – түрлі сипаттағы әуендерді ажырату қабілеттерін дамыту. (көңілді, қуанышты, мұңды, көңілсіз).
Ойын барысы: Үш карточка бірінші карточкада жарқырап тұрған күннің көзінің суреті, екінші карточкада бұлт басқан күннің көзінің суреті, үшінші карточкада жаңбыр мен бұлттың суреті
Ойынға қатысушылар, ойын құралының санына байланысты алынады. Балаларға карточкалар таратылып, Үш түрлі музыкалық шығарма тыңдауды ұсынады.
Балалар бос шаршыларды әуеннің көңіл күйіне байланысты, суреті бар карточкалармен жабады. Әр сурет әуеннің көңіл күйіне байланысты.
«Үйде нестеп жатыр?»
Мақсаты: Балалардың музыка жанрлары туралы білімдерін дамыту. Әнді, биді, маршты ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі әуенді тыңдатқызып, балалардың үйде не істеп жатқандарын айтып берулерін сурайды. Музыка жетекшісі фортепианода М. Гликаның полькасын, Д. Шостаковичтің маршын және Ш. Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әнін ойнап береді. Балалар музыканы тыңдай отырып, балалардың үйде не істеп жатқандарын ұғады. (ән айтып жатыр, билеп жатыр, сап тізіліп жүр).
«Теңіз»
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту, тыңдау, көру қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Балаларға үнтаспадан теңіздің дыбы қосылған әуенді естірту. Әуенді тыңдап болғасын, балалар әуеннің мінез құлқын айтып өз ойларымен бөліседі. Музыка жетекшісі композитордың жазған әуеніндегі кездесетін әр – түрлі көңіл күйіне балалардың көңілін аударады. Әуенде толқын бірде ақырын, бірде қатты, бірде жәй естіледі. . Содан соң музыка жетекшісі балалды картинкада көрсетілген теңіздің әр түрлі толқынымен таныстырады. Музыка жетекшісі балаларға музыканы қайтадан тыңдатқыза отырып, балалардан теңіздің әр – түрлі толқынын карточканың көмегімен көрсетуді сұрайды.